Материалдар / Нарық және оның заңдарының қызмет етуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нарық және оның заңдарының қызмет етуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал экономика бағыты бойынша берілген. экономика негіздері пәнін оқуда қосымша мәлімет ретінде берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2021
1670
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нарық және оның заңдарының қызмет етуі

Адам тұтынушы болып саналады. Олар материалдық және рухани қажеттіліксіз өмір суре алмайды. Адамдар өз қажеттіліктерін өздері жасаған бұйымдары арқылы қанағаттандырады. Бұл жағдайда адам тұтынушы ретінде нарықтық бағаның қалыптасу тетігін және сұраныс пен ұсынысты өзара байланысын білуі қажет.

Нарық, айырбас, айналыс – бұл категориялар өзара тығыз байланысты.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады, сондықтан нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіліксіз.

«Нарық» - ұғымын сатушылар мен сатып алушылардың кездесетін, тауарлардың көтерме саудасының орнын деп түсінуге болады.

Нарық мынадай негізгі қызметтер атқарады:

  1. Ақпараттық қызмет – нарықтық экономика туралы мәліметтер таратады. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы тауар сатушыны тауып, сатушы өзіне пайдалы тауарды таңдауға мүмкіндік алады.

  2. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек қоғамға қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді.

  3. Реттеушілік қызмет –капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды.

  4. Санациялық қызмет – бәсеке қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын белсенділер мен тапқырларға жол береді.


Нарық өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасында болатын белгілі бір тепе–теңдікті қажет етеді. Бұл тепе–теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестіктен көрінеді. Себебі: сұраныс пен ұсыныс - өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынасты көрсететін ерекше нарықтық нысан.Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементі.

Сұраныс– сатып алушының тауарды өз ақшасына сатып алынған деген тілегі. Сұраныс сатып алушыға тауарлар мен қызметкердің белгілі бір санының қажеттілігін тиісті бағасына сатып алу мүмкіндігін білдіреді.

Сұраныс заңы– егер тауардың бағасы арзан болса оған сұраныс көбейеді, ал қымбат болса азаяды.

Сұранысқа келесі факторлар әсер етеді:

  • Климаттық не маусымдық өзгерістер;

  • Табыстың өзгеруі;

  • Сатып алушылар саны;

  • Стильдің, моданың, талғамның, дағдының өзгеруі;

  • Болашағы бар күтулер.

Тауар ұсынысы жайлы пайымдаулар сұранысқа ұқсас.

Ұсыныс заңы -бағаның өсуімен ұсыныс көлеміде өседі .

Ұсыныс деп –өндірушілердің тауарлардың белгілі бір санын анықталған бағасымен базарға шығарып сату тимділігімен мүмкіндіктерін білдіреді.

Бірдей тауарлар деп – бір-бірін алмастыратын толықтыратын тауарлар. Оларға сұраныс бір мезгілде жасалады. Алмастырушылар көп жағдайда бір өнімді, екінші өніммен алмастырады.

Сұраныс пен ұсыныс бірінші кезекте нарықтық бағаны анықтайды. Нарықта өндірушілер мен тұтынушыларға бірдей тиымды бағаны бекіту арқылы олар оны бірлесіп істейді. Бұндай баға тепе – теңдік баға болып табылады. Сатушылар сатқысы келетін тауар көлемі мен сатып алушылар алғысы келетін тауар көлемі мен сәйкес келетін тауар бағасы ойдағыдай болса, онда нарықта тепе-теңдік пайда болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!