Тақырыбы: Нашақорлық
- ғасыр дерті
Мақсаты: Жас желектей жайқалып өсіп
келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі,
нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын
мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына
тәрбиелеу.
Мұғалім
сөзі:
Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгін сіздерге 6 «а»
сынып оқушыларының «Нашақорлық - ғасыр
дерті» атты ашық тәрбие сағатымызды
ұсынып отырмыз.
Елбасының «Қазақстан - 2030» жолдауында көрсетілген өзекті
мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды
жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ
болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған заманымыздың келесі
дерттері шылым шегу, нашақорлық.
Өмір - өмір сүру үшін
беріледі. Сондықтан да жат қылықтардан
аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын
насихаттау.
Жоспар:
1. «Тәні саудың –
жаны сау» (Зиянды әдеттер тақырыбында оқушылар өз ойларын ортаға
салады)
2. «Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен» (Зиянды әдеттер тақырыбына байланысты
мақал-мәтелдердің жалғасын
табу)
3. Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар
сөйлейді»
4. Жағдаяттық
сұрақтар
5. Көрініс: 1 – топ:
«Уланбасын өмірің»
2 – топ: «Дос
ақылы»
5. «Ақырын жүріп анық
бас» поэтикалық қойылым
6. «Ұзақ өмір сүру үшін не істеуіміз
керек?». (Жалпы сұрақ, екі топтың оқушылары кезектесіп шығып
постер қорғайды)
1. Шаттық шеңбері
(Оқушылар бір – біріне ыстық лебіздерін
білдіреді)
2. Топқа бөліну 1-
топ: «Болашақ»
Өз өміріміз үшін
күресе білейік!
Ұраны:
Шынықсаң шымыр
боларсың.
2- топ:
«Денсаулық»
Өмірімізді ұзарту да,
қысқарту да өз қолымызда!
Ұраны:
Талпынған жетер –
мұратқа.
3. Тапсырма:( Постер
қорғайды.)
1 – топ: Деніміз
сау болу үшін не істеуіміз
керек?
2 – топ: Салауатты
өмір дегенді қалай
түсінесің?
1- жүргізуші:
Набира. Адам денсаулығы – қоғам
байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастыру
керек. Дені сау адам еңбекке әрқашан да құлшыныспен кіріседі.
Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің
келтірер зияны ұшан теңіз.
Қазақпын мен жетті жұтты өткерген,
Аман - есен өтіп келген өткелден.
СПИД деген аждаһа бар, сақ болайық,
Дүниені орап келер беткейден.
2 – жүргізуші:
Рауан. Есірткі - бұл адамның көңіл -
күйін, сана - сезімін, мінез - құлқын бұзатын қауіпті, тыйым
салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне
ұшыратады, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге
жетеді. Ендігі кезекте: «Тәні
саудың – жаны сау» (Зиянды әдеттер тақырыбында оқушылар өз ойларын
ортаға салады)
1. Біздің
ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті.
Олар ойын да, бойын да таза ұстады.
Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап
дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны - дертке
дауа, жанға шипа қымыз еді.
2. Есірткі, анаша – ғасыр
тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол - оңай
алдырар жау емес екен. Есірткі - бір басын кессең, екінші басы шыға
келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
3. Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің
көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған
қаныпезерлер.
4. Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны - өсіп келе жатқан
көкөрім жастар.
1 – жүргізуші:
Набира. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген негізгі өзекті
мәселелердің бірі ол салауатты өмір салты, оны насихаттау
мәселесі. «Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз
әрекет – ол нашақорлық» деп Елбасы айтқандай қазіргі таңда әрбір
жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, үй айналасын торып ғасыр
індеті жүр. Бұл індеттің аты -
нашақорлық.
2- жүргізуші:
Рауан. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан
да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады.
Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз
қолдарымен балта шауып жүрген жандар
қаншама. Ендігі
кезекте: «Жақсыдан үйрен, жаманнан
жирен» деп ата - бабаларымыз айтып
кеткендей, әр топқа мақал - мәтелдер беремін, жалғасын
табады.
1 –
жүргізуші: 1 –
топ:
1. Денсаулық – (зор
байлық)
2. Ауру батпандап кіріп,
(Мысқылдап шығады).
3. Жан ауырса (тән азады).
4. Тәні саудың – (жаны сау.)
2 –
жүргізуші: 2 –
топ:
1. Ауруын жасырған (өледі).
2. Сырқат – тән жарасы.
(Қайғы – жан жарасы.)
3. Денің сау болса,
(Жарлымын деме.)
Жолдасың көп болса,
(Жалғызбын деме).
4. Бас аманда мал тәтті, (Бас ауырса,жан
тәтті)
1 – жүргізуші:
Набира. Жалпы есірткі заттар
адамзатқа өте ертеден белгілі және оны емдік және еліктіргіш құрал
ретінде өткен ғасырлардың өзінде-ақ қолданған. 60-жылдары
капиталистік елдерде кең тарады. Кейбір Орта Азия, Кавказ елдері
негізгі ошаққа айналды.Ендігі
кезекте нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар
сөйлейді»
1 . Зейнеп. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы
никотин
жеткілікті.
2 .
Жақыпбек. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1
жылда оның өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады
екен.
3 .
Диляра. Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан
айналымын бұзу үшін 1 дана темекі жетіп
жатыр.
2 – жүргізуші: Рауан
. Өмірге адам бір - ақ рет
келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері..
4. Жағдаяттық
сұрақтар
1 – сұрақ: «Сен концертке барасың және онда
саған әдемі таблеткаларды ұсынған балаларды кездестіресің».
Сен не деп жауап берер
едің?
2 – сұрақ: «Мектеп ауласында сені балалар
шақырып алып, «шөпті» тартып көруді ұсынады». Сен не деп
жауап бересің?
1 – жүргізуші:
Набира. Көрініс: 1 – топ:
«Уланбасын өмірің»
2 – топ: «Дос
ақылы»
2 – жүргізуші:
Рауан. «Ақырын жүріп анық бас»
поэтикалық қойылым
2 – жүргізуші:
Рауан. «Адам азса, заман тозады»
дегендей оны жаңғырту да, құрдымға құлдырату да өзімізге
байланысты. Балалар әрдайым жаман әдеттерден аулақ
болайық!
1 – жүргізуші:
Набира ( балауыз шамды жағып
көрсету)
Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ өміріміз.
Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ
өмірімізге неге балта шабамыз?
«Ұзақ өмір сүру үшін не істеуіміз
керек?». (Жалпы сұрақ, екі топтың оқушылары кезектесіп шығып
постер қорғайды)
2 –
жүргізуші:
Рауан. Жас жеткіншек!
Сіз өзіңізді
–
өзіңіз
құрметтеуге
тиіссіз.
Бойыңыздағы
бар
қабілетіңізді
тек
жақсылыққа
бағыттай
біліңіз.
Зиянды
әдеттерден,
ішімдіктен,
шылымнан,
есірткіден
аулақ
болыңыз.
Бойыңызды
ластамай,
жан
–
дүниеңізді
таза
ұстаңыз.
Өзіңіздің
бос
уақытыңызды
пайдалы
іске
арнаңыз. Кімде-кім
өзіне
өмір
беріп,
әлпештеп
өсірген
ата-анама
қарыздармын
деп
білсе,
соларға
адал
ұл-қыз
боламын
десе
–
арақ
ішпесін.
Өз
ортасына
қадірлі
адам
боламын
десе – темекі
шекпесін! Өз
қоғамына
пайдалы
азамат
боламын
десе
–
нашаға
әуестенбесін!
1 –
жүргізуші:
Набира. Ар-намыстарыңызды
биік
ұстаңыздар.
Өз
тағдырыңыз
–
өз
қолыңызда.
Адам
өмірге
бір-ақ
рет
келеді,
оны
жақсы
етіп
сүру
сіздің
қолыңыздан
келеді.
Өзіңізге
сеніңіз.
Өзіне
сенімді
адам
ғана
өзгелердің
теріс
әсеріне
бағынбай,
өзін
сақтай
алады.
Денсаулығыңыз
мықты
болсын,
спортпен
айналысыңыз.
Сіз
ел
үшін
керексіз.
Өйткені
сіз
–
тәуелсіз
еліміздің
болашағысыздар! «Өмірдің
жарқын
болашағың,зор
болсын
десең,еліңнің
жұлдызы
болам
десең
денсаулығыңызды
күт»деген
жолдармен
аяқтаймын.
Ендігі кезекте 6 «а» сынып
оқушыларының концерттік бағдарламасын
тамашалаңыздар!
2 – жүргізуші: Рауан. Қазіргі
тамашалайтындарыңыз Кененбай Ырысдәулеттің орындауында ән
...............................................................................................................................
1 – жүргізуші: Набира. Ендігі кезекте би
қыздар тобы.
2 – жүргізуші: Рауан. Ән . Орындайтын.
Кененбай
Ырысдәулет.........................................
1 – жүргізуші: Набира. Би
вальс.....................................................................................................
1 – жүргізуші: Ән. Орындайтын. Убайдулла
Рауан....................................................................
1 – жүргізуші:
Осымен 6 «а» сынып
оқушыларының «Нашақорлық - ғасыр дерті» атты
ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Хош сау
болыңыздар!