Материалдар / Нашар еститін оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нашар еститін оқушылардың сөйлеу тілін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Беріліп отырған материал ұстаздарға жіне ата-аналарға әдістемелік көмек ретінде қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
1389
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы

мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Нашар еститін оқушылардың тіл дамыту жұмыстарын дамыту жолдары

Педагогика саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланыста қарастырылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау, өз ойын нақты да тиянақты жеткізу ақыл ойдың көрінісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жүйесін, олардың қолдану тәсілдерін меңгеру арқылы да бала қоршаған ортаны таниды.

Құлағының есту кемістігі бар балалар мектебінде байланысты сөйлеу тілінің негізгі мақсаты- бірнеше сөйлемдермен өз ойын, сезімін, талабын баяндап беруге баларды үйрету, сонымен бірге істеген жұмыстары жайында кеңейтілген монолог құрастыруға үйрету. Есту қабілетінің нашарлауына, есту кемшілігіне байланысты оқушы үлкендерге еліктеу арқылы сөз, сөз мағынасын қабылдай алмайтындықтан арнайы түзету жұмыстары, байланыстырып сөйлеу тілі дағдыларын қалыптастыру іс-әрекеттері арнайы сурдопедагогикалық талаптарға сай жүргізіліп, естімейтін баланың байланыстырып сөйлеу тілі дағдылары қалыптастырылып, өмірге бейімделеді. Сөйлеу тілі есту қызметінің нашарлауына тікелей тәуелді. Естімейтін балалар нашар еститіндерге қарағанда даму деңгейі төмен. Естімейтін балалар сөйлеу тілін арнайы оқыту барысында ғана меңгереді, ал нашар еститіндер өздерінің есту қызметінің қалдығы көмегімен, сөздік қорын аз да болса жинай алады. Педагогикалық дерісті дұрыс ұйымдастыру үшін сөйлеу тілінің деңгейін, арнайы білім беру мекемесін анықтау мақсатында есту қызметінің деңгейін білу қажет.Сөйлеу тілінің дамуына есту қызметінің бұзылу уақыты үлкен әсер етеді. Есту қызметі бала өмірінің қай кезеңінде болмасын бұзылуы мүмкін, сөйлеу тілінің деңгейі де осыған байланысты болады. Есту қызметі қанша ерте бұзылса, сонша сөйлеу тілінің деңгейі төмен болады.

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Ал естімейтін баланың дыбыстарды қадағаламауына байланысты сөзі таза болмайды, сондықтан да түзетіп, таза сөйлеуді талап етіп отыру аса қажет.
Еститін адамдармен бірге жүру, қарым-қатынас жасау арқылы естімейтін баланың да байланыстырып сөйлеу тілі, сөз байлығы молая бастайды.

Тіл дамыту тек қана оқушының сөздік қорының молаюы ғана емес, шебер, мәнерлі сөйлеуге, ойын жатық жеткізуге де баулу болып табылады.

Тіл дамыту мен ойды дамыту- тұтас жүйе. Екеуі қосылып, өмірді, әлемді, дүниені танытады. Тіпті бұл екеуі оқушының ішкі «менін» танытады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау, өз ойын нақты да,тиянақты жеткізу ақыл ойдың көрінісі болмақ. Сонымен қатар көргенін айтып талдау арқылы да оқушы қоршаған ортаны таниды. «Оқушы шығарма жаза алмайды, мазмұндау деңгейі төмен, кез-келген ортада өзінің пікірін жеткізе алмайды» деген пікірлерді жиі естиміз. Көңіліндегі жақсы ойын айта алмай, берекесі қашып, білгенін жеткізе алмайды.

Өз тәжірибеме сүйене отырып, тіл ұстарту жұмыстарының мынандай жолдарын қарастырдым.

  1. Әңгімені оқыта отырып, оқушы дәптеріне қысқаша оның тақырыбы, сюжеті, идеясы, мазмұнын жаздыру. Сонда оқушы не туралы, қандай бағытта сөйлеу керектігін түсініп отырады.

  2. Табиғат көріністерін, әр түрлі өмір құбылыстарын, адамдардың бейнесін, іс-әрекеттерін баяндауда көркемдеу, бейнелеу құралдарын пайдаланып, сөйлей жаза білуге дағдыландыру, жетелеу.

  3. Белгілі бір шығармаға дейін өзіндік пірін немесе көзқарасын білдіру үшін мұғалім өзін оқушымен тең дәрежеде ұстай отырып: «Менің ойым мынандай, ал сен не айтасың?», «Кейіпкердің орнында болсаң, сен қандай әрекет жасар едің?» т.с.с сұрақтар арқылы жетелеп отыру.

  4. Оқушылардан кез-келген шығарманы немесе мәтінді көзбен алу емес, түсініп отыруын үнемі қадағалап отыру.

Жалпы тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттырығын арттырудың негізгі жолы. Сабақты баланы және оның ойын осы сабаққа аударуда тиімді әдісті қолдана отырып бастаған жөн. Ол әдістің бірі- диалог. Бұл әдіс бір жағынан баланың тілін жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде оқушымен сөйлескенде сұрақ қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аударған сон, үй тапсырмасын тексеру, басқа қосымша тапсырмалар немесе әр түрлі тақырыпта әңгіме өрбітуге болады. Күнделікті сабақ барысындағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы осындай байланыс өз нәтижесін береді. Тәжірибемде инициативалық жаттығулар үшін тапсырмаларды жеке карточкаға жазып, үлгерімі жақсы оқушыларға бердім. Мынадай үлгіде болды:

1.Сіздің сұхбаттасатын адамыңыз – дәрігер. Тапсырма: Қай жерде? Қай салада еңбек етеді? Жұмысында қандай қиындықтар бар? Отбасы туралы білу.

2.Сіздің сұхбаттасатын адамыңыз- спортшы. Тапсырма: Қай спорт түрімен шұғылданасыз? Ісіңіздегі жетістіктер? Неше жасыңыздан спортпен айналысасыз? Отбасы туралы білу.

Міне, осылайша инициативалық жаттығуларды түрлендіруге болады. Жаттығуды орындау барысында сөздердің дұрыс айтылуы назардан тыс қалмауы керек. Сабақ барысында оқушының тіл дамыту жұмысына әртүрлі әдістерді қолдануға болады:

1.Сөздік арқылы тіл дамыту. Жаңа сөздерді жақсы түсініп, есте сақтаулары үшін сөйлем құрату.

2.Мәтінге байланысты тіл дамыту. Мысалы: Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесіндегі жаман жолдастың іс-әрекеті. Сыныпты топқа бөліп, осы мәселені топ ішінде қарастыру беріледі. Оқушылардың бір-бірімен ой алмасып, өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады. Топ ішінен бір спикер шығып, өз ойларын жинақтап, пікірлерін айтады. Ситуация анық, оқушы бұрын жинақтаған білімін пайдаланып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

3.Көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту. Суреттер арқылы сөйлем құрау, шағын эссе, әңгіме жазу. Бұл жұмыстар бір - бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, мәтін құрастыру, орфографиялық шеберліктері іске асырылады.Әр мұғалім  сабақта  тіл  дамыту  жұмыстарын  шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне  білуіне, білгенін қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының  тілін  дамыту  жұмысы,  ол  баланың  жалпы  ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып  үйренсе де, өзінің  істеген  жұмысы, көрген-білгені  туралы  күнбе-күн  сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады,  яғни оқушылардың   тілін   дамыту   мәселесі   олардың   ойлау қабілетімен байланыстырылса,  сондай-ақ ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Тұжырымдай келгенде, шығармашылық жұмыстар:

- оқушының сөздік қорларын дамытады;

- сауатты жаза білуге дағдыландырады;

- теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жол ашады;

- шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.

Қорыта келгенде, тіл дамыту жұмыстары нашар еститін оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!