Материалдар / Нәтиже сабақ.Сын есім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нәтиже сабақ.Сын есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім бағдарламасы аясында жазылған ҚМЖ жас мамандарға көмек ретінде ұсынылып отыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2019
1658
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ: 10

Тақырып: Нәтиже сабақ

Мектеп: Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Маширбаева Лазатия Саматовна

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.ӘТН4.3. Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

5.ӘТН5. Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздің тыныс белгілерін дұрыс қолдана білу.

Сабақ мақсаттары

Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды, сын есімді зат есім орнына қолданады.

Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздің тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Бағалау критерийі

Сын есімдердің шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тани алады, сын есімді зат есім орнына қолдана алады.

Төл сөз, автор сөзі, төлеу сөздің тыныс белгілерін дұрыс қолдана алады.

Тілдік құзіреттілік

Пәнге қатысты сөздік қорлар мен терминдер:

Жол ережесі, сақтық шаралары, қызметкер, бағдаршам, қызмет көрсету

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Оқушыларды жол қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға, сақтық шараларына, тәртіпке, қауіпсіздікке үйрету.

Әдіс-тәсілдер

«Бинго», «Соңы кім?», «Шығу парағы», семантикалық картамен жұмыс, «Аққала», «Бағдаршам», «Жалғасын тап», «Аяқталмаған сөйлем»

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану

Алдыңғы тақырып

Нәтиже сабақ

Жоспарлан-

ған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

(10 минут)





І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу;

  • Кезекші мәлімет;

  • Психологиялық дайындық

Мұғалім: Күн күлімдесе бақыт па?

Оқушылар: бақыт (қолын жоғары көтеру)

Мұғалім: Анамыз күлімдесе бақыт па?

Оқушылар: Бақыт (қолын шапалақтайды)

Мұғалім: Достарымыз көп болса бақыт па?

Оқушылар: Бақыт (бірін-бірі құшақтайды)

Мұғалім: Әр күніміз сәттілікке толы болса бақыт па?

Оқушылар: Бақыт (күн шуағын шашады)

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Бинго» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.





Ортасы

(25 минут)

III. Нәтиже сабақ

  • «Соңы кім?» ойыны.

Ойынның мақсаты: сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту, сөйлем құрылымдауына назар аудару,сын есімнен өткенді еске түсіру. Шапшаң ойлауға, жылдамдыққа үйрету.

Шарты: Тақтаға кез-келген сөз жазылады. Оқушылар сол сөзді кезек-кезекпен өрбітіп, сын есімді қосып сөйлем құрастыруы қажет.

М ысалы: Жаз


Кезінде

күн

өте ыстық (сын есім)


болады

  • 4-тапсырма. Суретке қарап диалог-әңгіме құрастырып жаз. Талаптар: кейіпкерлердің барлығы да диалогке қатыссың. Қызықты әрі танымдық мәні болсын. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қой.

IMG-20190207-WA0002-1.jpg

  • «Жалғасын тап» ойыны. Оқушыларға мақал-мәтелдердің бөліктері таратылып береді. Тақтаға бір оқушы шығып мақалдың басын оқиды, жалғасы қай оқушыда болады сол оқушы шығып ары қарай мақалды толықтырады. Мақалдан сын есімді, заттанған сын есімді табулары қажет.

Мақалдар:

1. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

2. Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жұмсақ адам жұртқа жем.

3. Қағазға тіл бітірген – қалам,

Жансызға жан бітірген – адам.

4. Сырласуға дос жақсы,

Сыйласуға жат жақсы.

5. Жауызға айтқан жылы сөз –

Суға айтқан сертпен тең.

6. Ақ жаулығы ананың,

Ақ көрпесі баланың.

  • Семантикалық картамен жұмыс.

    Сөздер

    Бала

    Тәртіпті

    Ұрыншақ

    Ұстамды

    Керіс

    Ұнамды

    Сөйлемдер

    .... бала – сүйеніш,

    Төбең бір көкке жетеді.






    Тәртіпсіз .... – күйеніш,

    Төмеңдеп басыын кетеді.






    .... бала жанында

    Ұрыс пен .... айқай-шу.





    ..... бала маңынан

    ....... қылық байқайсың





  • 5-тапсырма. Суретте берілген көлік түрлерінің бірін таңдап, сипаттамалық мәтін құрап жаз.

  • «Аққала» ойыны. Сын есімнен өткенді қайталау. Оқушылар пішіндерді құрастырып сурет шығаур қажет. Ол үшін әрбір пішіннің артындағы сұрақтарға жауап берулері қажет.

1) Сын есім деген не?

2) Сын есім жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді? Олардың ережесін айт.

3) Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4) Салыстырмалы сын есімнің шырай жұрнақтарын ата. мысал келтір.

5) Күшейтпелі шырай жұрнақтарын ата. мысал келтір.

6) Сын есім қалай заттанады?

7) Заттанған сын есімге мысал келтір.

  • «Көлік және жол белгілері» бөліміне байланысты «Шығу парағын» толтыр.

Бұрыннан білетінім

Осы бөлімде білдім

Болашақта білгім келеді




























































































Аяқталуы

(5 минут)





IV. Қорытынды

Үйге: Заттанған сын есімдер қатысқан мысалдар жазу.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Жасыл – өте жақсы

Сары – жақсы

Қызыл – әлі де тырысу керек

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!