Материалдар / «Не дәмді?»(ертегі желісімен)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Не дәмді?»(ертегі желісімен)

Материал туралы қысқаша түсінік
бала - бақша тәрбиеленушілеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қараша 2020
311
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Не дәмді?»(ертегі желісімен)

Мақсаты: Балалардың эмоционалдық дамуына жағдай жасап, өзін қоршаған ортаға, адамдарға қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру. Ертегі кейіпкерлерін салыстыру. Ертегі арқылы дәмді-дәмсізді ажырату. Ертегі арқылы балалардың шығармашылығын дамыту. Ертегі мазмұны бойынша балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойын: мақал – мәтел.

Көрнекі құрал – жабдықтар: фланеграф арқылы, тәжірибе көрсетуге арналған сүт (табиғи,жасанды), су, стакан, тары, сүйек, бір рет қолдануға арналған ыдыстар.

Сөздік жұмыс: тары, сүт, сәбіз, сүйек.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Іс – әрекет кезеңдері;

Тәрбиешінің іс – әрекеті;

Балалардың іс – әрекеті;

Мотивациялық – қозғаушылық

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Сәлеметсіз бе!

  • Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

. Біз әдепті баламыз

Алдыменен қонақпен

Амандасып аламыз.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз

Сәлеметсіз бе! - дейік үлкенге

  • Жарайсыңдар, балалар! Орнымызға отырып, бүгінгі ашық оқу іс-әрекетімізді бастайық.

  1. Негізгі бөлім

  • Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізді тәжірибе жасаудан бастайық.

  • Менің оң жағымдағы ыдыста - сүт, сол жағымда– су. Қазір осы екі сұйықтықты салыстырайық.



  • Бұл не?

  • Сүт.

  • Сүттің түсі қандай?

  • Ақ.

  • Дәмі бар ма?

  • Иә.

  • Бұл не?

  • Су.

  • Судың түсі қандай?

  • Түссіз.

  • Дәмі бар ма?

  • Жоқ.

Дұрыс айтасың! Су мөлдір, иіссіз сұйық зат. Біз күнделікті өмірде сусыз өмір сүре алмаймыз. Ал сүттің түсі ақ, дәмі бар. Сүт денсаулығымыздың мықты әрі күшті болуына көмектеседі. Сүттен дәмді тағамдар жасалады. Біз күнделікті ішіп жүрген ботқаға да сүт қосылады екен.

Бұл екі зат барлығымыз үшін ең маңызды болып табылады.

  • Ал, келесі кезекте тары дақылымен таныс болайық. Тары - ұсақ, қатты дәнді дақыл. Оны сүтке қайтнатса жұмсарады. Тарыны жерге егеді. Тарыдан дәмді тағамдар жасауға болады.

Динамикалық үзіліс: Мынау тұрған мысық, Екі көзін қысып. Ұйықтап отыр маужырап, Сүт көжесін ішіп.

Ғажайып сәт: Қуыршақ Әйгерім кіреді. –Балалар бізге қуыршақ Әйгерім қонаққа келіпті. –Сәлеметсіздерме балалар! –Сәлеметсізбе қуыршақ Әйгерім. -Балалар сендер қандай ертегі білесіңдер? -Шалқан, бауырсақ, түлкі мен қоян, үш аю. –Бұл ертегілерде қандай кейіпкерлер бар екен? -Ата, әже, аю, түлкі, қоян. Тәрбиешінің іс-әрекеті: –Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді мен сендерге «Не дәмді?» ертегісін айтып берейін.

  • Бір бас қосқанда құстар мен хайуанаттар нендей тамақтың дәмді екенін талқылапты.

  • Сонда тауық: ең дәмді тамақ – тары, - депті қыт – қыттап.

  • Тапқан екенсің, дәмді тамақты! Кеміріп жейтін сүйекке не жетсін! – дейді күшік аф – афтап.

  • Бәрің де білмейсің, күтірлетіп жейтін сәбізден артық ештеңе жоқ, - деді қоян екі құлағын тікірейтіп.

  • Шіркін, қою сүтті айтсаңдаршы! – деп мысық тамсанады.

  • Сөйтіп, құстар мен хайуанаттар не дәмді екенін шеше алмай үй – үйлеріне тарасыпты.

Тіл ұстарту: Тауық дыбыстайды қыт-қыт. Күшік дыбыстайды аф-аф. Мысық дыбыстайды мяу-мяу. Тәрбиешінің іс-әрекеті: -Ал, балалар ертегі не жайлы айтылған? -Дәмді тағамдар туралы айтылған. -Ал сендер қандай тағамды жақсы көресіңдер? -Балалар жауабы. -Көрдіңдер ме? Әр адамның өзі сүйіп жейтін тағамдары бар. Қандай тағам болсын жиіркеніп жеуге болмайды. Астың бәрі де дәмді және тәтті. Естерінде болсын, ең қасиетті тағам нан. -Балалар, бір үзім нан жерге түсіп кетсе немесе қоқымы шашылса не істейміз? -Теріп аламыз. Нан туралы тиым сөздерімізді айтайық. Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып, қастерлеп. Торғайларға тастаңдар.

Енді балалар, тәтті тағамдар туралы мақал – мәтелдер білетін арамызда балалар бар екен.

  1. Дәнді шашпа,

Нанды баспа.

  1. Адамнан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.

  2. Ас – адамның арқауы.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

-Бүгінгі ертегі қалай аталады? -Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? -Ол кейіпкерлер қандай тағамды жақсы көреді. Бүгінгі оқу іс әрекетінде жақсы өткіздік. –Жарайсыңдар балалар! Бүгінгі оқу іс әрекетінде жақсы өткіздік. Сендерге мынандай смайликтер берейін. Бәріне рахмет.

ІV. Күтілетін нәтиже:

Біледі: су мен сүтті ажырата біледі.

Білуі тиіс: өзін қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауды

Меңгереді: әр тағамның озіндік маңызы бар екенін














































Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні:  Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту» Такырыбы: «Келіңдер, бірге ойнаймыз!» Мақсаты: балалардың тілін дамытып, анық сөйлеуге үйренеді, логикалық ойлауы жетіледі, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: тілұстарту жаттығуын орындайды. Түсінеді: ертегінің мазмұнын түсінеді.

Қолданады: бейнелі сөздерді айтады.

Көрнекіліктері: қуыршақтар (ертегі кейіпкерлері), түрлі-түсті шарлар.

Сөздік жұмыс: балақай. Билингвальды компонент: ит-собака, қасқыр-волк. ҰОҚ барысы: І. Кіріспе бөлім: Шаттық шеңбері:

Амансыңба, Алтын күн! Амансыңба, Жер ана! Амансыңба, достарым! Амансызба апайлар! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым. –Ал, балалар бүгін біздің оқу қызметіміз ерекше болмақ. Ол үшін бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, көзімізді жұмайын. Балалар біз ертегі әлеміне тап болдық. (балалар орындарына отырғызу) -Сендер ертегі білесіңдер ме? (ия) -Олай болса қандай ертегі білесіңдер? (шалқан, бауырсақ, Маша мен аю) -Сендер күшікті білесіңдер ме? (ия) -Қайдан көрдіңдер? (балалардың жауабы) -Үйдегі күшіктерінің атын білесіңдер ме? (марғау, арлан, тарзан) -Ендеше балалар мен сендерге «Ақтөс» деген ертегі айтып беремін,сендер тыныш отырып тыңдаңдар. Негізгі бөлім: Тәрбиеші: Ертеде «Ақтөс» деген күшік болыпты. Бір күні Ақтөс ұйықтап жатқанда оның үш досы –қораз, мысық, ешкі орманға ойнауға кетеді. Ойынға қызыққан үш дос кеш батқанын байқамай қайтар жолдарын таба алмай адасады. Олар келе жатып, қалың ағаштар арасындағы ескі үйге кезігеді. Орманның ішіндегі бұл кімнің үйді екен деп таңданады. Үйге жақын келіп, есігін қағады. Бірақ ешкім жауап бермейді.Ешқандай дауыс шықпаған соң үшеуі үйге кіреді. Кіргендері сол еді, есік тарс жабылып, үйдің іші қараңғы болады. Қараңғыдан қорыққан үш достың дауыстары шықпай қалады. Сол кезде залым қасқырдың дауысы шығады. Қасқыр: -А-а-а, ұсталдыңдарма, жақсы болды мен сендерді таппай жүр едім. Енді мен сендерді жібермеймін. Қораз: -Қасқыр бізді жіберші мен саған өлең айтып беремін. Мысық: -Ал мен үйінді жинап беремін. Ешкі: -Мен саған ас даярлап беремін. Тәрбиеші: -Сонда Қасқыр, не істерін білмей басы қатып отырғанда, достарын іздеп Ақтөс келіп қалады. Ақтөс: -Қасқыр, менің достарымды жібер. Қасқыр: -Жарайды жіберемін. Бірақ менің шартым бар. Мен сендерге сұрақ қоямын, сендер дұрыс жауап берсендер біртіндеп жіберемін. Тәрбиеші: -Балалар біз Ақтөске көмектесеміз бе? Балалар: -Ия, ия. Тәрбиеші: -Кане, олай болса қасқырдың тапсырмасын орындайық. 1-тапсырма: «Дұрыс па, бұрыс па» ойыны Шарты: Мыс: Кесе, қасық-ыдыстар (ия). Ит, мысық-құстар (жоқ). Қасқыр: -Жарайсыңдар балалар, сендер қоразды құтқарып алдыңдар. Тәрбиеші: -Балалар біз енді мысықты құтқару үшін қасқырдың келесі тапсырмасын орындайық. 2-тапсырма: «Жаңылтпаш білесің бе?» ойыны Ал балалар, жаңылтпашты жаңылмай айтып берейік. Топ бала, топ бала, Ойнап жүр топтала. Көп бала, топ бала, Қуып жүр допты ала. Амина: Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ұшып кетті торғай. Динамикалық үзіліс: «Ойыншықтар» Біздеде бар қуыршақ, Бұзау, қозы, құлыншақ. Ойыншықтар тыңдайды, Әмір беріп бұйырсақ. Ойыншықтар ұйықтайды, Айтқанымнан шықпайды. Ал қозы мен құлыншақ, Ұйықта десем ұқпайды.

Тілұстарту жаттығуы: Еш-еш-еш, Шақырады әтеш.

Қыр-қыр-қыр, Келе жатыр қасқыр. Қасқыр: -Ой,ой балақайлар, қандай қиын тапсырма берсем де орындайды екенсіңдер. Енді сендерге қандай тапсырма берсем екен. Тәрбиеші: -Тамаша, балалар, сендердің білімдерінің арқасында қоразды, мысықты құтқардық. Енди келеси тапсырманы орындайық. 3-тапсырма: «Қай жануар жоқ» ойыны Шарты: жануарлардың суретін көрсетіп, ішінен біреуін жасырып, қандай жануар жоқ екенін сұрау. -Дұрыс айтасындар балалар, олай болса біз ертегіде кездескен ешкі, қораз, мысық туралы тақпақ білесіндерма? (ия) Уәде: Оятпа, қораз сен бізді, Өзімде сездім таң атты. Сенсіз-ақ білем мезгілді, Танимын енді сағатты. Асылай: Мен Қоразбын, Қоразбын Жалқаулармен аразбын. Таңды бұрын қарсы алып, Елді оятам жар салып. Қ: Айсұлтан: Күнде тәртіп бұзыпты, Кішілерді сүзіпті. Миуананы үзіпті, Мүйізіне тізіпті. Алуа: Беті қолын жуады, Тышқандарды қуады. Тазалықты сақтайды, Апам оны мақтайды. О. Алихан: Мынау түрған мысық, Екі көзін қысып. Ұйықтап отыр маужырап, Сүт көжесін ішіп. Қасқыр: -Ақтөс сенің достарыңа, мен өте риза болдым. Менің де осындай достарым болса ғой. Ақтөс: –Балақайлар, қасқырда бізбен бірге дос болсыншы? Балалар:-Ия дос боламыз. Ақтөс: -Менің достарымды сендердің білімдерін арқасында құтқардық. Рақмет, балалар. Тәрбиеші: -Көрдіңдер ме, балалар «Дос көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды»-деген осы. Олай болса бәріміз дос болайық. Достарымызбен қоштасып тобымызға барайық. (көздерін жұмады)

Қорытынды бөлім: - Балалар біз қайда бардық? -Балалар сендерге не ұнады? -Біз қандай жануарларға көмектестік? -Сендерге ойын ұнады ма? Балаларды мақтап, мадақтау, смайлктер беру











































Тақырыбы: «Қош келдің алтын күз!»

Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй қалыптасады, сахнада еркін сөйлейді, ән және ырғақ орындаушылыққа дағдыланады.

Атрибуттар: тақырыпқа сай безендірілген сахна, жемістер мен көкөністер, жапырақтар, шарлар т.б

Репертуар: 1. Ән: «Егінді жинаймыз» 2.Ойын : «Дәмінен ажырат» 3. Тақпақтар 4. Би: «Қолшатыр» 5. Ойын: Сәбіз жина 6. Ән: «Егінді жинаймыз» 7. Би: «Жапырақтар»


Сахна мерекеге сай безендіріледі. Көңілді музыканың ырғағымен балалар залға кіріп, жарты шеңбер құрып, ырғақты би қимылдарын жасайды.

Армысыздар, құрметті қонақтар және менің кішкентай өнерпаздарым, бүгінгі күз мерекесіне арналған «Қош келдің алтын күз!» атты ертеңгілігіміз бастауға рұқсат етіңіздер!


Жүргізуші:

Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Судырап түседі.

Үстінде егінжай,

Салқын жел соғады.

Гүл, жапырақ, шөптер де,

Қуарып солады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: (күзде)

Жүргізуші:

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түсіп, айнала сары түске боялады. Көкөністер мен жемістер пісіп, береке орнайды. Олай болса ортамызға «Күз ханшайымын» шақырып алайық.

Залға сазды әуенімен «Күз ханшайымы» кіреді.

Күз ханшайымы:

Амансыңдар ма балалар!

Ерінбестен еңбек етіп келетін.

Еңбекшіге бар жемісін беретін,

Мен- Алтын күз, ынтымақты еліме

Берекелі ырыс болып енетін.

Жүргізуші:

Қош келдің Алтын күз! Балалар сізді асығып күтіп отыр. Сізге арнаған әндері бар қабыл алыңыз!

Күз ханшайымы:

-Рахмет балалар!

Жүргізуші:

Әсем әуен салдырған,

Сәбилерде алғыр жан.

Бал дәуреннің қызығы,

Есте қалар балдырған-деп кезегімізді балаларымыздың сізге арнаған әніне берейік.

Ән: «Егін жинаймыз»

Күз ханшайымы:

-Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын, өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім. Күзде қандай жемістер піседі, білесіңдер ме? (алма, алмұрт, жүзім т.б).

-Балалар мен сендермен бірге «Дәмін ажырат» деген ойын ойнағым келіп тұр. Сендер ойын ойнағыларын келеді ме?

Балалардың жауабы:

-Иә, ойын ойнағымыз келеді.

Ойын: «Дәмін ажырат»

Шарты: жемістің дәмін татып көріп, қандай жеміс екенін, айтады.

Күз ханшайымы:

-Жарайсыңдар, балалар менің жемістерімді жақсы ажыратып бердіңдер. Жүргізуші:

Табиғат-Ана ғой,

Тағдыр ғой күз деген

Тыныштық бұзылма,

Үмітті үзбеген- деп кезекті балаларымыздың күз туралы өлең шмақтарына берсек.

Айлин:

Қарашы күз келді, күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Альфия:

Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет тамаша,

Қандай әсем күз!

Иса:

Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Айзере:

Жемісті мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Жүргізуші:

-Жарайсыңдар балалар, тәтті тілдеріңмен «Күз ханшайымын» елжіретіп жібердіңдер. Күз ханшайымы:

-Иә, рахмет балалар!

Жүргізуші:

-Балалар, енді біз күз ханшайымға арнап біздің кішкентай қыздарымыздан би сұрасақ қайтеді.

Күз ханшайымы:

-Қандай керемет!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!