"Не ексең, соны орасың..."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Не ексең, соны орасың..."

Материал туралы қысқаша түсінік
Ер баланың тәрбиесін әкесі не үлкен ағалары жауапкершілікке алса, қыз баланың әдепті, иманды, ибалы болып өсуін анасы мен әжесі немесе әпкелері қадағалаған.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Жаңабек Ғалия Асқарқызы
№ 74 «Айдана» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі
Шымкент қ.

"Не ексең, соны орасың..."
Ер баланың тәрбиесін әкесі не үлкен ағалары жауапкершілікке алса, қыз баланың әдепті,
иманды, ибалы болып өсуін анасы мен әжесі немесе әпкелері қадағалаған. Оның іс тігіп,
тағам дайындай білуін, ұқыпты болуын әрдайым санасына құйып, үйретіп отырған. Ер
баланың келешекте нағыз ер азамат болуы, елін қорғап, адал қызмет етуі үшін әкесі жанын
салып үйретуге тырысқан. Ат құлағында ойнайтын, қамшы өрудің шебері болатындай етіп
тәрбиелеген. Ылғи ұл-қызының санасына кішіпейіл, қанағатшыл, қамқор, ізетті бол деп
жалықпай айта берген. Үлкеннің алдынан кесіп өтпеуді ұқтырған. Бұл біздің
халқымыздың жазу-сызу әлі дұрыс дами қоймаған дәуірлерден бері келе жатқан даналығы.
Өскелең ұрпақтың иманды болуына баса назар аударып, Алланың құлы, Пайғамбардың
(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмбеті екенін есіне салып отырған. Оған бір
ғана дәлел, бала өмірге келгенде оған азан шақырып ат қоюы. Сонан соң әр жұма сайын
мешітке алып барып, Алланың үйін көрсетуі, құлшылық жасатуының өзі тәлім-тәрбиенің
қайнар көзі болып саналады. Мұның барлығы ұрпағының болашақта бақытты өмір
кешуіне апарар жол деп түсінген. «Не ексең, соны орасың» дегендей, отбасы, ошақ
қасында сәби қандай тәрбие көрсе, оның алдағы өмірі сондай болады...
Қазақ балаларының дәстүрлі ойыншықтары
Көптеген басқа халықтардағы сияқты, қазақ балалары мен жастарының ойындары да
қоғамның жас пен жыныс бойынша бөлінісін көрсеткен. Қазақ балаларының дәстүрлі
ойыншықтарынның ішінде ұл балалар құмартып ойнайтын ойыншықтар және көбіне қыз
балалар ойнайтын ойыншықтар бар. 3-10 жастағы қыз балалардың жақсы көретін ермегі
қуыршақпен ойнау болатын, қуыршақты әдетте ши шыбығына шүберек орап өздері
жасайтын. Қуыршақтар барынша қарапайым еді, бірақ бұл ретте қуыршақтардың киімдері
адамдар киетін нақты дәстүрлі киімді айнытпай қайталайды. Қуыршақтың кімді
бейнелейтініне қарай оған баланың, бойжеткеннің, қалыңдықтың, тұрмыстағы әйелдің, ер
кісінің т.б киімдерін кигізген. Қуыршақтың киімін безендіру көбіне біршама күрделі


Page 2

болатын – қуыршақ-қалыңдықтың, келіншектің бас киімі түрлі-түсті әйнектермен, маржан
түйіршіктерімен, түймелермен, жылтырақ қаңылтырлармен, тері құрақтарымен
әшекейленді; көйлегі басқа түсті матадан тігіліп, кестеленді, зер салынды. Қуыршақтарға
киім тігу болашақ өмір үшін қыздарға тамаша тәжірибе еді. Өкінішке орай,
қуыршақтармен ойнайтын балалар ойындары жөнінде ХІХ-ХХ ғасыр ортасы бойынша
материалдар жоқтың қасы. Шамасы, ойынның мәні отбасының күнделікті өмірінен
алынатын көріністерді қайталау болса керек. Қуыршақтармен ойнау арқылы қыз балалар
өмірдің әлеуметтік құрылымының негізгі ережелерімен, дәстүрлі қоғамның жыныс пен
жас бойынша бөлу қағидаларымен, дәстүрлі әдеп нормаларымен танысып, киім дайындау
мен әшекейлеуге үйренді.
Балаларын оқытуға көңіл бөлген халық
Қазақтар өз балаларын оқытуға көп көңіл бөлген. Ата-аналары балаларын кішкентай
жастарынан сөйлеуге, санауға, заттарды және олардың өзіндік ерекшеліктерін атауға
үйреткен. Ал баланың тілі шыққан бойда оған тақпақтар мен өлеңдерді, жұмбақтар мен
жаңылтпаштарды үйреткен. Бұлар баланың есте сақтау қабілетін дамытумен қатар, оған
қоғамның әлеуметтік құрылымы, көшпелі тұрмыстың шаруашылығы, отбасы мүшелерінің
қарым-қатынастары туралы ең қарапайым түсініктер берген. Қазақтар балаларды
сауаттылыққа үйретуден бас тартуды үлкен күнә деп есептеген. Әдетте балаларды 7-8
жастан бастап оқытуды көздеген; жазуға, санауға, оқуға, шариғатты үйренгісі
келетіндердің барлығы жасына қарамастан молданың киіз үйіне жиналған. Қыз
балаларды, ұл балалармен салыстырғанда, біршама сирек оқытқан, оларға қарапайым
бастауыш білім берді: сауаттылықтың, жазу мен санаудың әліппесін үйреткен. Бірақ, мына
бір жайтты ұмытпау керек, дәстүрлі қоғамда балаларды шаруашылық және қоғамдық
өмірдің нормасына, осы қоғамның негізгі құндылықтарына баулу отбасының ішінде
жүрді. Балаларды тәрбиелеу мен оларға өмірлік қажетті машықтарды үйрету нысандары
әркелкі болды. Балалар кішкентай кездерінен-ақ отбасының күнделікті тұрмысын,
ересектердің жұмысын, олардың өмірінің түрлі жағдайларындағы іс-әрекетін бақылап,
өздері еңбек үдерісіндегі көмекшілер мен қатысушылар рөлінде болды. Халық
педагогикасында дәстүрлі білім беру түрлерінің бірі ретінде ауыз әдебиетіне үлкен мән
берді.


Page 3

Осыған қарап ертедегі қазақ баласының балалық шағы қаншама қиын кезеңдерге
тап келсе де, білімнен, өнерден, жалпы адами қасиеттерден алыстамағанын
аңғарамыз. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, сондықтан қазақ өз баласын тәртіпті,
кішіпейіл, білімді, шебер, еңбекқор, келешекте үлгілі отбасы иесі болғанын қалап
тәрбиелеген. Өйткені ұлтымыздың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
19.06.2021
417
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі