Материалдар / Неге меутеп оқушылары ерте жастағы депрессияға ұшырауға бейім?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Неге меутеп оқушылары ерте жастағы депрессияға ұшырауға бейім?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда стресс, депрессия салғырттарынан зардап шегетін жасөспірімдер саны күннен күнге артуда. Сол үшін мақаламда осы проблеманың өзегін тауып, тақырыптағы сұраққа жауап беруді мақсат еттім.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2022
348
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Неге мектеп оқушылары ерте жаста депрессияға ұшырауға бейім?


Қазіргі таңда жасөспірімдердің төрттен бір бөлігі, 10-18 жас аралағындағы жастар қатары "депрессия" деген ауыр хәлге тап болады. Соңғы кездері осындай ішкі күйзеліс әсіресе мектеп қабырғаларындағы оқушылар арасында кеңінен таралған. Не себепті мектеп оқушылары ерте жастағы депрессияға бейім? Ендеше осы сұрақтың жауаптарын қарастырып көрейік.


Ең алдымен "депрессия" ұғымына тоқталайық. Депрессия көбінесе бірнеше факторлардың қатар әсер етуінен туындайды. Психологиялық, қоғамдық және физикалық факторлардың шарықтау шегі түбінде депрессияға немесе стресске әкеліп соғады. Ал депрессияның ауыр салдары невроз бен психоз қос ұғымдарымен жалғасады. Адам осындай хәлге ұшырағанда өзің өмірден түңілген, жабыққан, пессимист жан ретінде сезінеді.


Мектеп оқушыларының, яғни жасөспірімдердің бойында мұндай көңіл-күй жағдайы болуы көбінесе үйдегі проблемаларға: ата-анасы ажырасып, бөлек тұруы, жақын адамның қайтыс болуы; көрсетілген физикалық қысым немесе жыныстық қорлық көруі, сонымен қатар, оқу барысында түсетін қиыншылықтар секілді зардаптарға байланысты болады. Жоғарыда атап өткендей, осылар - депрессияның шарықтау шегін құрайды. Мысалы, күнделікті мектепте оқумен қатар, мектептен тыс жиырма төрт те жеті сағат уақытын сабақ оқуға жұмсайтын оқушылар оқу үйренуден ерте жалығып, күн мен түнің алмастырып, уақытынан бұрын шаршап қалуға душар болады. Көбінесе осындай оқушылардың тәулік саны ауысқандықтан, олар сабақты түнде оқиды және күндіз оқығанға қарағанда информацияның баяу сақталуына әсер етеді. Мұндай оқушылар сабақ оқуға 100%-ды беріп, тоқтаусыз оқыса да, денсаулықтарына үлкен залалын тигізетінін өздері де байқамай қалады. 


Сонымен қатар, қазіргі кезде мектеп оқушылары өзге оқушы тарапынан "буллингқа", яғни ағылшын тілінен аударғанда қорлыққа ұшырайды. Қорлық көретін адамдар физикалық түрде де, моралды түрде де үлкен қысымға түседі. Тығыз қысымның салдары оқушыны кейін стресске, ары кетсе ауыр депрессияға әкеледі. Сол депрессияға ұшыраған адамның өзге адамдарға деген көзқарасы, әлемді қабылдауы мен түсініктері 360 градусқа өзгереді. Сондықтан, мектеп оқушыларында ерте жаста депрессия туындауының бірден бір себебі - дәл осы буллинг болып табылады.


Жалпы көңіл-күй жағдайы - депрессияның түпкі себептерін анықтау барысында мен жоғарыда жазылған проблема көздерін негізге алып, тақырыптағы сұраққа жауап іздей отыра қорытынды тұжырымға келдім. Мектеп оқушысының ерте жасында депрессияға ұшырауы - шектен тыс жүк, ауыртпашылық артуынан және де өзге жасөспірімдер арасында кең таралған қорлық көрсету түрлерінен бастау алады.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!