Материалдар / "Невада Семей" қозғалысына 30 жыл.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Невада Семей" қозғалысына 30 жыл.

Материал туралы қысқаша түсінік
Семей полигонының зардаптары туралы шындық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2019
2096
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұзын-ата» жалпы орта мектебі КММ 5 б сынып оқушысы Қыдырбек Ерасыл ғылыми зерттеу жобасы «СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ» тақырыбында дайындаған шығармашылық жұмысына


ПІКІР


Ерасылдың ғылыми ізденіс шығармашылық жобасы өз еліміздің тарихын оқытуда, сонымен қатар халықтың экономикалық-әлеуметтік жағдайымен танысуда өте қажетті материалдармен қамтылған.

Шығармашылық жұмыста 1949 жылдан басталған қасіретке толы күндердің азабын халық бүгінге дейін тартып отырғанын толық әрі нақты материалдар арқылы дәлелдеген.

Зерттеу жұмысы негізгі төрт бағытта жүргізілген:

1. Семейдегі ядролық алғашқы жарылыстардың жүргізілуі.

2. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері

3.Жарылыстың негізгі күші туралы жалпы мағлұмат.

4.Семей-Невада қозғалысы, халық тілегі

Әр бағытта жүргізілген жұмыстарында Ерасыл өз мақсатына жете алды деп есептеймін, әрі оқушының бұл еңбегі тек қана оқушылар үшін емес сондай-ақ мұғалімдер де көмекші құрал ретінде пайдалануға болатынына толық сенемін.

Оқу –тәрбие үрдісінде толыққанды әдістемелік құндылығы бар еңбек болатындықтан Ерасылдың еңбегін жоғары бағалаймын.






Пікір жазған

Тарих пән мұғалімі: Рысбекова Жаухар Сағындыққызы

















Мазмұны

Кіріспе:__________________________________________________________

І-тарау.

    1. Семейдегі ядролық алғашқы жарылыстардың

жүргізілуі._________________________________________________

    1. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға,

қоршаған ортаға әсері.______________________

ІІ.Тарау.

2.1 Жарылыстың негізгі күші туралы жалпы мағлұмат.______________


2.2.Семей-Невада қозғалысы, халық арманы. ___________________

Қорытынды: ______________________________________________________

Әдебиеттер тізімі:_______________________________________________ Қосымша: _____________________________________________________






























Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Антиядролық қозғалыс ядролық соғыс қаруын жасауға, сынауға , қолдануға қарсы әлем халқының бірлескен қарсы күресі. 1945 жылы 6 тамызда алғаш рет АҚШ әскери әкімшілігі ядролық қаруды Жапонияның Хиросима қаласына тастап, қырғынға ұшыратты. Қала толық қирап,140 мың адам қаза тапты. Араға 3 күн салып, Нагасаки қаласына түскен атом бомбасы салдарынан 75 мыңға тарта адам жапа шекті. Ал КСРО аумағында алғашқы ядролық қару 1949 ж. Семей сынақ алаңында жарылды. Содан бергі жылдарда онда 459 жарылыс (оның113-і атмосферада) жасалып , сынақ алаңымен шекаралас аудандардағы халықтың денсаулығына , экологияға орасан зор зиян келтірілді. Мұндай зұлмат қасірет бұл қарудың түрін жою, тоқтату қажеттігін тудырды. 1963 ж. атмосферада, суда және ғарышта атом қаруын сынауды тоқтату жөніндегі келісімшартқа қол қойылды. Бірақ бұл шарт талаптары ұзақ орындалмады. 70-ші жылдары КСРО басшылары Кеңес Одағы атом сынағы бейбітшілікке бағытталған, халыққа , қоршаған ортаға зияны жоқ деген екіжүзді сұрқия саясат ұстанды. Ұзақ уақыт бойына жер астындағы сынақтардың қауіпсіздігі туралы жалған түсінік қалыптастырылып, насихатталды. 1989 ж. ақпанда Қазақстандағы ядролық жарылыстарға қарсы «Невада-Семей» антиядролық қозғалыс дүниеге келді.


Зерттеу тақырыбы: Семей полигоны және оның зардаптары.

Зерттеу жұмысының мақсаты Семей полигоны және оның зардаптарын

зерттеу , соның ішінде Семей полигоны әсерінен балалардың денсаулығы едәуір төмен,анемия ауруы,әлсіз балалардың тууы,Туа бітке анемия және мезгілінен ерте қартаю. Сонымен қатар Семей өңірінде лейкоз-қан рагы,лимфоцит ақ қан ауруымен ауыратындар саны көбейген тереңнен зерттеліп жазылған.

Зерттеу жұмысының міндеті:

1.Семей полигон зардаптарын зерттеу.

2. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері тарихнамасын анықтау.

3. Жарылыстың негізгі күші туралы сипаттама беру.

4.Тақырыптың маңыздылығын тарихи сипатын терең түсіне біліп, толық ашу үшін материалдар мен ақпараттар жинастыру және қорытынды жасау .

Гипотезасы: Невада –Семей қозғалысының қалыптасып, даму тарихын жүйелеуге ғылымы-практикалық негізін айқындауға мүмкіндік туғызылса, онда ол полигон зардаптары зерттеліп отырылған мәселені одан әрі дамытуға болжалдық мәні бар мүмкіндіктерді ашып көрсетуде ықпал етеді.

Зерттеудегі ғылыми жаңалығы: XX ғасырдағы жер бетіндегі адамзатқа тигізген атом бомбасының зардаптары жан-жақты зерттелді.
Зерттеу кезеңдері: 1)Тақырыпты таңдау 2) Ғылыми жұмысты жоспарлау 3) Кітапхана, ғаламтордан дерек көздерін жинау, еңбектерді салыстыру 4)Жиналған материалдарды өңдеп, зерттеу жұмысын жазу.

Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспе , 2тарау,4 бөлімнен ,қорытынды , әдебиеттер тізімі, қосымшалардан тұрады . Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі , мақсаты ,міндеті, зерттеу әдістері , қорғауға ұсынылған негізгі деректер баяндалады. «Семей полигоны және оның зардаптары» атты бірінші бөлімде Қазақстандағы алғашқы жарылыстар , оқулықтар ,оқу әдістері туралы баяндалады .Патша өкіметінің халық ағарту саласындағы саясаты туралы. « XIXғасырдағы білім берудің бағыттары және мамандар даярлау »ісінің тарихы екінші бөлімде баяндалады .Сонымен қатар бастауыш білім берудің оқу бағдарламалары , жеті жылдық білім беру туралы баяндалады . Зерттелген жобаның бүгінгі таңдағы тарихи , әдеби, өлкетану ғылымдарын дамытуға үлес қосады.

Қорытынды, қосымша , әдебиеттер тізімі көрсетілген.




1

І тарау

1.1 «Невада-Семей» қозғалысы


Бұдан 30 жыл бұрын , яғни 1989 жылдың ақпанындаСемейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Белгілі ақын, мемлеке және қоғам қайраткері, КСРО жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. 1989 жылдың 25 ақпанында сағат 17-ден 45 минут өткенде Қазақстан орталық телевизиясы арқылы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен және жұртшылықты "Невада" антиядролық қозғалысын құруға шақырған ашық мәлімдемесінен басталды. Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық , шығармашылық, діни ұйымдарына , советтік бейбітшілікті қорғау Комитетіне, халықаралық «Жалсыл әлем» ұйымына , «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне , Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.

Тек наурыз айында ғана үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол қойылды , ал қозғалыс қоына көптеген қайырымдылық қаржысы келіп түсті. Ал , 11 наурызда қозғалыстың құралғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар берді , онда планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің ынтымақтастықтарын білдіре отырып , қозғалыстың маққсаты мен міндетін мақұлдады. Сөйтіп , қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.


ІІ тарау.

Полигон зардабы

Семей полигоны , ядролық қару-жарақтың адамзатқа тигізер зардабы туралы материалдарды қарастыру барысында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бейбітшілік кіндігі» атты «Атамұра» баспасынан 2003 жылы шыққан кітабымен кеңінен таныстым.

Сол ядролық сынақ полигондарының бірі Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды.

Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды.

Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 459 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 459 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өрттің иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан-жаққа таратты.

Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған.

Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған.

Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядын жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады.

Бұл КСРО -да тұңғыш атом бомбасының жарылуы еді.

Полигонда жаңа тажалды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды.









1.2 Семей ядролық полигонындағы сынақтардың адамдарға, қоршаған ортаға әсері


Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді.

Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.

Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді.

Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды.

Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды.

Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті.

Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді.

Мамандардың айтуынша, соның бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.

Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады.

Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әртүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.












ІІ тарау

2.1 Жарылыстың негізгі күші туралы жалпы мағлұмат.


Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тітіретті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды.

1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады.

Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді.

1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды.

Осынау жарылыстың салдарынан бір кездері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды.

Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты.

1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.




















2.2 Семей-Невада қозғалысы, халық арманы.

Бір кездері ядролық полигон нақ Семей жерінде неге құрылды деген сұрақтың жауабын іздегенде сол кезде бұл өңір Кеңес Одағының адам ең аз қоныстанған, сонымен бірге негізгі коммуникация жерлерінен оншалықты қашық емес деген сөздер шыққан. Тек осы себептерден ғана құрбандыққа шалу үшін адам саны қандай болуы керек деген сұрақ туындайды. Темір жолдың екі жүз километрін үнемдеуден гөрі, жалғыз да болса, адамның өмірі арзан бағаланғаны ма?

1989 жылдың ақпанында Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада - Семей» қозғалысының алғашқы митингісі өткізілді. Оны басқарған белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов. Сол жылдың 6 тамызында Семей облысының Қарауыл ауылында ядролық қаруды сынауға мораторий жариялау жөніндегі ұсынысты КСРО және АҚШ Президенттеріне үндеу қабылданды. Онда былай делінген болатын: «Сайын даламыз ядролық жарылыстардан қалтырап бітті, сондықтан да онда ары қарай үнсіз қалу мүмкін емес. 40 жыл ішінде бұл арада мыңдаған Хиросималар жарылды. Біз келешекті қауіппен күтудеміз. Уайымсыз отырып, су мен тамақ ішу, өмірге нәресте әкелу мүмкін емес болып барады.

Ядролық қаруды тоқтату үшін, өз үйімізде бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін, өз құқықтарымыз үшін күресу мақсатында біз «Невада - Семей» қозғалысын құрдық».

Осы уақытқа дейін үнсіз тығылып келген халық бір дауыстан «Ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар тоқтатылсын» деп мәлімдеді. Ядролық сынақтардың қатері жөнінде барлық бұқаралық ақпараттары құралдарында, телевидение мен газеттерде әңгіме бола бастады. Түрлі елдердің парламенттері өз сессияларында қозғалыс ұрандарын талқылап жатты. Радиациялық сәулелердің зардаптары жайлы дәрігерлер мен ғалымдардың ашық әңгіме қозғауға батылдары жетті. Бұқараның қысымымен Семей полигонындағы сынақтар саны азая бастаған еді. Халықтың бастамасымен тұңғыш рет КСРО Үкіметі ядролық қаруды сынауға тыйым салу мораторий жасау туралы шешім шығарды.

Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні 1991 жылдың 28 тамызы.

Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.

1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.





770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!