Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"ң- сыз сөйлейтін кімсіз?" тақырыбындағы ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облыстық білім Басқармасы
«Шал ақын ауданының Кеңес орта мектебі» КММ
Ғылыми жоба тақырыбы:
«ң»-сыз сөйлейтін кімсіз?!
( «н-ң» дыбыстарының орфографиясы мен орфоэпиясы)
Бүркітбай Арайлым
Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Нұрмағанбетова А М
Петропавл , 2018 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................6
1. «ң» дыбысын дұрыс айта алмаудың себептері.............8
2. «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу,
жасалу, жазылyын меңгерту жолдары...........................12
Қорытынды..........................................................................14
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................16
Қосымшалар......................................................................18
2
Абстракт
Өзектілігі: «ң»мен «н» дыбыстары бар сөздердің дұрыс айтылу, жасалу,
жазылу жолын меңгерту .
Мақсаты: Қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.
Жұмыстың болжамы: «ң» мен «н» дыбысын айыра алмайтын оқушыларды үйретуге бола ма?
Зерттеу жұмысының барысы:
Тақырыпты таңдау,өзектілігін анықтау,мәселенің зерттелуі бойынша әдебиеттерге шолу жасау,деректер дайындау,тәжірибелік кезең,сауалнама, интернетпен жұмыс,сөздіктермен жұмыс,зерттеу материалдарын жинақтау,жүйелеу,зерттеудің қорытындылары мен нәтижелерін шығару.
Зерттеу жаңашылдығы:
-
«ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс
-
Дыбыстарды ажырату мақсатында оқушылар сөздің мағынасына назар аудара бастады, оқу сауаттылығы көтерілді.
-
Пәнаралық байланыс болды.
Зерттеу жұмысының қорытындысы мен нәтижелері:
-
11-сынып оқушыларының ҰБТ-дан оқу сауаттылығы артты.
-
Сыныптар бойынша білім сапасы көтерілді.
-
Оқушыларға арналған жадынама жасалды.
-
Ата-аналар,сыныптар WhatsApp желісі арқылы нұсқаулықтар берілді.
-
Желілік қоғамдастықтар арқылы аудан,облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек берілді.
-
Латын,ағылшын тілдерінде стендтер жасалды.
Зерттеу жұмысының пайдалану саласы: Оқырманға білім беру,оқу сауаттылығын арттыру мақсатында мектептерде пайдалануға болады.
3
Абстракт
Актуальность:
Усвоение навыков написания ,правильного произношения в словах где встречаются звуки «ң» и «н»
Цель:
Сформировать у учеников навыки правильного выговаривания звука и дать полное пояснение правил написания звуков «н-ң» в казахском языке.
Прогноз работы: Можно ли научить учащихся видеть разницу между звуками «ң» и «н»?
Ход исследования: Выбор темы,определение актуальности,анализ литературы исследуемой проблемы, ,причинно-следственный анализ,метод эксперимента,выявление прогноза,логический заключительный анализ, анкетирование,поиск информации через интернет, словарная работа, систематизация.
Новизна исследования :
-
Звук «ң» своеобразно характеризующийся звук отличающийся от остальных звуков казахского языка , своей уникальностью как от мировых языков также и от родственных тюркских языков.
-
Различая звуки учащиеся начали обращать внимание на смысл слова повысилась их грамотность чтения.
-
Была показана межпредметная связь.
Итог и результаты исследовательской работы:
- Повысилась грамотность чтения у учащихся 11-класса по ЕНТ
- Улучилось качество знаний по казахской литературе и казахскому языку
- Составлена памятка рекомендаций ученику ,через упрожнения
- Родителям и ученикам показана инструкция с помощьью сети WatsApp
- Оказана методическая помощь учителям районного и областного уровня через сетевые сообщества.
- Изготовлены стенды на латинском,английском языках.
Сфера использования исследовательской работы:
Можно использовать в школах с целью повышения качества знаний и грамотности чтения.
4
Annotation
Actuality:
To master methods of pronunciation and spelling of sounds “н” and “ң” correctly.
Aim:
To study pronunciation and spelling of sounds “н” and “ң” in Kazakh linguistic, teach to lecture sounds correctly and master methods using sounds “ң” in words
Prediction:
Is it possible to teach students to distinguish sounds “н” and “ң”?
Procedure:
To choose the theme, to define actuality, look through literature, to prepare information, practice part, questionnaire survey, work with internet, work with dictionary, collect materials, to display results
Novelty:
Skills of researching were improved by working with internet for finding necessary materials
Literacy of reading of pupils was improved
Pupils started to differentiate sounds “н” and “ң”
Result:
Brochure was made for pupils
Children mastered the methods of writing, pronunciation of sound “ң”
Perspective:
It is possible to use in order to provide knowledge and education
5
Кіріспе
Ғылыми жоба тақырыбының
өзектілігі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ,Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген 2017-2018 оқу жылының Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатында «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған.76-қадам.12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу,функционалдық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту.Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырады.Оқу сауаттылығы –білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу,мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері »,-деп айтылған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызда №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты –ана тілін қадірлейтін,қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру , қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап,дұрыс қолдана білуге ,еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету»,-делінген.Сондықтан қазіргі таңда оқу сауаттылығы мәселесі республика деңгейінде өзекті.
Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуы елдің білім сапасын дамытуда стратегиялық маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясындағы нысаналы индикаторлардың негізгі бағыттары болып Қазақстанның білім сапасын халықаралық зерттеулердің (TIMSS, PISA, PIRLS) нәтижелері бойынша жасалған рейтингтегі орны көрсетілген. PISA бойынша оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығы тексерілуде дамытуда PISA жобасының басымдылығы қатысушы елдер санының артуымен (PISA-2000 – 32 ел) расталады. Ал PISA-2018 жобасына қатысуға әлемнің 80-нен астам елі өтініш білдірген. Оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарын бағалайтын негізгі бағыттары болып қала береді. Сонымен қатар, PISA зерттеуінің әр кезеңінде үш облыстың біріне басымдылық беріледі. «Оқу сауаттылығы» 2018 жылы білім жетістіктерін бағалаудың басты бағыты болып табылады.
Биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының жолдауында: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ,орыс, және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.» делінген болатын.Ал «ң» дыбысы ағылшын,латын тілдерінде бар екенін ескерсек, бұл жобамның өзектілігі тағы бір мәрте дәлелдене түседі.
Бұл жобаны қолға алуға себепкер болған мәселе мектептегі құрдастарымның «ң» дыбысын айта ,жаза алмауы болып табылады. Құрбыларыма «Қайтсек «ң»дыбысын айтқызамын?»деген оймен жобамды жаздым.Ғылыми зерттеу жұмысында қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс уақытта «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу, жасалу, жазылу жолын меңгерту мен жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде
тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелгенімен зерттеуді одан
әрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың зерттей
түсетін тұстары да баршылық. Сол құбылыстардың бірі – «ң» дыбысының
дұрыс айтылу, жазылу, қолдану ерекшеліктері. Әрине, «ң» дыбысы
мүлдем қарастырылмаған, не зерттелмеген құбылыс деп айта алмаймыз,
бірақ оның толық зерттелмеген және әлі де болса қанағаттандыра
алмай жатқан жақтары барлығын айқындай кеткіміз келеді. Міне, осы
тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізудің өзі ғылыми жұмысының
өзектілігін көрсетеді.
Ғылыми жобаның мақсаты мен
міндеттері:
Ғылыми жобамыздың негізгі
мақсаты – қазақ тіл біліміндегі «ң» дыбысының айтылу, жазылу
құбылыстарын анықтау, оларға толық түсініктеме беру, меңгерту және
жалпы қолданысының жолдарын көрсету жатады. Алға қойған
мақсатымызға жету үшін мынандай мәселелерді жүйелі түрде дәлелдеуді
міндет етіп қойдық:
- фонетика жүйесін зерттеу;
-«ң» дыбысының айтылуы мен жазылуындағы ерекшелігін
қалыптастыру;
- сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
- көркем шығармалардан және күнделікті тілдік қарым - қатынастан
«ң» дыбысы кездесетін мысалдар теріп,
талдау;
Зертеу
нысаны. Бұл ғылыми жоба қазақ тіл
біліміндегі ң дыбысының құбылыстарын айқындауға арналады. Мұндай
құбылыстарды көрсету үшін біз көркем әдебиетке, атап айтсақ,халық
ауыз әдебиетіне жүгіндік (слайд№7)
Зерттеудің
әдістері. Ғылыми жоба жұмысының
мақсатына орай сипаттама, салыстырмалы әдістер басшылыққа алынды.
Жиналған материалдарды іріктеу, талдау және жүйелеу әдістері
қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: «ң» қатардағы көп дыбыстың бірі емес, қазақ тілін әлемдік тілдерден, тіпті, туыс түркі тілдерінен де даралап, өзіндік сипатын көрсететін ерекше дыбыс.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. «ң» дыбысын дұрыс айта алмаудың себептері
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері
ата - бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың
алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану
жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының
көрінісі.
Тілде қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен
кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның
кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік.
Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ
тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де,
қазақша терминдер, ғылыми зерттеу жұмыстары А. Байтұрсынов пен Қ.
Жұбанов еңбектерінен басталады деп
білеміз. Қазақ тілінің дыбыс
жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан
қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия»
(«Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен
кездестіре аламыз. Ильминский Қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа
жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-ä, е, ы, і, о-ö, у-ÿ),
дауыссыздардың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л,
j; k¨, ѓ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық
жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Еңбекте кейбір дыбыстардың
артикуляциясы, комбинаторлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г,
т.б.), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет
берілген. В.Радлов сонымен қатар Қазақ тіліне тән кейбір
фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған.Қазақ тілі дыбыс
құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі
тұсынан басталды. Совет дәуірі кезінде жаңа ғылым — Қазақ
лингвистикасы туды, оның фонетика, грамматика, лексикология,
диалектология, стилистика сияқты бірнеше салалары пайда болды.
Қазақ тілін зерттейтін дербес Институт ұйымдасты және көптеген
маман-кадрлар шықты. Қазақ тіл білімінің арнаулы бір тармағы болған
— фонетика саласында едәуір жұмыс істелді. Фонетика мен
фонологияның зерттеу әдістері, тәсілдері анықтала түсті. 1.2.
Қазіргі Қазақ тілінің фонетикалық жүйесі. Фонетика (грек.
phônçtіkуs –дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық
жағын зерттейтін саласы. . Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар
жүйесін мына дыбыстар құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н,
ң, п, р, с, т, у, ш. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі Қазақ тіліне тән
дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше
топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар: - үн мен салдырдың қатысына
қарай: қатаң, ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары; - айтылу жолына
қарай: шұғыл, ызың және діріл дауыссыз дыбыстары; - жасалу орнына
қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары. 1. Қатаң дауыссыздар Тек
салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп
атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п,
с, т, ш 2. Ұяң дауыссыздар Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған
дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда
үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар
жатады: б, г, ғ, д, ж, з. 3. Үнді дауыссыздар Үн мен салдырдың
қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын дыбыстарды
үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың
қалпына қарай екіге бөлінеді: - ауыз жолды: й, л, р, у; - мұрын
жолды: м, н, ң. 4. Ерін дауыссыздары Сөйлеу мүшелері: қос еріннің
түрліше қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды
ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады:
б, м, п, у. 5. Тіл дауыссыздары Сөйлеу мүшесі болып табылатын
тілдің түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл
дауыссыздары деп атаймыз. Тіл дауыссыздары тілдің қатысына қарай
үшке бөлінеді: - тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш; - тіл
ортасы: г, к; - тіл арты: ғ, қ, ң. 6. Шұғыл дауыссыздар Фонациялық
ауа тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда
болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар деп
атаймыз .Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м,
н, ң, п, т.
«Осы біз «ң» әрпін қолданыстан өзіміз ысырып жатырмыз-ау. Теледидарға «ң»-ды айта алмайтын тілшілер шыға беретін болды. Оны көрген кейінгі балалар да «ң»-ды біржола ұмытты. Себебі арнайы алған сауалнама нәтижесінде 58/35 оқушының «ң» дыбысын айта алмайтын болып шықты,бұл мектеп оқушыларының 60 %. Қалалықтарды қойып, бұл күнде ауылдағылар да осы дертті жұқтырғандай. Не істейміз? Деген сұрақты өзіме қойып, «ң»-ды қайтсек айтқызамыз?»деген ойға келдік. Белгілі сатирик Қанағат Әбілқайыр осы пікірді әлеуметтік желіге жаза қалып еді, журналистер арасында қызу талқыланды. Оқушылардың «ң» әрпі бар сөздерді айтпай, қолданыстан мүлде шығара бастағаны «Жанағы, ертен, танертен» деп сөйлейтін, «ң»-ның орнына «н»-ны айтатын балалар көп бүгінде. Бір қызығы,сауалнама нәтижесінде «ң»-ды дыбыстай алмайтындардың көпшілігі мұнысын кемшілік деп мойындамайды екен.
Н,ң кирилицаға негізделген әліпби әрпі.Тіл артының жұмсақ таңдайға нық тиюінен жасалатын мұрын жолды дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп.Ол дауыс қатысына қарай үнді,жасалу орнына қарай тіл арты,жасалу тәсіліне қарай шұғыл дауыссыздар тобына жатады.Сөз басында кездеспейді,ал сөздің ортасы (жаңа,кеңес) мен сөздің соңында (таң,тең)кездесе береді.Түркі тілдес халықтарының барлығының әліпбиінде кездеседі
Республикалық психотерапиялық ғылыми орталықтың дефектолог-логопед маманы Жанна Жұмабайқызының айтуы бойынша балалардың «н» мен «ң»-ды айта алмауының себебін фонематикалық есту-түсінуі дұрыс қалыптаспағанынан деп түсіндірді.6 жасқа дейін бала барлық әріптерді толық қамтып айтып үйренеді. Р-л, ш-с, н-ң, ж-з сынды ұқсас дыбыстарды мектеп жасына жеткен бала дұрыс айта алуы керек. Ал дұрыс дыбыстай алмаған жағдайда баланы мектеп логопедіне көрсету қажет. Дефектолог-логопедтер баламен жұмыс жасап, айта алмай жүрген әріптерін орнына қоямыз.
«Н» мен «ң»-ды дыбыстай алмау бірнеше себепке байланысты. Біріншіден, баланың сөйлеу мүшелерінің құрылысы дұрыс қалыптаспағаннан болады. Яғни, баланың тістерінің қисық шығуы, таңдайының биік орналасуы, жағының дұрыс жұмыс жасамауы, ернінің қалың болуынан. Бұл кедергілер баланың әріптерді дұрыс дыбыстауына әсер етеді.
Екінші себебі,сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысының дұрыс болмауынан. Сөйлегенде еріннің, тілдің қозғалысы қалыпты болмауы, қозғалыстың шектеулі болуы әріптерді дұрыс дыбыстауға кедергі келтіреді. Сөйлегенде тіл бір қалыптан екінші қозғалысқа тынымсыз ауысып, жұмыс істейді. Тілдің белгілі қалыпты ұстап тұруы қиындық көрсе, тілдің қалпы, қызметі баяу, нашар болса баланың сөйлеу тілі анық болмайды.
9
«Н» мен «ң»-ды дыбыстай алмау көбіне тілшіктің қызметіне байланысты. Тілшіктің толық көлемде қимылдамауынан дыбыс мұрын арқылы шығады. Сол кезде ысқырық, ызың (с-ц, ж-з, щ-ц-ч-ц, т.б.) дыбыстар дұрыс шықпайды. Осыған байланысты біз әріптерді дұрыс дыбыстап үйретуге бастайтын түзету жұмыстарын жүргіземіз. Ол үшін баланың бет қимылының бұлшық еттеріне, ерінге, тілге артикуляциялық массаж жасалынады. Тыныс алу және тыныс шығарудың тереңдігін ұлғайтуға арналған жаттығулар істетеміз. Сосын дауыстың қаттылығын, ұзақтығын, модельденуін дамыту жұмыстарын жолға қоямыз.
Сөйлеу белсенділігін нығайту, балаға жаңа үндерді үйрету, дыбыстарды түзету және қою жұмыстарын жаттығулар арқылы түсіндіреміз. Мысалы, «ң» мен «н»-ды дыбыстағанда тілдің қалпын балаға ұғындыруымыз керек. «ң» дегенде тіл ұшы жоғары қарайды, үн мұрыннан шығады. «н» дегенде тілдің ұшы жоғарғы тістің артына тоқталады. Осыны балаға түсіндіру қажет.Дыбысты бала дұрыс айта алмаса өмірде көп қиыншылыққа тап болары сөзсіз.
Сөздің мағынасын түсіндіреміз. «Мың» деген сан есімді «мын» деп, «мең» деген зат есімді «мен» деп айтудан мағынасы бұзылатынын ұғындырамыз. Осы жұмыстардан кейін бала «н» мен «ң»-ды, жалпы ұқсас дыбыстарды айыра алатын болады. Сөйлеуінде кедергі, ақауы бар балаларды 3-сыныпқа дейін логопед мамандарға көрсетсе, түзеліп кетеді. Ал логопедтің жұмысынан кейін де әріптері дұрыс болмаса, ол баланы сөйлеу кемістіктерін түзейтін арнайы мектептерге берген жөн.
«ң» дыбысын айта алмайтындардың көпшілігі қаланың балалары екен. Үйде, балалабақшада әуелі орысша тіл сындырып, сосын қазақ сыныбына барғандар қазақ тіліне тән дыбыстарды, яғни ә, ғ, қ, ң, ө ,ү, ұ, һ, і дыбыстарын дұрыс айта алмай қиналады. Әуелі орыс тілінде сөйлеп үйренген бала, орыс тілінде ондай дыбыс болмағандықтан, «ң»-ды «н»-мен шатыстырады. Осыдан «аңды – ан», «кеңірдекті – кенірдек», «көлең-кені – көленке» деп сөйлеу дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ, қазақша үйренген өзге ұлт өкілдерінде де «ң»-ды айтып үйрену жылдамдығы төмендеу, – дейді дефектолог-логопед Жанна Жұмабайқызы.
Сауалнама нәтижесінде дыбысты айта алмайтындардың 17 баласы 8отбасын қамтиды,демек толық отбасы болып айта алмайды,зерттей келе бала дыбыстарды айта алмаудың себебі ата-анасының да айта алмауынан болып шықты. (қосымша №1)
Дыбысты айта алмайтын оқушылардың ата-анасымен тығыз байланыс жасап WhatsApp желісі арқылы үйде балаға көмек беру мақсатымен нұсқаулықтар беріліп тұрды.
Балалардың «ң»-ды айта алмауының тағы бір себебін психолог мамандар еліктеушіліктен деп те түсіндіреді. «Досының не жақындарының «ң»-ды айта алмайтындығы кейбір балаларға кемшілік емес, ерекшелік болып көрінеді. Сөйтіп елден ерекшелену үшін де «ң»-сыз сөйлеуді әдетке айналдырады. Ал ана тілінде дұрыс сөйлей алмайтын «қалалықтарға» еліктеу «ң»-сыз сөйлеуге бастайды екен. Фонетика тұрғысынан «ң» – тіл арты дыбысы. Әсіресе, «н» мен «г» дыбысы қатар келетін тұста (мысалы, күнге, үнге т.б.) осы дыбыстың пайда болу мүмкіндігі жоғары. «н» мен «ң»-ды шатыстыру, әсіресе, Шу мен Талас, Ұлытау, Қаратау өңірінің азаматтарында жиі кездеседі. Мен өзім де «ң»-ды айта алмайтындардың бірі едім,анамның көмегімен жаттығулар арқылы түзеп алдым, сондықтан осы тәжірибеммен бөліскім келеді.Себебі кейбір «н» мен «ң»-ды айыра алмайтын балалар мектеп кезінде сол күйі үйрене алмай, өмір бойы қиналып жүреді.
11
ІІ. «ң» дыбысы кездесетін сөздердің дұрыс айтылу,
жасалу, жазылyын меңгерту жолдары:
1. «кімнің, ненің?» деген сұрақтарға жауап беретін ілік септігі жайлы айтамыз. Ілік септігінің жалғауларын сөздерге жалғап үйретеміз.
2. Екінші жақ жіктік, тәуелдік жалғау тұлғалары құрамында да «ң» дыбысы бар екенін ұғындырамыз. Мысалы, сен дәрігерсің, сенің кітабың дегендей.
3. Қазақ тілінде 120 шақты сөздің құрамында «ң» әрпі бар. Олардың ішінде көп қолданылатыны 30 шақты. «ң»-ы бар сөздерді мықтап жаттап алатын болса, «ң»-ды айта алмау «синдромынан» құтылады.
4. Адам – жалқау. Күнделікті тілдік жаттығуларды жасаса, үйреніп кетеді. сол жаттығуларды істетіп жүріп, біраз баланың тілі түзеледі. Жаттығу жасаудан ерінбеу керек. Ең қарапайымы, «ңғашқаш, ңғашқаш» деп айта берсінші.
12
Баланың ауыз қуысының, дыбыстау мүшелерінің кемістіктері арнайы мамандардың көмегімен түзеліп кетеді. Ондай балаларды көп жағдайда сыныптары: «Сен пәлен әріптерді айта алмайсың», «Сақаусың», «Кекешсің» деп келемеждеп жатады. Тілдік ақауы бар балалар келекенің ортасында жүреді. Оларға ата-анасының, мұғалімінің, достарының қолдауы қажет. Баланың тілдік кемістігінен өзін төмендетпегені абзал. Өзінің басқа да шығармашылық қабілеттерін ашуына көмектесу керек. Баланың басқа да басымдықтарын көрсетуіне ықпал жасай білгеніміз абзал.
5. Шерхан Мұртаза: «Жарықтық Осекем әулие екен-ау деп ойлаймын. Қазіргі мына заманда «ң» -ға тілі келмейтіндер көбейді. Теледидарды тыңдап, қарап отырсаң «жанағы, жанағы» деп сөз арасына «арам» сөз қосып сөйлейтіндер жиіледі. «Женістен женіске жете берейік» дейтіндер де бар. Бұл да бір кем дүние», – деп таусылыпты ілгеріде жазған «Бір кем дүниесінде». «ң»-ды айта алмайтын балаларға Оспанхан Әубәкіровтің «Ңөңін» күнделікті қайталап оқып шықса да, көмек еді… (қосымша №3)
6. Халық ауыз әдебиеті. Ата-бабамыз баланың ақыл-ойын дамытып,тілін ширату үшін мақал-мәтелдер,жұмбақтар,жаңылтпаштар,санамақтар,жырлар кеңінен қолданған.Баланың ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытуда халық ауыз әдебиетін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Қазақ халқы өз ұрпағына жөргектен бастап ,ақыл-ойының,сөйлеу жүйесінің дұрыс дамуына көңіл бөліп отырған.
Ғалымдардың зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің тілінде ақау бар екені анықталса,мамандар бақылауындағы бір топ оқушының 20% мәнерлеп сөйлей алмаған.Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне ,шет тілін меңгеруіне кедергі келтіріді.Әдетте бүлдіршіндер арасында «р», «ң», «л» айта алмайтындары көбірек кездеседі.Дер кезінде қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын.Осы кезде балаға жаңылтпаш көп көмектеседі.Отбасында баламен бірге отырып,10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықса жетіп жатыр.Ол бала тілінің жетілуіне,оралымды әрі анық сөйлеуіне ,үндестік заңын сауатты меңгеруге және шешен сөйлеуге баулиды.Ғалымдар дұрыс сөйлеу мәнері баланың тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді дейді.Құлаққа жағымды,тартымды сөйлейтін бала құрбы-құрдастарымен еркін пікір алмасады.Өз ойын ашық жеткізеді.Керісінше тілінде мүкісі бар бала тартыншақ болады. Ресей ғалымы Ирина Козлянинова «Произношение и дикция» деген кітабында күн сайын балаға 10-12 жаңылтпаш оқытып отыруға кеңес береді.Жаңылтпаш үйреткенде қысқасынан бастаған жөн. Логопедтер бала тіліндегі мүкісті емдегенде негізінен жаңылтпашты пайдаланады. Ғалымдар шет тілін меңгеру үшін де жаңылтпаштың пайдасы зор дейді.Жаңылтпаш айтумен көбірек шұғылданған балалар шет тілін тез игереді.Жаңылтпаш табиғаты қиын болғандықтан бала оны өз еркімен оқығысы келмейді.Сондықтан ата-аналар балдырғанмен бірге жаттықса ,оңай болады.Сөйлемді ақырын оқып,әр әріпті анық айтқан жөн.
ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
1-ЖАТТЫҒУ
Төмендегі ң дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс айтқанға
дейін оқы. Өзіңе таныс әуенге салып айтуға болады.
аң – даң – жаң – заң – ұң – қаң– лаң – маң – оң – паң – раң – саң –
таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – лең – мең – пең – рең –
сең – тең – шең – мың – тың.
2-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді оқы,
жазылуын есте сақта.
Аң–заң–лаң–маң–оң–паң–таң–шаң–ең–жең–кең–мең–рең–сең–тең–көң–өң
–мың–тың.
3-ЖАТТЫҒУ
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді оқы,
жазылуын есте сақта.
Аңға – даңғаза – жаңа – жаңбыр – заңдар – ұңғы – қаңғыбас – лаңкес
– маңдай оңқай – паңданба – саңырауқұлақ – таңданба – шаңырақ –
еңіреме – жеңесің– зеңбірек – кеңірек – леңгір – меңіреу – реңк –
сеңгір – теңбіл – шеңбер – маңай– тыңдарман – мыңдаған – шыңға –
оңға – тоңба – мұңайма –
сыңай–кеңейт.
4.ДЫБЫСҚА ЕЛІКТЕУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ.
Аң – сан, оңға – онга, оң -он, сең – сен,
5.СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫН ТҮСІНДІРЕМІЗ
«Мың» деген сан есімді «мын» деп, «мең» деген зат есімді «мен» деп айтудан мағынасы бұзылатынын ұғындырамыз.
6. «ңғашқаш, ңғашқаш» деп айта беру қажет.
7. Тақпақ,өлең жолдарын тыңдау арқылы айтылым дағдыларын қалыптастыру.
15
Қорытынды:
Зерттеу жұмысы барысында көптеген нормативтік құжаттар қаралды, Қарлыға Ибрагимова « «Ң»-ды айта алмау «синдромы» етек алды. » , Оспанхан Әубәкіров « Бір кем дүние » , Құдайберген Жұбанұлы «Қазақ тіл білімінің мәселелері » , Bilimdiler.kz « «Ң» дыбысының емлесі », « Н-Ң »дыбыстарын оқу мен жазуда ажырату үшін жаттығулар Infourok.ru логопедия, Қазақ тілі анықтамалығы т. б. әдебиеттерге шолу жасалды.Оқушыларды тексеру мақсатымен сауалнама алынды.
Нәтижесінде :
-
11-сынып оқушыларының ҰБТ-дан оқу сауаттылығы артты.
-
Сыныптар бойынша білім сапасы көтерілді.
-
Оқушыларға арналған жадынама жасалды.
-
Ата-аналарға WhatsApp желісі арқылы нұсқаулықтар жасалды.
-
Желілік қоғамдастықтар арқылы аудан,облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек берілді.
-
Латын,ағылшын тілдерінде стендтер жасалды.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың «н-ң» дыбыстарының орфоэпиялық,орфографиялық нормаларын меңгеріп,сөзді, мәтінді түсініп оқи білуі оқу сауаттылығының жоғарлауына әкелді.Сонымен қатар ағылшын тілі, латын тілін ,басқа пәндерді меңгеруде үлкен септігін тигізіп, білім сапасының артуына ықпал етті.
Биылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының жолдауында: «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ,орыс, және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет.» делінген болатын.Ал «ң» дыбысы ағылшын,латын тілдерінде бар екенін ескерсек, бұл жобамыздың өзектілігі тағы бір мәрте дәлелдене түседі.
16
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызда №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
2."Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Елбасының жолдауы 6-бет
3. Съезд АҚЫМБЕК, «Қазақ тілінің фонетикасы мен фонологиясы» типтік оқу бағдарламасының авторы
4. Қарлыға Ибрагимова « «ң»-ды айта алмау «синдромы» етек алды. » «Ұлан», №7 17.02.2015
5. Оспанхан Әубәкіров « Бір кем дүние » 122-бет
6. « Н-Ң »дыбыстарын оқу мен жазуда ажырату үшін жаттығулар.
Infourok.ru логопедия
7. Bilimdiler.kz « «Ң» дыбысының емлесі »
8. Құдайберген Жұбанұлы «Қазақ тіл білімінің мәселелері » 26-бет
Алматы,2013ж.
9. Кеңесбаев І,Қазіргі қазақ тілі.Фонетика ,Алматы 1962ж.
10. PISA- Халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал – Астана, ҰББСБО,
2012, 114 бет
11. «Ана тілі» газеті «ң»-сыз сөйлейтін кімсіз?! 10-ақпан, 2009
12. Байтұрсынов А. «Қазақ тілінің дыбыстары»// «Жаңа мектеп» журналы, №2; «Дыбыстардың жіктелуі».
17
Пікір
«Ң» -ды қайтсек айтқызамыз?» тақырыбындағы ғылыми жұмыс дұрыс таңдалған.Себебі бұл мәселе оқушылар мен үлкендер арасында белең алып бара жатқаны анық.
Арайлым ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігін аша білді.Қазақ тіл білімінің заңдылықтарына сай дыбыстарды ажыратып,орфоэпиялық,орфографиялық нормаларды сақтап айта,жаза алуды үйрету үшін жаттығулар топтастырылған,мысалдар келтірілген.
«ң » дыбысын дұрыс айта ,жаза алмаған баланың оқу сауаттылығы ,білім сапасының төмендейтіні дәлелденді.
Функционалдық оқу сауаттылығы оқушылардың бойында коммуникативтік,ақпараттық,тұлғалық,азаматтық,технологиялық құзыреттіліктерімен қатар оқу пәні шеңберінде білім,іскерлік дағдыларын қалыптастырады.Нәтижесінде оқушыларға нұсқаулық ретінде жасалған жадынаманың іс- тәжірибеде қолданыс табатынына сенімім мол.
Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Махметов Б Қ
18
Қосымша №1
Сауалнама
-
«Ң» дыбысын айта ,жаза аласың ба?
А) иә В) жоқ С) кейде
-
Неге айта алмаймын деп ойлайсың?
А) тілім келмейді В) білмеймін С) үйренгім келеді
-
«Ң»-ды айта алмау үлкен кемшілік деп ойлайсың ба?
А) иә В) жоқ С) білмеймін
4. Бұл дыбысты меңгеру үшін қандай жаттығулар орындау керек екенін білесің бе?
А) иә В) жоқ С) үйренгім келеді
5. «Ң» дыбысын айта ,жаза алмау болашақта мамандық таңдағанда кедергісін тигізеді деп ойлайсың ба?
А) иә В) жоқ С) кейде
Қорытындысы
|
А |
В |
С |
1 |
25 |
35 |
3 |
2 |
28 |
21 |
9 |
3 |
27 |
22 |
14 |
4 |
8 |
33 |
21 |
5 |
27 |
16 |
20 |
Жалпы қатынасқан оқушылар саны – 58 оқушы
20
Қосымша №2
«ң» дыбысын айта алмайтын оқушылар тізімі
-
сыныптар
Оқушының аты-жөні
Оқушы саны
2-сынып
Ерхан,Аружан,Гүлден,Ләйлім,Жаннұр
5/5
3-сынып
Абай
2/1
4-сынып
Ақбота,Сабина,Диана
6/3
5-сынып
Әділет,Гүлжайна
3/2
6-сынып
Данияр,Даниял,Ержан
6/3
7-сынып
Нияз,Әдия,Расул,Шах
6/4
8-сынып
Айна,Рахат
3/2
9-сынып
Мерей,Аманда,Ділназ,Ержан,Жадыра
10/5
10-сынып
Мархаба,Гүлназ,Шұғайып,Асыл,Досбол
8/5
11-сынып
Абылайхан,Ернар,Серік,Данияр,Тойған
9/5
Барлығы
58/35
Бір отбасының балалары
1. Досбол-Нияз
2.Шұғайып-Расул
3.Абылайхан-Айна
4.Данияр-Ділназ
5.Диана-Даниял
6.Серік-Мархаба-Гүлжайна
7.Әдия-Әділет
8.Ернар-Ләйлім
Қосымша №3
ҢӨҢ Оспанхан ӘУБӘКІРОВ
Бір басымда санасаң,
Өнер,
Білім
Тегіс бар.
Болмайтұғын Бас әріп
Қай жерімде кеміс бар?!
– Бола алмайсың Бас әріп,
Түспе текке азапқа.
«Ң» әрпінен басталар
Бір сөз жоқ қой қазақта.
Деді осында біреулер,
Дәлел айтып бұлжытпас.
(Дәлелді сөз – әлді сөз,
Әлді сөзге кір жұқпас).
– Солай, – десті қалғаны,
Оңай көніп, ойланбай.
«Көне сал», – деп, біреулер
Тамақ беріп қойғандай.
– «Ң» әрпінен басталар,
Сөз бар, – деді «Ң».
Көнбеді.
– Білмесеңдер айтайын,
Оның аты – «Ңөң», – деді.
Айсберг дегенді,
Арғы қазақ «ңөң» деген.
Көктемде көшетін
Өзен мұзын «Сең» деген.
Айтқан сөзім айғақты,
Керегі не мазақтың?!
Өмір бойы зерттедім,
Ана тілін қазақтың.
Зілдей ауыр зілдерді,
«Ңөң» дейді екен бұрындар.
Ал «сең» деген сөзінде
«Жеңіл» деген ұғым бар.
Өң,
Дөң,
Жең,
Мең,
Сең дейді.
Тең,
Таң,
Тоң,
Көң,
Кең дейді.
Ал енді Айсбергті
Бас алсаң да, «нөң», – дейді!
Ойда жоқта осылай,
«Ң» ашты бір жаңалық.
41 әріп бас шайқап,
Тұрып қалды қамалып.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Қарыз сұрап тұрғам жоқ,
Бар десең де еркіңде.
«Ңөң» деген сөз қазақта
Жоқ десең де еркіңде.
Бар десең де дәл содан
Бұзылмайды көркің де!
22