400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Нөмірленген және маркерленген тізімдер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты жоспарлауда мұғалімдер әдіс тәсілдерін қолдануына болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасары:____________М.Камалова




22 апта

2 күн

10.02.2015ж

6-сынып

Сабақтың тақырыбы

Нөмірленген және маркерленген тізімдер.

Сабақтың мақсаты

  • Нөмірленген тізімдер жасауды білу.

  • Нөмірленген және маркерленген тізімдерді қолдану жолдарын түсіну.

  • Нөмірленген және маркерленген тізімнен тұратын мәтіндер енгізуді үйрену.

Күтілетін нәтиже

  • Нөмірленген тізімдер жасауды білетін болады.

  • Нөмірленген және маркерленген тізімдерді қолдану жолдарын түсінетін болады.

  • Нөмірленген және маркерленген тізімнен тұратын мәтіндер енгізе алатын болады.

Тапсырмалар

  1. Топтық жұмыс «Сұрақ-жауап»

  2. Жеке жұмыс «Сөз табу», «Тәжірибелік жұмыс», «Деңгейлік тапсырма»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Сәлемдесу, топқа бөлу. Оқушылар берілген түстерді таңдау арқылы 2-топ болып топтасады. Топ өзара келісе отырып активтерін сайлайды (лидер, хатшы, бақылаушы, баяндамашы, уақыт сақшысы).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Топтық жұмыс. Топтарға кезек пен кезек сұрақтар қоямын, олар өз кезегінде топпен ақылдасып жауап береді. Жауап берген оқушыларды жұлдызшамен бағалаймын.

Сұрақтар:

    1. Символдарды өшіру пернелерін атаңыз?(Delete, Backspace)

    2. Мәтін теру барысында Enter пернесін қай кезде басамыз? (Абзац соңында)

    3. Бірінғай бас әріпке немесе кіші әріпке өту пернесін атаңыз? (CapsLock)

    4. Сөз арасында бас әріпті қалай енгіземіз?(Shift)

    5. Кегль дегеніміз ен? (қаріптің мөлшері)

    6. Интервал дегеніміз не? (Қаріптер арасындағы арақашықтық)

    7. Пішімдеу сызғышы не үшін қажет. (Азат жол қою үшін және оң жақ, сол жақ шегіністерді қою үшін)

    8. Мәтінді ортасы бойынша қалай туралаймыз. (ортасы бойынша туралау батырмасы арқылы)

    9. Қаріп гарнитурасы дегеніміз не? (Қаріп түрі дегенді білдіреді)

    10. Кез келген тыныс белгілерінен кейін не қойылу керек? (Міндетті түрде бос орын қойылу керек)

ІІІ. Жеке жұмыс:

Кестеде берілген аріптерден жасырылған сөздерді табу.

П

І

Ш

І

М

Ә

Қ

Л

Р

О

А

Е

Д

Т

А

А

Е

Ц

Б

У

Н

І

Р

В

С

А

З

И

В

П

Е

Р

С

И

Ь

С

Р

Н

Т

У

О

М

Л

Г

У

И

И

Н

Р

В

О

Е

К

Г

А

Р

(Мадақтау, саусақпен бағалау).

ІV. Жеке жұмыс:

Жаңа тақырыпты электронды оқулықты қолдану арқылы меңгерту. Электронды оқулықтағы жаттығуларды орындау арқылы тақырыпты түсініп, практикада қолдана алуға үйренеді.

Практикалық жұмыс. Компьютерде деңгейлік тапсырмалар бойынша тәжірибелік жұмыс.

А деңгейі

  1. Мәтінді төменде ұсынылған түрде теріңдер. Түзеуге, азат жол шегіністеріне және әріптерге назар аударыңдар.

  2. Үш абзацты үш түрлі түспен боя.

Компьютерлік вирустар

Ең алдымен Microsoft фирмасының бөлімшелерінің бірінде пайда болған «Concept» көзді ашып, жұмғанша мыңдаған компьютерлерді зақымдап үлгерді.

Бұл таңғаларлық іс емес, себебі MS Word пішімінде мәтіндерді жөнелту стандарттардың біріне айналды, ал вируспен залалдану үшін тек зақымданған құжатты ашу жеткілікті және вирус жұққан Word-та түзетілген басқа барлық құжаттар да бүлінеді.

Сондықтан, Internetжылдамдығына көбейтілген MS Wordтың зақымдану мүмкіндігі вирустар пайда болған кезеңнен бергі ең маңызды мәселеге айналды.

  1. Құжатты «6-сынып» атауымен сақтаңдар.

В деңгейі

  1. Мәтінді үлгі бойынша теріңдер.

  1. √Х12+Х22;

  2. Х1Х2+Х1 Х3+Х2 Х3;

  3. mg cos a;

  4. 2R;

  5. b2-4ac;

  6. |x|+|x+1|;

  7. 12R;

  8. ab sin C;

  9. sin x cos y + sin y cos x;

  10. a sina + bcos a;

  11. |1-|x||.

  1. c) және d) әріптерімен белгіленген жолдарды жасыл түсті Arial қарпімен ерекшелеңдер.

  2. Құжаттың басына g) әрпімен белгіленген жолды көшіріңдер. Көшіру үшін Саймандар тақтасының батырмаларын пайдаланыңдар.

  3. Экраннан сызғышты алып тастаңдар.

  4. Абзац арасындғы интерсалды 6 пунктке тең етіп орнатыңдар.

С деңгейі

  1. Келесі үлгіде тест теріңдер.

Биттер мен байттар сонымен қатар жадтың «сыйымдылығын» өлшеу үшін, екілік хабарламаларды тасымалдау жылдамдығын өлшеу үшін пайдаланылады. Тасымалдау жылдамдығы бір секундта жөнелтілетін биттер санымен өлшенеді(мысалы, 19200 б/с).

Биттермен және байттармен бірге екілік хабарламалардағы ақпараттың көлемін өлшеу үшін оларды ірірек бірліктер де қолданылады:

1 байт= 8 бит

1 Кбайт (бір килобайт)=210=1024 байт (=1000 байт)

1 Мбайт (бір мегабайт)=220=1048576 байт (=1 млн. байт)

1 Гбайт (бір гигабайт)=230=1073741824 байт (=1 миллиард байт)

1 Тбайт (бір терабайт)=240=1Гбайт =1099511627776 байт

1 Пбайт (бір петабайт)=250=1024 Тбайт

  1. Мәтіннің бар бөлігіне 1,5 см азат жолды тағайындаңдар.

  2. Абзацтардың арасындағы қашықтықты ұлғайтыңдар.

  3. Бірінші абзацты көк түсті бояумен толтырыңдар.

  4. Мәтінге «Ақпаратты өлшеу» тақырыбын қосыңдар.

  5. Мәтінді дискіге «Ақпарат» атауымен сақтаңдар.

Оқып-үйрену нәтижелері:

Білдім:________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________

Түсіндім: _____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________

Жасай аламын: _________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________

Үйге тапсырма

Бақылау сұрақтарына жауап жазып келу (115 бет).





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі