Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Нұралы Әжіғалиев мерей тойы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Нұралы ақынға
Кеудесінен толқын жыр,әнді ескелі
Нұралы аға Нарынның нар кескені
Бүгін ұрпақ жырымен сусындауда
Ұмтылмайтын деп мәңгі естегі
Нұралы ақын тілші болса тіл бөлек
Ұстаз болса ұрпағына нұр беред(і)
Өлеңінен отырасың от алып
Ал айтыскер ақындығы бір бөлек
Нарын елі аманат қып жүк алды
Нұралы мен Фаризаны шығарды
Дарынды ұлың асқақтатар беделін
Нарын құмның топырағы құнарлы
Жырын оқып дәмін алдым ләзаттің
Бірі емес пе осы деген ғажаптың
Ауылы емес ақын аға тек қана
Нарын емес мақтынышы Қазақтың
Ойынан сұрап сөз шығаратын
Ұлтының ұлы арманы ұға алатын
Жалындасын жырларың себебі сен
Жадыңдасың еліңнің -Нұралы ақын
Бекітемін:
Күні: 27.11.2017
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ресми-іс қағаздар стилі
Сабақтың мақсаты: қатынас қағаздары туралы түсінік беру, жазылу жолдарын ұғындыру,стиль түрлерінен ажырата білуді үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік — оқушыларға ресми іс қағаздары стилі, іс қағаздарының түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту;
Дамытушылық — оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой — өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілетін жетілдіру;
Тәрбиелік — оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Ақпараттық, жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, іздену, талдау.
Көрнекілігі: «Іс қағаздарын жүргізу» үлгілері, кеспелер, тест жұмыстары, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс: Құқық, орыс тілі, әдебиет.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: сыныптағы оқушыларды түгендеу.
I слайд
Үй тапсырмасын тексеру. «Жаңғырту»
Стиль дегеніміз не?
Стиль түрлерін ата.
Көркем әдебиет стилі.
Ерекшеліктері.
64-жаттығу.
Жаңа сабақ.
1. Білу. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
1) Іс қағаздары, оның түрлері;
2) Қатынас қағаздары;
3) Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері.
2. Түсіну. Интербелсенді тақтадан слайдтар арқылы жаңа материалды меңгерту.
Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең: олар-адамның күнбе-күнгі өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздары, әдетте, ресми құжаттар деп те аталады. Соған орай, ресми құжаттар, іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Бұл тіркестердің мән-мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен синонимдес деуге де болады.
II слайд
Өмірбаян жазуда мынадай сұрақтарға жауап береді.
Аты-жөні кім?Қашан дүниеге келдің?Ұлтың кім?Әкеңнің аты-жөні.
Әкең кім болып, қайда жұмыс істейді?Шешеңнің аты-жөніҚайда, кім болып жұмыс істейді?Аға-інілерің бар ма?Олар немен шұғылданады?Қарындас-апаларың бар ма?
Олар немен айналысады?Сен қай жылы мектепке бардың?Мектепті қашан бітірдің?
Мектепті бітірген соң қандай мамандық иесі боласың?
«Өнер жастан шығады», — дейді халық даналығы. Сол жастар — оқушылар. Болашақ еңбек ері, ірі ғалым, ұлы жазушы, көрнекті қоғам қайраткері -қазіргі оқушы жастар. Өнерпаздық, шешендік, даналық, батырлық деген тәрізді қадірлі қасиеттер адам бойында бірден пайда болмайды — жастай ізденуден, үйренуден,имашықтанудан, бірте-бірте дамып,қалыптасады.Ұлы Абай: «Ондай болмақ қайда?» деп, «Айтпа ғылым сүйсеңіз!» — деп текке айтпаған.
III слайд Қатынас қағаздары құрылымы
Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме басшысының аты-жөні.
Қатынас қағазды жіберуші.
Тақырыбы
Мазмұны.
Жіберушінің қолы
Жіберілген мерзімі(күні,айы,жылы).
БҰЙРЫҚТАН ҮЗІНДІ
00.00.00
Алматы
Мереке кундерінде өрт қауіпсіздігі
Қамтамасыз ету_______________
туралы
жылғы желтоқсан және жылғы қаңтар
мереке кундерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кузетті күшейту мақсатында.
БҰЙЫРАМЫН
Мекеменің барлық қызметкерлері 30.12.93ж. жұмыс аяакталганнан кейін бөлмелердегі электр жүйелері мен нүктелерінің, компьютерлерді тексерсін және бөлмелерді директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарна сағат 17.00 ге дейін тегіс өткізсін.
Мекеме директоры _________
(қолы)
Түйіндеме
Аты-жөні: Сұлтанова Райхан Айханқызы
Туған күні, айы, жылы: 1974ж.4 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім.
Мекен жайым: Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов көшесі, 21 үй, 3 пәтер.
Үй телефоны: 41–00−53
Мамандығым: заңгер, тарихшы.
Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарт қызметкері.
Білімі мен қызметі туралы мәлемет: _________ атындағы____университеті тарих және құқық факультетінің оқытушысы
Негізгі мәлеметтер: Қазақстан тарихы,құқықтану мәселелерімен айналысып, зеріттеу жұмыстарын жүргіздім
Қосымша мәліметтер: Орыс тілі және ағылшын тілін жақсы білемін.
4 наурыз 2000 жыл _______ _________
(қолы)
|
Қандыағаш қаласы нр. 4 қазақ орта мектебінің директоры Е.Ә.Шымқаев мырзаға Сұлтанова Райхан Айханқызынан |
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде сессия тапсыру үшін 2000 жылдың 15 мамырынан бастап 1 ай көлемінде ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын.
2000 жылдың 15 сәуірінде университеттен
жіберілген № 204 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.Орта
мектептің қазақ тілі пәнінің оқытушысы _______________
(қолы)2000 жыл сәуірдің 22-сі
Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар алған білімдерін қолданып,бір құжаттың үлгісін өздері құрастырады.
Талдау. Шығармашылық жұмыс түрлерінен талдау жұмыстарын жүргізу.
Мысалы: Сұлтанова Райхан Айханқызы 1974ж. 4 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім. Қазақстан тарихы,құқықтану мәселелерімен айналысып, зеріттеу жұмыстарын жүргіздім.
Сабақты қорытындылау мақсатында тест жұмыстарын аламын.
Стиль қай тілден алынған?
А. грек В. ЛатынС. АрабД. Қазақ
Дәстүрлі принципке сай жазылған сөзді көрсетіңіз.
А. БекуВ. АйуанС. ЕридіД. Аққу
Үйге тапсырама:
Сыныптас жолдастарына мінездеме жазу.
Басқа да ресми іс қағаздарға жататын құжаттарды іздестіру, жинақтау, жазылу ерекшелігіне назар аудару.
Бағалау: Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Бекітемін:
Күні: 27.11.2017
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Асан қайғы «Көлде жүрген қоңыр қаз», «Еділ бол да, Жайық бол»
Мақсаты: Жырау өмірінен мәлімет бере отырып, «Көлде жүрген қоңыр қаз», «Еділ бол да, Жайық бол» толғауларымен таныстыру.
1. Жыраудың өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, толғаудың тақырыбы мен идеясын, көркемдігін ашу, толғау туралы түсініктерін кеңейту.
2. Сөз еркіндігіне баулу, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөз өнеріне қызығушылығын арттыру, поэзияны түсінуге, сырына үңілуге шақыру.
3. Оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, топпен жұмыс.
Көрнекіліктер: жырау портреті, қосымша материалдар, слайдтар, кестелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Кезекшімен әңгімелесу.
Сабақ дайындығын пысықтау.
Жырау жырларының үзінділері бойынша жеребе тартқызып, топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Жырау деген кім? Жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суырып салма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы шешен, дана, ойшыл адамдар
Қандай жырауларды білесіңдер? Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар және т.б
Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар? Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған. Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде суырыпсалып айтқан.
Жыраулардың шығармаларын не деп атаймыз? Толғаулар. Толғау дегеніміз – қазақ әдебиетінде ақындар шығармашылығында, әсіресе жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр.
Толғау қандай сипаттағы шығарма? Толғау өлеңде ақын өмір қоғам, адам тіршілігі, жақсылық, жамандық т.б жайлы ақыл-өсиет, насихаттық тұрғыда ой-қозғайды.
Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі тақырыбы қандай? Жыраулар толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Кіріспе.
Асан қайғы деген кім? («ББҮ» кестесі таратылады)
Оның Асан қайғы аталуына не себеп болған? (Видеоролик көрсетіледі.)
Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер? (Оқушыларға Асанқайғының өмірі жайлы мәлімет таратылады)
Топтастыру. (Оқушыларға плакат беріледі)
Асан қайғы
|
|
||||||||||||||||||||||
«ББҮ» кестесі
1. Асан қайғының өмірі мен шығармашылығы Асан Қайғы (Хасан Сәбитұлы) Өмір сүрген кезеңі: ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 – 1450 жж.) Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы Қаратау мен Сырдың арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», – деген екен. Қызметі: Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібектің ақылшысы болған. Толғаулары: Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері: 1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, ғибрат айтылуы) «Еділ бол да, Жайық бол». 2) Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы): «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» 3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәнін түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған» 4) Болжалдық сарындағы толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма». Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б. Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы. Ғалымдар бағасы: Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов) «Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Әлкей Марғұлан). «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі – осы Асан қайғы» (Мұхтар Әуезов). 2. Толғауларды оқу, талдау. ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы «кеңістік» ұғымына енетін «жер бедері», «тау», «су» жүйелеріне қатысты жиі қолданылатын жалпы атаулар мыналар: шөл, көл, қара жер, қыр, қоныс, өзен, жайлау, дала, тас т.б. Ал жалқы есімдер қатары: Еділ, Жайық, Көкшетау, Оймауыт, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Алатау, Ақжайлау, Сандықтас, Тарбағатай, Аягөз, Сарыарқа, Арқа, Алакөл т.б. Жайық атауы шығармаларда өте жиі қолданылады. Тура мағынасында, Жайық – арнасы еш уақытта төмен түспейтін су молшылығының образы. Ал қосымша мағынасында, Жайық – ғашықтар елі, Қыз Жібектің елі секілді мағыналарға ие болатын атау. Асан қайғы толғауында Жайық төмендегі тұжырымға
ие болады: Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа (кеңпейілділік) 4. Мәтінмен жұмыс. Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай т.б. Етістіктер: ұрыспа, тұрыспа, қуыспа, жуыспа, суыспа. Тұрақты тіркес: желке терісі құрысу – араздасу Көркем тіл түрлері: ашу – дұшпан (метафора) 5. Пікір күнделігі.
6. Қорытындылау. 1. Эссе: «Толғаулардың маңызы» (Жақсы оқитын оқушыға беріледі) 2. «Ұйқасын тап». Адамдықты толғап өткен бұрыннан, Жырау деген – қасиетті ... . Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған, Асан қайғы – неткен ғажап ... . ІҮ. Үйге тапсырма. 1. «Еділ бол да, Жайық бол» толғауын жаттау. Ү. Бағалау. |
|
Бекітемін:
Күні: 27.11.2017
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Монологтың түрлері
Мақсаты: Оқушыларды монологтың мағыналық түрлеріне мысалдар келтіре отырып меңгерту.
Міндеттері:
Мәтіндердің монолог сөздің қай түріне жататындығын ажырата білуге үйрету;
Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдіс-тәсілдері : топтық жұмыс, сұрақ-жауап, СТО, АКТ, мәтінмен жұмыс жасау.
Пәнаралық байланыс Әдебиет
Көрнекілік: Слайд, карточкалар, кестелер, оқулық
Күтілетін нәтиже
оқушылар сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды.
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын кезекшінің мәліметін тыңдай отырып тексеру. Оқушыларға сабақтың мақсатын айту. Оқушылар үш топқа бөлініп отырады. (әр партада 4 оқушыдан отырады, топқа 1, 2, 3, 4 сандары арқылы бөлінеді).
Оқушылар топтың алтын ережелерімен танысады. Ереже экраннан көрсетіледі.
Басқалар сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеңіз.Өзіңіздің кезегіңізді күтіңіз.
Егер бірдеңе айтқыңыз келсе, қолыңызды көтеріңіз.Кімнің және қашан сөйлейтінін оқытушы таңдайды.
Идеяларды айтқан адамдарды емес, идеялардың өзін сынаңыз. (Жеке басқа тіл тигізбеңіз.)
Әркімнің де пікір білдіруге құқығы бар, сондықтан өте ұзақ сөйлемеңіз.
Кез келген пікірді қарсы алыңыз.
Кей жағдайда ең жақсы идеялар талқылау барысында туындайды.
Оқытушы біздің құқығымызды қорғайды және біздің жұмысымызға бағыт береді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
А) Экраннан зымыран сұрақтар шығады:
Кітаби тілдің стильдік тармақтары;
Кітаби тіл дегеніміз не?
Сөйлеу тілінің фонетикалық-морфологиялық ерекшеліктері (дыбыстарды түсіріп айту) кеп отыр –келіп отыр, боп па-болып па)
Синтаксистік ерекшеліктеріне байланысты мысал келтір;
5.Қай тіл стилі заңдастырылған?
6.Кітаби тіл қандай тіл? (Кітаби тіл – жазу дәстүрі арқылы белгілі жүйеге түскен, орныққан, нормалары, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл).
Ә)Тест жұмысы арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындалу барысын бақылау. (әр оқушыға тест жұмыстары таратылады, қосымша экраннан да көрсетіледі).
1. Мына сөйлемдерден ғылыми стильге тән термин сөзді табыңыз: А)Оның сөзі де қосымша болды.
В)Түбір сөзге қосымша жалға С)Сәбит бұған қосымша жұмыс берді. Д)Қосымша төлем қосты.
2.Іскерлік қарым-қатынасқа байланысты термин сөздерді көрсетіңіз:
А) сөз, сөз тіркесі, буын В) Дөңгелек, тікұшақ С) әкім, делдал, іссапар Д) алу, теңеу, синус
3. Термин сөздерді табыңыз:
А) бәдірен, диалог В) сарапшы , қалам С) мұрап, мақал-мәтел Д) циклон, қос нүкте
4. Термин сөзді табыңыз
А) тырнақша, поэзия, терме В)бокс, маңдай, босқын С)цех, шахта, үй Д)барлаушы, шөгінді, халық
5.Кәсіби сөздерді көрсет:
А) қанат, мінез В) келер, жазар С) мұрап, ау Д) ой, арман
6. Диалект сөзді тап:
А) үлкен, кіші, аласа В) көрші, туыс, компас С) көпшік, дарбаза, пәс Д) күлпара, шара
7. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз:
А)ақ көйлек В)қара киім С)істің ақ, қарасы тексерілді Д)қызыл шапан
8. Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз:
А) ашық есік В) ашық жер С)ашық бөлме Д)ашық мінез
9.Сөздің тура мағынасы:
А) Алтын ұя мектебім .В) Өсектің ұясы қайда? С) Аққудың ұясы көл ортасында.Д)Көзі ұясынан шықты.
10. Сөздің тура мағынасы: А) Ақша беті үлбіреп тұр. В) Үлбірейді, төгеді гүлдеп иісін.
С) Ол кезде үлбіреген қыз еді. Д)Сарғайған , әбден үлбіреп тозған қағаз екен.
Жауабы: 1.В; 2с; 3 Д;4. А 5.С 6С, 7В, 8д, 9с, 10 в
Бағалау: 1-4 дұрыс жауап: «2»
5-7 дұрыс жауап: «3»
8-9 дұрыс жауап: «4»
10 дұрыс жауап: «5»
ІІІ Жаңа сабақ: Монологтың түрлері. (Сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады)
Үнсіз оқу стратегиясы арқылы оқушылар оқулықтың 87-бетіндегі монолог түрлерімен танысады. (7 минут)
ІV. Мағынаны тану: Топтық тапсырма: (10 минут)
1 - топ: Сипаттау; (3 сөйлемге талдау жасау)
2-топ: Баяндау; (3 сөйлемге талдау жасау)
3-топ: Пайымдау. (3 сөйлемге талдау жасау)
Топ басшылары өздерінің постерлерін қорғайды.
V. Рефлексия.
Не білдім?
Білемін
Білгім келеді
Оқушылар таратылған стикерлерге бүгінгі өткен сабақ туралы пікірлерін жазады, тақтаға жапсырады.
VІ. Үйге тапсырма. 52-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, оның қандай мазмұнда жазылғанына талдау жасаңыз. Сипаттау ма, баяндау ма, пайымдау ма?
Бағалау.
Бекітемін:
Сыныбы : 10 Күні: 29.11.2017 |
|||
Сабақтың тақырыбы: |
Кітаби тілдің ауызша және жазбаша нормалары |
||
Сілтеме: |
Қазақ тілі оқулығы 10-сынып Б.Хасанұлы, А.А. Қасымбек, Л.Е. Байбосынова |
||
Жалпы мақсаты: |
1)
Сөздің айтылу және жазылу нормалары туралы түсіндіру, фонетикалық,
морфологиялық, дәстүрлі принциптер туралы мағлұмат беру. |
||
Оқыту нәтижесі: |
Әдеби тілдің ерекшеліктерін ұғынып, оны тәжірибеде қолдана білу. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі маңызын білу. Әдеби тілдің нормаларын білу және күнделікті өмірде сақтай білу. |
||
Ресурстар |
Стикерлер, флипчарт, Шың баспасы қазақ тілі, домино,слайд |
||
Сабақта пайдаланған модульдер |
Оқытуды басқару және көшбасшылық, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану |
||
Сабақта пайдаланған стратегиялар мен әдіс-тәсілдер |
«Тарелка» стратегиясы, «Түртіп алу» стратегиясы, «Ой шақыру, қозғау» стратегиясы, Домино әдісі, «Еркін жазу» стратегиясы, Блум таксономиясы |
||
Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар |
Топпен жұмыс жасайды.Блум таксономиясы бойынша берілген тапсырмаларды орындайды, ДЖИГСО әдісімен жұмыс жасайды, шығармашылық тапсырмалар орындайды, тақырыпты домино ойыны арқылы пысықтап, тарелка стратегиясы бойынша қорытындылайды. |
||
Сабақ
барысы: Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару. Алтын ережені еске түсіру Тренинг Пожелание ДЖИГСО әдісі бойынша топқа бөлу: -1 топқа №1, №2, №3 2 топ -№1, №2, №3 |
Сабақтағы іс-әрекет |
||
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||
Оқушыларға жаңа сабақтың өмірге қажеттілігін ескертеді |
Бүгінгі сабақтың өмірдегі маңызын түсінеді |
||
2. Үй тапсырмасын тексеру: «Мен президент болсам» тақырыбында ойтолғау |
Орындалысын тексереді |
Жауап береді |
|
Жаңа тақырып түсіндіру «Білім» Қазақ әдеби тілі қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылады. Жұртшылықтың бәріне ортақ. Ауызша және жазбаша түрде қызмет етеді. Қазақ әдеби тілінің екі стильдік тармақтары бар: Кітаби тіл стильдері Сөйлеу тілінің стильдері Тек кітаби тілдің жазбаша және ауызша түріне тән қолданыстар бар. Ендіше кітаби тілдің жазбаша және ауызша нормалары бар. Олар орфографиялық норма және орфоэпиялық норма. Орфографиялық норма-сөзді бірізді дұрыс жазудың тәсілдерін қарастырады |
Орфоэпиялық норма-ауызша сөздің бірізді дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы |
|
|
Дыбыстарды қандай әріппен беруді, оның бөлшектерін бірге, бөлек, немесе дефис арқылы жазуды, бас әріпті қолдануды, тасымал тәртібін белгілейді. |
Сөздің бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке болып айтылуын қарастырады. Дыбыс үндестігі-қазақ тілі орфоэпиясының негізгі нормаларының бірі. |
|
|
Сөйлеу тіліне дыбыстық диалектілік ерекшеліктерді ескергеніміз жөн. М: чаш-шаш, чал-шал
Сөздерді жазу барсында фонетикалық, тарихи-дәстүрлік, морфологиялық қағидаттарды негізге аламыз.
Жұмыс тобына ауысу:
Топ --- Фонетикалық қағидат,
Топ – Тарихи –дәстүрлі қағидат
Топ –Морфологиялық қағидат
Жаңа сабақты меңгертуді көздейді
Тыңдайды
Оқиды, пікірлеседі сызбаға түсіреді
«Түсіну» Жұмыс тобынан қайтып жанұя тобына қайта оралады. Өзінің тақырыбын жанұясына кезекпен түсіндіреді.Топтар кезекпен сызған сызбаны алып отыруға болады.
Бақылап жүреді, қажет жерінде бағыт көрсетеді
Жұмыс тобынан жанұя тобына қайта оралады
«Қолдану» Ұжымдық жұмыс. Материалды меңгеру жаттығулары «Түртіп алу» стратегиясы
90-жаттығу
Мәтінді мәнерлеп оқып, сөз арасындағы, сөз ішіндегі орфоэпиялық өзгерістерге мысалдар келтіріңдер
Үлкен-үлкөн, түрүк- түрік, Құтты білігі, сақ адамы-сағ адамы, Күлтегін-Күлтегүн, Тоныкөк.
Тапсырма бойынша сөйлейді
Алған білімді практика жүзінді көрсетеді.
«Талдау» Ой шақыру, қозғау» стратегиясы
«Жанұя» тобына:
91- жаттығу
Ықшамдалып алынған Абайдың қара сөздері бойынша «Жақсының нұры жүректе» деген тақырыпта пікір алмасу ұйымдастырып, қарамен берілген сөздерді айтылуы бойынша жазып, дұрыстығын орфоэпиялық сөздікпен тексер.
Топ-Он төртінші сөз
Топ –Он жетінші сөз
Керекті ресурстармен қамтамасыз етеді
Негізгі идеяны көрсетеді, ойын айтады, ізденеді, зерттейді
Сызбаға түсіреді
Сергіту сәті
Билейді
Билейді
«Жинақтау» тобына «Ақылдың алты қалпағы» стратегиясы
Ұжымдық жұмыс
91- жаттығу (3) Он тоғызыншы сөз
Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
Ақылдың алты қалпағын таратып береді
Абайдың он тоғызыншы қарасөзін Ақылдың алты қалпағына салады.
Сабақты қорытындылау кезеңі «Тарелка» стратегиясы
Орфографиялық норма жайлы не білдің?
Орфоэпиялық норма жайлы не білесің?
Ұжымдық жұмыс орындайды
Алынған білімнің қажеттілігін бағалайды
Үйге тапсырма: 92-жаттығу. «Еркін жазу» стратегиясы
Жамбыл өлеңі негізінде «Ұлылар бар жүрегімен ұғысқан» атты шығарма жазыңдар.
Үйге тапсырма береді
Үйге тапсырма алады
Бағалау
Бағалайды
Күнделікке баға қойғызады
Рефлексия жасайды
Стикер таратады
Кері байланыс жасайды
Бекітемін:
Күні: 28.11.2017
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов. Қазақтың
халық поэзиясының түрлері туралы
.
Сабақтың мақсаты: 1.
Білімділік:
“ Қазақтың халық поэзиясының түрлері”
мақаласы бойынша талдау, зерттеу арқылы оқушылардың біліктілігін
арттыру өмірі мен ғылыми мұрасынан алған білімдеріне қосымша
мәліметтер келтіре отырып, пысықтау, жаңа білім
беру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық,
шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіндік пікір, көзқарастарын
қалыптастыру. 3. Тәрбиелік: Ұлы ғалымның қазақ халқы үшін жасаған
қызметіне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен
сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту
сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ізденушілік, еске
түсіру іс-әрекеттері,
баяндау,
талдау,
сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,
Шоқан туралы ақын-жазушылардың сөздері, фотосуреттер
топтамасы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,
география, қазақ тілі, сурет. Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
кезеңі: а) Оқушылармен амандасып, психологиялық тренинг өткізу,
көңіл-күйлерін сұрау;
ә) Оқушыларды тізім бойынша
түгендеу;
б) Оқушыларды 3топқа
бөлемін.
1топ-Шоқан-әдебиетші.
2топ-Шоқан-суретші.
3топ-Шоқан-зерттеуші.
ІІ Үй тапсырмасын
сұрау:
Үй тапсырмасын тексеру
жоспары:
1. Шоқан Уәлихановтың саяхаттары мен
зерттеулері. (кесте бойынша талдау
жасау)
2.Сұрақ-жауап
Реті Мерзімі Саяхаттары Зерттеген мәселелері
мен зерттеу еңбектері
1. 1854
жыл
2. 1855
жыл
3. 1856
жыл
4. 1857
жыл
5
1858-1859ж.
ІІІ Жаңа
сабақ.
Негізгі кезең. Кіріспе
сөз.
Қырын келген ол ма, әлде ғасыр
ма?
Уыз
шақта,
Жиырма тоғыз
жасында.
Шоқан солай екінші өмір
бастады.
Ең айдарлы жұлдызынан
айырылды.
Аңқау қазақ аспаны -деп М.Шаханов ақын
айтқандай, «Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп», өзінің аз ғана ғұмырында
халқына өлмес, өшпес мұра қалдырған қазақтың біртуар ғалымы
Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған, жинақтаған
мағлұматтарымызға бүгінгі сабағымызда тағы бір қырынан танысып
ортаға саламыз.
«Шоқан тек бір мамандықты ғана жақсы білетін
ғалым емес, ол әр жақты ғалым», - деп профессор, зерттеуші ғалым
Қ.Жұмалиевтің айтқан пікіріне қосыла отырып, Шоқанның ғылымның қай
саласында да өзіндік орны бар қазақтың тұңғыш ғалымы екенін
дәлелдейік. Осы жолда сендерге сәттілік
тілеймін!
Бүгінгі ашық сабағымыз төмендегідей
құрылымнан тұрады.
І. Оқулықпен жұмыс. Өзіндік ізденіс – білім
негізі. (Шоқанның Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы ғылым
саласындағы мақаласымен танысу. Стикер арқылы жұмысты
қорғау.)
І топ. Қазақ әдебиетіндегі «жыр»атты терминді
алғаш енгізуші
Ш.Уәлиханов.
ІІ топ. Ғалымның қазақ поэзия түрлері туралы
анықтамасы.
ІІІ топ. Шоқанның қазақ халқының
інжу-маржандары болып
табылатын
«ҚозыКөрпеш-Баян сұлу»
жыры.
ІІ. Пысықтау кезеңі: «Білген сайын келеді
біле бергім» айдары
1.«Ер Көкше»жырын кай кезде білді кімге
ұсынды?
2. Шоқанның ғылыми - шығармашылық мұрасы
қандай?
3.«Қозы Қөрпеш — Баян сұлу» лиро-эпостық
жырының ең таңдаулы нұсқасы кімнің есімімен
байланысты.
ІІІ.Шығармашылық жұмыс. Бейнекөрініс. Ой
толғам.
ІҮ.Рефлексия
Ү.
Бағалау
ҮІ.Үй тапсырмасы: Алтышаhар немесе Қашқария
туралы деректер жинау.
Бекітемін:
Күні: 30.11.2017
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Ыстықкөл күнделігі»
Сабақтың мақсаты:
Шоқан Уалихановтың өмірімен жан-жақты таныстыру, шығармашылық, саяхатшылық жолынан мәліметтер беру.
Халқымыздың әйгілі ғалым, этнограф, саяхатшы Ш.Уалиханов туралы және оның еңбектері туралы көбірек білуге
Табиғатты аялауға, Отанды сүюге, адамгершілікке, кішіпейілдікке, қарапайымдылыққа өнерді, сезімді бағалау.
Ұйымдастыру. Үй тапсырманы тексеру.
Ш.Уалиханов өзінің саяхаттары туралы қандай еңбектерінде жазды?
Іле өңірінің тарихы туралы не білесіндер?
«Егіншілік туралы» әңгімеде не туралы айтылады?
Қандай ел (халық) туралы айтылады?
Қазақтың егіншілер тобы туралы не айтады?
Құлжа мен Қашқар өңірлерінен келген тәжірибесі – жүзім, өрік, алма т.б. жеміс-жидек ағаштарын өсіру.
«Киіз үй» (оның құрылысы мен сәулеті туралы)
Мақалада аталған арқылы суреттерін салуға болады. Егіншілікке байланысты кәсіби сөздерді теріп жазуға болады. Мысалы: арық, соқа, тары, бидай, егінші, диқан.
Оқушылар өз беттерінше іздену жұмысын жүргізеді. Ол тапсырманы егіншілік, диқаншылық туралы мақал-мәтелдер жинақтау түрінде беруге болады. Және «Қазіргі Қазақстан табиғаты», «Қазақстан-астықты алқап», «Атадан қалған абыройлы кәсіп» тақырыптарына шығарма жазу.
Киіз үй қандай тұрмысқа лайықтанып жасалады?Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
Киіз үйдің ағашы неше бөліктен тұрады?
Шаңырақ қандай қызмет атқарады?
Керегелердің санына қарай киіз үй нешеге бөлінеді?
Сабақтың танымдық деңгейін кеңейту мақсатында қосымша деректер бойынша жұмыстар жүргізіледі. Ол киіз үйдің ағашын жасайтын шеберлер, қазақтың ұлттық киіз басу өнері, киіз үдің ішкі жабдықтары: желбау, басқұр, текемет т.б.Шоқан Уалиханов тақырыбына кроссворд құру.
Сабақты қорытындылау: Ш.Уалиханов кім, ол туралы не білдік, қайда оқыды, қандай шығармалар бар?
Бағалау.
Үй тапсырмасы: Ыбырай Алтынсарин туралы реферат жазу, презентацияны жасау.
Бекітемін:
Күні: 28.11.2017
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 11-сынып
Тақырып: М.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» пьесадағы драмалық конфликт
Мақсаты:
Білімділік. М.Әуезовтың «Еңлік - Кебек» пьесасы оқу, мазмұнын ашу.
Дамытушылық. Оқушылардың ой-өрісін, тыңдау, есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік. Әңгімеде көрініс табатын оқиғалардан жақсы үлгі-өнеге бойларына сіңіру.
Сабақ типі Жаңа сабақ
Сабақ түрі. Дәстүрлі .
Сабақ әдсі. Сұрақ-жауап,
Сабақ формасы. Дара
Сабақ мотивациясы.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Амандасу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Өткен материалды қайталау.
ІІІ. Білімді жетілдіру
Ру арасындағы қақтығыс.
Кебектен кім өш алғысы келді? Себебі неде?
Абыз бейнесі – автордың ой қазығы Абыз толғаныстары – пьесаның идеялық мазмұны. Абыз сарыны, сөйтіп, күллі коллизияның құлақ күйі, яки бұлақ бастауы ғана емес, өнер туындысының өн бойында толассыз тасқындап барып, сарқып құяр чаға да. Демек, шығармадағы шындық шымылдығы Абыз зарымен ашылып, абыз өсиетімен жабылуы жайдан жай емес.
Батыр бәсекеге түссе – жатпен түсер, егессе – жаумен егесер. Ал Есеннің бәсекесі де, егесі де - өзі туған жұрттың өзіндей бір өндір ұлы, қаны бір іні Кебекпен ер дегендер бүйтіп өзара жағаласып, елге сыймағанша, аол елін күні кеше қан қақсатып «Ақтабан-шұбырынды» қылған ата жаумен айқаспас па? Ал Есен болса, батыр десек «белге шықпай ойда айнақшыр бейпіл», азамат десек, «ауыл үйдің тентегі» екен...
Драмалық конфликт қай жерден көрінеді, дәлелдеңдер.
IV. Рефлексия не білдім?
Не білгім келеді?
V. Үй тапсырмасы «Қаракөз» пьесасын оқу.
VI. Бағалау
Бекітемін:
Күні: 27.11.2017
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 11-сынып
Сабақ тақырыбы: Диктант «Кішіпейілділік»
Сабақ мақсаты:
а) Тақырыптар бойынша білімдерін тереңнен ұғындыру Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.
ә) ) дамытушылық: өз ойын жүйелі түрде айта білуіне, сөздік қорын дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне машықтандыру;
б) Кішіпейілділікке тәрбиелеу
Көрнекілік: Диктанттар жинағы
Күтілетін нәтиже:
Өтілген тақырып бойынша емле, ережелерін біледі.
Сауатты жазуға ұмтылады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
Өткекн тақырыптар бойынша қайталау
Ережелерін еске түсіру
Диктантты бір мәрте оқу
Қиын сөздерді тақтаға жазу
Кішіпейілділік
Көк қаршыға көзін төңкере шаңырақтан аспан әлеміне құмарта қарап, бір рет дүр сілкініп қойды. Бұрын мұндай құсты көрмеген мысық одан көзін алмай,таңданып әрі қорқып қарайды. Мысықтың бағанадан бері көз түспеген бір нәрсе шыға келді. Ол биік төсектің бас жағынан түргелген тарғын арлан еді. Екі құлағының салбыраған шашағы төгіліп тұр. Күміс қарғылы тайдай тазы тұрып алып, алдыңғы екі аяғын көсіліп, төсін жерге тие керілді. Мойнындағы күміс қарғының сақиналары сылдыр қағып тазы есікке қарай бет алды. Мысық зәресі ұшып Шоқанның артына қарай ығыстай берді.
-Қорықпа, тимйді,-деп, Шоқан мысықты өзінің қатарына қарай ығыстырды. –Апатай, мына мысыққа бауырсақ беріңізші,-деп, Шоқан шешесіне өтінішті ерке тілек айтты. (С. Бегалин,102 сөз)
Тапсырма:
1.Мәтіндегі бас, бет омоним болатын сөздерге сөйлем құрастыр
2.Таңдану, қорқу, биік, шеше сөздердің синонимдес сыңарларын тауып жазыңдар
3.Күміс,мысық,биік сөздердің антонимдес сыңарларын тауып жазыңдар
Бекіту.
Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.
Тексеру, бағалау
VІ. Үйге тапсырма: ережелерді қайталау
Бекітемін:
Күні: 29.11.2017
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Асан қайғы», «Менің-Президентім»
Сабақтың мақсаты:
а) логикалық ойлау қабілеттерінөмірге деген көз қарасын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың ойлау қабілеттерін,ауызша және жазбаша пікір айту дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: шығармашылық ізденіс т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Шығармаға жоспар жасауға және ол бойынша жазуға үйрету.
Жоспар—өте күрделі жұмыс. Ол бүкіл шығарма жазуға тиісті тақырыпты,туындыны,оның идеясын ,құрылысын және мазмұнын толық қамтитындай етіп жасалуы тиіс.Оқушы шығармасының талапқа сай жазылуы оның жоспарының дұрыс жасалуына да байланысты. Сондықтан ең алдымен жоспарды дұрыс,жүйелі жасауға үйретіледі.
Шығармаға жоспарды дұрыс жасау оқушының сол тақырыпты,мәселе мен туындының мазмұны мен идеясын қаншалықты түсінгеніне байланысты.Сондықтан шығарма жаздырардан бұрын сол тақырып мәселесін немесе еңбектің мазмұнын қаншалықты білетінін ,оған керекті жағдайларды анықтап алу керек.Содан кейін шығарма жоспарының мәні мен мазмұнының және қандай түрлері болатыны түсіндіріледі.
Қорытынды бөлім –оқушы шығармасының түйінді өзегі. Мұнда оқушы сөз етіп отырған тақырыптан алған әсерін,тілек мақсатын жазушы я шығарма ,тақырып я мәселе туралы пікірін білдіреді.
Шығарма тақырыбына жоспар құруға көмектесемін.
Жоспар
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім:
а)
ә)
III Қорытынды.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келу.