Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Нұркен Әбдіров ауылы туралы энциклопедия
Материал туралы қысқаша түсінік
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров селолық округі туралы энциклопедия. авторы Нұркен Әбдіров селолық округінің модельді кітапхана меңгерушісі Маякина Бақытгуль.
Сарыарка даласынын інжу- маржаны Қазақстанның Швейцариясы аталатын қасиетті Қаркаралы исі қазақтың сан тараулы шежіресімен тамырласып жаткан өлке. Қаркаралы ертеден-ақ бүкіл қазақ елінің саяси- мәдени жэне экономикалық орталықтарының бірі болған. Қарқаралы өңірінің қасиетті топырағында қалың ел бірлігінің туын көтерген қоғам қайраткелері, жез таңдай шешендер, от ауызды орақ тілді ақындар, аспандағы ақкуға үн қосқан күміс көмей әншілер,
жұртшылықты ғажап өнерімен тәнті еткен табиғи талант иелері дүниеге келген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
16 Маусым 2022
370
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2018 жыл
Алғыс сөз
Сарыарка даласынын інжу- маржаны Қазақстанның Швейцариясы аталатын
қасиетті Қаркаралы исі қазақтың сан тараулы шежіресімен тамырласып жаткан
өлке. Қаркаралы ертеден-ақ бүкіл қазақ елінің саяси- мәдени жэне экономикалық
орталықтарының бірі болған. Қарқаралы өңірінің қасиетті топырағында қалың ел
бірлігінің туын көтерген қоғам қайраткелері, жез таңдай шешендер, от ауызды
орақ тілді ақындар, аспандағы ақкуға үн қосқан күміс көмей әншілер,
жұртшылықты ғажап өнерімен тәнті еткен табиғи талант иелері дүниеге келген.
Заманында үш жүзді аузына қаратқан, әділетті бітім айтып, үлт бірлігін қорғаған
атақты Қазыбек би, бай- шонжарлардың озбырлығына қарсы найзағайдай үн
қатқан, ер жүрек акын- композитор Мәди Бапиүлы, шертпе күйдің атасы
Тәттімбет, от ауызды, орақ тілді Кенже бидің, Шоже ақынның дүниеге келген
жері. Қазақстанда жаңа өкімет орнату жолында аянбай күрес жүргізген
Нығымет Нүрмақов, Жақып Ақпаев, Мүхамедғали Тэттімов, Мүқатай (Угар)
Жәнібеков, әншілік үздік өнерімен атты шыққан, қазақты энімен шетел тарихында
бірінші рет таныстырған Әміре Қашаубаев, ССРО халық әртістері Қалибек
Куанышбаев, Жүсіпбек Елебеков, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов, халық
жазушысы Әлжаппар Әбішевтер осы Қарқаралы топрағының тумалары.
Әлемдік ғарышқа жол салған, атын дүние жүзіне паш еткен жерлесіміз қазақтың
түңғыш ғарышкері, батыр, генерал Тоқтар Әубәкіровтың аты тарих бетіне алтын
әріппен жазылды. Отан соғысы майданындағы қан төгіс шайқастарда ерлігімен
елдің есінде қалған Мартбек Мамраев, Нүркен Әбдіров, Петр Теряев Кеңес
одағының батырлары атағын алып. Нүркен ауылында ғылымның әр саласындағы
Академиктермен, докторлармен, ғылым кандиттары шықты. Міне биыл Кеңес
Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтің туғанына 100 жыл
Сен істеген шахта-Сенің атыңда,
Қаладағы бақ та-Сенің атыңда.
Өзің туған ауыл-Сенің атыңда,
Туған жердің тауы-Сенің атыңда – деп Сағи Жиенбаев ақын осылай жырлаған
¥лан байтақ Сарыарқадагы тарихи, мәдени шежірелердің мол қоймасы, табиғи
көркіне көз тоймайтын жер жаннаты Жарлы өңірі тариыхының қазіргі және
келер ұрпақтар үшін маңызы өте зор. Туған жердін қадір-қасиетін қашанда
құрметтейтін халқымызға әр жылдары, баспа беттерінде жарық көрген тарихи
мағұлматтардан жинақтап, мерей тойға тарту етіп, оқырмандарға энциклопедия
нұсқасында ұсынамын.
Энциклопедияның негізгі нысанасы Нүркен ауылының өткен тарихының күрделі,
кайшылығы мен қызығы мол үрдістерін оқырмандардың ой-санасына жеткізу
болып табылады. Нүркен тарихы еліміздің, ұлтымыздың тарихымен тығыз
байланысты. Біздің тарихты одан бөліп қарауға болмайды. Бұл аға ұрпақтар өткен
жолдар, ұлтымыздың ұйысу тарихы. Сондықтан да бұл еңбек Нүркен тарихын
білуге ынталы оқырман көпшілігінің назарын аударатынына сенемін.
Бақытгүл Рахиметоллақызы Маякина
Табиғатым тал бесігім
Ауылымыздың табиғаты мейілінше алуан түрлі оның байтақ жерінде тау, төбелер
мен жазықтар бар. Ауыл жерінң ең биік нүктесі «Комсомол шыңы».Биіктігі -1403
м. «Жарлы» Өзені Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлінің алабына жатады.
Бүйір тас тауының оңтүстік беткейлеріндегі екі бұлақтан бастау алады.
¥зындығы-143 км.су жинайтын алабы-5560 км,жоғары ағысында «Ащы өзек»,
ортаңғы ағысында «Милыбұлақ» суының тұсында «Көктал» төменгі ағысында
«Акшоқы» суының маңында «Ежебай» салалары келіп құйылғаннан кейін
«Жарлы» деи аталады. «Жарлынын» 5-10 саласы бар олардың ішіндегі ең
ұзындары «Тайшық» пен «Қопа». Жарлыға Қарқаралы тауының оңтүстік және
батыс шеттерінен ағатын өзендер бағытталғын.Су жиналатын алабының жоғары
бөлігі бұйратты, ортаңғы жэне төменгі бөліктеріндегі едәуір биік шоқылары
бар.Көптеген көлдері бар.Негізінен қар суымен қоректенеді.Мұзы қарашада
қатып, көктемде түседі. Су қайтқан кезде өзен кара суларға бөлініп қалады,
жағаларында үйеңкі, қарағай, тал өседі. Өзеннің жоғарғы жағы суы тұщы таза,
ауыз суына жарамды. Ортаңғы және төменгі ағыстарының суы ащы суаруға
пайдаланады. «Жарлы» жерінде «Қарқуыс», «Түнқатар», «Қаршоқы», «Қызылтас»
таулары бар. Қыран құстар, тау ешкілері кездеседі. Орманды алқаптарында
бұландар, маралдар, борсық пен орман тышқандары бар. Ормандар мен далаларда
қасқыр, қоян, қарсақ, түлкі мекендейді. Бұл таулардың шатқалдарында жеміс жидек бұталары өседі.
Ауыл экономикасы
Нүркен атындағы совхоз сүтті мал шаруашылығына мамандандырылған,
қосымша салалары астық өндіру, көкөніс. Ауыл шаруашылығына жарамды жері
55536, оның ішінде жыртылған жері-14085, суландырылғаны 2720, шабындығы
2337, жайылымы 36746, егістік жері 14819, оның ішінде дэнді дақылдары - 10900,
мал азықтық дақылдары 3919.Ауыл шаруашылығы түлігінің саны : 1962 І.рі
қара,180 жылқы, 17587 қой, машина трактор паркінде 83 трактор,39 астық
комбайны, 33 жүк автомашинасы болған. 1987 жылы өсімдік шаруашылығының
жалпы саны 1548 мың сом, мал шаруашылығы 1952 мың сом, шаруашылықтың
елді мекендері ,мектептер, кітапханалар, мәдени тұрмыстык бағыттағы
т.б.обьектілері балған . Совхоздың 32 адамы СССР ордені мен жэне медальдармен
наградталды. Ауылымыздың қазіргі экономикасы 29 шаруа қожалығы жұмыс
істейді. Орталық шаруа қожалығында 7848 га жері бар, егістік көлемі 2544,
шабандығы 2304 га.,жайылымы 3000, жөндеу шеберхана орталығы жұмыс істейді.
Машиналандырылған орталық, қырман , 5 комбайн, Т-4 трактор-І, ДТ-75 трактор
шынжыр табанды -5,7 доңғалақты МТЗ-8 тракторлары бар. 10 түқым сіңіргіш, 4
жер жыртатын соқа, 4 ауыл шаруашылық машинасы, 2 косилкалары болған.
Ауыл тарихы
«Ауыл тарихы - ұрпаққа мұра, келешекке аманат»
Нүркен Әбдіров атындағы совхоз Қарқаралы
ауданының оңтүстік батысында, орталық мекені
Жарлы селосы. Алғашында Жарлы өңірінде он екі
колхоз болған. Олар: «Совет», «Қызылшілік»,
«Жекежал», «Ұзынжал», «Жаңаталап, «Бірлік»,
«Көктал», «Жанатоған», «Ұзынбұлак», «Кеңестас»,
«Ақшоқы»,
«Комсомол».
Осы
колхоздардағы
жұмысшы шаруалардың балаларын жинап оқыту үшін 1928 жылы аталған
колхозда орташа жұмысшы жастар мектебі ашылды. Бұл орталық қазіргі
ауылдың бастауы болады. Совет атындағы колхоз бастапқыда, яғни, 1928 жылы
Совет атындағы қосшы ұйымы болып құрылған алғашқы колхоз
председательдері: 1931-1932 жылдары
Бейсенбаев Ақпанбай, 1932- 1937
жылдары Қишыбаев Тасым, 1937- 1940 жылдары Жұмабеков Сәдірбек, 19401947 жылдары Батырбеков Мұқаш, 1947-1951 жылдары Садырбаев Зияда
1944 жылы Совет колхозына Совет одағының батыры, даңкты ұшқыш
жерлесіміз Нүркен Әбдіров есімі берілді.
Совхоз директорлары: 1963-1968 жылдары Смайылов Мәжит, 1968 -1970
жылдары Әдекенов Мыңжасар, 1970-1975 жылдары Садықов Манап , 1975-1986
жылдары Шахарбаев Төлеутай, 1986- 1992 жылдары Нарынбеков Салықбай,
1992-1994 жылдары
Смақов Сағаткәрім.
Ауылдық кеңес төрағалары (әкімдер): 1943- 1946 жылдары Жұмабаев
Сәтбек, 1946- 1950 жылдары Әбдірахман, 1950 -1951 жылдар Әбиева Тілеп,
1951-1953 жылдары Өтебаев Біләл , 1953-1963 жылдары Төкенов Ақтоқаш,
1963-1967 жылдары Рахымберлин Саудабай , 1967-1972 жылдары Жүзбаев
Кәрібай, 1972-1974 жылдары Рахымбаев Жолжақсы, 1974- 1987 жылдары
Төлеуов Қадаш, 1987-1990 жылдары Дүйсекина Рахима , 1990-2001 жылдары
Шаяхметов Жақыпбек, 2001 -2012 жылдары Копжасаров Жеңіс, 2012- 2017
жылдары Нөгербеков Абзал, 2017 жылдан бастап Бейсенбеков Аян .
Партия ұйымының
басшылары (парторогтар): 1951-1955 жылдары
Садырбаев Зияда , 1955-1957 жылдары Тортбаев Ахмет, 1957-1963 жылдары
Толеуов Қадаш, 1963-1966 жылдары Нарынбеков Тұрсын ,1966 -1968 жылдары
Табулдин Тұяқбай, 1968-1971 жылдары
Қасымжанов
Еркін, 1971-1973
жылдары Ақеділов Амантай, 1973-1976 жылдары Жолдасбаев Жұмабай, 19761988 жылдары Мұхтаров Қапан, 1988- 1990 жылдары Әбдуов Бегімбай ,
1990- 1993 жылдары Мәуленов Серік.
Бас экономистер: 1963- 1968 жылдары Жакенов Болат, 1968-1973 жылдары
Төлеубеков Қалыбек, 1973-1987 жылдары Борханов Айтбай, 1987-1993 жылдары
Жикенов Айтқали, 1993-1994 жылдары Өмірзакова Зейнегүл.
Бас есепшілер(гл.бухгалтерлер): 1963-1968 жылдары Қопалов Оразбай, 19681973 жылдары Жакенов Болат, 1973-1986 жылдары Аждаров Елубай, 1986- 1990
жылдары Мауленов Серік, 1990-1994 жылдары Қуанышбаев Амантай.
Бас мал мамандары(гл.зоотехниктер): 1970-1974 жылдары Иманбаев Армия,
1974-1980 жылдары Гомаров Қаппас, 1980-1982 жылдары Түсіпбаев Несіпбай,
1982-1985 жылдары Әбдірайымов Саят, 1985-1990 жылдары Нөгербеков
Абзал,1990- 1998 жылдары Әбдуов Бегімбай .
Бас мал дәрігерлері(гл. Ветврачтар): 1963-1992 жылдары Какимов Төкен, 19921994 жылдары Нұртаев Тастанбек .
Бас инженерлер: 1963-1970 жылдары
Ақынов Әбіл, 1970-1972 жылдары
Әбдімамын , 1972-1976 , жылдары Жұматаев Рахмания, 1976- 1980 жылдары
Қалдаманов Боранбай, 1980 -1985 жылдары Имангалиев Ниқанбай, 1985-1990
жылдары Берлибеков Әбинұр. 1990-1994 жылдары Жұматаев Рахмания,
Бас құрылыс мамандары(прорабтар): 1963-1972 жылдары Іргебаев Даутай,
1972-1986 жылдары Жиенқұлов Құдайберген, 1986-1994 жылдары Қонарбаев
Өмірзақ.
Жұмысшылар комитетіиің басшылары(рабочкомдар): 1963-1967 жылдары
Жүкіпбаев Құрмаш, 1967-1981 жылдары
Жұманбаев Азанбай, 1981-1983
жылдары Тоқмурзин Мекентай, 1983-1992 жылдары Мұстағұлов Көкенай, 19921994 жылдары Жансагимов Бағдат.
Бас огрономдар: 1963-1966 жылдары Загиров Раухат, 1966-1970 жылдары
Мейірманов Әсен ,1970-1972 жылдары Есенгелдиев Төкен , 1972-1980 жылдары
Әбітаев Сайлау, 1980-1986 жылдары Медеубаев Күлкен,1986-1994 жылдары
Көжебаев Марат .
Комсомол ұйымының басшысы(комс. комитетінін секретарлары): 1966-1970
жылдары Көпжасаров Жеңіс , 1970-1975 Көжебаев Марат .
Бөлім меңгерушілері(управляющие):
1-бөлім меңгерушілері: Тлегенов Толеутай, Әмрин Сапар ,Шаяхметов Жақыпбек
2-бөлім меңгеруиіілері : Қойшыбаев Айтбек, Ақынов Әбіл , Мұқышев Сейдуали
Зорықбаев Аманкелді.
3-бөлім меңгерушілері: Ахметов Мұқан, Тоқмурзин
Мекентай,
Рахымбаев
Жолжақсы, Тоқтамысов Мұқташхан
4-бөлім меңгерушілері: Исагұлов Зия, Ержанов Елеусіз, Кожебаев Марат, Хасенов
Мереке.
Баяғы сегіз ұжымдардан құрылған қаланың іргесінен басталып, онтүстік- батысқа
қарай жүз шақырымнан асатын қашықтыққа созылатын Ақтоғай, Шет
аудандарымен шектесетін Батыр атындағы үлкен кеңшар жалпы көлемі екі жүз
отыз мың гектардан астам мол өнімдерді алып жатады. Қарамағындағы қырық
мыңдай қой, он мыңнан астам ірі қара, мыңнан астам
жылқы бар еді. Мал шаруашылығын Тілегенов
Төлеутай, Мұқышев Сейдуали, Тоқтамысов Мұқтажхан,
Хасенов Береке басқаратын аралас шаруашылық төрт
бөлімшеге орналасыпты. Рахымбеков Хасен басқаратын
машина паркінде жүзден астам трактор, жетпіске жуык
комбайын, алпыстан астам автомашина жүріп тұрады.
Шаруашылык жеріндегі «Қарақуыс», «Түнқатар», «Қарашоқы», «Қызылтас»,
қойнаулары төрт түлікке құт мекен болуға «Жарлы», «Айдарлы» өзендерінің
бойы жазғы жайлауға қолайлы, дән себуге жарамды құнарлы жазықтары да
жетерлік. Алайда «жер ала, бұлт шала» демекші, осынау ұлан-байтақ өнірге
халықтың, малдың, егістік жерлердің орналасуы, табиғаттың жомарттығы
біркелкі емес. Халық орталықтың айналасына тығыз қоныстанған, жаз айларында
малшылар «Айдарлы» жаққа ұзап, бос жатқан жерлерді жайлайды. Оның үстіне
«Жарлының» маңында шабындық та шамалы пішенді де алыстан дайындауға тура
келеді. Ауданда суармалы жерді игеру ісі «Восток» совхозында басталған еді, енді
Нүркен атындағы кеншар қолға алды. Бұған жанағы Спановтын өзі тікелей
көмектесті. Шаруашылық орталығы «Шекеме», сиыр малы шоғырланған
«Ақшоқы», «Жекежал» елді мекендеріне ұрымтал «Аққияк» жазығының әр
жеріне бұрғы салынып жер астында мол судың бар екені күні бұрын анықталған
еді. Енді керекті кұрал жабдықтар жеткізіле басталды. Дыңғыров Совет бастаған
Ақатаев Төкен, Ахметов Әбдікәрім, Таженов Әлібек, Майшекин Амангельді
дейтін азаматтар мың жарым гектардай жерді жыртып, бабына келтіре баптап,
бидай, сұлы, жонышқа, жүгері тәрізді мал азығына жарамды дақылдар екті.
Ұңғыларға мотор орнатылды, қаздай тізілген «Волжанка» жанбырлатқыштарына
су жіберілді. Жайқала өскен жасыл желекті мал таптамас үшін темір шарбақпен
қоршалды. Жұмыстың ойдағыдай жүруін Төлеутай Шахарбаетың өзі үнемі
қадағалап отырды. Уақыт өткен сайын тәжірибе жинақталып, суармалы алқаптан
жылына 2-3 рет жұғымды мал азығы, сүрлем жиналатын болды.Сөйтіп ауыл
азаматтары жаз айларында пішен дайындау үшін алысқа сабылудан кұтылды.
Мұның өзі сүт бұлағын тасытты, бордақыға сойылған ірі қараның салмағын
арттырды, кіріс көбейді. Партком хатшысы Жұмабай Жолдасбеков, Қапан
Мұқтаров,
жұмышылар комитетінің төрағасы Көкенай Мұстағұлов
шопандардың,
бақташылардың
жылқышылардың,
диқандардың,
құрлысшылардың арасындағы еңбек бәсекесін қыздырып жасампаздық істерге
жігерлендірді. Директор ауыл адамдарының тұрмысын
жақсартуға бірінші кезекте көңіл бөледі. Сондықтан
Құрылысшыларда демалыс деген болмайды. Құрылыс
бригадаларының
бірін
басқаратын
Рахметолла
Баймағанбетов қысы-жазы үйдің бетін көрмейді.
Жетпісінші жылдары құрлыстың
негізгі салмағы
Нүркен атындағы совхоздың орталығына ауысты. Ол
жылдары совхозды ауыл шаруашылығының білікті
маманы Төлеутай Шахарбаев басқарды. Құрылыс жағына Құдыш Жиенқұлов
иелік етті. Сол тұста құрылыспен 50-60 адам шұғылданды. Табыстары да жаман
болған жоқ. Бригадалар арасындағы еңбек бәсекесінің қызып тұрған шағы, Тоқсан
қорытындысында да, жыл соңында да көбінесе Рахметолла Баймағанбетов
басқаратын құрылыс бригадасы алдыңғы саптан табылатын. Бригада
құрамындағы Болат Жақсылықов , Әубәубәкір Абдрахманов , Мейірғаяз
Абдрахманов, Балтабай Құсанов есімді азаматтар «мен атайын, сен тур» дескен
жігіттер еді. Ал басшылары Рахаңның еңбекқорлығы ерекше болатын. Басқа
бригада мүшелері боран болса, жауын-шашын болса, демалады. «Тастай алмай
жүрген жанымыз жоқ» деп. Рахаң болса, таңғы сегізде күндегі әдетінше жұмыс
басында жүреді. Бастықтарының мінезін білетін бригада мүшелері де амалсыздан
құрылыс басынан табылады. Рахаңның тағы бір ерекшелігі қандай аяз болса да
күпәйкесінің түймесін салмайтын және қолғап кимейтін. Нағыз бесаспап еді.
Сылақ жұмысында да, пеш салуда да өзі жүретін. Жігіттер үлгермей жатса,
шатырға да шығып кететін. Рахаңның келесі бір ерекшелігі жұмысты өте шапшаң
істейтін. Ол кісі үйдің қабырғасын тұрғызғанда Рахаңа кірпіш, лай әперіп тұруға
жігіттің жігіті ғаиа шыдайтын. Марқұм тірлігінде лауазымның алдында жалтақтау
дегенді білмей өтті. Көкейіндегісін адамның бетіне айтатын. Жарлы өзеиінің сол
жағалауына жетпісінші-сексенінші жылдары салынған ақ шаңқан үйлердің
бәрінде Рахаңның қолтаңбасы бар десем шындықтан алшақ кетпеймін. Совхоздың
экономикасын көтеруге үлес қосан азамат. Батыр атындағы кеңшардың Ленин
және Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері, Қазақ ССР-іне еңбегі сіңірген ауыл
шаруашылыгы қызметкері Іңкәрбек Шаяхметов 1935 жылы 9 январьда
Қарқаралы ауданының Жарлы селосында туды. 1945—1955 жылдары Қарқаралы
қаласындағы № 1 орта мектепте оқыды. Совет Армиясы қатарынан оралғаннан
кейін 1958 жылдан бері Қарқаралы ауданындағы Нүркен Әбдіров атындағы
совхоздың шопаны болып еңбек етеді. 1962 жылдан ҚПСС мүшесі. 1973 жылы
Қарқаралы зоотехния мал дәрігерлік техникумын бітіріп, зоотехник мамандығын
алды. Аудандық партия комитетінің мүшесі, халық
депутаттары аудандық Советінің депутаты, Қазақ ССРнің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері.
Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, СССР Халық
шаруашылығы жетістіктері көрмесінің үш күміс және
екі қола медалімен, Қазақ ССР Жоғаргы Советінің
Құрмет
Грамотасымен
наградталған.
Іңкәрбек
Шаяхметовті СССР халық депутаттығына Қарқаралы ауданындағы Нүркен
Әбдіров атындағы совхоздың коллективі ұсынды. Ол №143 Қарағанды –Тельман
ұлттық территориялық округінің сайлау комиссиясы оны кандидат етіп тіркеді.
1989 жылы 26 мартта ССр халық депудаттарының сайлауына ұсынды.
Ақшоқыдағы механикаландырылған сиыр фермалары Қарағайлы сүт зауытына
үздіксіз сүт жөнелтіп тұрды. Жүнісов Әділ, Нұрбаев Жексенбай дейтін
бақташылар өнімді молайтуға жағдай жасады. Ағаділов Тұяқ, Жүнісов Марлен,
Қарағайлыдағы зауытқа күніне екі рет сүт тасыды. Жерлесіміз қазір Нұра
ауданынң әкімі Ниқан Омарханов осы шаруашылықга бас инженер болатын.
Бүкіл аудан көлемінде орденді мал маманы тек осы шаруашылықтың бас мал
дәрігері Төкен Кәкімов болды, бас есепші Елубай Аждаров басқарған
есепшілермен экономистер шаруашылық есепті жолға қойып, атқарылған
жұмыстардың тиімділігін көтеруге ұйытқы болды.
Нүркен атындағы кеншар 1980 жылы 10576 ңн. ет,
1323 цн. сүт, 1125 ңн. жүн, 1 миллион пүт астық
тапсырды. Етке өткізілген ірі қараның тірідей орта
салмағы 433кг, қойдікі 39 кг жетті. Қала мен
«Шекеме» селосын жалғайтын тас жолға асфальт
төселді. Жанатоғанға дейін тас тартылды.
Қыстақтардың бәрі электірлендірілді, мал қоралары
механикаландырылды, мәдени тұрмыст мекемелер
қатарға қосылды. Нұркен атындағы кеңшар баяғы сегіз колхоздан құрылған
жоғарыда айтқан 1943 жылы орталығы Нұркен Әбдіров дүниеге келген Түйе кора
қыстағы болған. Совет Артеліне батырдың аты берілді.1951 жылы ұсак
ұжымшарлар іріленгенде сол колхоз «Қызылшілік», «Ақшоқы», «Комсомол
шыңы», «Жекежал» бесеуі біріктіріліп Нұркен атындағы ұжымшарға айналды.
Кіндігі «Қызылшіліктің» орталығы «Шекеме» селосы болды. Баяғы Советтік жұрт
Ескі Нұркен атанды. Арада үш жыл өткен соң, бұларға «Кеңестас», «Ұзынбұлақ»,
«Жаңатоған» қосылды. 1981 жылы аупарткомның жаңадан сайланған бірінші
хатшысы Махмет Бекшин Нұркен атындағы кеңшар есебінен Бейбітшілік
шаруашылығын құрды. Екі жағынан күзелген Батыр атындағы кеңшардың
карамағында бұрынғы аумағының төрттен біріндей ғана дәлірек айтқанда 55 мың
гекгардай ғана жері калды. Дегенмен Төлеутай Шахарбаев басқарған ел
ұлтарактай өңірді ұқсатып пайдалануға мал басын көбейтуге күш салды.
Аудандығы жалғыз пионер лагеріне көмек корсетгі. Суармалы алқаптың көлемі 3
мың гектарға жуықтады, ауылда Канафин Ерменбет, Иманғали Зарубек,
Сәмтікбаев Тілеубек секілді тәжірбиелі диқандар көп болатын. Астык жинау
кезінде Наурызбаев Бейсенбек мұғалім өзінің қарамағындағы жүргізуші
Мансұрабев Бейсен комбайн штурвалына отыратын. Нүркен
атындағы кеңшар шаруашылықгың барлық саласында
табысқа жетіп ауызға ілікті. Он көруге республика ғана емес
Одақгың басшы орындардың қызметкерлері қызығатын
болды. КОКП Орталық Комитетінің қызметкерлері
И.И.Козлов, Н.М.Мишенко Мәскеуден арнайы келіп кетті.
Кеңшар директорынан бастап ауылдың
көптеген жұмыскерлері үкімет
наградасына ие болды. 1979 жылы Нүркен атындағы совхоздың диқандары Отан
қоймасына 1 миллион пүт астық құйып үлкен табысқа жетті. Осы табысқа қосқан
үлесі үшін Абзалбеков Сапар Еңбек Қызыл Ту, Шаяхметов Ж, Тәженов Ә,Ленин
ордені, Сәмтікбаев Т.-Құрмет белгісімен, Майшекин А. Еңбек Қызыл Ту, Хасенов
Б,Ысқақов О. Екінші дәрежеліДаңқ Орденімен
марапатталды.
1981
жылы
Нұркен
атындағы
совхоз
қарамағындағы
Бейбітшілік өз алдына жеке
совхоз болып бөлінді. XI бесжылдықта 1981 -85
жж.жоспардағы 1349 ц.орнына 1617 цн.жүн
өндірілді. XI бесжылдықтың шешуі жылында
коғамдык мал басы-99.8'% аман сақталды. Жыл
ішінде мемлекетке 430 тн.ет, 28тн.жүн, 480тн.сүт
тапсырылды. Нүркен атындағы совхоз 1994 жылы
АК болып қайта құрылды. Президенті Мауленов Серік . 1997 жылы наурыз
айында Нұркен АК таратылып соның негізінде
Нұркен атындағы өндірістік ауыл шаруашылык
кооперативті және бірнеше шаруа қожалыктары
кұрылды. Кооператив торағасы Мауленов С.
алғашқы фермерлер: Нөгербеков А., Жүнісов Т,
Гайсин Е шаруа қожалықтары: Алдашев К.Дүйсенов
Г.,Бекешов М.
Кеңестік шаруашылықтың еңбек ардагерлері
Ұлы Отан Соғысы және нүркендіктер
Екінші дүниежүзілік соғысна 1,7 миллиард халқы бар 60-тан астам мемлекет
қатысты. Соғыс 22 миллион шаршы шақырым жерді қамтыды. Соғықа
қатысушы елдердің қарулы күштерінің қатарында 110 миллион әскер болды.
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22-маусымда басталды. Бұл соғыста Кеңес
Одағын Ұлыбритания мен АҚШ қолдап отырды. Екінші дүниежүзілік соғыста
60 миллионнан астам адам қаза тапты. Германия меи оның одақтастары
12422800 адамынан айырылды. 31850 завод пен фабрика, 1135 мың шахта, 65
мың шақырым темір жол торабы, 16000 паровоз, 428 000 темір жол вагондары
істен шықты.Төрт жыл ішінде Қазақстан еңбекшілері ерікті түрде майдан
мұқтажына өткізген жарна 94 миллиард 500 миллион сом болды.
Майданга 1196164 қазақстандық аттанды.Ұлы Отан соғысына Қазақстандықтарға берілген наградалардың жалпы саны 35234000-нан асады. Кеңес
Одағының Батыры атағы
11603 адамға берілді. Оның ішінде 500-дейі
қазақстандық , ал 99-ы қазақтар болды. Ел басына күн туған уакытта Отан үшін
қан майданда 1941 жылы ауылымыздан 188 адам аттанған. Сол әділетсіз қанкұйлы соғыстан туған топырақка аман келгендер небәрі 56 адам болды. Туған
жердің топырағы бұйырмай жат елде қойылған боздактардың саны 132 адам еді
Боздақтар-ай,
боздақтар қыршын кеткен,
Ғұмырларың қыска
еді, шіркін неткен.
Қаза болган Сендерді
қан майданда,
Шығармайды
Туған ел, Жұртың естен”.
Ж.Тайтөлеуов.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
17.
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан нүркендіктер
Әбдіров Н.
Адамбеков Ж.
Азамбаев З.
Аймағанбетов К.
Айтуғанов Ж.
Ақынов М.
Ақымжанов Т.
Аманжолов Қ.
Амангельдин Б.
Әбдірахманов Т.
Әбдіров С.
Әлімбаев Л.
Әкпаров Ш.
Әрінов Қ.
Әшірбеков И.
Әбішов Ә.
Әбділдин Ә.
18.
19.
20.
21.
22.
23.
24.
25.
26.
27.
28.
29.
30.
31.
32.
33.
34.
35.
36.
37.
38.
39.
40.
41.
42.
43.
44.
45.
46.
47.
48.
49.
50.
51.
52.
53.
54.
55.
56.
57.
58.
59.
60.
61.
62.
63.
64.
Әлкенов Ж.
Әлкенов А.
Әшірбеков Т.
Байбұланов Қ.
Байжанов О.
Балкенов А.
Батырбеков Б.
Бейсенов Е.
Бейсенбеков
Бижанов Қ.
Даданов Ә.
Досжанов Ы.
Дүсенгелдин М.
Дыңғыров М.
Бижанов Қ.
Елеусізов Қ.
Елшібаев Ә.
Еркебаев Б.
Еркебаев Ж.
Ешмақаев Қ.
Жекебаев С.
Жақыпов М.
Жаманбеков С.
Жаманбаев М.
Жолдасбаев Ж.
Жұмабеков У.
Жұмабеков С.
Жұмабеков Т.
Жұмаділов Қ.
Жүнісов Т.
Жырымбаев Р.
Ибраев Ә.
Игісінов Қ.
Искаков К.
Кәкімов Е.
Кенжин А.
Көпежанов Т.
Көпебаев Ә.
Көпжасаров Т.
Көсегенов А.
Қадыров Ж.
Қамбарбаев Ә.
Қапалаов Т.
Қисықов К.
Құтжанов Ш.
Қисықов Ж.
Құтжанов Е.
65.
66.
67.
68.
69.
70.
71.
72.
73.
74.
75.
76.
77.
78.
79.
80.
81.
82.
83.
84.
85.
86.
87.
88.
89.
90.
91.
92.
93.
94.
95.
96.
97.
98.
99.
100.
101.
102.
103.
104.
105.
106.
107.
108.
109.
110.
111.
Лекеров А.
Майшекин Қ.
Макежанов О.
Малшыбаев К.
Мансұрбаев С.
Маякин Қ.
Маякин Қ.
Макежанов Р.
Мұсаханов Ә.
Мұсаханов Қ.
Мұсатаев І.
Мұсатабеков Қ.
Нәдірбеков Ә.
Нұрсүлейменов
Нүрпейісов Д.
Омаров С.
Омаров С.
Омаров И.
Оспанов Қ.
Оспанбеков Ә.
Өкенов Қ.
Өкешов Т.
Өмірбеков Қ.
Пүштаев Н.
Рахманов А.
Рахымбеков Қ.
Садуақасов Т.
Сатыбалдин Қ
Сатыбалдин Қ.
Сатыбалдин О.
Сарапов С.
Сәтібеков С.
Сүлейменов Н.
Сүйгенбаев Б.
Сүттібаев А.
Смағұлов Т.
Тасымов Т.
Тауықбаев Н.
Тиесбеков Ә.
Тишупов Б.
Тоқмурзин Қ.
Толқынбаев Б.
Тойынбеков Қ.
Тілегенов Ә.
Тілегенов Ә.
Түсіпов Б.
Түсіпбеков Ш.
112.
113.
114.
115.
116.
117.
118.
119.
120.
121.
122.
123.
124.
125.
126.
127.
128.
129.
130.
131.
132.
Түсіпбеков Ғ.
Тұрысбеков Қ.
Түйтебеков Қ.
Тышқанбав Қ.
Хасенов Ә.
Шөгелбаев Б.
Шерниязов Р.
Ысқақов М.
Ысқақов Д.
Ысқақов Қ.
Ысқақов А.
Изин Ә.
Әуезханов К.
Бакиров Қ.
Дүйсенбеков
Малаев Б.
Жақсылықов
Жақсылықов
Хамитов С.
Ыбраев Қ.
Дүйсенбеков
Ұлы Отан соғысынан аман –есен елге оралғандар
Нұркен ескерткішінің алдындагы ой
Салқиқалы салмақгы
Құлағымда қыр өні
Сәлем саган аруақгы
Көк аспанньщ қыраны
Тастай қылып тұғырын
Бүгін жаргғн бүршік-ай
Елі үшін ғүмырын
Қиып кеткен қыршын-ай
Жіберіп соңғы киялын
Өртенген дала жағаға
Жауыздық үшін ұялып
Күйіп бір кеткен ағам-ау
Ел үшін деген ұрандар
Қолтықтан талай демеді
Аспаннан түскен қырандар
Аспанға қарап өледі
Жұрт үшін жаның болған-ақ
Арманы асқақ арайлым
Келе ме деп сорғалап
Тұңғиық көкке қараймын
Төрікте кылдың жалғанды
Азамат үшін ол біреу
Асудан құлап қалғандай
Ерлікке санайды кейбіреу
Тиелген кару- жарағын
Бір состав фашист тағы бар
Тіміскіп жолдың тарабын
Жылжиды баяу тағылар
Тағырыққа жалғыз тірелдің
Төменде ғажап күш кілең
Бомбаны тастал жібердің
Қанішерлердің үстінен
Мақсатың- алу ай адам
Үстінен ұштың ақырын
Солқ ете түсіп эшалон
Соза алмай қалды талқымын
Содан соң кеттің тік ұшып
Иттерді алдап із тастап
Қаншама фашист жер құшып
Быт-шыт боп қалдың бір состав
Амал не бірақ өзіңде
Бұрқырап жанып келесің
От ойнап соңғы көзінде
Көздедің дүшпан төбесін
Г үрілдеп сүмдық жердің де
Керең боп қалды құлағы
Сорғалап тікке келдің де
Үстінен жаудың құладың
Балтабай Батталғазинн
Елін сақтап қалды ерлер
Нұркен Әбдіров 1919 жылы Қаркаралы оязындағы бесінші
ауылда, яғный казіргі Нұркен ауылында дүниеге келген.
Жасынан ширак, пысық болып өсті. Кейінде ата -анасымен
бірге Қарағандыға қоныс аударып осы қалада оқып, білім
алады. 1938 жылдың көктемінде ол Қарағандыда ашылған
аэроклуқа жазылады.1939 жылы ұшқыштар курысын бітіріп,
запастағы пилот мамандығын алады. Соғыс басталғанда
Нүркен Орынбор әуе училишесінде оқитын. Ол Отан
қорғауға кұштар болды. Ташкенттегі, одан кейін Сібір
қалаларының
біріндегі
шабуылшы
әскери
ұшқыш
дайындайтын курстарды бітірді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267-әуе
дивизиясының 802-шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Нұркен
Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып,ерлік пен шеберлік таныта білді, әр
тапсырманы мұқият орындады.
Қазанның 23-күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нүркен былай
деп жазған екен “... Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді.
Сөйтіп,қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз...” Барлығы 17 әуе шайқасына
қатысқан Нүркен жаудың 18 танкін 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде
оқ-дәрі тасыған 18 керуенді жанармай құйған үш цистернаны талқандап, зенит
қондырғыларының 5-ін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты.
1942 жылғы желтоқсанның19-да біздің батыр жерлесімізөзінің серігі атқыш, әрі
байланысшысы Саша Комиссаров екеуі соғыс аспанына соңғы рет самғап ұшқан
еді.Жаудың тас құрсанған Баков-Пономорев станңиясы маңайында үлкен 6
танк, бірнеше атыс ұясын, зенит артиллериясының қондырғысын жойып
жіберді. Жау оғы самолетке доп тиіп ,өртене бастады. “Өзекті жанға бір өлім
“деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист
танктері шоғырланған бетке қарай бұрды.Осылайша құлдилай құлаған самолет
ішіндегі Нүркен мен оның серігі Александр Комиссаров екеуі ақтық рет қанша
жауды қырып жастығын бірге ала кетті. Осынау теңдесі жоқ ерлігі үшін Нүркен
Әбдіровке 1943 жылы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ-Совет
Одағының Батыры атағы берілген еді. Оның қаһармандығы бүкіл елге жайылды.
Қарағанды еңбеккерлері оның ішінде кеншілер Нүркен Әбдіров атындағы
самолетке каржы жиып, жауға аттандырды. Бұл самолет Жеңіске дейін қатарда
болды. Ростов облысындағы Боков станңиясының іргесіндегі Көнек ауылында
жерленген Нүркеннің басында қызыл тастан қашалған ескерткіш бар.
Қарағандының қақ ортасында батыр Нүркен бейнесі мәңгілікке орнықты,
Нүркен ауылында ескерткіш орнатылды.Кеншілер астанасының әсем спорт
сарайы батыр жерлесіміздің есімін иеленген, қазақ батырларының ерлігі қанша
жыр-хикаяға, ән мен әңгімеге арқау болды Боков орта мектебіндегі
отрядтарының бірі Нүркен атында. Батырдың анасы Бағжан бәйібше Баков
станциясының құрметті азаматы болып табылады. Вешенская мекеніндегі
жайында М.А. Шолохов Нүркеннің анасын мейман еткенін білеміз. Қарапайым
қазақ баласы Нүркен Әбдірұлының өмірі мен ерлігі Қаһарман қаншыл қазақ
ұлтының бойындағы игі касиеттердің айнасындай әлемге шұгыла шашып тұр.
Ерлік даңқы өшпейді.
Өскелең ұрпак Нүркен ағамыздың жас бейнесін зердесінен шығармауы тиіс.
«Елдің даңқын ер шығарады» деп Ұлы Жеңістің 58 жылдығына орай, Нүркен
ауылында батыр ағамызға арнап мемориал ескерткіш ашылды. Нүркен ауылының
көшелері мерекелік шат-шадмыман күйге енген. Сап түзеген оқушылар, ұлттық
киім киген жасанған қыздар мен жігіттер. Алаңда ауданның барлық елді
мекенінен келғен Соғыс және Еңбек ардағерлері жиналған. Жеңіс мерекесі
құрметіне сап түзеғен әскерлер, алдыңғы қатарда Нүркен Әбдіров атындағы
авиобазаның 150 офицерлері, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат
Бигелдинов атындағы Республикалық кадет корпусының курсанттары айбынды
көрінді.Осы мемориалдық ескерткіштің ашылу қүрметіне облыс әкімі Камалтин
Мұхаметжанов, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірінің орынбасары
Р.Әмрин, Кеңес Одағының Батыры Халық Қаһарманы Қазақтың алғашқы
ғарышкері генерал майор-Тоқтар Әубәкіров, орталық әскери округтың
қолбасшысы генерал майор В.Щацоков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрагасы
Ж.Мұстафин, ҚР парламент мәжілісінің депутаты Р.Шаекин, Қарағанды
қаласының құрметті азаматы Т.Ақанов, обылстық прокурор С Ақылбаевтар
қатысты. Облыс әкімі Камалтин Ескендірүлы оз сөзінде: «Қасиетті де киелі
Қарқаралы өңірінен қол бастаған небір косем, сөз бастаған шешендер коп
шыккан. Бір ғана осы ауданнан ел қорғауға 2700 боздақ аттанып, ерлік пен
каһармандықтың тамаша үлгісін көрсетті. Қарқаралыдан Кеңес Одағының 4
батыры шыққан».
Қыран құстың өрлігі – естен кетпес ерлігі»
Кеңестер Одағының Батыры, қаһарман әскери –ұшқыш
Нүркен Әбдіровтің туғанына 90 жыл толуын зор салтанатпен
атап өтілді. Осыған орай ауылымызда үлкен мерекелік
шаралар өткізілді.
Ауыл ортасындағы Нүркеннің еңселі
ескерткіш мен биік тұғырға қойылған шабуылдаушы
ұшағының алдындағы кең алаңда Батырдың туғанына 90 жыл
толуына байланысты салтанатты митингі басталды. Ең
алдымен Нұркен Әбдіров атындағы авиаполк офицерлері
Батыр ескерткішіне Қазақстан әскери әуе күштерінің,
қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің және
ауыл әкімдігі мен Маслихат , ауыл халқы атынан гүл
шоқтарын қойды. Кеңес Одағының Батыры Нұркен
Әбдіровты еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Батырды еске алу құрметіне әскери қарулардан залап
берілді. Митингіні аудан әкімі Нихан Омарханов
ашып, қазақтың хас Батыры, даңқты жерлесіміз
Нұркен Әбдіров туралы жүрекжарды сөз бен
бастады.Бүгін біз бәріміз батырдың дүниеге келгеніне
90 жыл толуына орай бсымызды қосып, әруағына бас
иіп, құрмет көрсетуге келдік, - деді Нихан
Иманғалиұлы сөзін түйіндеп. Кең алаңда Қазақстан
Республикасының Әнұранының асқақ әуені шалқыды. Қарағанды облысының
әкімі Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин жедел хат жолдады. жедалхаттың мәтінін
Нихан Омарханов жария етті. Алғашқы құттықтау сөз Кеңес Одағының Батыры
Халық қаһарманы, техника ғылымдарының докторы, генерал –майор,
Қарқаралының Құрметті азаматы Тоқтар Әубәкіровке берілді.
Айналайын, халқым! –деп тебірене сөз бастады
қазақтың бірінші ғарышкері Тоқтар Оңғарбайұлы, - Нұркен
Батырдың ерлігі бүкіл қазақ жастарына үлгі - өнеге. Ол
сіздер үшін, болашақ үшін мерт болды.
Адамды өсіретін, биікке ұмтылдыратын –Намыс! Мен
Қарқаралдан әлі көп Батыр шығарына сенемін ,- дей келіп
Тоқтар аға Астанада жас ұшқыштар мекетебі ашылғанын
хабарлап, қазақ жастарын, Нұркен ауылының түлкетерін
сол оқу орнына шақырды. Жас талапкерлер талабына өзім
демеушілік көрсетемін ,- деп түйіндеді.
Генерал Т.Әубәкіров сөзінің соңында бүгінгі күні
Батыр Нүркен құрметіне аспан көгіне ұшақ ұшып өтететінін хабарлады.
Айтқандай–ақ көгілдір аспанда қатарласа ұшқан қос ұшақ көрінді. Ұшақтар
ауылымыздан бірнеше рет айналды - жарды құттықтау лебіздергі айтты. Нүркен
ағаның 90 жылдығында мұнан соң құттықтау сөз Қазақстан Республикасы әскериәуе күштерінің қолбасшысы генерал Алсай Жұманов жылы лебізін білдірді. Еске
алу жиныныда Қарағанды облысының жаңадан тағайындаған прокуроры Мұрат
Ахметов, Нұркеннің інісі Әукен Әбдіров, КарМУ –дің проректоры, тарих
ғылымдарының докторы Рымбек Жұмашев, заң ғылымдарының докторы,
Нұркеннің 90 жылдығын өткізугі демеушілік жасаған Бақтыбай Жүнісовке ауыл
әкімі Жеңіс Көпжасаров жүрек жарды лебізінде білдірді. Батырдың ізбасары,
жалғасы деп Тоқтар есімі де ерекше ілтипатпен аталды.
Ауылымыздың аналары Батырға шашу шашты. Митингі соңы Қарқараралы өңірі
көркемөнерпаздарының
фестиваліне ұласты. Аудандағы барлық селолық
округтердің көркемөнерпаздар ұжымы ауыл әкімдерінің бастауымен алаңға сап
құрап өтті. Әр ауылдың атақты адамдарының есімдері жария болып өтті. Ең
соңында ауылдық мәдениет үйінде «Қыран құстың өрлігі – естен кетпес ерлігі»
атты театрландырылған концерттік бағдарламасы көрсетілді. Концерт Нүркен
ағаның анасы Бағжан мен Нүркеннің жас кезіндегі көрініспен басталып, ауыл
әншілері мен бишілері өнер көрсетті.
Концертен соң жан-жақтан қонаққа келген
селолық
округтері
өз
концерттік
бағдаралмасын қойды. Түстен кейін мереке
жалғасы ауыл желкесіндегі қыратқа тігілген
киіз үйлер маңында спорттық сайыстармен
жалғасты. Сөйтіп той базарлы әрі ажарлы
өтті. Ауылдың мерекелік шараның арсында
ауылымызға келген қонақтарға кітапханаға
саяхат жасалды. «Арқаның алтын тәжі –
Қарқаралы», «Туған өлкем қандай көркем » кітап көрмелер
мен таныстырылды. Нүркен аға арналған «Ерлік –елге мұра ,
ұрпаққа ұран » атты тақырыпты музей бұрышқа кітапханашы
шолу жасап кетті.
Сонымен қатар тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар ағадан
қолтаңба алынып, фотаға түсірілді. Қазақстан Ұлттық
теларнасынан «Тау тұлға» хабарынан Нүркен аға арналған
музей бұрышты телеарнаға түсіріліп алынды.
Нүркеннің ізбасарлары интернационалист жауынгерлер
Жерлес жауынгерлердің өмір деректері
Жүнісов Ербол Тұрағұлұлы 1968 жылы
19
наурызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының
Нұркен ауылында дүниеге келді. 1975 жылы №10
Нұркен Әбдіров атындағы орта мектептің
табалдырығын аттады. 1983 жылы 8 сыныпты
тәмамдап, Қарқаралы ауданының № 72 кәсіптік
техникалық училищесіне түсіп, 1986 жылы аяқтады.
1986 жылы қараша айында әскер қатарына алынды.
Сол жылы Түркімен ССР, Теджен облысында 6
айлық дайындық курсынан өтіп, Ауғанстан
Демократиялық
Республикасының
Кондогор
қаласында әскери міндетін 1988 жылы елге оралды.
Әскери марапаттары «КСРО Қарулы Күштеріне 70жыл», «Интернационалист
жауынгерге ауған халқынан алғыс», «Интернационалист жауынгер» белгісі және
КСРО Жоғарғы Кеңесінің Мадақтамасы.
Түсіпбеков Жанабек Райкеұлы 1965 жылы 1 қаңтарда
дүниеге келген. 1972 жылы Нұркен ауылындағы № 10
орта мектептің 1 сыныбына қабылданды. 1982 жылы
Теміртау қаласындағы жоғарғы техникалық оқу
орнына түсіп, 1983 жылы әскер қатарына
шақырылды. 1983 – 1985 жылдары аралығында
Ауғанстан мемлекетінің Құндыз провинциясындағы
84397 әскери бөлімінде әуе қорғанысы операторы
болып әскери борышын өтеп қайтты. Бүгінгі күнде
Қарқаралы қаласындағы Ішкі істер бөлімінде
учаскелік инспектор болып қызмет атқарады. Әскери
марапаттары «КСРО Қарулы Күштеріне 70жыл»,
«Интернационалист жауынгерге ауған халқынан алғыс», «Интернационалист
жауынгер» белгісі және КСРО Жоғарғы Кеңесінің Мадақта

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)