Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Біздің
Елбасы
Біліміділік:
Қазақстан Елбасы Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлының өмірімен таныстыру.
Елбасы
болғаны жайлы мағлұмат беру.Қазақстанның жетістіктері туралы
оқушылардың түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: оқушылардың
тілін, ой-өрісін дамыту.Өз ой-пікірлерін ашық әрі еркін жеткізе
білуге баулу.
Тәрбиелік: елін, жерін,
тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз
Отанын сүйетін азаматты қалыптастырып тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Н.Ә.Назарбаевтың өмір дерегінен бейне слайды. Мемелкет тарихы.
Елбасының нақыл
сөздері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Мұғалімнің кіріспе
сөзі.
Сұрақ-жауап әдісі.
-Балалар, біздің Елбасымыз
кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
-Балалар, біздің Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы, 6 шілде
айында Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге
келген. Әкесі- Әбіш, анасы- Әлжан.
Нұрсұлтан атамыз отбасында ең тұңғышы. Еңбек
жолын Теміртау қаласындағы «Қазметаллургқұрылыс» тресінің жұмысшысы
болып бастаған.
Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?
1991жылы
1 желтоқсанда өткен бүкіл – халықтың президенттік сайлауда
Нұрсұлтан Әбіщұлы Назарбаев республика азаматының 98,78/% дауысына
ие болып, жеңіске жетті.
Яғни, Қазақстан 1991 жылы 1
желтоқсанда тұңғыш президентің сайлады. Президентіміз Нұрсұлтан
Әбіщұлы Назарбаев.
Біздің дүниеде бір ғана
Отанымыз бар, ол –тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан дербестіктің,
тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері
мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып,
даму мен өркендеу жолында келеді.
-Балалар, ол кімнің арқасы,
кімнің еңбегі деп білеміз?
Қазір Қазақстан –көп елдермен терезесі тең,
елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді мемлекет. Елбасы
Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қоғамдық өмірдің
барлық салаларында экономикалық өсу байқалып, ұлтаралық өзара
татулық, азаматтық келісімнің сақталуына ерекше мән берілуде.
Елімізде халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Бұл жетістікте сөз
жоқ еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген
үлкен еңбегі бар.
Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
басшылығымен қазіргі Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерімен саяси,
экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр.Оның тәуелсіздігін
дүниежүзі таныды.Қазақ жері-қасиетті жер, сол жерді құрметтеу,
тәуелсіздігін сақтау-әрбір Қазақстан азаматының борышы.
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, дейді - елбасы
Н.Ә.Назарбаев,-оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық
қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған
Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз».
Президент
Шықты
тарап ой данадан,
Бері
қарады жұлдыз беті.
Өзі
қалап, сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Аман бол
алтын жүрек, дана басым,
Ел үшін
өлімге де бара аласың.
Буынның
бүгілмесін ел алдында,
Ертең де
еңбегінді бағаласын.
Қазақстан Президенті өзінің
жаңа жылдық құттықтауында: «Біз әлемнің дамыған 50 елінің қатарына
енуіміз керек. Ол үшін алға батыл жүріп, қойған мақсаттарымызға
жету үшін күш жігерімізді салуымыз қажет!» . Біздің белгілеген
мақсаттарымызға міндетті түрде жететіндігімізге мен толық
сенімдімін- деді.
«Еліміздің тағдыры- жас
ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында» деп
елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазіргі таңда әрбір ұстаздың
өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап үнемі ізденіс үстінде болуы заңды
құбылыс.