Материалдар / Нұрым жыраудың тілдік поэтикасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нұрым жыраудың тілдік поэтикасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жырау дегеніміз кім? Оның әдебиеттегі, тілдегі алар орны. Жырау сөз қолданысындағы қоғам бейнесі. Жыраулардың тілін поэтикалық шеңберінде зерделеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2021
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұрым жыраудың тілдік поэтикасы.

Кіріспе

Қазақ халқы ғасырлар бойына талай аласапыран тарихи жайттарды басынан өткізген. Ол жайлы өткен замандардағы қазақтың басынан кешкендері сол кез жырларында көрініс тапты. Себебі әдебиет – халық өмірінің көркем бейнесі. Тарихтың ұмытылмауына әдебиеттің қосқан үлесі мол екені белгілі.Онда тарихи шындық жатыр. Сондықтан өткен ғасырлардағы ақындар, жыраулар, жыршылардың туындыларына ерекше мән беріп, қастерлеп, әдеби шежіре деп қарауымыз керек. Оларды келер ұрпаққа дәріптеу қажет.

«Ұзақ жылдар бойына әрі қаншама ұрпақтың аузымен ауызша жырлануына қарамастан, суырып –салма жыраулардың ғажайып қабілетінің арқасында, халықтың өзінің ата –бабаларының ерліктері туралы өлең, жырларға, аңыздар мен ертегілерге деген махаббатының арқасында ескі жыр, аңыздардың барлығы күні бүгінге дейін бәз қалпында таза өзгеріссіз сақталып келді. Және ұлан –ғайыр даланың әр түкпірінен жинақталған жазбалардың барлығы өте дәл, бір –бірінен ешбір алшақтап кетпейді... Бұл халықтың өзі өз болып жеке –дара тіршілік кеше бастаған күндерінен бері бір де бір елеулі оқиға, бір де бір тамаша адам ұмыт қалмаған, барлығы түгелдей санасында сақталып қалған. Бірін суырып салма жыраулар жырласа, енді бірін әлдебір аты өлмейтін атақты сыбызғышы, не қобызшы ата –баба санасына мәңгіге өшпестей сіңіріп кеткен.

Қазақтың кез –келген қадірлі ру басы өзінің ата –тегінің күллі шежіресін жатқа біледі әрі тәрбиелі, көргенді адам болуы үшін халық ішінде қадірлі, жөн білетін ақсақал бидің алдында халықтың құқық жөндерін ыждаһатпен үйренеді, көптеген мақал –мәтелдерді, қызықты әңгімелерді есіне сақтап, оларды өз сөзін зерлеуге қолданып, шешендігін ұштайды.

Ендігі жерде жыраулар мектебі әдеби шығармаларды насихаттаушы, ел құлағына сіңіріп жырлаушы ғана емес, асыл ата мұраларды сақтаушы, әдебиет тарихын қолымен жасаушы, жаңа жазба әдебиет тұсында халықтың сөз өнерінің алтын арқауын ұстаушы қызметін де атқара. Жыраудың әдеби –әлеуметтік қызметінің мәні артты, біртіндеп халық әдебиетінің қазыналы қайнар көзіне айналды [1; 18-19 ].»

«Қазақ халқының мәдениет тарихында жыраулық дәстүрдің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті мен жазба мәдениетіміздің арасын жалғайтын алтын көпір ретінде XV – XIX ғасырларда туып қалыптасқан жыраулар шығармашалағы қазақ халқының шешендік, суырыпсалмалылық қасиеттерін, жаткештік қабілетін, әншілік өнерін , философиялық терең даналығын бойына сіңіріп, кейінге жеткізген тұтас бір дәуірдегі ұлттық рухани, мәдени болмысымызды танытатын ерекше феномен болып табылады.

Жыраулық сөз саптау, сөз қолдану, тілді танымды қалыптастырудың құралы ретінде қолдану әдістері тек ұлттық тіл шеңберінде емес, әлемдік лингвистиканың теория тұжырымдарымен сабақтасып, тіл –ойлау –дүние арақатынасы туралы пайымдауларға өзіндік үлес қосады. Жыраулар поэтикалық қана емес, танымдық, философиялық тұлға болғандықтан , тіл мен ойлау, тіл мен таным арақатынасына байланысты ой –түйіндер жыраулардың өз пайымдаулары арқылы да дәйектеледі.

Жырау –әрі автор, әрі тыңдаушы, әрі белгілі бір мәдениет түрін жасаушы, әрі оны сақтап кейінгі ұрпаққа жеткізуші, ең бастысы тіл мен мәдениет, тіл мен таным, тіл мен адамдық фактор қарым –қатынасын бір өзіне жинақтаған лингво –психологиялық , лингво –филисофиялық болмыс иесі.Жыраулар –тілідік тұлға, себебі олар тілдің жетегінде кетпейді, керісінше , тілді өз жетегіне алады. Жыраулар дискурсына толық ену үшін олар тұтынған «бастапқы» білімді меңгеруіміз қажет. Онсыз жыраулық дүниетаным өзінің тылсым құпиясын ашпаған күйі қала бермек [2, 1].»

Мақсаты мен міндеттері. Жыраулардың тілін поэтикалық шеңберінде зерделеу. Жыраулар тынымындағы концептілердің мәнін ашу. Оның әлуметтегі алған орны мен қызметін бағамдау. Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесін талдау арқылы ашып көрсету.

  • Жырау тіліндегі концептуалды дүниенің көрінісі

  • Салт- дәстүрге қатысты сөз қолданыстары

  • Жырау шығармашылығындағы қоғам өмірі

  • Жырау тіліндегі соны тіркестерді табу

Жұмыстың теориялық, әдіснамалық негізі. Жырау дегеніміз кім, оның әдебиеттегі, тілдегі алар орны. Жырау сөзқолданысындағы қоғам бейнесі.Зерттеу барысында талдау, саралау, жүйелеу, жинақтау, мәтіндік талдау, концептуалдық талдау әдістері қолданылды.

Тақырыптың өзектелігі . Жырау тіл шеберлігін әдебиет теориясына қатысты зерттеп қоймау. Лингвистикалық тұрғыдан да бір қырын ашу.

Жұмыстың құрылымы. Кіріспе бөлімінен, незігі бөлім екі тақырыпшадан құралған, жұмыс қорытындымен аяқталады.

Дерек көздері. Жыршылық өнер жайында ақпар беретін еңбектер. Жыраудың жарық көрген : «Бес ғасыр жырлайды», « Ақберен» жыр –жинақтары. Жырау жайлы газет бетіне жарық көрген еңбектер. Зерттеу бағытына сәйкес жарық көрген авторефераттар және әдеби бағдар беретін анықтамалықтар.

Теориялық –практикалық маңызы. Жыршы әдебиет теориясында кім, лингвопоэтикада кім екендігі айқындалады. Және тілдік шеберлігі тұрғысынан талдап түсіндіру. Жырау поэзиясының мәнін оқырманға жеткізу.

Адамзат өзінің қоғамдық –тарихи даму барысында шындық өмірді іс жүзінде меңгере отырып, заттер мен құбылыстарды таниды, жаңа ұғымдар қалыптастырады, олардың арасында белгілі бір байланыстар өзара тәуелділіктер орнығады, сонымен қатар деректіні дерексіздендіреді, жалқыны жалпыландырады. Адам танымындағы мүндай дамытушылық тілде кқрініс береді. Тіл тек таным құралы, зататр мен құбылыстар әлемін, идеялар әлемін жаңғыртушы ғана емес, ол ойды жалғастырушы, ұрпақтан –ұрпаққа сенімді жеткізу қызметтерін атқара отырып, сол дәуір тіршігілінен ақпар беруші, тұрмыс –тіршілігін танытушы. Мәселен жыраулық үрдіс арқылы өзі өмір сүрген дүние концептісін танимыз. Жаратылыс жайлы ой –пікірін, көзқарасын білеміз. Қолданысындағы сөздер мәдениеттен, билік құрылымынан, салт –дәстүрден, тұрмыс –тіршіліктен,діни түсініктен, адамгершілік, ізгілік сияқты ұғымдардың мәнін түсіндіріп береді. Және біз сол кезеңге жырау шығармашылығы арқылы енеміз.

Жыраулар өз кезеңінде маңызды рөл атқарған, өнер иесі болды. Олар сөз өнерінің сарқылмас байлығы,халық дәстүрін жаңғыртушы, даналықтың қайнар көзі, филасофиялық ой иесі, елдікті, ерлікті жырлаушы, ізгілікті дәріптеуші, халық мұрасын жеткізуші. Біз осылардың барлығын жыршылардың еңбектері арқылы таныстық. Ал оны жеткізуші дәнекер әрине тіл. Тіл қалыптасқан сана арқылы дүниеге меже жасап, рухани дүниені танытады. Ал әрбір тілдің өзіне тән ерекшелігі болады. Енді біз сондай ерекшелікке ие жыраудың бірегейі және қайталанбас тұлғасы Нұрым Шыршығұлұлының тілдік концептісіне үңілсек.

«Нұрым Шыршығұлұлы ақиық ақын, төгілме жырау боп танылған. Әр сөзінде тасқа қашалғандай ақыл-ой, философиялық тұжырымдар мол. Ерлерді дәріптеген асыл сөздерін төккен Нұрымның суырыпсалма ақындығы айтыстары мен сөз қағыстарында көрінген. Жас ұрпақты ерлікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Ол әрқашан көркем сөздерімен, тапқыр ойларымен халықты қызықтырған. Нұрымның шығармашылығындағы ерекшелік – оның батырлар жырының бірқатарын кейінгі ұрпаққа жетуіне күш салған айтулы жыраулардың бірі екендігі. Нұрымның жырлау шберлігі жайлы Қадір Жүсіп өз мақаласында: «Нұрым Шыршығұлұлы – батырлық жырларды таратушы және өрнекті түрде дамыта жырлаушы.Нұрым өзі өмір сүрген заманға сын көзімен қарап, ел азаматтарын жақсы мінез-құлыққа үгіттеп, жақсы қасиеттерді насихаттайды. Ақын адам ғұмырының кезең-кезеңдерін жырлап, әрқайсысына мінездеме берген және ғұмыр мәңгілік емес екендігін көркем тілмен айта білген. Оның жырлары халықтығымен, бұқараның айнымас арын арлаушы, жоғын жоқтаушы болғандығымен көрінеді.» -деп сипаттама беріп кетеді /3,1/.»
« Нұрым шығармалары термелер мен арнау өлеңдер, айтыстар мен дастандар. Нұрым шығармашылығын терең зерттеп жеткізген, теориялық тұрғыдан түсінік беруші Қабиолла Сыдиықұлы. Ол:«Нұрымның ақындық арынын әсіресе терме, толғауларынан танимыз. "Мен қашанғы жүйрігің...", "Ұсынсам, қолым жетер ме", "Әлеумет, келдің қаумалап", т.б. терме, толғауларында Нұрым заман сырына үңіліп, көне жыраулар дәстүрімен адам өмірі, жастық, кәрілік, жақсылық, жамандық туралы толғанады. Дүние өтпелі, бұл өмірден шешен де, батыр да, сұлу да, ақын да өткен, ертең кәрілік келеді, жас шақта жалындап өт дейді жырау. Ол жалындау дегенде, өмірдегі жақсы мен жаманды салыстыра келіп, мағыналы – адамдық абзал жолды нұсқайды...Ақын "Өмірдегі әр нәрсенің жарастығы, көркемдігі неде?" деген сауал төңірегінде тебіренеді. Термелеріндегі сөз мағынасына үңілсек, "Әр нәрсенің жарастығы – уакытында" деген пайымдауын аңғару қиын емес. Сайып келгенде, оның дүниенің қимыл-қозғалыста, даму үстінде екендігін сезінуі айқын аңғарылады. Нұрымның ұсынар жолы – дүние қызығына түскен күйкі пендешілік емес, достық, татулық – адамгершілік абзал мұрат.
Нұрым – дәуір сырын ұға білген, заманының көрнекті ақыны. Ол "қырдан асқан түлкідей қырмызы қызыл заманға" немқұрайлы қарай алмаған. Өзі өмір сүрген дәуірдің "жарлы, бай, жаксы, жаман ала жасап, еркінше еліктірген қапыл заман" екенін көреді. Заманының алдамшы, әділетсіздігіне ашынып, адамшылық абзал қасиеттерді насихаттайды, адамды дүние көркі деп ұлығылай таниды» -деп тұжырым жасайды [4, 1].» Осы сипаттамалардан –ақ Нұрымның қозған тақырыбын, дүние жайлы пайымын, оны қалай сипаттағанын, тіл шеберлігі жайлы біршама ақпар алдық.

Нұрым шығармашылығығ поэтикасында жалпы адамзатқа тән ұғым түсініктер мен қазақы менталитет қалыптастырған ұлттық мәдениет, ұлттыңқ рухтың өзінідік сипатын танытатын жеке концептілер арқылы , атап айтқанада, дүниенің болмысын, жаратылуын, дүниенің мәнін тану , адами қасиеттер, адам тіршілігінің мазмұны негіз болған. Ал оның концептіде берілуі мен арасындағы байланысты тауып көрелік.

1.1 Жырау поэтикасындағы концепт құрылымы. «Концепт –индивиттің, тілдік тұлғаның дүние, жаратылыс, оның түрліші заттары мен құбылыстары туралы өмір тәжірибиесі, білімдік аясы (көзқарасы, танымы негізінде) өзі өмір сүретін әлеуметтік ортаның мәдениетінен қабылдап, қалыптастырған танымдық, білімдік жүйесі [2, 2].»

Әрбір адамзат дүние жаратылыс жайлы бітпейтін сұрақтарға тап болып, оның жауабын табуға бас қатыратыны бізге аян. Жыраулар да 1) дүниені кім жаратты?2) адам қалай жаратылды, 3)дүние неден тұрады? 4) дүниенің тірегі, мәні неде? Деген сауалдарға жауап іздегенін өлең жолдарынан жиі кезіктіріп отырамыз.

«Қазақ ортасына ислам дінінің таралуына көбінесе қазақтың ақындықты сүюі себеп болды деген дұрыс пікір. Елге не жайылса да, әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өлшеуінің біріне түскен соң ғана жайылатын болған. Өлеңсіз, әңгімесіз, сұлу сөзсіз келген құрғақ үгіт болса ондайды ел тыңдамаған да, ұқпаған, ықылас қоймайтын болған. Сондықтан мұсынманшылдық дін де қазақ елінің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып келген [ 5, 1].»

Ал оны халықтың салтына, әдепіне, түсінігі мен дәстүріне қарай ыңғайлап, түсіндіріп, дәріптеу жүргізген жыраулар. Олар әрі ақындықты, әрі жыраулықты, әрі жыршылықты, әрі әншілікті, әрі қиссашының, әрі діндар адамның қызметін атқарған синкретті өнер иесі болған.

Сол секілді бұл сауал Нұрымды да толғандырған. Оның үстіне Нұрымның діни сауаты да болған. Оған дәлел Нұрымның сұрақ-жауап түріндегі Абылмен және Қашағанмен болған екі айтысы. Мұнда ақындар дін туралы бір-бірінің білімділіктерін байқасқан. «Бала ишанға айтқанындада (Рахметолла ишанға)» діни ой толғамдарға толы.

Дүниені Алла жаратқан дей келіп оны мынадай сөз тіркестерімен берген:

Жасаған Жаббар, Жан Ие..

***

Бісмілла сөз бастайын, Хақ-Жасаған...

Бір Құдай әуеліде жаратқанда..

Алла нәсіп айдаса...

***

Кім білсін ойланғанмен Хақтың ісін,

Көрінед аузыңды ашсаң меруерт тісің.





Shape1 Жасаған жаббар

Shape2 Жан иесі

АShape4 Shape5 Shape3 лла концептісі: Хақ жасаған

Құдай

Алла

Дінге қатысты сөз тіркестері мен сөздер: әнбие, әулие, пақыр, пайғамбар, Алланың досты Мұхаммед, Шайтан неге шарасыз, қаза, Адам Ата, Хауа ана, жалған пәни, Мекке шәрдің қасында Құрбанға шал Тасбих, тәуба, зікірсізАғузы, алхам әйет бар, Сан Пайғамбар, сахаба, Құран Шарипте, Лаухы менен махфозда, Періштелер жазыпты, Жұмақта дархан сарай бар, Әзірейіл хабар еткен күн, махшар күнінде, Сәжде - сауап қылмаған. Мұсылманды, пенде, Қараңғы жерде қабір бар,Иманды құлға тым жарық,тәкаббар болған бұлданып Сәжде - сауап қылмағанЖаймаған қолын азанғаАлладан болған әмір бар.

«Дүние» концептісі:


Бұл дүнияға келген жан
Бір Құдайдың мүлкі-ді.
***
Бұрынғы өткен
заманда.

Басыңнан дәурен бір өтсе
Қайтадан дәурен құралмас.
***
Машахат шеккен құлданып
Солардан қалған
сұм дүние.

***

Дүнияны қызық демеңіз
Қырмызы қызыл түлкі-ді.

***

Ұсынсам қолым жетер ме
Қырдан асқан түлкідей,
Қырмызы қызыл заманға.

Shape6 Қырмызы қызыл заман

ДShape10 Shape9 Shape8 Shape7 үние: Қырмызы қызыл түлкі дүние

Сұм дүние

Бұрынғы(дан) өткен заман

Дәурен

«Дүниені Алла жаратқан. Жаратылыстың басы-су. Дүниенің пайда болу, қалыптасу сатысы: 1) су>бу>аспан, жер>Адам, Лаухы, Ғалам, Абзал> он сезіз мың ғалам. Он сегіз мың ғалам: алты жәмәдәт, алты нәбәдәт, алты хайуанат: 2)Әузу, Әлхам; 3)Жұмақ, тозақ; 4) Арсы, күрсі [2, 3].»

Жыр мәтінінде дүниенің көркемдік- идеялық концептісін дүниенің төрттік тірегі – аспан, жер, су,күн (жарық, нұр) байланыстылығында, бірлігінде алынып, ұлттық таным деңгейінде бейнеленген. Дүниенің өткінші екендігін, алла қалаған күні сыйға берген жанын қайта тапсырар күн келетіндігін, өмірін сауап жасап, ізгілікті істер атқарып өткізгендерге жарық қағбасы бар жұмаққа баратындығын, сәжде жасамай, Алланың парызын орындамағанадар тозаққа барады дей келіп, адамдарды ізгілікке шақырған. Адамның өмір сүруі қоғамнан асып бармайды. Біз Нұрым жарудың толғауларыннан халқымыздың мұсылман дінін ұстанғаннын, оны елге насихаттап, жеткізуде жыраулардың үлкен рөл атқарғандығын байқаймыз. Қоғамға үлгілі өсиет атуымен қатар, елді ұйытып отырардай тәрбие беріп, жақсылыққа бағыттап отырған.

Рухани –материалдық лексикасы . Материалдық лексика қоғам өміріндегі адам өмірінің тіршілігін, салтын, тұрмысқа қажет құралын, саяси ахуалын және т.б дүниелерді танытады. Кез келген заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оның табиғатынан хабар береді. Ал, тану немесе анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдай аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты сан түрлі болады. Әр алуан ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездестіріп, қолданылатыны жағынан өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, атау беруде өмір шындығы мен тұрмыс болмысы тіл фактілеріне айналып, халықтың тұрмыс-тіршілігі тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі зат түрінде тілде таңбаланып, бейнеленеді.Жырау лексикасында ХІХ ғасырдың тұрмыс –тіршілігін танытатын сөздер мен сөз тіркестері баршылық: «Қағаз жаз деп қаламға, Өнерің ғылым болсын деп;Қайыра қамшы сермеме; Енді қайтып оралып, Босағаңды көре алман; Бұқардың бұлы қымбат ақ ұнындай; Қаперсіз ерлер жатқанда, Қапыда түсті қақпанға; Сырлы аяқтың түбінен, Бал сыпырып жалаған; Қақ айырып қазанын, Балтаменен ояды; Сары ала тон, қылыш бау,Мың биенің пұлы бар. Қондырып биялайға томағалап, Құсбегі, қойдың қалай жіпсіз байлап?; Самаурын шай қайнаттың алтын сандық, Шай берсең шекер төгіп – о да сәндік; Қашаннан шынжырлысың үзілмеген. Беріштің талай қызы тоқал болды; Жұт болса, біздің елден тұқым қалады; Бір бай жоқ бұл Беріште жеті баулы, Беріштің бір өнері - ағаш кескен; Мал берсе, Беріш қызын бере берер; Қоян жыл о да қайтты қақтап жасық; Бұл қыз бен бұл төрені қайтеміз деп; Жиналып талай билер қылды кеңес; Ізгіден дұға, бата алған, Ананың сүтін ақтадың; Оралдан міндің пойызға, От кеме, вагон арбаға;Қайтамын дедің, есендік Телгірам хабар-хат алып. Таныс болған орыстың Гүбірнатыр сортына.»

Қағаз, қалам лексикасы Нұрым жырау тұсында ғылымның өркендегенін, ауыз әдебиетімен қатар жазба әдебиеттің де нен бастағанын аңғарамыз. Босаға, қамшы, жіп, сырлы аяқ сөздері қазақ ұлтының тұрмысына пайдаланған заттарының бірі. «Босаға» түркілер үшін киелі ұғым, оған байланысты бірнеше наным –сенімдер, тиымдар, ырым –жоралғылар бар. Мысалы: «Босағада тұрма, босағаны керме». «Қамшы» көшпелі өмірде көп септігін тигізген құрал, әсіресе жылқы түлігін басқаруға өте ыңғайлы.Ұлттық ойынымыз көкпарда сәйгүлікті өз ырқына бағындыру үшін таптырмас құрал. «Сырлы аяқ» күнделікті тұрмыста ас ішуге арнап қолданылады. Әдетте қазақ халқы ас ішешін табаны ағаштан жасаға. Кейіннен көрші елдермен сауда –саттық қатынас орнап сырланған металдан жасалған ыдыстар біздің елге де келіп жеткен. Қылыш, балта, шынжыр жаугершілік заманда қолданылған соғыс жүргізу құралы. Жырау толғауларындағжырларында әскери лексикаға байланысты сөздер тізбегі мол. Дегенмен жырау өз кезеңінің батырлығын жырлады ма, жоқ бұрын өткен ерлікті жырлады ма соны анықтау керек. Сол кезде ғана бұл сөздер қай ғасырға тән екендігін анықтап –білі аламыз. Тоқал алу, құсбегілік өнер, қалың мал беру, бай, кедей, төре ұғымдары салтымызда орын алған, өмір сүру кәсібіне орай қолданылған сөздер. Қазақ жері аң мен құстың құтты мекені. Саят құру мақсатында, азық ету үшін де аң ауланған. Бүркіт, қаршыға секілді құстармен аң аулау қызықты және олжалы.Ал ол құстарды бабына келтіріп, күтім жасау керек. Бұл өнерді құсбегілік деп атайды. Жырау өмір сүрген тұста да бұл өнер күнделікті тұрмыста орын алған. Пұл, самауырын шай, шекер сөздері сауда саттықтың арқасында өзге жұрттың салтынан енген дәстүрлер. Дұға, бата алу, ананың ақ тілегін орындау үлкенге құрмет, ізгі ниет, ананы сыйлау, перзенттік борыш секілді адамгершіліктен байланысты айтылған сөздер. Қазақтың игі жақсылары бір жақсы іс бастамас бұрын үлкендерден бата алған. Берген ақылы, ізгі тілегі өміріне септігін тигізген. Пойыз, от кеме,вагон арба,телеграмм, хат –хабар, губернатор сөздері қазақтыі төл сөздері емес, орыс тілінен енген кірме сөздер. Яғни орыс тілі біздің ұлт тіліне ене бастаған, ол саясаттың және қарым –қатынастың жиілей түскендігінің көрінісі.

Жырау тіліндегі соны тіркестер. Жырау тілін өзге авторлардан ерекшелеп тұратын оның тіл қолданысы. Ол екершелікті танытатын жыраудың соны тіркестері, авторлық лексика, кірме сөздер және т.б. Мұндай ерекшелік жырауларда біркелкі болмайды, оның себебі өмір сүрген дәуіріне, көтерген мәселесіне, ақындық шеберлігіне байланысты болып келеді. Оның біздің дәуірге жетіп –келуіне де мән аударғанымыз жөн. Өйткені онда жеткізуші тарапынан өзгерістер енгізуі не болмаса өңдеп сол дәуірге тән лексикондар қолданылуы мүмкін. Біз Нұрым жыраудың тіліне ғана тән соны тіркестерді молынан ұшыратуымызға болады. Мұндағы соны тіркес дегеніміз өзгелерде кезіге бермейтін, авторт тілін ерекшелендіріп тұратын, белгілі бір айшықты сөз тіркесін жасау мақсатына мәндері сәйкес емес тіркестердің қиуласып тіркесіп қолдаылуы. Жырау лексикасындағы тіркестер ХІХ ғасырға тән болғандықтан кей сөздердің мәні көмескі болуына байланысты, оны түсіндірме сөздікке жүгіндік. Мысалы:

Бедерің бес жасыңнан тұр бұзылмай.
Қып-қызыл
екі бетің алмадайын,
Базарда бұлы
қымбат қырмызыдай. Асылдай ақ күмістен айырулы-ай,
Қасиетті бір мінезің абиұрлы-ай.
Ақ бетің ақ жауқазын айға меңзес,

«Бедер» сөзін қазіргі авторлар көбінене «жүз, бет» деп қолданады. Және оны заттық мағынада емес, «бедерлі» деген сындық мәнде кезігеді. Ал оның лексикалық мәні мынадай: Бедер – 1.Бір нәрсенің бетіндегі әшекейлі бұдыр, бүр. 2.Жердің беткі қабаты. «Екі бетің алмадайын» -теңеуі жыраулар тілінен бері келе жатқан тіркес екендігін байқаймыз. « қымбат қырмызыдай» -тіркесіндегі қырмызы(қырмызы – ашық қызыл) сындық мағынада емес, заттық мағынада қоланып тұр, өйткені теңеу жасалғанда бір затқа балап, ұқсастырып теңеледі. «Ақ бетің ақ жауқазын айға меңзес» -мұндағы бір ғана жүзді сипаттау үшін үш теңеуді (ақ бетің, ақ жауқазындай, айдай) қатар қолданғанын және автордың сөз қолданудағы шеберлікті көреміз. Бір шумақта сөздердің қайталанбауы үшін де оның синонимдік қатары түзілген. «Бедерің – ақ бетің» синонимдік қатар.

Сөйлей гөр тілім, көм

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!