Материалдар / Нумизматика саласын қолдана отырып оқушының қызығушылын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Нумизматика саласын қолдана отырып оқушының қызығушылын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Нумизматика көне тиындарды зерттейтін сала. Осы көне тиындарды зерттей отырып ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмыс жасауға арналған әдістер.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Тамыз 2023
286
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу облысы

Кербұлақ ауданы

Қосағаш ауылы

«Қосағаш орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен» КММ





Тақырыбы: «Нумизматика саласын қолдана отырып, ерекше білімді қажет ететін оқушының ұсақ қол моторикасын дамыту, есте сақтау мен ойлау қабілетін жақсарту мен ойын жаттығулары»

 



Секция: Дефектологиялық

















Бағдарлама жетекшісі: Асхатқызы Айым

Қосағаш орта мектебінің арнайы маманы

Бағдарлама әзірленген жыл: 2022 жыл




Жетісу облысы Кербұлақ ауданы «Қосағаш орта мектебі МДШО» КММ арнайы маманы Асхатқызы Айымның «Нумизматика саласын қолдана отырып, ерекше білімді қажет ететін оқушының ұсақ қол моторикасын дамыту, есте сақтау мен ойлау қабілетін жақсарту мен ойын жаттығулары» атты бағдарлама тақырыбына

Резенция

Кербұлақ ауданы «Қосағаш орта мектебі МДШО» КММ дефектологі Асхатқызы Айымның «Нумизматика саласын мектеп сабағына енгізе отырып, ерекше білімді қажет ететін оқушының ұсақ қол моторикасын дамытып, есте сақтау мен ойлау қабілетін жақсарту мен ойын жаттығулары». Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің барлық бөліктерін гуманизм және демакратиялау идеясын іс жүзінде асырудың қазіргі заманғы жағдайында жалпы мектептердегі арнайы педагогтың көмегін қажет ететін оқушыларды оқытуда білім беру және тәрбиелеу ұйымдастыру мен мазмұны жаңа сапалы деңгейге көтерілуде. Осыған байланысты арнайы педагогтың (дефектолог) көмегін қажет ететін оқушыларға танымдық іс-әрекетті түзету, өзін еркін ұстауға машықтандыру курсын енгізудің маңыздылығы байқалады. Бұл курс оқушының жеке жас және мүмкіншіліктеріне қарай ерекшеліктерді есепке ала отырып қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, жағымды эмоциялық қатынас ортатуға, таным мен сөйлеу тілі қызметін дамыту, қоршаған ортада өзін еркін ұстау мақсатында құрылған. Монеталармен жұмыс жасау арқылы ұзақ қол моторикасын дамытуға бағытталған.

Балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепте білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектеп мекемесінде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. 

Бағдарламаға таңдап алынған нумизматика яғни, тиындарды зерттейтін сала, ескірген тиындарды қолымен ұстау арқылы қол моторикасын дамытып қана қоймай оның тарихымен танысу арқылы ерекше білімді қажет ететін оқушының ой- санасынын дамытады. Қоршаған ортамен тығыз байланыс ортанып мүмкіндігі шектеулі балалар өз ортасында жеке өзінің тұлғасын қалыптастыратына сенімдімін. Бұл жұмыстың келешектеде пайдаланатын мәліметтері мол екендігін атап өтуіміз керек.


Бағдарлама тақырыбы: «Нумизматика саласын қолдана отырып, ерекше білімді қажет ететін оқушының ұсақ қол моторикасын дамыту, есте сақтау мен ойлау қабілетін жақсарту мен ойын жаттығулары»

Бағдарлама әзірленген жыл: 2022 жыл.

Түсінік хат

«Нумизматика саласын қолдана отырып, ерекше білімді қажет ететін оқушының ұсақ қол моторикасын дамыту, есте сақтау мен ойлау қабілетін жақсарту мен ойын жаттығулары»

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің барлық бөліктерін гуманизм және демакратиялау идеясын іс жүзінде асырудың қазіргі заманғы жағдайында жалпы мектептердегі арнайы педагогтың көмегін қажет ететін оқушыларды оқытуда білім беру және тәрбиелеу ұйымдастыру мен мазмұны жаңа сапалы деңгейге көтерілуде. Осыған байланысты арнайы педагогтың (дефектолог) көмегін қажет ететін оқушыларға танымдық іс-әрекетті түзету, өзін еркін ұстауға машықтандыру курсын енгізудің маңыздылығы байқалады. Бұл курс оқушының жеке жас және мүмкіншіліктеріне қарай ерекшеліктерді есепке ала отырып қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, жағымды эмоциялық қатынас ортатуға, таным мен сөйлеу тілі қызметін дамыту, қоршаған ортада өзін еркін ұстау мақсатында құрылған. Инклюзивті білімді қажет ететін баланың ұзақ қол моторикасын дамыту ең маңызды іс әрекет болып табылады. Яғни, мектепке дейінгі және бастауыш сынып табалдырығында оқитын оқушының ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетінің маңызы өте жоғары,

Балаларды оқыту және тәрбиелеу, дамытуды одан әрі жетілдіру жолдары қазіргі кезде мектепте білім беру заңдарында айқындалып берілген. Бұрынғы қалыптасқан концепциялар, оның өзгешелігі тек оқыту, білім, білік дағдыларын қалыптастыру ғана емес, бүкіл оқыту үрдісін жан-жақты ұйымдастыру мақсатын көздейтіндігінде және баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына бағытталады. Қазақстан Республикасында қазіргі мектеп мекемесінде жаңа өзгерістер мен әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттағы жобаны іздестіру және қолдануға арналған Республиканың «Білім туралы» Заңында «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты мәселелер мемлекеттің білім саясатының басты ұстанымында атап көрсетілген. 
Әр елдің болашағы сол халықтың білім, ғылым деңгейімен анықталатындықтан, оқу жүйесін неғұрлым тиімді құра білу қажеттілігі қай кезде де өзекті мәселе болмақ. Танымдық қызығушылық оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбиелеп оқытудың ең көкейкесті проблемалары танымдық қызығушылық мәселелерін қарастырады. Бала өмірінде қызығушылықтың әр түрі (эстетикалық, көркемдік, музыкалық, т.б.) көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін танымдық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Танымдық қызығушылықты арттыру, дамыту туралы, бұдан басқа оның қоршаған ортамен тәрбиеге тәуелділігін Гельвеций атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ дамыта оқытудың әдістемесіндегі ең басты нәрсе көмекті қажет ететін оқушының танымдық қызығушылық әрекетін арттыру. Мұның өзі эвристикалық және зертттеу әдістеріне ерекше мән берілетінін көрсетеді. Бұл әдістер ұстаздың «дәстүрлі емес тапсырма түрлерін ізденудің объектісі» ретінде қоюы, «жекеліктен жалпыны тауып шығару» тағы басқа сияқты көмекті қажет ететін оқушының шығармашылық ізденісіне, танымдық қызығушылығына жетелейтін, іс-әрекетке қосатын , баланы «іс-әрекет біліктері мен дағдыларының шебері», «белсенді ізденгіш» ететін әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Мектеп жасындағы оқушылардың қызығушылығын ояту, интернет желісінен азда болсын алшақтату жолында, көне жәдігерлерді пайдаланудың пайдасы зор деп білемін. Ал баланың қызығушылығын оятуда нумизматика саласы өзінің рөлін қосары анық. Әр ұстаз өз білімін үнемі жетілдіріп, көне тиындарды, монеталарды пайдаланса, сабақ анағұрлым қонымды болары сөзсіз. Нумизматика пәнін оқу процесінде жүргізу, оқушыларды ізденуге, қызығушылыққа итермелеп, тарихты оқуға шақырып, қабілетті болуға үйретеді. Сонымен қатар жәдігерлерге ұқыптылықпен қарап бүгінгі күннің ертеңгі күні тарих екенін түсінеді.


Бағдарламаның мақсаты: Жалпы мектептегі арнайы педагогтың (дефектолог) көмегін қажет ететін оқушылардың танымдық аясын дер кезінде педагогикалық-дефектологиялық тұрғыдан диагностикалау және түзету арқылы, есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту. Ерекше білімді қажет ететін оқушының ұсақ қол моторикасын дамыту мен ойын жаттығуларын дұрыс пайдалану.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Мүмкіндігі шектелген балалардың ойлау мен есте сақтау ерекшеліктерін зерттеу.

  2. Арнайы педагогтың (дефектолог) көмегін қажет ететін оқушыларға монеталар мен тиындардың тарихымен таныстырып, қолданыстан шыққан тиындармен ойнату арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту, сол арқылы жүйелі түрде тарихты айта отырып баланың қызығушылығын оятып, түзете- дамыта оқыту.

  3. Танымдық қызметке деген жағымды қатынасты қалыптастыра отырып оқушының бойындағы кемшіліктерді түзету және алдын алу. Көне тиындарды жинатып, оқушыны ұқыптылыққа үйрету. Құнды заттарды салыстыра отырып оқушының санасына өткен тарихты оқыту. Қосымша интернет желілерін пайдалану.

  4. Ойлау, есте сақтау қасиеттеріне арналған жаттығуларды дұрыс пайдалана білу.

Ерекшеліктері:

  1. Зейініне, ойлау қабілетіне тікелей әсер етеді, көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы есте сақтау қабілеттері дамиды.

  2. Нумизматика саласы арқылы тарихпен танысады.

  3. Ұзақ қол моторикасына арналған жаттығуларды жасайды. Негізгі құралы ұсақ монета тиындары.

  4. Ойын жаттығуларының нәтижелі түрлерімен танысады.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Оқушы ұсақ қол моторикасының жаттығуларын қызыға жасайды.

  2. Монеталарды көзбен көру арқылы қызығушылығы оянып, педагог көмегімен олардың тарихымен танысады.

  3. Ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды.



Бағдарлама мазмұны:

«Балаларды өз бетімен құмарландыратын, ынталандырып, ықыласын арттыратын сабақ, балаларға ана тілінде қарапайым тілмен қызықты ұғындырылса, әңгімелер мен ертегілер, мысалдар мен өлеңдер орынды пайдаланылса, олардың білім алуға деген қызығушылығы арта түседі»

Ы. Алтынсарин.

Шығармашылық жұмысымды былай тұжырымдаймын:

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында жан-жақты білімі бар, тез дамыған, дүние жүзіне әйгілі және сыйлы мемлекеттің патриоттарын тәрбиелеу ісін педагогтар қауымына жүктеген. Сол ауырда, жауапты істердің нәтижелі болуы әрине біздерге байланысты, сондықтан да әр педагог балаға білімді беріп қана қоймай, сол білімді баланың бойына сіңіру жолында, баланың білімге деген қызығушылықтарын оята отырып, оның бойындағы қабілеттерін аша білу керек деген екен. Осы шығармашылық жұмысымның нәтижесі, қорытындысы ретінде мынандай зерттеу мақаламды ұсынамын.

Сөзімді нумизматика сөзінен бастағым келіп отыр. Бұл сала көпшілікті қызықтырмайтын, кейбір адамның бойынан табылатын ерекше қасиетке ие жандар қолданылатын тарихи пән. Нумизматика сөзі  (лат. numіsma, грек. nomіsma – тиын, шақа) – тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін сала. Қағаз ақшаны (бонистика), медальдарды, жетондарды, ордендерді (фалеристика) зерттеу ұғымына сәйкес келеді. Тиындарды ақша айналымының құралы, мемлекеттік құжат, қолөнер мен өнердің туындысы және эпигр. деректеме ретінде зерттеу басқа да тарихи деректемелерді – жазба және археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Металл тиындар шыққанға дейін ақшаның міндетін түрлі тауарлар – мал, сәндік заттар, металл қарулар, металл кесегі атқарды. Тиын соғу және оны белгілі бір қоғамда төлем құралы ретінде пайдалану сол қоғамның әлеуметтік экономикалық және саяси дамуының белгілі бір сатысында табысқа жеткенін көрсетеді. Тиынды жасап шығару құқығы, әдетте, мемлекеттік өкімет билігінің қолында болған. Алғашқы тиындар Лидияда (Кіші Азия) және Эгина аралында (Грекия) пайда болған (б.з.б. 8 ғ-дың аяғы – 7 ғасырдың басы). Тиынның оң бетін аверс (Av), ал сол бетін реверс (Rv) деп айырады. Әдетте тиынның оң бетіне мемлекеттік өкіметті немесе ресми дінді дәріптейтін суреттер мен бейнелер (ежелгі грек қалаларының тиындарында – құдайлардың бейнесі, Рим империясы мен ортағасырлық Батыс Еуропа мемлекеттерінің тиындарында патшаның суреті немесе оның гербі, т.б.), ал сол бетінде оның бағасы, шыққан жері мен жылы, т.б. көрсетілген. Жазулар оның екі бетінде де (аверс, реверс) кездеседі. Олар тиынды шығарған елдердің немесе өкімет органдарының белгілерін, монархтың аты мен мансабы, тиын сарайының, тиынды шығаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан уақытын, т.б. көрсетеді. Алғашқы тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен соғылған. Бері келе оларды алтыннан, мыстан, сондай-ақ түрлі қосынды металдан (қола, латунь, билон) жасады. Жаңа кезеңде сонымен қатар никельден, алюминийден, т.б. құйылатын болды. Асыл металдарға (алтынкүміс, т.б.) мықты болу үшін мыс қосқан. Осы қосындыларды лигатура, ал тиындағы асыл металл пайызын сынама деп атаған. Сынаманы (проба) мемлекеттік өкімет белгілеген. Бірақ кейбір мемлекеттер тиындардың бұрынғы номиналды бағасын сақтай отырып, олардың сынамасын және салмағын төмендетіп шығарған. Бұл әрекет, әсіресе, орта ғасырларда мемлекеттердің кірісін көбейту үшін көп қолданылды. Тиындардағы белгілер мен жазулар арқылы басқару түрлерін, патшалықтың ауысуын, әулет шежіресін, мемлекеттік төңкерістерді, т.б. анықтауға болады. Олар көбіне саяси және қоғамдық өмір оқиғаларын, соғыстар, жаулап алушы мемлекеттегі ішкі күрестер, мемлекетті немесе діни реформалар, т.б. көрсетеді. Тиындар – идеология, дін, қоғамның саяси ой-пікірі тарихын зерттеуде айрықша деректеме. Қоғамның экономикалық тарихын, қолөнерінің көркем туындысы ретінде техника және өнер тарихын зерттеуде нумизматика материалының маңызы зор. Ғылыми Нумизматика 18 ғ-дың 2-жартысында пайда болды. Оның негізін салушы – Вена нумизматы И.Х. Эккель. Нумизматикалық зерттеулер тиындардың ірі коллекцияларын сақтайтын ұлттық музейлерде, ҒА-ларының тарих және археологиялық институтттарында, кейбір университеттерде жүргізіледі. Қазақстанда тиындар (негізінен орта ғасырларға жататын) көне қалаларда, обаларда, сондай-ақ тиын қоймаларында (ОтырарТараз,Иасы,т.б.) жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылды. Олар арқылы Қазақстанды мекендеген халықтардың Орта Азия, алдыңғы Шығыс, Қытай, Жерорта теңізі, Русь мемлекеттерімен сауда байланысы болғандығы анықталды. Алматы да нумизматикалық зерттеу жұмыстары Қазақстан ҒА Археология институтында жүргізіледі. Қазіргі Нумизматика тиындарды кешенді зерттеу тауарлы ақша қатынастары тарихын деректемелер ретінде қарастыруды алдына мақсат етіп қойып отыр[1]. Нумизматика сөзінің өзі бірнеше тарихты көтеріп отыр. Көне заттардың ішінен мектеп оқушылары үшін нумизматика сабағын енгізуді ұсынар едім. Нумизматикада тиындарды жинау, оны дәріптеу арқылы оқушыларға көне тарихты дәріптейміз. Тиындар көнеден қалған жәдігер ғана емес тарихтан сыр шертіп, өткен ғасырмен қазіргі ғасыр арасындағы көпірі десек артық болмас. Мен өзім дефектолог маманы болсамда нумизматика саласына бала кезімнен қызықтым, бірнеше елдің ақшаларын жинап, 300-ге тарта тиындар жинап, 50-ге жуық ақшасын жинадым. Бұл мен үшін бала кездегі хобби болғанымен, өсе келе бұл заттардың тарихы мені қызықтырды. Өзімде бар тиындардың тарихымен танысып, өткен заманға серуенге шыққандай болатынмын.

WhatsApp Image 2021-11-03 at 19.25.23 (1).jpeg WhatsApp Image 2021-11-03 at 19.25.23.jpeg

Бұл тиындар менің зерттеуім бойынша Рим империясына тиесілі. Дегенмен, мен тарихшы, зерттеуші емеспін. Бұл менің интернет желісі, кітапхана қорындағы материалдардың көмегі арқылы пайымдағаным. Рим империясы (лат. Imperium Romanum, көне грек. Адамзат тарихындағы бүкіл Жерорта теңізі жағалауы тиесілі болған жалғыз мемлекет. Рим империясының өмір сүруінің хронологиялық шеңбері бірінші император Октавиан Августтың билік құрған кезеңінен империяның Батыс және Шығыс болып екіге бөлінуі және одан кейінгі Батыс Рим империясының құлауына дейінгі, яғни б.з.б. Н.С. 476 дейін. Орталық Константинопольде орналасқан Рим империясының шығыс бөлігі тағы 977 жыл - 1453 жылдың құлауына дейін өмір сүрді. Осы тиындардың көмегімен Рим империясының тарихымен таныстым. Алғашында бұл тиындар алтыннан құйылған, кейін күмістен одан кейін қоладан жасалып таралған.


Біздің қолымызда Владимир Ильичпен бірге көптеген тиындар қалды. Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған рубль өте үлкен таралыммен, жүз миллион данаға дейін шықты. 1970 жылы олар КСРО халқының санын есептеп, ол кезде жүз миллионға жуық отбасы бар деп есептеді. Сондықтан, бұл рубль осындай шығарылыммен шығарылды, теорияда - әрбір отбасы үшін рубль. Бұл да бір тарих. Яғни бір тиын бір тарих.


Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде ұстаздар қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отырғаны анық айтылады [2]. Патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы ұстаздардың орны ерекше.  Тарих – оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады.

«Тарих – ғаламат бір алтын көпір, тарихты тарихпенен жалғайтұғын» деп Жұбан Молдағалиев айтқандай, тарих бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған тәжірибесін баяндайды. Сондықтан негізгі пәндердің бірі болып саналатын Қазақстан тарихы пәнін оқытуда жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оята отырып, білім беруде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану маңызы өте зор. Сабақ үрдісінде мүмкіндігінше үнемі инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ, оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Инновациялық технологияларды тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Менің практикамда тиындар мен ақшалар мені тарихқа қызығуымның бірден бір себепкері еді. Сондықтанда мектеп жасындағы оқушылардың қызығушылығын ояту, интернет желісінен азда болсын алшақтату жолында, көне жәдігерлерді пайдаланудың пайдасы зор деп білемін. Ал баланың қызығушылығын оятуда нумизматика саласы өзінің рөлін қосары анық. Әр ұстаз өз білімін үнемі жетілдіріп, көне тиындарды, монеталарды пайдаланса, сабақ анағұрлым қонымды болары сөзсіз. Нумизматика пәнін оқу процесінде жүргізу, оқушыларды ізденуге, қызығушылыққа итермелеп, тарихты оқуға шақырып, қабілетті болуға үйретеді. Сонымен қатар жәдігерлерге ұқыптылықпен қарап бүгінгі күннің ертеңгі күні тарих екенін түсінеді.

«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін оқытушының талмай ізденген еңбегінің нәтижесінде ғана көрінетіні белгілі.







Ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысының жүйесі

Мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысының жүйесі 


«Адамды жалпы тіршіліктің әмірші еткен 
интеллектуалды артықшылықтар емес, 
ол қол - осы органмен барлық органды меңгереміз». 
Джордано Бруно

Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазаламен жұмыс жасау, есептегіш таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын. Олар басқа балалармен ойнаудан бас тартады, осы қызметтегі жұмыс жасағанда үлгермейді. Мұндай балалар элементарлы қызметтің өзінде өздерін нашар сезінеді және бұл жағдай баланың эмоциясын мен өзін – өзі бағалауға кері әсерін тигізеді. 
Әрине, мектепке дейінге жасында бала тілінің дамуы, өзіне –өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі. 
Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: балалардың түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту және қол қызметін үйлестіру.
Өз жұмысыма төмендегідей міндеттер қойдым: 
- қол және көз, қолдың ептілігі, ритмикасы қозғылысын үйлестіру және нақтылығын жақсарту; 
- саусақтар мен қол буынының ұсақ қол моторикасын жақсарту; 
- жалпы қозғалыстық белсенділікті арттыру; 
- сөйлеу функциясын тұрақты етуге көмектесу; 
- қиялын, логикалық ойлауын, еркін назарын, көру және есту қабылдауларын, шығармашылық белсенділіктерін дамыту; 
- өз құрбылары және үлкендермен қарым – қатынаста эмоционалды – қолайлы жағдай жасау; 
Көздеген нәтижеге қол жеткізу үшін келесідей жұмыс түрлерін тұрақты түрде пайдаландым: 
- тәлімгердің балалармен бірлескен қызметі; 
- балалармен жекелей жұмыстар; 
- балалардың өздерінің еркін өзіндік қызметтері. 
Ұсақ қол моторикасы дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс – тәсілдер қолдандым: 
• саусақтық ойын тренингісі 
• қол мойнына массаж 
• саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері 
• саусақ ойынды тақпақтар мен жаңылтпаштар 
• саусақтық театр 
• ермексаз және тұздалған ұннан, табиғи материалдардан жапсыру жұмыстарын мүсіндеу (тұқым, жарма, ұлу қабыршықтары және т.б.) 
• сызудың дәстүрлі емес техникасы: қылқалам, саусақ, тіс щеткасы және май шам және т.б.. 
• құрылыс жасау: қағаздан, ЛЕГО конструкторымен 
• бастырмалардың түлері 
• графикалық моторикан

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!