Материалдар / Ойна да тап
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойна да тап

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды кітапты оқуға, сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2020
1262
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ойна да, тап»

Мақсаты: балалардың білім туралы ойларын бекіту мақсатында білімнің адам өміріндегі маңыздылығы мен пайдасы туралы түсінік беру арқылы бүлдіршіндердің өз білімдерін сайыс түрінде көрсету.

Көпшіл болған ер дана,

Достары болар әр сала

Өнерліден үлгі алып,

Салдырар сәнді мол қала.

Өнерлімен дос болсаң,

Қиялың жетер алысқа, - дей келіп, бүгінгі сайысымыздың шарттарымен танысайық

Сайыс шарттары:

  1. Таныстыру. Топтар өз аттарын, ұрандарын айтып таныстырады.

  2. Сөз шебері

  3. Кім көп сөз жинайды

  4. «Қимыл, қозғалыс» ойыны

  5. Өнер сайысы

(Сайыстың бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыру)

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйреніп, не білдік?

Кәне, ортаға салайық.

Екі топқа бөлінеді:

«Алғырлар» «Білімділер»

  1. Сөз шебері Оқушылар өздері әріп таңдап алады да, берілген сұрақтарға сол әріптер бойынша ғана жауап береді.

Сұрақтар: (А;Б;С;Т;К;Ж)

«Алғырлар» тобы

1.Атың кім?

2.Нешінші мектепте оқисың?

3.Қай қалада тұрасың?

4.Қандай тамақты жақсы көресің?

5.Дүкеннен не сатып алдың?

6.Көршің кім?

7.Мектепке кіммен келесің?

8.Кандай кітап оқисың?

9.Ұстазыңның аты кім?

«Білімділер» тобы

1.Атың кім?

2.Әкеңнің атын ата?

3.Қай қалаға қыдырып бардың?

4.Дүкенде не бар?

5.Ертегі білесің бе?

6.Сыныптағы досың?

7.Оқитын мектебіңнің аты?

8.Қасыңда кім отырады?

9.Спортпен шұғылданасың ба?

1 «Кім көп сөз жинайды?» ойыны

1 Ойыншықтар

2 Ұстаздарымыз

Көрермендермен ойын: Жұмбақ шешу

1.Өзінше ноян

Қорқақ не? (қоян)

2.Бата алмаса түлкі,

Үсті тікен ....... (кірпі)

3.Көз алмай күнге алыс

Қарайды ..... (күнбағыс)

4. Тоғыз белбеу, қос жібек,

Екі мұрын, бір шүмек (домбыра)

  1. Көздерін түртіп, тыңдасаң

  1. «Қимыл, қозғалыс» ойыны

Бұл ойында оқушылар үндемей сөзді көрермендерге қимылмен жасырады, көрермендер оның қандай сөз жасырғанын айтады. (

  1. Өнер сайысы

Әр топ өздері дайындаған әндерін орындайды.

Олай болса, сөз кезегін әділқазыларға берейік.

Айтқан тілді алыңдар,

Сабаққа зер салыңдар

Озат, алғыр болыңдар,

Кілең бестік алыңдар, дей келіп, бүгінгі «Ойна да тап» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Қорытынды. Жеңімпаздарды марапаттау.

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Мақсаты:оқушылардың еліне, ұлтына тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілді ұлттық мұра ретінде сезінуге, тіл мәдениетін сақтай білуге үйрету, тіліміздің қадір-қасиетін бойларына дарыту.

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ақын- жазушылардың портреті, кітап бұрышы,

Барысы.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

«Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанда мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Президентіміз Н.Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп баса көрсеткен болатын. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.»Тіл – құрал» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан. Тіл арқылы біз бір-бірімізбен сөйлесеміз,арақатынасқа түсеміз, араласамыз. Ең ащы да тіл,ең тәтті де тіл емес пе?!

Ана тілі – бәрін айтар шежірем,

Тілсіз нені білдіре алам, не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем.

О,адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!

Ана тілі- халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын біріктіретін ең сенімді құрал.22-қыркүйек – ҚР халықтарының тілдер мерекесі. Ана тілі – әрбір ұлттың ұлы мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы, ел егемендігінің құралы.

Әр адам өз ана тілімен бақытты, биік әрі асқақ. Әрбір қазақ баласын өз халқының әнін, жыры, ертегісін айтып өсіреді. Мақал - мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ жаттатып олардың тілін ұстартады. Сөйтіп халқын, өз ұлтын, Отанын сүюге,тілін құрметтеуге баулиды.Бастауыш сынып оқушыларының «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты тақырыптық сайысын тамашалаңыздар.

2-топқа бөлінеді: 1-топ «Атамекен» 2-топ «Өркен»

Жоспары.

1.Таныстыру

2. «Атаның сөзі – ақылдың көзі» мақал –мәтелдің жалғасын айту.

3. «Тілім барда білмеймін мен қайғыны» тіл туралы өлең оқу

4. «Зерделі болсаң жетерсің биік шыңдарға» сұрақ- жауап

5. «Ана тілім – жыр әнім» тіл туралы ән айту

Балалар, құтты болсын тілің бүгін,

Ашатын жан сарайын білімдінің.

Кешегі атаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.

Ана тілі-қазағымның қаймағы,

Тілің сенің- өміріңнің айғағы.

Бүгін міне тіл туралы сайысқа

Бастауыш сынып оқушылары шығады.

1 – бөлім Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады.

2-бөлім «Атаның сөзі – ақылдың көзі» мақал –мәтелдің жалғасын айту.

  1. Тіл тәтті,... (бауыр қатты)

  2. Тіл тас жарады,.... (тас жармаса бас жарады)

  3. Шебердің қолы ортақ,... (шешеннің тілі ортақ)

  4. Бал тамған тілден ... (у да тамар)

  5. Бас кеспек болса да ... (тіл кеспек жоқ )

  6. Тұз ... (астың дәмін келтірер, мақал ... (сөздің мәнін келтірер)

  7. Ана сүті бой өсіреді, ... (ана тілі ой өсіреді)

  8. Қол шешпегенді.... (тіл шешеді)

  9. Жақсы байқап сөйлейді,.... (жаман шайқап сөйлейді)

  10. Ең тәтті, ең ащы,ең жұмсақ .... (тіл)

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым.

Ана тілім болмаса,

Болмас еді жыр, әнім.

3-бөлім. «Тілім барда білмеймін мен қайғыны» тіл туралы өлең оқу

Әр топ тіл туралы өлеңдерін оқиды.

4-бөлім. «Зерделі болсаң жетерсің биік шыңдарға» сұрақ- жауап

«Атамекен» тобына

  1. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16-желтоқсан)

  2. Қазақ әліпбиінеде неше әріп бар? (42)

  3. Білім күні қай айда? (қыркүйек)

  4. Жаңа үлгіде тұңғыш мектеп ашқан кім? (Жәңгір хан)

  5. «Ана тілі» оқулығы қай баспадан шыққан? (Алматы, «Атамұра»)

  6. Абай Құнанбайұлы кім? (Қазақтың ұлы ақыны)

  7. Тіл мерекесі қашан тойланады? (22-қыркүйек)

  8. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

  9. Рәміздерді ата (Ту, елтаңба, әнұран)

  10. Бес дұшпанды ата. (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,бекер мал шашпақ)

«Өркен» тобына

  1. Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан Республикасы)

  2. «Кел,балалар,оқылық» кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)

  3. Төте жазуды кім қалыптастырады? (Ахмет Байтұрсынұлы)

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (қазақ тілі

  5. Өлең жазатын адамды кім дейді? (ақын)

  6. Бес асыл істі ата. (талап,еңбек, терең ой, қанағат, рахым)

  7. Төрт түліктің пірі (Қамбар ата, Ойсылқара, Зеңгі баба, Шопан ата)

  8. Ең асыл жан (ана)

  9. Қазақша жыл басы (Наурыз)

  10. Әнұранның авторы (сөзі Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев; әні Ш.Қалдаяқов)

Ана тілім –ақ қанатты тұлпарым,

Биіктерге самғап ұшар сұңқарым.

Ана тілім-махаббатым,құштарым,

Ана тілім-әнге қосар ардағым.

4-бөлім « Ана тілім – жыр әнім».

5-бөлім «Ана тілім – жыр әнім» тіл туралы ән айту

Тіл туралы әнге кезек береміз.

Әр топ өз әндерін орындайды.

Ж: Ана тілім бірге жанар өзіммен,

Ана тілім, қадір тұтам сені мен.

Ана тілім, Ардақтысың қашанда,

Орын берем жүрегімнің төрінен.

Өсірген ой, білімді

Сүйемін туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді.

Қастерле қазақтың ана тілін,

Қайнаған қаныменен баба тілін.

Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін.

«Өз тіліңді оқы» дейді мектепте,

Селтең қағып жүрме, досым, бос текке.

Өзге тілге қанша құмар болсаң да,

Өз тіліңді шамаң келсе құрметте.

Осы өлең жолдарымен бүгінгі сайыс сағатымыз аяқталды.




















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!