Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі: Сабақ: № 13
Тақырыбы: Ойнай білу де –өнер.
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттері: сабырлық, шыдамдылық, қайырымдылық
Мұғалiм: Басмагамбетова Г.К
Оқушылар саны: 23
|
Сабақ мақсаты: Сабырлылықтың ішкі тыныштық құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио жазбалар) |
|
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т 2.Тыныштық сәтi. «Күннің нұры» (5 мин) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Біз барша тіршілікке жылуы мен
жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған
басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған
қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан
аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да
кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді.
Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға,
отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап,
іштей жақсы тілектер тілейік. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық.
Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға
болады. Үй тапсырмасын тексеру: 57-бет М.Төрежанов. «Кім ақылды?» әңгімесін оқып келу «Кім ақылды?» Ерден мен Еркебұлан бірігіп жап-жақсы ойнап жүр еді. Бір кезде қолдан жасалған көпірдің үстінде біріне-бірі қарсы келіп,түйісіп қалды. Ерден бас жоқ, көз жоқ: - Мен саған жол бермеймін! - деп қасқайып, безеріп тұрып алды. Ал Еркебұлан: - Мен соған бола ерегіскім де, ойынды бұзғым да келмейді.Сен өте бер,- деді де оған жол берді.
Сергіту сәті Сабырлы боламыз, Жұлдыздай боп жанамыз. Шыдамдылық танытып, Құстай қанат қағамыз. |
Сабақ барысын талдау: |
«Сабыр – ақыл серігі». Майлықожа Сабырлылық дегенді қалай түсінесіңдер? 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту.
|
|
Аурудан – аяған күштірек Ы.Алтынсарин Сейіт орам үстінде жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп, аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баланы көріп, шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты. Мұны көрген соң, Сейіт жыламақ түгіл, сынған аяғын орнына таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай жатты. Сонда сынықшы кісі: - Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың? – деп сұрады. Сейіт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап айтты дейді: - Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп, шыдап жатырмын, - деді. Сұрақтар:
|
|
(әуен жайлап қосылып тұрады) Оқушыларды 3 топқа бөліп өлең құрастыру беріледі. (үздік құрастырған топтың өлеңі сабақтың соңында айтылады) Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол ................. .......... шыдамды бол Сабырлы да ұстамды бола білу .................................................... Қ-сы .............................................. Шыдамдымыз, төзімдіміз Жарасымды , тартымды, ұстамдымыз ..............................................
Өз-өзіңді ұстай біл төзімді бол, Қызбалыққа салынбай шыдамды бол. Сабырлы да, ұстамды бола білу, Сезіндірді жүрекке тыныштықты.
Қ-сы Біз үйде де,аула да сабырлымыз, Шыдамдымыз, бәріне төзімдіміз Жарасымды, тартымды,ұстамдымыз Ұстамдымыз, әрдайым ұстамдымыз!
|
|
Дос болайық бәріміз! Сөзі: Х.Талғаров
Әні: И.Нүсіпбаев |
|
14-сабақ. «Кімнің жұмысы» мәтінін оқып келу.
|
|
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. - Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар. «Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Енді көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ойнай білу де өнер

шағым қалдыра аласыз