Материалдар / ОЙНАЙ ОТЫРЫП БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОЙНАЙ ОТЫРЫП БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп-есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОЙНАЙ ОТЫРЫП БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ


Шыныбаева Жазира Абеухановна

Тәрбиеші

Алматы қаласы КМҚК «№37 бөбекжай-балабақшасы»

Aiay01@mail.ru


Халық даналығындағы: «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөздің сырына жүгінсек баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінезі олар өсіп-есейгенде де өмірінде жалғаса береді. Ойын баланың негізгі әрекеті. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Баланың ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін ең қолайлы кезең 3 пен 9 жас аралығы. Ойын әрекетінің ең негізгі түрінің бірі-дидактикалық ойын. Мысалы: «Есіңе сақта және сурет сал», «Неге ұқсас?» сияқты практикалық әрекеттер арқылы бала адамгершілік және әділдікке, әсемдікке талпынып өмірге жақсы көзбен қарым-қатынас жасайды.

Мектепке барар алдында баланың сөздік қоры үлкен кісілермен кәдімгі өмірдің өзіне қатысты кезкелген мәселесі бойынша түсінісі алатындай дәрежеге жетеді.

Оқуға психологиялық даярлық-көп аспектілі ұғым. Ол жеке білім мен біліктілікті емес, барлық негізгі элементтер кіретін белгілі бір жиынтықты қарастырады. Көптеген ата-аналар, егер бала оқи және санай білсе, мектепке дайын деп есептейді. Сыдырата оқи алу, түсініп санай білу оқуда оң нәтиже берері даусыз, бірақ болашақ бірінші сынып оқушысына оқу іс-әрекетінің алғы шарттары және табысты оқуға қажет, баланың мектепте табысты оқуы оның психологиялық жетілуіне байланысты барлық құрамдастар қалыптасуы қажет.

Психологиялық жетілу баланың негізгі психикалық сферасының дайындығын қарастырады: ықыластанушылық, еріктілік, ақыл-ой және әлеуметтік. Оқуда тілдік емес функциялардың жетілуі (көру арқылы қабылдау,қозғалысты сфера, кеңістік уақыт қатынастары) маңызды роль атқарады. Тілдік емес функциялардың толық жетілмеуі бала сөйлеуінің дамуына, одан соң ойлауына кері әсер етеді. Өйткені, сөйлеу және ойлау өзара байланысты.

Баланың ақыл-ой дайындығының компоненттерінің бірі – жеткілікті дамыған тіл. Мектепте табысты оқу үшін баланың тілдік функциялары толық дамыған болуы керек. Нәзік моториканың толық жетілмеуі баланың ақыл-ой дамуына кері әсер ететіндігін ғалымдар дәлелелдеген. Балаларды жүйелі оқытуға дайындауда әлеуметтік жетілгендіктің, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуы, құрбылармен қарым-қатынасы, басқа балалардың пікірімен санасуы,т.б. маңызды да аз емес.

Мектеп жасына дейінгі бала қандай сөзді қолдануға болады немесе жағымсыз, айтуға ұят сөздерді де екшелей алады. Бала сөзге дыбыстықталдау жасай алалды және сөзді дыбыстарға бөліп, сөздегі дыбыстардың ретін анықтай алады.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысты дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным-түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады,дүние сырын ашады. Бала бір нәрсе туралы толық түсінік алуы үшін оны есту, көру, сезіну арқылы жүзеге асатындығын тәжірибе дәлелдеп отыр. Мысалы: бала бірнеше секунд ішінде жазу үстелінің үстінде тұрған заттарды мұқият қарайды. Көзін жұмады да, есінде сақтағандарының бәрін айтып шығады. Осылайша балалардың тек есін ғана емес зейінін де дамытуға болады.

Балабақшадағы тәрбиелеу- оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,сөздік қорларын дамыту,ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып,атын айта білуге,қасиеті мен сапасын,түр-түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі,қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым,түсініктерін дамыта отырып  белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту,ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту,жаңа сөздерді меңгерту,үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет болып саналады.

Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,тапсырма,жаттығулар орны ерекше.Соның ішінде ойын-баланың шын тіршілігі.Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Мәселен,кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды,қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды,сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды.Өз тәжірибемде заттарды қарау,сурет қарау,жұмбақ шешу және құрастыру,саяхат,ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалар сөздік қорларын дамытады.Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді.Топта өзім жетекшілік ете отырып балаларды ойын ережесін сақтауға әрі ойната отырып ойлануға бағыттайды,заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,ойынға қызықтыра отырып зейінін,қиялын дамытады.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды,табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі.Мысалы:»Дәл осындай тауып ал»,»Салыстыр да атын ата»,»Қай ағаш жапырағы?»,»Бірдей ойыншықты тап».

Баланың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздік қорын байыту, ойлау қабылетін жетілдіру, кеңістік, уақытұғымдарын, тағы да басқа тиянақтылықтың жан-жақты қамтылуы қажет, оған тәрбиеші мен ата-ананың үлгісі зор.

Ойын жаттығулар арқылы баланың білімдік дағдыларын күнделікті іс-әрекетітте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнап отырып ойлануға бағыт беріледі. Баланың өсіп жетілуіне ықпал ететін басты құрал – ойын. Ойын арқылы бала өседі, жетіледі, дамиды.

Бір сөзбен айтқанда,ойын баланың жан -жақты дамуын жетілдіретін,белсенділігін арттыратын,басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп,құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.Ойын- бала үшін біліктіліктің қайнар көзі.Сондықтан, жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.


Пайданылған әдебиеттер:

  1. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған  ойындар мен жаттығулар

(әдістемелік құрал. «Дарын» Астана-2014 жыл).

2.      Республикалық  педагогикалық журнал Білім. кz






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!