Күні:
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы:
«Ойна,ойлан!»
Сабақтың
мақсаты:
оқушылардың химия пәніне
қызығушылығын арттыру, ой-өрістерін
дамыту;
оқушылардың тез және нақты тұжырымдау
және ой-пікірін білдіру, логикалық негізде білу, өз білімін іс
жүзінде қолдануын жүзеге асыру;
жалпыға ортақ іс-әрекетке,
ұжымдық жұмысқа қабілеттілікке, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу
қабілетін арттыру.
Сабақтың
түрі: сыныптан тыс
сабақ
Сабақтың
әдісі: жарыс
Көрнекіліктер: химиялық элементтердің периодтық
жүйесі,портреттер, магниттік тақта,химиялық құрал-жабдықтар мен
ыдыстар,реактивтер.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
бөлімі
Оқушылармен амандасу.
Оқушылардың назарларын аудару.Сайысты өткізу үшін əрбір
сынып оқушылары ішінде 5 оқушыдан үш топқа бөлемін, әр топ
өздерінің топбасшыларын таңдайды.Топбасшылары өз топтарын сайысқа
дайындайды,сайыс кезеңдерімен
таныстыру.
Құрметті оқушылар, бүгін
біз «Химия ғажайыптар еліне сапар» жолын
бастаймыз.
Сайыстың
бөлімдері
1-бөлім. Таныстыру
2-бөлім. «Химиялық
жұмбақ»
3-бөлім. «Химиялық
жабдықтар»
4-бөлім. «Менің өмірім қауіпсіздік
ережелерінсіз қауіпті»
5-бөлім.
«
Сəйкестендіру»
6-бөлім .«Мақалды
суреттеу»
7-бөлім. «Ойна,ойлан!»
1. «Химиялық жұмбақ»
кезеңі
Бірнеше сөзбен
ойластырылған элементтердің жəне химиялық алғашқы ұғымдардың көп
санын білу қажет,Жауабын үш тілде айтуы
шарт.
Әр дұрыс жауап үшін оқушы 1
ұпайдан, максималды – 16 ұпайға дейін жинайды.Әр топтың жетістігі
әрбір топ мүшесінің нақтыланған жауабына
байланысты.
1.Заттарды,олардың
қасиеттерін,заттардың бір-біріне айналуын,қолданылуын зерттейтін
ғылым (химия,chemistry)
2. Зергерлік бұйымдар жасауға
қолданылады, асыл металл(алтын,золото,gold)
3. Бұл элементтің
жетіспеушілігі организмде,қалқанша безінің ауруына
әкеледі.Жарақатты зарарсыздандыру,қанды тоқтату үшін қолданылады.Үй
дәріханасында оның спирттегі ерітіндісін қолданады
(йод,iodine)
4. Электрөткізгіштігі жақсы ауыспалы металдар
тобының элементі,антибактериалды металл.Латынша
«аргентум»
(күміс,серебро,silver).
5. Қызғылт түсті металл,электр
тогын жасауда қолданылады(мыс,
медь,copper)
6. Қызыл қоңыр түсті
сұйықтық,галогендер тобына жататын
бейметалл(бром,бром,bromine).
7. Сұйық металл
(сынап,ртуть,mercuru)
8. Күмістей сұр түсті. Ол қанатты металл деп
аталады.(алюминий,aluminium).
9. Пышақпен кесілетін сілтілік
металдар (натрий жəне
калий,sodium-potassium).
10.Қышқыл жəне сілті
ерітінділері əсерінен түсін өзгертетін заттар
(индикатор).
11.Сарғыш жасыл түсті
газ,галогендер тобына жататын
бейметал(хлор,chlorine)
12.Сүйектің құрамында болатын
металл (кальций,calcium)
13.Метеориттің құрамында
кездесетін металл (темір,железо,iron)
14.Тіршіліктің негізгі көзі.
Ол сұйық (су,вода,water)
15.Ол қызыл түсті бейметалл,оны
қыздырып оттек бар ыдысқа салса көз қаратпайтын жалынмен
жанады(фосфор,phosphorus)
16.Дәріханада «белсендірілген
көмір» деген атпен белгілі
бейметал (көміртек,углерод,carbon)
2.«Химиялық жабдықтар»
сайысы
Химия – эксперименталды ғылым,
сондықтан кез-келген тəжірибе жүргізу үшін зертханалық
құрал-жабдықтарды білу керек.
Әрбір топта жабдықтары бар
кәрзеңке бар: сынақ түтікшесі, қысқыш,құйғы,тамшуыр,термометр,
тұрғы, спиртшам, стақандар, кәрлен ыдыстар,
сүзгі.
5 минут ішінде əр топ химиялық жабдықтардың
барлық түрлерінің атауын жазулары керек. Әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай
беріледі, барлығы - 10
ұпай.
3.«Менің өмірім қауіпсіздік
ережелерінсіз қауіпті»
Топ басшылары химия сабағында практикалық
жұмыс кезінде:«Ластанған тұзы бар ыдысқа су құйып, шыны таяқшамен
өте қарқынды араластырды. Содан кейін ол үстелдің шетіне ластанған
тұзды құйып, сүзгіні дайындап, құйғыға салып, сүзгіні құйғының
шетінен 1 см жоғары етіп орналастырды. Ерітіндіні тамшуырмен сорып
алды және барлық ерітінді булану үшін кесеге құйылды.Содан кейін ол
спиртшамын жағып, ерітіндіні ұзақ уақыт спиртшам жалынының төменгі
жағында қыздырды. Тұздың алғашқы кристалдары пайда болғаннан
кейін,спиртшамды үрлеп сөндіріп жұмысты
аяқтады.
Тапсырма:
Тәжірибелік жұмыстың атауын және қауіпсіздік
ережелерін бұзуды анықтау қажет. Тапсырманы орындау уақыты - 5
минут.
Дұрыс жауап үшін топ басшылары әрқайсысы 10
ұпай алады.
4.
«Сəйкестендіру»
Магниттік тақтада шатасып
орналасқан портреттерді ғалымдардың атттары жазылған парақшалармен
жəне элемент таңбаларын тиісті атауларымен сұрақтарды мұқият тыңдау
арқылы сəйкестендіру.
1.Фосфор,фтор,йод (P,F,I).
Й.Я.Берцелиус,Дж.А.Ньюлендс
2.Франций,,күкірт,мыс
(Fr,S,Cu).М.В.Ломоносов,А.Л.Лавуазье
3.Азот,гелий,литий
(N,He,Li).И.В.Дёберейнер,Д.И.Менделеев
Əр дұрыс жауап 2 ұпайдан
барлығы 10 ұпай
5. «Мақалды
суреттеу»
Тақтаға сурет салуға бір
оқушы шығады. Мақал жазылған қағаз сол оқушыға көрсетіледі жəне ол
оқушы мақалды топ мүшелеріне сурет салу арқылы жеткізуі тиіс. Егер
топ мүшелерінің жауабы дұрыс емес болса қарсылас топ жауап беріп,
ұпайды өз еншілеріне жинауына болады.
Бұл сайыста 5 ұпай
жинайды.
1.Тепсе темір
үзеді
2.Судың да сұрауы
бар
3.Ел іші алтын
бесік
6.
«Ойна,ойлан!»
Топ мүшелері
шығып,орындықтарға отырған соң көздері орамалмен
байланады,қолдарына ретсіз əріптер беріліп, сұрақ оқылады. Сұрақққа
жауап беру арқылы,қолдарындағы əріптерді сезініп,әр оқушы дұрыс
ретпен ұстап отыруы тиіс.
1.
Ауадан 14,5 есе жеңіл газ
(сутек)
2.
Жануды қолдайтын
газ
3.
Сутек газын алу үшін қандай
металл түйірін тұз қышқылына саламыз.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай
беріледі.
Бүгінгі сайысымыз өз
мəресіне жетті,сөз кезегін əділқазылар алқасына берсек,сонымен
қорытындылайық!!!Сыныптан тыс іс-шараға ат салысып өздерінің ұтқыр
ойларымен тəнті еткен əрі тапқырлық таныта білген 7 сынып
оқушыларына,тек жетістіктерге жетіп,əрқашан білімдерің шыңдала
берсін дегім келеді!!!
«Мойынқұм ауданы
әкімдігінің білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі
(ресурстық орталық)» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тақырыбы:«Ойна,ойлан»
(7 «а»,7 «ә»,7 «б» -
сыныптар)
Дайындаған: Химия пәні
мұғалімі
Ерімбетов.Т.Е
2018 – 2019 оқу
жылы