Материалдар / Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды кұралы болып табылады. Бағдарлама материалының негізгі тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысьқтауды көздейді. Балалардың оқыту үрдісіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятады. Дидактикалык ойындарды мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқу кызметінде белгілі бір жүйемен колданудың маңызы зор. Мұндай ойындардың окыту мазмұнына сәйкес түрлері: ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұксас. Белгілі фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, олар ерекше түрде ашық көрсетіледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қырқүйек 2022
263
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.


«Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады»

А. С. Макаренко 

Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ой белсенділігін қалыптасырудың маңызды кұралы болып табылады. Бағдарлама материалының негізгі тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысьқтауды көздейді. Балалардың оқыту үрдісіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятады. Дидактикалык ойындарды мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқу кызметінде белгілі бір жүйемен колданудың маңызы зор. Мұндай ойындардың окыту мазмұнына сәйкес түрлері: ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұксас. Белгілі фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, олар ерекше түрде ашық көрсетіледі.

Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері болжамға негізделеді.

Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді...? «Мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюмен ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдаймен ұштастыруды талап етеді.

Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның касиеттерін ажыратуға тәрбиелейді. Бала қиялының дамуына әсер етеді.

Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - олар эмоционалдық процестерді белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Құрылымы бойынша дидактикалык ойындардың жіктелуі: сюжетті-рөлдік ойындар. Жаттығу ойындар. Драматизациялық ойындар. Шығармашылық ойындар. Әдеби-музыкалық ойындар.

Ұлттық ойындарының педагогикалык мүмкіндіктеріне сәйкес жіктелуі:

  • білім беретін ойындар;

  • тәрбиелейтін ойындар;

  • дамытатын ойындар;

  • жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар;

  • диагностикалық ойындар;

Жоғарыда айтылған жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Ойын элементтері балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, тұлға ретінде қалыптасуына және дамуына үлкен мүмкіндік жасайды.

Ойын бала үшін ойын да, еңбекте. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі.Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

В. Сухомлинский: “Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты” деген ой айтады.

Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.

Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады және көрінеді, ойынның негізгі, жалпы мәні де осында.

Қорыта айтсақ, ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады . Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне көмектеседі. Сондықтан да ойыннның сан алуан түрлерін меңгеріп, өз іс-тәжірибемде қолданып, алдымдағы кішкентай бүлдіршіндерді өмір табалдырығын аттап, «бір кірпіш болып қалануына» өз үлесімді қосудамын деп есептеймін. Болашақтада өз білімімді жетілдіріп, үнемі ізденісте болуды мақсат етіп, мықты маман болуды көздеймін.


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!