Материалдар / ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда балабақшаларда тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешу қажеттілігі туындап отыр. Әрине бұл жерде ауыртпашылық тікелей педагогтарға тиетіні сөзсіз. Шынымен-ақ баланың тілдің барлық жақтарын меңгеруі (фонематикалық, лексикалық) өзіндік дербес әңгімелесудің қалыптасуы аса маңызды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
206
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Тәрбиеші:Бапахова А А

Ойын-балалардың тілдік-коммуникативтік құзіреттілігін дамытудың құралы болып табылады. Әсіресе, бала тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу, байланыстырып сөйлеуді және сөздік қорын дамыту үшін оқу қызметінде және оқу қызметінен тыс кезде қолданылатын дидактикалық ойындарың маңызы зор. Ойын шарттарымен көрнекіліктерін пайдаланып ойналатын дидактикалық ойындар арқылы баланың жеке басын, ойын әрекетін дамытуға болады.

Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге, өзін-өзі бақылауға үйретеді Дидактикалық ойындарды іріктеуде басты нысана баланың ойынды саналы түрде түсініп, ойын шартын дұрыс орындауға тырысуға, белгілі бір нәтижеге жету мақсаты көзделеді. Ең бастысы балалар ойын шартын орындап, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Сондай ақ ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы олар бір-бірін тыңдай білуге, жіберген қателерін түзету жолында белсенділік танытуға ынталандырады. Сонымен қатар балалар жаңа ойын ережесін ойлап табуға, оны басқаларға түсіндіре білуге, ойындыұйымдастыруғажаттықтырылады.

Дидактикалық ойындарды тіл дамыту оқу қызметінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Атап айтқанда, біз оқу қызметі барысында дидактикалық ойындарды пайдаланған кезде міндетті түрде оқу қызметін бекіту, меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту және баланың шығармашылығын дамытуға негізделген ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Мысалы, балаларды антоним сөздермен таныстырған кезде біз зообақтағы жануарларды пайдаланамыз. Сол жануарларды жеке-жеке орындарға орналастыру тапсырмасы беріледі. Бала жануарлардың денесіне қарап, «үлкен, кіші» деп бөліп, оларды соған сәйкес үлкен торға орналастырады. Жалпы тәжірибе көрсеткендей, антоним сөздерді салыстыру жолымен жұмыс жүргізу баланың ой-өрісін кеңейту үшін өте пайдалы. Сондықтан антоним сөздерді өздері салыстыру үшін қызықтыратын «Зообаққа орналастыру» т.б сол сияқты дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға болады. Жалпы және ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалайаталады?» «Жеке-жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, картоп, сәбіз, қызылша «Көкөністер» көйлек, камзол, тақия, бешпент «Киімдер» т.б немесе керісінше үй жиһаздарын ата: диван, төсек, үстел, орындық, теледидар. Отбасы мүшелерін ата: ата-әже, әке, шеше, аға, іні, қарындас т.б .

Баланың шығармашылығын дамытуда имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз?», «Қоянның көңіл-күйі» т.б ым мимиканы әр түрлі эмоцияны білдіретін сөздерді салып көрсетуге үйрету.Ыммен мимикамен көңіл-күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: Қоян қорқып тұр, қоян адасып кетті, оны орманда тиіндер тауып алды. Бұл жерде педагог балаларға сол көріністерді сол жануарлардың дауыс ырғағымен қуану,ренжу,жылау арқылы сездіру керек. Сонда олар аяушылық сезімнің не екенін түсінеді және қамқоршылық сезімге тәрбиелейді. Сонымен қатар балалардың ауызекі сөйлеуде әр түрлі грамматикалық формада секптеп, жіктеп, жекеше, көпше түрлендіріп, тірек сөздерді пайдалану арқылы сөз тудыру құзіреттілігін, жаңа сөз үйретуді ойын жаттығулары арқылы жүзеге асыруға болады. Мұның өзі сөздік қорын байыту және сөйлем құрау арқылы баланың тілін дамытуға ықпал етеді.

Бүгінгі таңда балабақшаларда тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешу қажеттілігі туындап отыр. Әрине бұл жерде ауыртпашылық тікелей педагогтарға тиетіні сөзсіз. Шынымен-ақ баланың тілдің барлық жақтарын меңгеруі (фонематикалық, лексикалық) өзіндік дербес әңгімелесудің қалыптасуы аса маңызды. Халық ауыз әдебиеті оның ішінде мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар бала тілінің мәнерлігін дамытудың қайнар көзі болып табылады. Атап айтқанда дидактикалық ойындарды қолдану кезінде сюжеттік суреттер,құрылған жоспар және белгіленген рольдер бойынша балалардың тілінің байлығын, сөз тіркестерін, сөйлемдік құрылымдар мен мәнерлік бейнелеуін қадағалауға басты назар аударылады.

Қорыта келгенде, баланың тілін, сөйлеуін,сөйлеу құзіреттілігін жасына сай лайықты деңгейде дамыта білсек, онда болашақта баланың өз-өзіне деген сенімі мол болар еді және әр баланың үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашылады. Дидактикалық ойындардың маңыздылығы балаларды шыдамдылыққа, төзімділікке,ұстамдылыққа тәрбиелеуде айтарлықтайкөріністабуда.

Даналық сөздің ойшылы Эпикет: «Дүниенің ең тамаша туындысы-тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» -деген. Сондықтан да, ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей-жай қарамауымыз қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. «Отбасы және балабақша» № 1, 2009ж

2. «Отбасы және балабақша» №5, 2008ж.

3. «Мектепке дейінгі тәрбие» № 6, 2011ж.

4. «Бала мен балабақша» №8, 2010ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!