Материалдар / Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Логопед-дефектолог, ата-анаға кеңес
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту

Бала өмірінде ойынның алатын орны ерекше. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» – дейді орыстың көрнекті қайреткері, атақты педагогі В.А Сухомлинский. Қарап отырсақ, баланың әлеуметтік өмірге бейімделуінде, сөйлеу тілінің дамуында, сөздік қорының көбеюінде, тіпті мінез-құлқының қалыптасуында да ойынның маңызы зор. Ойын ойната отырып, балаға заттың түр-түсін, пішінін, көлемін, санын да қосымша үйрете аламыз. Бір сөзбен айтқанда, ойын ойнау арқылы баланы түрлі дүниемен дамыта аламыз.

Мектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Мен логопед маманы ретінде балалардың сөйлеу тілін бұрынғы қалыптасқан дәстүрмен партаға отырғызып қойып:«А» де, «Б» де»-дегенге қарағанда, ойын арқылы дамытсақ бала үшін әлдеқайда түсінікті және қабылдауына да жеңіл болады деген ойдамын.

Ойын түрлері өте көп. Бала есіктен кірген кезден бастап, басына тәжін кигізіп, өзін ханшайым, ханзада немесе өзі жақсы көретін мультфильмнің басты кейіпкері етсек, балада сенімділік, қызығушылық, алдағы тапсырмаларға ынта пайда болатыны сөзсіз.

Артикуляциялық жаттығуларымыз бен тыныс алу жаттығуын да баланың роліне сай етіп таңдап жасатсақ, бүлдіршін қуанышында шек болмайды. Мысалы, бала ханшайым ролінде отырса: «Қане ханшайым, жолыңдағы кедергілерден жаттығу жасау арқылы өте білейік(артикуляциялық жаттығулардың суретін жол бойына қойып шығамыз). Мәреде бізді сыйлық күтіп тұр». Жолымызда «Күрек» кездеседі. «Қане, тілімізді босаңсытып, жалпақ күйге енгізіп, төменгі ерін үстіне қоямыз.

Ұсақ моториканы дамытуға, фонетикалық-фонематикалық есту қабілетін жетілдіруге де логопед фантазияны іске қосып, ойын түрінде жүргізуге білуі тиіс. Баланың эмоциясын шығаратын ойындар да түзете-дамыту жұмыстарында өте маңызды. Мысалы, допты балаға дыбыс айтып домалатсақ, сол дыбысты қайталау арқылы кері өзімізге домалатады. Осылайша, дыбыс қоюға да түрлі ойынды пайдалануымызға болады. Менің ойымша, кез-келген дүниеден баланы дамытатын ойындарды таба білуге болады. Тіпті тәрбиеленушіні кабинетке ертіп келе жатқанда, әр қадамды немесе табалдырықтан әр түскен сайын санап түсетін болсақ, бала да еліктеп санайды. Кей ойындардың барысында бүлдіршіндеріміз эмоциямен дыбысты қалай айтқанын өздері байқамай да қалады.

Ойын – баланың бірінші әрекеті. Сондықтан оның педагогикалық мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы А. Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!