Материалдар / Ойын арқылы қазақ тілін оқыту ерекшеліктері Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы қазақ тілін оқыту ерекшеліктері Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойын түрлері
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ойын дегеніміз не? Ойын – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Ойынның мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Сонымен қатар қазақ тілін үйреткенде балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.

Сабақта ойын элементтерін пайдалану — сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір бөлшегі. Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланған өте тиімді. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес таңдалынып алынса, оның берер пайдасы мен танымдық, тәрбиелік маңызын күшейте түсері анық. Оны тиімді қолдану мен іске асыру сабақтың әсерлігін, тартымдылығын дамытып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, оқушының өзін–өзі тануына, өзіндік «менін» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы, балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады; рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс; оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.

Рөлдік ойындардағы мұғалімнің орны қандай?

Бастапқы кезде мұғалім балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

Кейде мұғалімнің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.

Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары:

  • ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;

  • ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс;

  • ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;

  • ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.

Қазақ тілі – әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіндігінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен-күнге арта түсуде. Қазақ тілін сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ал бүгінгідей динамика ғасырында оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор.

Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс.

Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу. Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады.

Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

«Түймедақ» ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі. Таблицаның басына «Түймедақ» деп жазылады да, оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған сөздер жазылған қағаз жолақтар жасалады. Ойнау шарты: атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар, бала оны дөңгелек тіліне іледі.

«Суретті билет» ойыны. Сан есімді өткенде оқушыларға суреті бар кәртішкелер беріледі. Сөйлем құрап, сан есімді табады. Мысалы: оқушыларға гүл, торғай, қоян суреттері беріліп, солар бойынша заттың түрі мен түсі туралы сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлемді тез, дұрыс құрап, ондағы заттың түсін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып тұрғанын айтып айтып берсе, сол бала жеңеді. Мысалы: Әдемі гүл өсіп тұр. Бір торғайға ұя жасадық. «Білім мен дәстүр сыны» ойыны.Ойынның шарты: 1-сұрағы сабақ мазмұнына байланысты, 2-сұрағы ұлттық дәстүрлеріміздің сол сабақпен байланысты тұстарын алу.

«Синонимін табайық» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың «Синоним» тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.Ойынның шарты: оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде «Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойынын ойнатуға болады. «Мұғалім қай жерде қателесті?» ойынын да жүргізуге болады. Бұл ойынның шарты: мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал балалар жұрнақ болмай тұрған сөздерді табады.Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал балалар жалғау болмай тұрған сөзді табады.«Кім тез?» ойыны. Интерактивті тақтада он екі суретті көрсетіп, әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлады. Қозы, аңшы, бор, нан, т.б. сөздердің дыбыс құрамын, буын санын айтады. Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағалаушы болады.

Рөлдік ойындар мынадай талаптар қояды:

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы «қа» буынын айтса, екінші келесі буынын тауып, сөз құрауы керек.

Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргізген тиімді. Бір оқушының алдына сақина қойып, «май» — деп дауыстайды. Сақинаны алған оқушы «мыл», «шам», «да» — деп дауыстайды. Сонымен «маймыл», «майшам», «майда» сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.

Мысалы: Жұмысшы, жазғы, т.б.

Бұл ойынның шарты: сыныптағы қатар бойынша 2 топқа бөлінеді. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі топ екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» — деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» — дейді немесе «ны», «ға», «ның» — дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа сөздер шығады. Айтылған сөзге қосымша жалғау керек, мысалы: «ойын» — деп дауыстаса – «ойыншық», «ойынды», «ойындар», т.б. Орамалды қағып алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айта алмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді.

Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.

Ойынға синонимдік қатар түзуге болатын мақсаттағы сөздерді интерактивті тақтаға еңгіземіз.

Ойынды «Синоним» тақырыбын бекіту сабағында немесе сабақтың мақсатына қарай өткенді еске түсіре отырып өткізуге болады.

Қонаққа келген адамның өзін таныстыруы. Үй иелерін, яғни, шаңырақ мүшелерін қонақпен таныстыру. Бұл ойынға 4-5 оқушы қатысуына болады. Бұл ойынды отбасы мүшелерін, туыстық атауларды өткен кезде пайдаланған дұрыс. Себебі оқушылар жаңа сөздерді меңгерумен қатар сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

Қазіргі уақытта қазақ тілін үйренуде оқытудың инновациялық әдісін қолданып оқыту болғандықтан, сабақта түрлі жағдаяттарды тудыра оқыту өз жемісін береді. Ауызекі сөйлеуде сұрақтар тудыру тіл үйренушілерді әрі қызықтырады, әрі жағдаяттар тудырып, сол жағдайларға қарам-қарсы пікір айту үшін сөйлеу интенциясын сабақта беріп отыру керек.

Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрін біліп, өздігінен іздену үстінде болады.

«Үндемес» ойыны. Сөйлем мен сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенде, қайталағанда жүргізуге болады. 5 оқушыға орны ауысқан сөздері бар сөйлемдер жазылған қима қағаздар беріп, оларды дұрыстап жазу тапсырылады, немесе интерактивті тақтадан көрсетіледі. Анам, әкелді, қызыл, алма, ұшады, жылы, құстар, жаққа. Оқушылар сөйлем дұрыс құрып болған соң үндемей қол көтереді де тақтаға жазады. Дұрыс жазса оқушылар алақандарын соғып қуаттайды. Егер дұрыс жазылмаса, басқа бір бала дұрысын жазып береді.

«Еске сақта» бұл ойынды сөздерді меңгеру барысында қолданған тиімді. Оқушылар үнтаспадан жазылған сөздерді тыңдайды, қайталайды. Есте сақтаулары арқылы дәптерлеріне жазады. Бұл ойынның тағы бір тиімділігі оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады.

Қазақ тілі сабағында қолдануға болатын ойындардың атаулары мен шарттары:

Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г. Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ойынның балалардың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген. Ж.Ж.Руссо пікірінше, білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.

Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын барысында мұғалім баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.

Рөлдерді мұғалім бөледі, кейде балалардың қалауына да ерік берген жөн. Себебі бала қазақ тілін қаншалықты біледі, соған орай өздері де рөлді тез таңдайды. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде мұғалім дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мақтауда абай болғаны дұрыс. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, соңынан кемшіліктерге тоқталуы керек. Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді. Актерлер ретінде көбіне басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек, себебі, ертегілерден және әдеби шығармалардан құралады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы, драматизацияланған ойындарды 2 түрлі дайындауға болады:

Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған дұрыс. Артынан балалармен бірге көріп немесе тыңдап, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған тиімді. Мұнда мұғалім мен оқушы өз қателіктерін байқап, келесі жолы осындай кемшіліктерге жол бермеуге тырысады.

Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе; ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте, ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіндігін көрсетуі керек, ол үшін уақыт беру қажет.

Мұғалім көмек қажет ететін балаға жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады.

Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

Ойын барысында мұғалім рөлі үнемі өзгеріп отырады.

Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса, ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.

Шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;

Мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап, сахнаға қою.

Драматизацияланған ойындардың айқын мақсаты болады.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.

Балаларды сөйлеуге үйрету.

Өмірде кез келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.Қорыта келгенде, ойын – балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл – өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Сонымен қатар, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны қолданудың маңызы өте зор.













































ОЙЫН АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Ойын дегеніміз не? Ойын – қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Ойынның мақсаты — бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау. Міндеті — баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Сонымен қатар қазақ тілін үйреткенде балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.

Сабақта ойын элементтерін пайдалану — сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір бөлшегі. Ойын элементтерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдаланған өте тиімді. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес таңдалынып алынса, оның берер пайдасы мен танымдық, тәрбиелік маңызын күшейте түсері анық. Оны тиімді қолдану мен іске асыру сабақтың әсерлігін, тартымдылығын дамытып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады, оқушының өзін–өзі тануына, өзіндік «менін» қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы, балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады; рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс; оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.

Рөлдік ойындардағы мұғалімнің орны қандай?

Бастапқы кезде мұғалім балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

Кейде мұғалімнің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.

Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары:

  • ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;

  • ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс;

  • ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;

  • ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.

Қазақ тілі – әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіндігінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен-күнге арта түсуде. Қазақ тілін сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ал бүгінгідей динамика ғасырында оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ. Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор.

Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесе жарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Оқушылар ойындағы өз жетістіктері мен кемшіліктерін біліп отыруы тиіс.

Ойын нәтижелерін есепке алу түрліше: әрбір дұрыс орындалған грамматикалық ойын үшін ұпай есептеу, әрбір ұтылыс үшін кем ұпай беріледі, оқушылар тақтаға жазылған тиісті команда бағанындағы сөз немесе сөз тіркестерін жазып отыру; ол сөздерді есепке ала отыру; қол көтеріп немесе тиісті орфограммалар жазылған карточкаларды көтеру арқылы білімдерін анықтау; жаттығуға жіберілген уақытты есепке алу. Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады.

Ойынның ұйымдастырылу түрлері: іскерлік ойындар, рөлдік және оқиғалық ойындар, саяхаттық және білімдік ойындар.

«Түймедақ» ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі. Таблицаның басына «Түймедақ» деп жазылады да, оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған сөздер жазылған қағаз жолақтар жасалады. Ойнау шарты: атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар, бала оны дөңгелек тіліне іледі.

«Суретті билет» ойыны. Сан есімді өткенде оқушыларға суреті бар кәртішкелер беріледі. Сөйлем құрап, сан есімді табады. Мысалы: оқушыларға гүл, торғай, қоян суреттері беріліп, солар бойынша заттың түрі мен түсі туралы сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлемді тез, дұрыс құрап, ондағы заттың түсін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып тұрғанын айтып айтып берсе, сол бала жеңеді. Мысалы: Әдемі гүл өсіп тұр. Бір торғайға ұя жасадық. «Білім мен дәстүр сыны» ойыны.Ойынның шарты: 1-сұрағы сабақ мазмұнына байланысты, 2-сұрағы ұлттық дәстүрлеріміздің сол сабақпен байланысты тұстарын алу.

«Синонимін табайық» ойыны. Ойынның мақсаты: Оқушылардың «Синоним» тақырыбынан меңгерген білімдерін тексеру, жылдам ой қорытуға баулу, сөздік қорын байыту.Ойынның шарты: оқушыларға бір уақыт аралығында синонимдік қатар тузу тапсырылады.Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде «Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойынын ойнатуға болады. «Мұғалім қай жерде қателесті?» ойынын да жүргізуге болады. Бұл ойынның шарты: мұғалім тақтаға бірнеше жұрнақ жазады, ал балалар жұрнақ болмай тұрған сөздерді табады.Мұғалім енді тақтаға бірнеше жалғау жазады, ал балалар жалғау болмай тұрған сөзді табады.«Кім тез?» ойыны. Интерактивті тақтада он екі суретті көрсетіп, әр қатардан 4 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады. Интерактивті тақтадағы суреттерді (қозы, аңшы, бор, нан, алма, бота, күн, қыз, сүргі, ай, тышқан) қатыстырып тез сөйлем ойлады. Қозы, аңшы, бор, нан, т.б. сөздердің дыбыс құрамын, буын санын айтады. Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағалаушы болады.

Рөлдік ойындар мынадай талаптар қояды:

«Достасқан буындар». Қатар отырған оқушылар ауызша орындайды. Орындау тәртібі бойынша бірінші оқушы «қа» буынын айтса, екінші келесі буынын тауып, сөз құрауы керек.

Қазақ тілі сабағында бір буынды, екі буынды сөздерді оқу, буындарға бөлу тақырыбын ашу үшін «Сақина салу» қазақтың ұлттық ойынын жүргізген тиімді. Бір оқушының алдына сақина қойып, «май» — деп дауыстайды. Сақинаны алған оқушы «мыл», «шам», «да» — деп дауыстайды. Сонымен «маймыл», «майшам», «майда» сөздері шығады. Айтылған бір буынға, екінші буын жалғау керек, мысалы: мы-сық, ма-са, ал-ма, жү-зім.

Мысалы: Жұмысшы, жазғы, т.б.

Бұл ойынның шарты: сыныптағы қатар бойынша 2 топқа бөлінеді. 2 топ арасы он адымдай белгіленген. Екі топ екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарға тұрады. Ойын жүргізуші қолындағы орамалын 1-топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да «қала» — деп дауыстайды, ол қағып алып «шық» — дейді немесе «ны», «ға», «ның» — дейді. Сонда «қалашық», «қаланы», «қалаға», «қаланың» тағы басқа сөздер шығады. Айтылған сөзге қосымша жалғау керек, мысалы: «ойын» — деп дауыстаса – «ойыншық», «ойынды», «ойындар», т.б. Орамалды қағып алған ойыншы түбір сөзге қосымша жалғап немесе уақытында тауып айта алмай қалса, онда ортаға шығып өнер көрсетеді.

Ойын соңында синонимдік қатардан сөйлемдер құралады.

Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!