Ойын-ойға жетелейді

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ойын-ойға жетелейді

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын арқылы баланың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ойын – ойға жетелейді

Ұлы педагог Сухомолинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деген еді. Ойын-мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Ойын үстінде баланың тілі дамып, қандай да бір өнерге бейімділігі, мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың тілін, ой-өрісін дамыту қашаннан ойыннан басталған емес пе? Баланың құрбы-құрдастарымен сан түрлі ойындар ойнауының өзі тілінің, жеке тұлғалық қасиеттердің қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осыған орай М.Жұмабаев баланың ойыны туралы: «Баланың қиялы, әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала өз әсерлерін пайдаланады. Айналасында, тұрмыста, нені көрсе, соны істейді».

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Балалардың топтасып, бірлесіп ойнаған ойындары арқылы бала бойында жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттер қалыптасады, бір нәрсені білуге құмарлығы артып, танымдық қабілеттері дамиды, қимылдары жетіледі.

Ойындардың мазмұны – адам өміріндегі таусылмайтын жағдайлар мен тақырыптар. Сюжетті-рөлдік ойынның міндеті – баланың қызығушылығын туғызып, сезімін оятып, рухани адамгершілік қасиеттерін арттыру. Сонымен қатар өзара сыйластық, қамқорлық, жанашырлық құндылықтарын дамыта отырып, мейірбандылық, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу. Бұл құндылықтар-бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасады.

Ойын әрекетін ұйымдастыру ерекшелігі – оның өзіндік әрекеттік сипаты. Балалар ойынды жасаушылар болып табылады. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Балалар жалғыз болғанның өзінде де ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен анасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлейді... Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады. Сөйлесе жүріп балалар бір-бірімен келіседі, өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі. Бала ойын үстінде өзі қалап алған нәрсенің бейнесіне еніп, белгілі бір рольді ойнайды.



Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі.

«Асық» ойынының терең әлеуметтік маңызы бар. «Асық» ойыны ең алғаш ойналарда, асықтың қалай алынатыны туралы, төрт-түлік малдың қасиеті жөнінде жан-жақты түсінік беріп өтуі тиіс. Асықтардың түрлі түске боялуы бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын арттырып, ойынға деген қызығушылықтарын туғызады. Бұл ойынның балалардың дене тұрқының өсуінде, көзінің өткірлігін дамытуда, көз қимылын жетілдіріп, бұлшық еттерін ширап, қызметінің күшеюінде маңызы зор.

Ойын балалаларды жан-жақты тәрбиелеу және дамыту құралы болып табылады.

Ойын арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын іс-әрекеттері балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу педагогтің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
216
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі