Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ОЙЫН ТЕРАПИЯ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ
Көмекші (түзету) мектептің 0-сыныбына арналған бағдарлама
2009
ТҮСІНІКТЕМЕ
Білім беру жүйесінің барлық буынының гуманистік және демократиялық негізде құрылуын көздейтін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын қазіргі заманға жағдайда іс-жүзіне асыруда, зерде дамуы бұзылған балаларды мектепке оқуға дайындықтың уақытылы, ойланған жүйесін құрудың маңыздылығы айқындалды. Жоғарыда көрсетілген мәселе қазіргі заманғы психология мен педагогикада табысты зерттелуде (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин және т.б.)
соның негізінде ол тұлғалық-бағдарлы және дамыта оқыту концепциясы аясында шешілуі мүмкін.
Л.С. Выготский мен оның мектебінің жұмысы бойынша даму концепциясы дамудың екі деңгейіде бағдарлануы керек: І деңгей – өзекті даму (дамудың бар деңгейі – бала өз бетімен қол жеткізеді) және ІІ деңгей – жақын даму аймағы (бала бірге жасалатын жұмыс барнысында қол жеткізеді, яғни баланың ереңгі күні). Л.С.Выготский негіздеген жақын даму аймағының феномені баланың дамуының сентизитивті кезеңдерін есепке ала отырып, жас шамасының психологиялық жаңа пайда болуларына бағдарлай отырып, оқудың өзімен дамуды ілестіретін, алға тарта білім беруді білдіреді. Даму ойындарында баланы бастауыш мектепте оқуға дайындауға көмектесетін, оқу мен тәрбиелеудің дамумен байланысын білдіреді.
Ойын терапиясы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шетел мектептерінде (А.Фрейд, К.Роджерс, Р.Нельсон, К.Мустакас, Г.Лэндрет және т.б.) белсенді түрде әзірленіп жатқан ойынмен емдеу, бұл бастауыш мектеп жағдайында да тиімді қолданылуы мүмкін. Ойын терапиясы балалардың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ұсынылатын білімді меңгеруге қажетті дайындыққа көмектеседі. Бала қарым-қатынастың вербальді құралдарын толық меңгермейінше, ойын және ойын материалы ересек адаммен эмоциялық қатынасты орнатуға, оқу дағдыларын дамытуға қажетті тәжірибені алуға көмектеседі.
Көмекші мектептегі оқудың дайындық кезеңінде міндеттерді іс-жүзіне асыруға байланысты, негізін дамыту ойындары, дамыту ойыншықтары, ойын тапсырмалары құрайтын ойын терапиясының арнайы курсы ендіріледі. Даму ойындары мен ойыншықтарды ойынның мазмұнын жіктеу және алдыңғы қатардағы даму қағидаларын есепке ала отырып, жүйелі түрде қолдану, көмекші мектептің бастауыш сыныпарында оқытудың диагностикалық-түзету және дамыту бағытына толық жауап береді. Осыған байланысты дамыту ойындары – бұл білім беру мекемесінің ойын мәдениетіне мазмұн беретін, балалардың танымдық және эмоциялық-ерік аясын дамыту бойынша мақсатты түрде бағытталған педагогикалық қызметті білдіреді. Дамыту ойыншықтарын алсақ, олар баланың психологиялық қызметін сапалы түрде өзгертуге бағытталған тиімді әсер ету құралы болып табылады.
Ойын терапиясы жағдайында оқушылардың жеке-дара сапаларының байқалуын, ителлектуальды қабілетін пайдалануын, өз бетімен іс-әрекет жасауын белсендіретін және т.б., олардың шығармашылық-ізденіс белсенділігін жоғарылатуға бағытталған мазмұнды қызмет түрі дамиды. Яғни, мектепке дайындық үдерісінде негізгі білімді меңгеруге арналған жағымды жағдай туындайды.
Ойын терапиясы бағдарламасының мақсаты – мектепке дайындық үдерісінде танымдық және эмоциялық-ерік қызметі бұзылған балаларды дер кезінде психологиялық диагностикалау және психологиялық түзету.
Көмекші мектептің дайындық сыныбының балаларын оқытудағы ойын терапиясы бағдарламасының міндеттері:
-
Танымдық және эмоциялық-ерік аясы бұзылған балалардың психологиялық даму еркшеліктерін зерттеу.
-
Балалардың даму деңгейі бойынша дамыту ойындыры мен ойыншықтары арқылы дәйектілікпен түзете-дамыта оқыту.
-
Балаларда жеке тұлғалық «Менді» айқындауға және оқуға деген жағымды әсер тудыруға арналған жағымды эмоциялық әсер ететін ойын тәжірибесін қалыптастыру.
Бағдарламаға Х.Т.Шерязданова мен Г.М.Касымованың дамыту ойындарын жіктеу және А.Т.Баймұратованың Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығында қызмет жасайтын лекотека үлгісі негіз болды. Ойын терапиясы бағдарламасын құрғанда ТП ҰҒПО мамандарының зерде дамуы бұзылған балалармен дамыту ойыншықтарын пайдаланған тәжірибесі де есепке алынды.
Ойын терапиясы бағдарламасының бөлімдерін анықтау кезінде біз танымдық мазмұнды және тәрбиелік мәні бар дамыту ойындары мен ойыншықтарды ерекшелей отырып, баланың психологиялық қызметін дамыту қағидасын басшылыққа алдық. Дамыту ойындарын жіктеу жеке алынған ойында білім беру-тәрбиелік міндеттерді нақтылауға мүмкіндік береді. Дамыту ойыншықтарын заттық-дамыту ортасы жағдайында қолдану әсердің тиімді болуына көмектеседі.
Ойын терапиясы бағдарламасы төрт бөлімді қамтиды.
І бөлім – Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар. Бұл бөлім балаға ересек адамдармен, құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге, эмоциялық қатынас орнатуға, мектепке дайындық жағдайында қоршаған ортамен өзара әлеуметтік іс-әрекет тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.
ІІ бөлім – Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар. Балаларды мектепте оқуға (жазуға) дайындауға, оқу үдерісінің маңызды шарты болып табылатын ойын тапсырмаларын орындауға бағытталады.
ІІІ бөлім – Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар. Бастауыш мектептің болашақ оқушысының ой-өрісінің дамуы үшін маңызды болатын, ойын барысында ізденіс тәсілімен заттарды тексеру дағдыларын біртіндеп меңгере отырып, балаға қоршаған әлемнің басты қасиеттерін меңгеруге көмектеседі.
ІV бөлім – Ойлау қабілеті мен елестету элементтерін дамытатын ойындар. Көмекші мектептің дайындық сыныптары жағдайында балалардың даму ерекшеліктерін есепке ала отырып, оларды масатты түрде және жіктей отырып дайындауға көмектеседі. Бөлімде баланың көрнекі-әрекеттіктен көрнекі-бейнелік және себепті ойлауға, сонымен бірге елестету элементтерін дамытудағы дамыту ойыншықтары мен көмекші құралдардың рөліне көңіл бөлінген.
Бағадаралама зерде дамуы бұзылған балалардың психологиялық дамуының ерекшеліктерін есепке ала отырып құрылған. Оның негізінде «Мектепке дейінгі жастағы ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға білім беру және тәрбиелеу бағдарламасымен» сабақтастықты қамтамасыз ететін, білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру бойынша талаптар жатыр. Сонымен бірге, осы бағдарлама белгілі бір жағдайда есту қызметі, сөйлеу тілі, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, тәртібінде ауытқушылықтары бар және т.б. балалар үшін де табысты қолданылуы мүмкін. Бұл «Ойын терапиясы бойынша оқу бағдарламасының әдістемелік нұсқауларында» тұжырымдалған ойын терапиясының жалпыға ортақ қағидаларына байланысты болады.
Осы бағдарламаны іс-жүзіне асыруда, белгілі бір жас шамасы бойынша топқа арналаған жоспар, сонымен бірге нақты оқушыға арналған жоспар бойынша білім беру мекемелерінің педагогтары мен психологтарының жұмыстары күтілген нәтижеге бағыталуының маңызы өте үлкен. Бұл оқушының танымдық қызметін түзету жұмысын берілген санаттағы балалардың жеке-жас шамасы бойынша ерекшеліктерін есепке ала отырып, мақсатты бағыттауға және дифференциалдауға, сонымен бірге баламен диагностикалық-түзету жұмыстың болашағын бақылауға мүмкіндік береді. Күтілген нәтиже проблемалы балаларды оңалту жұмысында педагогтардың, психологтардың және ата-аналардың өзара әреке жасауға және танымдық оқу қызметін түзетуге баламалы тәсілдерді іздестіруге мүмкіндік береді. Күтілетін тәсілдерді тұжырымдау берілген типтегі білім беру мекемелерінің талаптарын есепке ала отырып, түзету бағдарламаларында қойылатын мақсаттар мен міндеттерге тәуелді болады.
Ойын терапиясының бағдарламасын құруда біз З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова, А.А.Катаева, Е.А.Стребелева, Н.В.Клюева, Ю.В.Касаткина, Л.М.Шипицына, А.Ф.Ануфриева, С.Н.Костромина, С.А.Ұзақбаева, А.К.Айтпаева және т.б. әдістемелерінде сипатталған жалпыға белгілі ойындарды пайдаланылдық. Ұсынылған ойындар ойын атрибуттарына, сонымен бірге дайындық сынып оқушыларының санына қарай басқаларымен де толықтырылуы мүмкін.
Ойын терапиясы бағдарламасы аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағатқа есептелген.
ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
№ |
Бөлімдер мен тараулар |
Тақырыптар |
Дамыту ойындарының әр түрлілігі |
Са-ғат Са-ны |
1 |
Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар. 1. Вербальді емес қарым-қатынас |
1.1. Менің ақылды көмекшілерім (көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол). |
Дидактикаылқ ойындар: «Тамаша дорба», «Жануарды таны», «Бұзылған телефон». |
2 |
1.2. Ым және қимыл тілі. |
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Айна». Әдет-ғұрыптарға арналған ойындар: «Амандасу – қоштасу» (сөзсіз). |
2 |
||
1.3. Сезім тілі (эмоция) |
Дидактикалық ойындар: «Пиктограммалар», «Тамаша дорба», «Көңіл-күйді таны», Этюд-ойыны «Тәтті кәмпиттер». |
2 |
||
2. Вербальді қарым-қатынас (сөйлеу тілі) |
2.4. Іскерлік қарым-қатынас (Қарым-қатынас қызметі) |
Дидактикалық ойындар: «Шақыр», «Қоңырауды бер», «Не жетіспейді?», «Өзіңнің жұбыңды тап». Шапшаң қимылды этюд-ойын: «Көңілсіз, бұлай отыру көңілсіз». |
2 |
|
2.5. Эмоциялық қарым-қатынас |
Драматизациялау ойындары: «Бауырсақ», «Үш аю». Рөлдік ойындар: «Сабалақ ит», «Батыл тышқандар». |
2 |
||
2.6. Танымдық қарым-қатынастар. |
Дидактикалық ойындар: «Менде не барын тап», «Ұста да ата». Рөлдік ойындар: «Ойыншық дүкені». |
2 |
||
3. Менің «Мен» құпиям. |
3.7. Мен кіммін? (менің автопортретім). |
Дидактикалық ойындар: «Менің автопортретім». Шығармашылық ойын: «Кім екенін таны». Қол ұстасып билейтін ойын: «Әткеншектер». |
2 |
|
|
4. Мен және мнің жанұям |
4.8. Тату жанұя (ата-анамен арадағы өзара қатынас). |
Жағдаяттық-рөлдік ойын: «Қыздары мен шешелері». Оқиғалы-қойылым ойыны: «Менің жанұям». Конкурс-ойын: «Менің жанұям» (суреттер вернисажы). Қазақтың жағдаятты-рөлдік ойыны: «Менің жанұям». |
2 |
5. Мен және басқалары |
5.9. Достық |
Шапшаң қимылды ойындар: «Шеңберді бұз», «Күн мен жаңбыр». |
2 |
|
5.10. Сиқырлы сөздердің құпиясы (амандасу, алғыс). |
Шығармашылық ойын: (оқиғаны ойнау) «Сен досыңмен режістің, енді татуласқың келеді», «Балалармен қалай танысады», «Сенің досыңның туған күні» және т.б. Әдет-ғұрыптарға арналған ойындар: «Амандасу – қоштасу». |
2 |
||
ІІ |
Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар. |
2.11. Зейінді дамыту. |
Дидактикалық ойындар: «Абай бол!». Шапшаң қимылды ойындар: «Өз орныңды тап», «Құр тұрма». |
2 |
2.12 Ұстап алуды дамыту (қатысты қимылдарды дамыту). |
Дидактикалық ойындар: «Түсті төбешік», «Қорапшаны жауып қой». Шапшаң қимылды ойындар: «Допты ұста», «Көңілді доп», «Құсты ұста», «Тақия»*. |
2 |
||
2.13 Қол қимылдарының еліктеуі. 2.14 Қол саусақтарының дамуы. |
«Пойыз», «Қояндар», «Қаздар», «Құстар», «Жасырынбақтар», «Допты домалат», «Балға». «Пианино», «Гүлдерден жол жасайық», «Қуыршақтарға моншақтар жасау», «Таяқшаларды қосу». Ойын-ермек: «Ұсақ тастарды жинайық»*. |
2 |
||
2.15 Қол білезгінің қимылын дамыту |
«Кім епті?» ойыны, «Басқаға тапсыр» ойын-жақтығуы, «Сиқырлы шумақ», «Пойыз», «Кім тезірек болады?». |
2 |
||
І IV |
Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар 1. Пішінді ерекшелеу. 2. Пішінді қабылдау. |
3.16 Тәжірибеде пішінді ерекшелеу. Көру арқылы пішінді қабылдау |
Дидактикалық ойындар: «Ойыншықты ұста», «Ойыншықты тық», «Кімнің үйшігі?», «Не домалайды, не домаламайды?», «Терезені тап». «Өзіңнің орындығынды тап», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Маған қарай жүгіріндер», «Лото», «Кімде мынау бар?», «Дүкен», «Бұл затта пішінді тап», «Бөлмеде пішінді тап». |
2 |
3. Есте сақтау және пішін. |
3.17. Пішін туралы түсініктерге байланысты, есте сақтау |
«Біл және есте сақта», «Есте сақта және тап», «Ұқсасын тап», «Не болмай қалды?»*. |
2 |
|
4. Көлемді ерекшелеу |
3.18. Көлемді тәжірибе жүзінде ерекшелеу |
«Алақаныңда шарикті тық», «Ойыншықтарды тық», «Шарикті қорапқа таста», «Матрешкалар», «Мұнараны сал», «Кім бауды тез орайды?». |
2 |
|
5. Көлемді көру арқылы қабылдау |
3.19. Көлемді көру арқылы қабылдау. |
«Лото», «Пирамидалар», «Мұндайлар қайда?», «Үйлерді салайық», «Кімде үлкен доп?», «Хайуанаттар бағы», «Кімнің бойы ұзын?». |
2 |
|
6. Есте сақтау қабілеті, есте сақтау және көлем. |
3.20. Көлем туралы түсінікке байланысты есте сақтау. |
«Есте сақта және тап», «Мұндай кімде бар?», «Қай жерде тығылғанын тап», «Көңілді матрешкалар», «Тапсырысқа ойнау». Шапшаң қимылды ойын: «Көпіршік, желге тол». |
2 |
|
7. Түстерді Қабылдау. |
3.21. Түстерді ажырату. |
«Түсті текшелер», «Түкбілмеске гүлшоғын жинауға көмектес», «Шарларға бау байла», «Тышқанды тық». |
2 |
|
8. Түстердің ара қатынастары. |
Көру арқылы түстердің ара қатынастарын салыстыру. |
«Маған қарай жүгіріндер», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Лото», «Түрлі түсті баулар». |
2 |
|
9. Түсті есте сақтау және қабылдау |
3.22. Түс туралы түсініктерге байланысты есте сақтау. |
«Тану және атау», «Есте сақта және ата», «Есте сақта және тап», «Қандай түс жоғалып кетті?», «Мұндай түсті не болады?», «Хлоп-хлоп», «Бағдаршам». |
2 |
|
10. Заттың тұтас бейнесі |
Заттарды тану және ажырату. |
«Өзіңнің орыныңды тап», «Суретте не бейнеленген?», «Ойыншықтар мектепке барады», «Лото», «Есте сақта және ата», «Не өзгерді?». |
2 |
|
11. Затты бүтін ретінде қабылдау және бұл заттың жеке бөлшектерін сезіну. |
3.23. Бүтін және бөлшек. |
«Дұрыс орналыстыр», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Не жетіспейді?», «Бұл не?», «Лото», «Тұтасты жина». |
2 |
|
12. Кеңістікті қабылдау және онда бағдарлау |
3.24. Заттар мен олардың бөлшектері арасындағы кеңістік қатынастарын қабылдау |
«Кім байқампаз?», «Үстінде, астында, қасында не тұр?», «Жоғарыда-төменде», «Матрешкаларға арналған үй», «Жүргізушілер», геометриялық материалмен жаттығулар*, «Нүктелерді көшіру»*. |
2 |
|
13. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау |
3.25. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау |
«Дұрыс қой», «Зырылдауық», «Үйшік» ойын әдістемесі*, «Нүктелер бойымен сурет салу». |
2 |
|
14.Жайларда бағдарлау. |
3.26. Жайларда бағдарлау. |
«Тығайық және табайық», «Кім кімнің артынан екенін тап», «Жасырынбақ», «Соқыр және жетекші». |
2 |
|
15. Кеңістік қатынастарының қалыптасуы. |
Кеңістік түсініктері. |
«Есте сақта және тап», «Тап және шақыр», «Не суреттелген?», «Қояннан (қонжықтан, тиіннен, кірпіден және т.б.) хат», «Бұл не?»*. |
2 |
|
16. Тактильді-қимылды қабылдауды дамыту. |
3.27.1. Ұстап көру арқылы заттарды тану. |
«Қапшықтан өзіңнің ойыншығынды тап», «Бұл кімнің үйі?», «Пошта жәшігі», «Суық-жылы-ыстық». |
2 |
|
17. Үлгі бойынша тактильді-қимылды таңдаудың қалыптасуы. |
3.27.2. Пішінді, көлемді, кеңістікте орналасуды және затты қабылдауда елестету кезіндегі үлгі бойынша тактильді-қимылды таңдау. |
«Керемет қапшық», «Қапшықта не жатыр?», «Дүкен». |
2 |
|
18. Тактильді-қимылды қабылдау негізіндегі заттар туралы түсінік. |
3.28. Заттарды тактильді-қимылды қабылдау. |
«Ұстап көр және мүсінін жаса», «Суретті тап», «Үлкен және кішкентай шарлар», «Мен суды қай жерден алдым?», «Кішкентай бала бағушы». |
2 |
|
19. Есту арқылы қабылдауының дамуы. |
3.29.1. Сөйлеу тілі емес есту қабілетін дамыту. 3.29.2.Сөйлеу тілі есту қабілетін дамыту. |
«Тук-тук-тук», «Не гуілдейді?», «Кім мұнда?», «Жүреміз және билейміз», «Кім ойнады?» «Кім қалай айқалайды?», «Лото», «Кім келгенін тап», «Кім сені шақырды?», «Өзіңнің атыңды өлең етіп айт», «Пойыз». |
2 |
|
Ойлау қабілетін дамытатын ойындар 1. Қабылдаудан ойлауға өту. |
4.30. Қабылдау және жалпылау. |
«Кім қай жерде тұрады?», «Кімге нені беру керек», «Түс және пішін», «Дәл осындайды алып кел». |
2 |
|
2. Қабылдаудан көрнекі-бейнелі және логикалық ойлау элементтеріне өту. |
4.31. Көрнекі-бейнелі және логикалық ойлау элементтерін дамыту. |
«Бүтін жаса», «Бүтіннің суретін сал», «Кітапша жаса», «Қандай?»*, «Салыстырулар», «Жұмбақтарды шеш». |
2 |
|
3. Көрнекі-іс-әрекетті ойлау қабілеті. |
4.32 Көрнекі-іс-әрекетті ойлау қабілетін төмендегі мағыналы көмекші құралдарды немесе аспаптарды пайдалану көмегімен дамыту: а) бекітілген мағыналы; ә) көз көретін жерде орналасқан; б) қоршаған ортадан табу; в) заттарға тән қасиеттерді есепке ала отырып, |
а) дидактикалық ойындар: «Түкбілместі мектепке дайында», «Ботагөзге ұлттық киімді кигізейік»*. «Мектепке» (суреттер вернисажы) шығармашылық ойын-конкурсы. ә) «Ойыншықты алып шық», «Кілтті алып шық», «Шарды торға», «Допты кәрзеңкеге итеріп жібер», «Шарлар». б) «Допты алып шық», «Шариктерді алып шық» және т.б. в) «Түтікте не бар екенін тап», «Балық, ұстал», «Шариктерді алып шық», «Доппен ойын». |
2 |
|
4. Себепті ойлау элементтері. |
4.33. Себепті ойлау элементтерін дамыту. |
«Шариктерді итер», «Қорапшаны аш», «Кім епті?», «Неге қарлығаштың құйрығы мүйіз сияқты?»* драмалық ойыны, «Жұмбақтар». |
2 |
|
5. Көрнекі-бейнелі ойлау. |
4.34. Көрнекі-бейнелі ойлауды және елестету элементін дамыту. |
Дидактикалық ойындар: «Кімге қандай тағам ұсынайық?», «Хайуанаттар бағы», «Лото», «Қандай ойыншық», «Мамандықты тап», «Өрнек», «Бақта» ойын-саяхаты, «Қазынаны іздеу», «Ұсақ тас» ережелері бар ойын, «Теңіз толқиды» және т.б. |
4 |
|
|
|
Барлығы: |
68 |
Ойын терапиясының үлгілік тақырыптық жоспарында сәйкес бөлімдерге бөлінген және әр түрлі дамыту ойындары енген 4 тарау бар. Сағаттар тарауларға қарай және интеллектісі бұзылған (психологиялық жаңадан пайда болған) балалардың психикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты бөлінген. Жоспардың мазмұны жүйелі түрде 4 оқу тоқсаны бойынша іске асырылады, әр тоқсанның басында және аяғында психологиялық диагностикалау мен әр түрлі дамытушы ойындар мен ойыншықтар көмегімен балалардың дамуын психологиялық түзету қарастырылады.
«ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮЛГІЛІК МАЗМҰНЫ
І ТАРАУ. Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар.
1-тақырып. Менің ақылды көмекшілерім (көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол).
Білім, икемділіктер, дағдылар: Сезім мүшелерінің қоршаған ортаны тануда, қоғамның дамуында атқаратын рөлін түсіну.
Сөздік: көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол – сезім мүшелері.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: Сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру.
Дидактикалық ойындар: «Тамаша дорба», «Бұзылған телефон», «Жануарды таны».
Ойын материалы: жемістердің нақпішіндерінің жиынтығы (алма, алмұрт, банан, жүзім және т.б.) салынған «Тамаша дорба»; доптар және жануарлар дыбысын, көлік шуын, үй-тұрмыс заттарының дыбысын (ұйқыашар, телефон және құстар, жануарлар дауысы, жел шуы, жапырақтар сыбдыры және т.б. жазылған магнитофон) шығаратын т.б. ойын заттары.
2- тақырып. Ым және қимыл тілі.
Шығармашылық ойындар: «Айна», «Ертегіні бейнеле» қойылымы (бір топ бейнелейді, екінші топ түсінік береді немесе дыбыстандырады), әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу» (сөзсіз).
Білім, икемділіктер, дағдылар: Ым, қимылдың қатынастағы рөлімен танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу.
Сөздік: Ишарат қимылы – мимика, пантомимика.
Сөйлеу тілін дамыту: сөздерді дұрыс пайдалану, сөйлемдерді құрастыру.
Ойын материалы: әр түрлі ишараттар мен қимылдарды көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалар.
3-тақырып. Сезім тілі
Дидактикалық ойындар: «Пиктограммалар», «Тамаша дорба», «Көңіл-күйді таны», «Тәтті кәмпиттер» этюд-ойыны.
Білім, икемділіктер, дағдылар: сезім (эмоция) күйі: қуаныш, қайғы, таң қалу және т.б., адамның бет әлпеті арқылы оның сезім күйін түсіне білу, ниет білдіру, жағымды сезімнің пайда болуына түрткі болу.
Сөздік: қуаныш, қайғы, таң қалу және т.б.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру (ой-пікірлерін білдіру, жұбату, құттықтау).
Ойын материалы: пиктограммалар жиынтығы, тамаша дорба, ойыншықтар, әр түрлі сезімдерді көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалар.
4-тақырып. Іскерлік қарым-қатынас (тілдің қарым-қатынас қызметі).
Дидактикалық ойындар: «Шақыр», «Қоңырауды бер», «Не жетіспейді?», «Өзіңнің жұбыңды тап» (Кіммен ойнаймыз?»).
Шапшаң қимылды ойындар: «Көңілсіз, бұлай отыру көңілсіз», «Күн сәулесі», «Жылға», «Соқыртеке».
Білім, икемділіктер, дағдылар: Іскерлік қарым-қатынас тілінің ерекшеліктерімен таныстыру, ауызша нұсқау бойынша іс-әрекет ете білуін дамыту.
Сөздік: мә, ал, ұста, тапсыр, тап, қаш.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: ауызша нұсқауды айқын айту қабілеттілігін дамыту және оны ұстану.
Ойын материалы: қоңырау, доптар жиынтығы, белгілі бір заттың бөліктері бейнеленген суреттер (көлік, үй, үстел және т.б.), процессуальды іс-әрекеттерге арналған ойыншықтар (арбасы бар қуыршақ, текшелері бар машина және т.б.).
5-тақырып. Эмоциялық қарым-қатынас
Драматизациялау ойындары: «Шалқан», «Бауырсақ», «Үш аю», «Қызыл қалпақ».
Рөлдік ойындар: «Сабалақ ит», «Батыл тышқандар».
Білім, икемділіктер, дағдылар: эмоциялық қарым-қатынастың ерекшелігімен таныстыру, рөль көмегімен өзінің сезімдерін көрсете білу.
Сөздік: драматизация, рөл.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: рөлге сәйкес келетін мәтінді айқын және байланыстырып айту.
Ойын материалы: ойыншықтар театры, «Ертегі» суреттерінің жиынтығы.
6-тақырып. Танымдық қарым-қатынастар.
Дидактикалық ойындар: «Менде не барын тап», «Ұста да ата».
Рөлдік ойындар: «Ойыншық дүкені», «Дәрігер», «Мектеп», «Шаштараз» және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: сөйлеу тілінің танымдық қызметін дамыту, ересек адамдардың сөзін түсіну, қасындағыларға ақпаратты саналы түрде жеткізе білу.
Сөздік: доп, ұстап ал, атын ата (таңдалған сөзге байланысты оқимыз – мектеп, оқу құралдары, жиһаз және т.б.).
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөз тіркестеріне, сөйлемдері құрастыруға берілген жаттығулар.
Ойын материалы: доптар, оқу құралдарының жиынтығы, ойын құрамына сәйкес атрибуттер.
7-тақырып. Мен кіммін? (менің автопортретім)
Дидактикалық ойындар: «Менің автопортретім».
Шығармашылық ойын: «Кім екенін таны».
Қол ұстасып билейтін ойын: «Әткеншектер».
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің қадір-қасиетің туралы сезімді қалыптастыру, өз сезімдеріне, қылықтарына баға беру, өзіне тән жеке дара қасиеттерді ажырату (түрі, беті, жүрісі, жынысы), өздерінің сезімдерін және тілектерін жеткізу, табыстарға қуану, дербестік көрсету.
Сөздік: бет-әлпет, жүріс, сыртқы түр, жақсылық.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: әр түрлі жастағы балалар бейнеленген суреттер, фотосуреттер.
8-тақырып. Тату жанұя (ата-анамен арадағы өзара қатынас).
Рөлдік ойындар: «Қыздары мен шешелері», «Жанұя».
Оқиғаны сахналау ойыны: «Менің жанұям» (қазақ халқының ойыны).
Конкурс-ойын: «Менің жанұям» (суреттер вернисажы).
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзін-өзі ұстау ережелерін білу, махаббатты, сыйластықты, туыстарға қамқорлықты, бірлікті, жақсы әрекеттермен туыстарын қуантуға қажеттілікті білу.
Сөздік: жанұя, махаббат, сыйластық, қамқорлық, қуаныш, жақсылық.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: «Қыздары мен шешелері», «Жанұя» жағдаяттық-рөлдік ойындарына арналған атрибуттар (қазақтың тұрмыс заттары).
9-тақырып. Достық
Дидактикалық ойындар: «Бірге ойнайық».
Шапшаң қимылды ойындар: «Шеңберді бұз», «Күн мен жаңбыр», «Өзіңнің достарыңды есіне ал».
Ойын-этюд: «Кім жазықты?».
Білім, икемділіктер, дағдылар: «дос», «достық» сөздерінің мәні, басқа адамдардың сезімдерін және қылықтарын түсіну, өз ойынды дәлелдеу және түсіндіру.
Сөздік: дос, достық, көмек, сыйластық, жақсылық, жамандық.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: ойын мазмұнына сәйкес ойыншықтар, тамаша дорба, доп.
10-тақырып. Сиқырлы сөздердің құпиясы (қарсы алу, алғыс).
Әдет-ғұрыптарға арналған ойындар: «Амандасу – қоштасу».
Шығармашылық ойын: «Оқиғаны ойнау» («Сен досыңмен реңжістің, енді татуласқың келеді», «Балалармен қалай танысады», «Сенің досыңның туған күні» және «Біз қонаққа барамыз»).
Білім, икемділіктер, дағдылар: әдептілік ережелерін білу, оларды қолдана білу, дұрыс қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Сөздік: сәлем, қайырлы күн, сау бол, өтінемін, кешір, рахмет, туған күн.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: «Әдепті сөздер» суреттерінің жиынтығы (әр түрлі жағдайда бейнеленген балалардың суреттері).
ІІ ТАРАУ. Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар.
11- тақырып. Зейінді дамыту
Дидактикалық ойындар: «Байқам бол!», «Өзіңнің ойыншығыңды тап», «Не өзгергенін тап», «Бұл қашан болады?».
Шапшаң қимылды ойындар: «Өз орныңды тап», «Құр тұрма».
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойын ережелерін білу, нұсқауға еру, өз бетімен назар аудару дағдысы.
Сөздік: назар, орын, құр тұрма, ықыласты.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: сюжетті ойыншықтар, геометриялық лото, «Хайуанаттар бағы», «Орман», «Көлік», «Қораптар толы шкаф», суреттер жиынтығы, ашық түсті орамалдар.
12-тақырып. Ұстап алуды дамыту (қатысты қимылдарды дамыту)
Дидактикалық ойындар: «Түсті қорапша», «Қорапшаны жауып қой», «Түйіршіктерді домалат», «Саңырауқұлақтарды отырғызайық», «Мұнараны салайық».
Шапшаң қимылды ойындар: «Допты ұста», «Көңілді доп», «Құсты ұста», «Үйді салайық», «Тақия» (қазақ ұлттық ойыны).
Білім, икемділіктер, дағдылар: мұғалімнің затпен істеген әрекеттерін бекіту, ұстап алу дағдыларына қатысты қимылдарды дамыту, үлгіге және електеуге қарай әрекет ету.
Сөздік: үлгі (тура сондай), бірлестіру (ара-қатынасын белгілеу), солдан оңға қарай және керісінше, жетекші қол
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: саңырауқұлақтар, Сеген тақтасы, түсті таушық, қораптағы түстішариктер, себет, майда пирамидалар, қақпақтары бар қораптар, құрылыс терімі, үрлемелі доп, ашық түсті, түкті доп, майда заттар және мөлдір ыдыс.
13-15-тақырыптар. Қол қимылдарының еліктеуі, қол саусақтарының дамуы қол білезгінің қимылын дамыту
Дидактикалық ойындар: «Пойыз», «Қояндар», «Қаздар», «Құстар», «Жасырынбақ», «Допты домалат», «Балға», «Пианино», «Гүлдерден жол жасайық», «Қуыршақтарға моншақтар жасау», «Таяқшаларды қосу».
Ойын-ермек: «Ұсақ тастарды жинайық» (қазақтың ұлттық ойыны), «Кім епті?».
Ойын-жаттығу: «Басқаға тапсыр», «Сиқырлы шумақ», «Пойыз», «Кім тезірек болады?» және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: қол, саусақтар, қол білезігінің қимылдарына еліктеуді дамытып, жазуға үйрету үшін майда моториканы жетілдіру.
Сөздік: пойыз, балға, пианино, шөкім, ау, аквариум.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: өрнек, пианино, экран, үстел шамы, бүркегіш ау, конструктор элементтері, шумақ, доп, түсті тастар, өруге арналған жіңішке арқан, баудан өткізуге арналған майда заттар, есептік шыбықтар, «Катушка жіптермен» ойын терімі және т.б.
ІІІ ТАРАУ. Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар
16 тақырып. Тәжірибеде пішінді ерекшелеу және пішінді көру арқылы қабылдау
Дидактикалық ойындар: «Ойыншықты ұста», «Ойыншықты тық», «Кімнің үйшігі?», «Не домалайды, не домаламайды?», «Терезешікті тап», «Өзіңнің орындығынды тап», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Маған қарай жүгіріндер», «Лото», «Кімде мынау бар?», «Дүкен», «Бұл затта пішінді тап», «Бөлмеде пішінді тап»
Білім, икемділіктер, дағдылар: пішін туралы түсініктерін дамыту, тәжірибеде пішінді ерекшелеу және көру арқылы қоршаған заттарда пішінді қабылдау дағдылары мен білімі.
Сөздік: пішін (геометриялық фигуралар).
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: «Лото» жиынтығы, «Өрмек», Сеген тақтасы, геометриялық фигуралар жиынтығы, пошта жәшігі, қос суреттер, арқанға ілініп қойылған ойыншықтар, әр түрлі пішіндегі қақпақтары бар қораптар және майда ойыншықтар.
17-тақырып. Есте сақтау және пішін туралы түсінік.
Дидактикалық ойындар: «Біл және есте сақта», «Есте сақта және тап», «Ұқсасын тап», Геометриялық лото, «Не болмай қалды?» (қазақ ұлттық ойыны), «Үйді сал», «Суретті жаса» (Сеген тақтасының үлгісіне қарай).
Білім, икемділіктер, дағдылар: пішін туралы елестетулерді есте сақтау, бейне есте сақтаудың дағдылары мен икемділіктерін дамыту.
Сөздік: есте сақта, тап, пиала, кесе.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: пошта жәшігі, сортталған геометриялық фигуралар, құрылыс терімі, тесілген тақтай, «Лото» жиынтығы, «Ыдыс» (пиала) және т.б.
18-19-тақырыптар. Тәжірибеде мөлшерді ерекшелеу, мөлшерді көз арқылы қабылдау
Дидактикалық ойындар: «Алақаныңда шарикті тық», «Ойыншықтарды тық», «Шарикті қорапқа таста», «Матрешкалар», «Мұнараны сал», «Кім бауды тез орайды?». «Лото», «Пирамидалар», «Мұндайлар қайда?», «Үйлерді салайық», «Кімде үлкен доп?», «Хайуанаттар паркі», «Кімнің бойы ұзын?».
Білім, икемділіктер, дағдылар: көлемді ерекшелеуді жетілдіру, көлемді көз арқылы қабылдау және тәжірибе жүзінде оларды қоршаған ортада ерекшелеудің дағдылары мен икемділіктері.
Сөздік: үлкен-кішкентай, көбірек-азырақ, жоғары-төмен, кең-тар және т.б.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: «Түсті шариктер» жиынтығы (әр түрлі мөлшерде), матрешкалар, пирамидалар, әр түрлі көлемдегі стақандар мен текшелер, құрылыс терімі, «Хайуанаттар бағы» жиынтығы және әр түрлі көлемдегі басқа заттар, есіктер мен терезе тіліктері бар әр түрлі мөлшердегі қағаз үйлер, бөлек шатырлар.
20-тақырып. Көлеммен байланысты есте сақтау.
Дидактикалық ойындар: «Есте сақта және тап», «Мұндай кімде бар?», «Қай жерде тығылғанын тап», «Көңілді матрешкалар», «Тапсырысқа ойнау».
Шапшаң қимылды ойын: «Көпіршік, желге тол».
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаумен байланысты көлем туралы түсінікті жетілдіру, әр түрлі мөлшердегі заттарды есте сақтаудың дағдылары және икемділіктері.
Сөздік: есте сақта, әр түрлі көлемдер.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: геометриялық фигуралар жиынтығы, «Лото», матрешки, пирамидалар, әр түрлі көлемдегі кез келген заттар, құрылыс терімі.
21-тақырып. Түстерді ажырату, көру арқылы түс ара қатынасын салыстыру, байқау
Дидактикалық ойындар: «Түсті текшелер», «Түкбілмеске гүлшоғын жинауға көмектес», «Шарларға баулар байла», «Тышқанды тық». «Маған қарай жүгіріндер», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Лото», «Түс бойынша таңда», «Өрнек», «Өз орныңды тап».
Білім, икемділіктер, дағдылар: түсті қабылдау және түс туралы түсінікті жетілдіру, көру арқылы түс ара қатынасын қалыптастыру және оларды ажырату дағдылары мен икемділігі.
Сөздік: сондай, қызыл, көк, сары, жасыл, ақ және т.б.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: түсті текшелер, түсті баулар байланған 3-4 түсті шарлар, жалаулар (әр түсті), «Лото» (әр түсті квадраттары бар қағаздар), өрнек, майда заттарды салатын әр түсті ыдыстар, Сеген тақтасы, геометриялық фигуралардың сортирі және т.б.
22-тақырып. Түс туралы түсініктерге байланысты есте сақтау
Дидактикалық ойындар: «Тану және атау», «Есте сақта және ата», «Есте сақта және тап», «Қандай түс жоғалып кетті?», «Мұндай түсті не болады?», «Хлоп-хлоп!», «Бағдаршам».
Білім, икемділіктер, дағдылар: түс туралы түсініктерін есте сақтауды қалыптастыру, тез есте сақтаудың дағдылары және икемділігі.
Сөздік: бағдаршам, есте сақта, біл, айтып бер, түсі.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: бағдаршам, «Лото», «Тамаша дорба» (түсті геометриялық фигуралармен).
23-тақырып. Бөлшек және бүтін
Дидактикалық ойындар: «Дұрыс орналыстыр», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Не жетіспейді?», «Бұл не?», «Лото», «Бүтінді жина».
Білім, икемділікте , дағдылар: заттың бүтіндігін қабылдауды, заттағы жеке бөліктерді сезіну икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Сөздік: бөлшек, бүтін, жарты, жина.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: «Лото», геометриялық фигуралардың жиынтығы, алмалы-салмалы ойыншықтар, кесілетін суреттер, өрнек, бөліктерге бекітіліп бөлінген ойыншықтар.
24-тақырып. Заттар және оның бөлшектері арасындағы кеңістік қатынастарын қабылдау
Дидактикалық ойындар: «Кім ықыласты?», «Не үстінде, астында, қасында тұр? (Кім тұр)», «Жоғарыда-төменде», «Сайқымазақ», «Соқыр және жетекші», «Қазықшаларға сақиналарды ілейік», «Жүргізушілер», геометриялық материалмен жаттығулар, «Нүктелерді көшіру».
Білім, икемділіктер, дағдылар: кеңістікті қабылдауды жетілдіру, онда бағдарлаудың дағдылары мен икемділігі.
Сөздік: астында, жоғарыда, қасында, нүкте.
Сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: Заттар жиынтығы (шар, куб, призмалар, кірпіштер), майда ойыншықтар, құрылыс терімі, пирамидалар, дәптер беттері.
25-тақырып. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау
Дидактикалық ойындар: «Дұрыс қой», «Зырылдауық», «Өзіңді өзін сал», «Бағдаршам» (жапсырмақұрақ) келесі талдаумен, «Не неге келеді?», «Кім бұл үйде тұрады?», «Үйшік» ойын әдістемесі, «Нүктелер бойымен сурет салу».
Білім, икемділіктер, дағдылар: Қағаз беті кеңістігінде бағдарлауды жетілдіру, көлемнің бұл түсініктерін жазық бейнелеуде қолданудың дағдылары мен икемділігі.
Сөздік: жоғарыда, астында, қасында.
Сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: заттар және олардың жазық суреттерінің жиынтығы (геометриялық фигуралар), зырылдауық, бағдаршам, жапсырмақұрақ пен бейнелеуге арналған терім.
26-тақырып. Жайда бағдарлау және кеңістік түсініктер.
Дидактикалық ойындар: «Тығайық және табайық», «Кім кімнің артынан екенін тап», «Жасырынбақ», «Тап және шақыр», «Не суреттелген?», «Түкбілместен (қояннан, қонжықтан және т.б.) хат», «Бұл не?», «Соқыр және жетекші».
Шапшаң қимылды ойын: «Допты қуып жет», «Ұябасар және балапандар».
Білім, икемділіктер, дағдылар: кеңестік туралы түсінікті және жақын кеңістікте бағдарлауды жетілдіру, заттардың бір-біріне қатысы бойынша кеңістікте орналасуын анықтау дағдылары мен икемділігі, зейін мен есте сақтауды дамыту.
Сөздік: тығу, ертерек, кешірек және т.б.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: әр түрлі ойыншықтар, «Ыдыс» жиынтығы, «Оқу құралдары», «Мектеп» және т.б.
27-тақырып. Заттарды ұстап көру арқылы тану, үлгі бойынша тактильді-қимылды таңдау (пішіні, көлемі, кеңістікте орналасуы және затты салыстыруы)
Дидактикалық ойындар: «Қапшықтан өзіңнің ойыншығынды тап», «Бұл кімнің үйі?», «Пошта жәшігі», «Суық-жылы-ыстық». «Тамаша дорба», «Дүкен». «Қапшықта не жатыр?», «Суды қайдан алдым?», «Кішкентай бала бағушы».
Сөздік: суық, ыстық, жылы.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: пошта жәшігі, «Тамаша дорба» (мөлдір және мөлдір емес матадан), «Дүкен» ойынына атрибуттар (жемістер, көкөністер және т.с.с).
28-тақырып. Заттарды тактильді-қимылды қабылдау.
Дидактикалық ойындар: «Ұстап көр және мүсін жаса», «Суретті тап», «Үлкен және кішкентай шарлар».
Сөздік: ұстап көру арқылы, тап.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: суреттер, шарлар, үйшіктер, ойыншықтар, тактильді шариктер жиынтығы және т.б.
29-тақырып. Сөйлеу тілі емес және сөйлеу тілі есту қабілетін дамуы
Дидактикалық ойындар: «Тук-тук-тук», «Не гуілдейді?», «Кім мұнда?», «Жүреміз және билейміз», «Кім ойнады?», «Кім қалай айғайлайды?», «Лото», «Кім сені шақырды?», «Өзіңнің атыңды өлеңдетіп айт», «Пойыз».
Білім, икемділіктер, дағдыдар: есту қабылдауын жетілдіру (сөйлеу тілі және сөйлеу емес тілі), сөйлеу тілін және сөйлеу емес тілін ажырату дағдылары мен икемділігі.
Сөздік: шу, тарсыл, дауыс, сөз.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: лото, музыкалық аспаптар(барабан, сыбызғы, дабыл), ойыншық-ермек, дауыс шығаратын доптар, аудио жазбалар (құстар, жапырақтар, шөп сыбдыры, су, көлік шуы, және т.б.).
IV ТАРАУ. Ойлау қабілетін және елестету элементтерін дамытатын ойындар
30-тақырып. Қабылдау және жалпылау
Дидактикалық ойындар: «Кім қай жерде тұрады?», «Кімге нені беру керек», «Түс және пішін», «Мұндайларды алып кел».
Білім, икемділктер, дағдылар: қабылдау және жалпылауды жетілдіру, қабылдаудан жалпылауға өту дағдылары мен икемділігі.
Сөздік: бәрі, сондай, тек қана (пішіні, түсі, мөлшері бойынша).
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, заттарды топтастырудағы жалпылауыш сөздерді ерекшелей отырып, сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: ойыншықтар, құрылыс материалдары, суреттер жиынтығы, жалаулар, доптар, геометриялық жазық фигуралар.
31-тақырып. Көрнекі-бейнеліні және логикалық ойлаудың элементтерін дамыту
Дидактикалық ойындар: «Бір бүтін етіп жаса», «Бүтіннің суретін сал», «Кітапша жаса», «Қандай?», «Салыстыру», «Жұмбақтарды шеш», «Суретін аяқта».
Білім, икемдіктер, дағдылар: Көрнекті-бейнелі және логикалық ойлаудың элементтерін жетілдіру, заттың бүтін бейнесін тірек ете түсінікте бейнелермен жұмыс істеу икемділігі және үлгілеу, өлшеу дағдылары.
Сөздік: бөлік, бүтін, бейне, өлшеу, жапсыру, суреттеу.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер, шағын әңгімелер құрастыру.
Ойын материалы: қағаз беттерінің жиынтығы, қарындаштар, қатырмақағаз, ойыншықтар, кесілген суреттер, кесілген суреттері бартекшелер, өрнек және т.б.
32-тақырып. Көрнекті-қимылды ойлау қабілетін дамыту
Дидактикалық ойындар:
а) «Түкбілместі мектепке дайында», «Ботагөзге ұлттық киімді кигізейік». «Мектепке» (суреттер вернисажы) шығармашылық ойын-конкурсы.
ә) «Ойыншықты алып шық», «Кілтті алып шық», «Шарды торға», «Допты себетке итеріп жібер», «Шар».
б) «Допты алып шық», «Шариктерді алып шық» және т.б.
в) «Түтікшеде не бар екенін тап», «Балық, ұстал», «Шариктерді алып шық», доппен ойын.
Білім, икемділіктер, дағдылар: Көмекші құрал-саймандарды және аспаптарды пайдалану көмегімен көрнекі-қимылды ойлау қабілетін дамыту:
а) мағынасымен бекіту;
б) көз көретін жерде орналасқан;
в) қоршаған ортадан табу керектілерді;
г) заттың қасиеттерін есепке алу.
Сөздік: Түкбілмес, мектеп, конкурс, итеріп жіберу, жету.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: доптар, оқу құралдарының жиынтығы, шарлар, түсті шариктер, кілт.
33-тақырып. Себепті ойлаудың элементтерін дамыту
Дидактикалық ойындар: «Шариктерді итер», «Қорапшаны аш», «Кім епті?», «Жұмбақтар».
Сахналық ойыны: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
Білім, икемділіктер, дағдылар: әдеттегі жағдайдың бұзылуына балалардың бағдарлау реакциясын жетілдіру, бұзылыс себебін жою дағдылары мен икемділігін дамыта отырып, бұзылудың себебін іздеуге ынталандыру.
Сөздік: кедергі жасау, себеп, неге.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті, байланыс тілін белсендіру.
Ойын материалы: шариктер жиынтығы, қорапша, ау, су толтырылған ыдыстар, сахналық ойынға арналған атрибуттар.
34-тақырып. Көрнекі-бейнелі ойлауды және елестету элементін дамыту
Дидактикалық ойындар: «Кімге қандай тағам ұсынайық?», «Хайуанаттар бағы», «Лото», «Қандай ойыншық», «Мамандықты тап», «Сөзді тап», «Өрнек», «Ит неге үреді?».
Ойын-саяхат: «Баққа» «Қазнаны іздеу»,
Ережелі ойындар: «Ұсақтас», «Теңіз толқиды» және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: Көрнекі-бейнелі ойлауды, елестетуді, талдау функцияларын, синтезді, қарапайым түрде жалпылай білуді, өзін-өзі ұстауды, зейін дағдыларын дамыту.
Сөздік: бақ, кірпі, қоян, өрнек, саңырауқұлақ, қуыс, тиін, қазыана, тас, кактус, пальма, теңіз, ұсақтас.
Ауызекі сөйлеу тілін дамыту: сөздікті белсендіру, берілген тақырыпқа байланысты сөйлемдер құрастыру.
Ойын материалы: «Бақ» суреттерінің жиынтығы, «Ыдыс», «Көкөніс», «Хайуанаттар бағы», «Мамандық», «Лото», дыбыс шығаратын ит, «Өрнек», ұсақ тастар.
КЕРЕК ОСЫ БАҒДАРЛАМА
Көмекші мектеп (1-4 сынып) оқушыларының танымдық қызметін түзету бойынша бағдарлама
ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің барлық бөліктерін гуманизм және демократиялау идеясын іс-жүзіне асырудың қазіргі заманғы жағдайында арнайы мектептердегі білім беру және тәрбелеу үдерісін ұйымдастыру мен мазмұны жаңа сапалы деңгейге көтеріледі. Осыған байланысты көмекші мектеп балаларының танымдық қызметін жөндеу курсын енгізудің маңыздылығы байқалады.
Бағдарламаның мақсаты – көмекші мектеп оқушыларының танымдық аясын дер кезінде психологиялық диагностикалау және психологиялық түзету, сонымен қатар оларда танымдық қызметке деген жағымды қатынасты қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
-
Зерде бұзылыстары бар балалардың танымдық аясын дамытудың ерекшеліктерін зерттеу.
-
Көмекші мектеп оқушыларын арнайы таңдалып алынған дамыту ойындары арқылы жүйелі түрде түзете-дамытаоқыту.
-
Танымдық қызметке деген жағымды қатынасты қалыптастыру.
Танымдық аяны түзету курсының әдістемелік негізін психологтар мен педагогтар (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин және т.б.) әзірлеген тұлғалық-бағдарлау және дамыта оқыту концециясы құрайды.
Оқыту Л.С.Выготский мен оның мектебінің қызметіндегі дамыту концепциясына сәйкес, оқыту актуальды дамыту аймағына – баланың даму деңгейіне және – баланың ересек адамның сәл ғана көмегімен, серіктестігімен, оның өзара әрекеттестігімен қол жеткізетін – жақын даму аймағына негізделген. Л.С.Выготский негіздеген жақын даму аймағының феномені баланың жас шамасына қарай психологиялық жаңа құрылымдарға бағытталған сензитивтік кезеңін есепке ала отырып, оқытудың дамытуды өзімен «ілестіретін» озып шығатын оқытуды білдіреді.
І бөлім – Қарым-қатынас дағдылары мен адамгершілік-ерік сапасын дамытататын ойындар. Бұл бөлім оқушыларға ересек адамдармен және құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге,жағымды эмоциялық қатынас орнатуға, түзету-дамыту үдерістің тиімділігін арттыруға көмектесетін оқу қызметіндегі өзара іс-әрекет жасаудың әлеуметтік тәжірибесін жинауға көмектеседі.
ІІ бөлім – Ұсақ моториканы, қол мен зейіннің көру-қозғалу үйлесімділігін дамытатын ойындар мектепте оқытуды жетілдіруге, танымдық аясын түзетуде маңызды болатын ойын тапсырмаларын орындауға бағытталған.
ІІІ бөлім – Сенсориканы дамытатын ойындар – бастауыш мектеп оқушыларының танымдық аясының маңызды бастапқы сатысы болуы мүмкүкін.
ІVбөлім – Есте сақтауды, ойлауды, елестету элементтерін дамытатын ойындар көмекші мектептің оқушыларының танымдық психологиялық үдерісін жіктелген, мақсатты бағытталған түрде түзетуге көмектеседі.
Танымдық қызметті түзету бағдарламасы интеллектісі бұзылған балалардың психлогиялық дамуының ерекшелігін есепке ала отырып құрылған. Оның негізінде ақыл-ойы дамымаған балаларды түзете-дамыта оқытудың бағдарламалық-әдістемелік материалдардың талаптарына қарай анықталатын білім, икемділік пен дағдыларды меңгеруге қойылатын талаптар жатыр.
Танымдық қызметті түзетудің үлгілік тақырыптық жоспарына сәйкес тараулары және сан алуан ойындары бар төрт бөлім ендірілген. Жоспардың мазмұны әрбір тоқсанның басында жоғарыда көрсетілген дамыту ойындары, тапсырмалары, жаттығулары, жағдаяттары, этюдтары және т.б. көмегімен балалардың психологиялық дамуын психологиялық түзету және психологиялық диагностикалауды жүргізе отырып, төрт тоқсан бойынша дәйектілікпен іс-жүзіне асыруға болады.
Осы бағдарламаны іс-жүзіне асыруда білім беру ұйымдарының педагогтары мен психологтарының белгілі бір жас шамасына қарай құрылған топқа арналған жалпы жоспар және сондай-ақ нақты оқушыға арналған жоспарда берілген күтілетін нәтижеге бағдарлауларының маңызы зор. Бұл оқушылардың танымдық қызметін түзетуді берілген санаттағы балалардың жеке-жас шамасы ерекшеліктерін есепке ала отырып жіктеле және мақсатты бағыттала жүргізуге, сонымен бірге балалармен жүргізілетін жалпы диагностикалық-түзету жұмысының болашағын бақылауға мүмкіндік береді. Күтілген нәтижелер балаларды оңалту проблемаларын шешуде, танымдық оқу қызметінің түзетудің саймасай әдістерін іздестіруде педагогтарға, психологтарға және ата-аналарға өзара шұғыл іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді. Күтілген нәтижені тұжырымдау берілген білім беру ұйым түрінің талаптарын есепке ала отырып, түзету бағдарламасына қойылған мақсаттар мен міндеттерге тәуелді болады.
Таным қызметін түзету бағдарламасын құруда Т.В.Башаева, З.М.Богуславская және Е.О.Смирнова,Л.А.Венгер, А.А.Катаева және Е.А.Стребелева, Н.В. Самоукина, Н.В.Клюева, Ю.В.Касаткина, Ю.В. Филиппова, Л.Ф.Тихомирова, Л.М.Шипицына, А.Ф.Ануфриева және С.Н.Костромина, С.А.Ұзақбаева және А.К.Айтпаева, М.И. Чистякова, Х.Т.Шерьязданова және Г.М.Касымова және т.б. зерттеулерінде сипаттаған жалпыға белгілі ойындар пайдаланылды. Ұсынылған ойындар ойын атрибуттарына, сонымен бірге дайындық сынып оқушыларының санына қарай басқаларымен де толықтырылуы мүмкін.
Көмекші мектептің оқушыларының танымдық аясын ойынмен түзету жұмысы, олардың жеке-жас шамасына қарай ерекшеліктерді есепке ала отырып, дәйектілікпен жүргізілсе, өте жағымды әсер етеді. Осыған байланысты біз көмекші мектептің 5-9 сыныптарының оқушыларының оқу-тәрбие үдерісіне танымдық аясын ойынмен түзету бағдарламасын ендіруді жөн көрдік.
Танымдық қызметті түзету бағдарламасы аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа берілген.
Әдістемелік нұсқаулар
Дамыту ойындары көмеші мектеп балаларын оқытудағы, сондай-ақ олардың танымдық қызметін түзетудегі қиындықтарды жеңуге көмектесетін оқыту мен тәрбиелеудің дамытумен қажетті қатынасын білдіреді.
Дамыту ойыны – бұл мазмұнын білім беру ұйымының ойын мәдениеті беретін, балалардың танымдық және эмоциялық-ерік аясын дамыту бойынша педагогикалық мақсатты бағытталған қызмет. Әрине, барлық ойындар дамытушы, бірақ оған қойылатын талап бойынша, ойынның танымдық-тәрбиелік қызметін іс-жүзіне асыруда балалардың жеке-жас шамасы бойынша дамуына сәйкес, олар кешенді түрде, жүйеде қолданылулары керек.
Дамыту ойындарының құрылымдық компоненттері – ой, тапсырма, іс-әрекет, ереже, рөл, материалдар танымдық-тәрбиелік қызметтің міндетін шеше отырып, баланың өмірдің басқа салаларынан, қызметтің басқа түрлерінен ала алмайтын жан-жақты дамуы үшін қажетті ерекше қызметті іс-жүзіне асырады. Бала дамыту ойындарынан бар мүмкіндігін іс-жүзіне асыруға ынталандыратын, оларды басқа ойындық танымдық жағдаятқа ауыстыруға көмектесетін белсенді, ынталы тәртіп тәжірибесін қабылдайды.
Осы бағдарламаға Х.Т.Шерязданова мен Г.М.Касымованың дамыту ойындарын жіктеу және А.Т.Баймұратованың Түзеу педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығындағы қызмет жасайтын лекотека үлгісі негіз болды. Ойын терапиясы бағдарламасын құрғанда ТП ҰҒПО мамандарының зерде дамуы бұзылған балалармен дамыту ойыншықтарын пайдаланған тәжірибесі де есепке алынды.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 1-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер мен тараулар |
Тақырыптар |
Сағат |
1 |
Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар. 1. Вербальді емес қарым-қатынас |
Менің ақылды көмекшілерім (көз, құлақ, мұрын, ауыз, қол). Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика). Сезім тілі (мимика). |
1 |
|
2. Вербальді қарым-қатынас (сөйлеу тілі) |
Іскерлік қарым-қатынас (Қарым-қатынас қызметі) |
1 |
Эмоциялық қарым-қатынас |
1 |
||
Танымдық қарым-қатынастар. |
1 |
||
|
3. Менің «Мен» құпиям. |
Мен кіммін? (менің автопортретім) |
1 |
|
4. Мен және менің жанұям |
Тату жанұя (ата-анамен арадағы өзара қатынас) |
1 |
|
5. Мен және басқалары |
Достық. Сиқырлы сөздердің құпиясы (амандасу, алғыс). |
1 |
ІІ |
Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар. |
Зейінді дамыту |
2 |
Ұстап алуды дамыту (қатысты қимылдарды дамыту) |
1 |
||
Қол қимылдарының еліктеуі |
1 |
||
Қол саусақтарының және қол басының қимылын дамыту |
1 |
||
ІІІ |
Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар 1. Пішінді қабылдау |
Пішінді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
|
2. Көлемді қабылдау |
Көлемді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
|
3. Түсті қабылдау. |
Түсті тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
|
4. Затты бүтіндей қабылдау және осы заттың жеке бөліктерін сезіну. |
Бүтін және бөлік. |
1 |
|
5. Кеңістікті қабылдау және онда бағдарлау. |
Заттардың және олардың бөліктерінің арасындағы кеңістіктік қатынасты қабылдау. |
1 |
|
6. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
1 |
|
7. Жай ішінде бағдарлау. |
Жай ішінде бағдарлау. |
1 |
|
8. Кеңістіктік қатынастарды қалыптастыру. |
Кеңістіктік қатынастарды қабылдау. |
1 |
|
9. Тактильді-қимылдық қабылдауды дамыту және үлгі бойынша таңдау. |
Заттарды сипау арқылы тану. Пішінді, көлемді, кеңістікте орналасуы мен заттық қатынасты қабылдаудағы үлгі бойынша тактильді-қимылдық таңдау. |
1 |
|
10.Есту арқылы қабылдауды дамыту. |
Тілдік және тілдік емес естуді дамыту. |
1 |
|
11. Зейінді дамыту |
Зейінді дамыту |
1 |
ІV |
Есте сақтау, ойлау және елестету элементтері. |
Көлем, түс туралы түсінікпен байланыстыесте сақтау, түстерді тану және ажырату. |
2 |
Елестетуден ойлауға көшу: қабылдау және жинақтау. |
1 |
||
Көз көретін жердегі және нақтылы мағынасы бар көмекші құралдарды пайдалана отырып, көрнекі-іс-әрекеттік ойлау қызметін дамыту. |
1 |
||
Көрнекілік-бейнелік ойлау қызметін дамыту. |
3 |
||
Логикалық ойлау элементтерін дамыту. |
3 |
||
Елестету элементтерін дамыту. |
2 |
||
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 1-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
І ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: танымдық аясын түзету үшін қажетті қорды құрайтын, оқу қызметінде өзара қатынастың әлеуметтік тәжірибені жинауға көмектесетін вербальді және вербальді емес қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру; мінездің жағымсыз жақтарын түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Сиқырлы қорапша», «Тамаша дорба», «Ненің қалай айғайлайтынын тап», «Пиктрограмма», «Сиқырлы дорба», «Көңіл-күйді таны», «Мен білмеймін!», «Шақыр», «Не жетіспейді?», «Өзіңнің жұбыңды тап», «Балықтар, құстар, аңдар», «Қайтала!», «Неге ұқсас?», «Сөзбен ойын», «Қалалар», «Менің портретім», «Мен қандаймын».
Шапшаң қимылды ойындар: «Пойыз», «Сиқырлы шеңбер», «Бұлай отыру көңілсіз», «Ұстап алғыштар», «Жапалақ», «Мархабат!», «Айдахар өз құйрығын тістейді», «Жіп пен ине», «Суық-ыстық», «Тығылмақ», «Қақпан», «Допты қуып жет», «Мысық пен тышқан», «Орамал тастау» (қазақтың ұлттық ойыны).
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле...», «Айна», «Жануарды тап», «Теңіздегі фигура».
Әдет-ғұрып ойыны: «Амандасу-қоштасу», «Міне, ол қандай!», «Бер».
Драматизациялау ойыны: «Теремок».
Рөлдік ойын: «Қырғилар мен қарлығаштар», «Шөжелер», «Кішкентай мүсінші».
Қазақтың жағдаяттық-рөлдік ойыны: «Жанұя».
Қойылымдық ойындар: «Менің жанұям», «Досың ауырса, оған қалай көмектесуге болады», «Досыңның туған күні: оған не сыйлауға болады», «Қалай татуласуға болады?», «Үрлегіш және доп», «Біз мысықтан қорықпаймыз», «Ергежейлі мен алыптар».
Этюд-ойындар: «Карлсон», «Ұрыс», «Досыңмен кездесу», «Жақсы көретін ата-аналар», «Кілт табылды».
Конкурс ойындары: «Менің жанұям» (суреттер вернисажы).
ІІ ТАРАУ. ҰСАҚ ҚИМЫЛДЫ, ҚОЛДЫҢ КӨРУ-ҚИМЫЛ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: жазуға үйретудің алғашқы кезеңінде маңызды болып есептелетін қолдың ұсақ қимылын, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді, сонымен бірге танымдың аясын жалпы дамытуды жетілдіруді жалғастыру; «көз-қол» және зейін жүйесіндегі қолдың көру-қимыл үйлесімділігін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Ненің жоғалып кеткенін тап», «Ұшады – ұшпайды», «Не естіледі?», «Қыз балалар», «Заттың суретін аяқта», «Өрнекті құра», «Пойыз», «Қаздар», «Тығылмақ», «Допты домалат», «Балға», «Әр түрлі геометриялық фигуралардан заттар мен бейнелерді құрастыру (саңырауқұлақ, үй, машинка, желкенді кеме)».
Үстел үстінде ойнайтын дидактикалық ойындар: «Лото», «Цирк», дойбы.
Шапшаң қимылды ойындар: «Шапалақты тыңда!», «Төрт табиғат құбылысы», «Допты ұста», «Тақия тастау» (қазақтың ұлттық ойыны), «Хоровод», «Кішкентай паровоз».
Жаттығу ойындары: «Басқаға бер», «Сиқырлы орама», «Шытырман», «Өрнектің суретін аяқта», «Суретті құра».
Әдет-ғұрып ойыны: «Амандасу-қоштасу».
Ойын тапсырмалары: Түзету сынақтары (1-қосымшаны қара).
ІІІ. СЕНСОРИКАНЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: оқу жұмысындағы түзету-дамыту мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлем құбылыстары мен заттардың қасиеттерін балалар танымының бастапқы сатысы ретінде қабылдау мен сезінуді жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Өз үйіңді тап!», «Суретті жаса (Сеген тақтасы түріндегі)», «Терезені тап», «Лото», «Өз жұбыңды тап», «Кімде мынандай бар?», «Шарикті алақаныңда тық», «Шарикті қорапқа сал», «Қақпа сал», «Үй сал», «Мынандайлар қайда?», «Түсті текшелер», «Түкбілмеске гүлшоғын жинауға көмектес», «Шарларға бау байла», «Тышқанды тығып қой», «Өз жұбыңды тап», «Ненің жоғалып кеткенін тап», «Өз жартыңды тап», «Не жетіспейді?», «Лото», «Бүтінді жина», «Суретті құра», «Жоғарыда, төменде, жанында не тұр?», «Жүргізушілер», «Дұрыс қой», «Зырылдауық», «Үйді салып шығар» нүктелер бойынша сурет салу, «Жорықтағы әскерлер», «Кім кімнің артынан екенін тап», «Тап та шақыр», «Ненің суреті салынған?», «Көжектен (қонжықтан, тиіннен, кірпіден және т.б.) хат», «Пошта жәшігі», «Суық-жылы-ыстық», «Затты таны», «Тамаша дорба», «Дорбада не жатыр?», «Дүкен», «Бұл не?», «Тук-тук-тук», «Кім онда?», «Кім ойнады?», «Ненің қалай айғайлайтынын тап», «Кім сені шақырды?».
Жаттығу ойындар: геометриялық материалмен нүктелерді көшіру.
Шапшаң қимылды ойындар: «Маған қарай жүгіріңдер», «Өз орындығыңды тап», «Сан алуан түсті ленталар», «Тығылмақ», «Қуып жет!».
Драматизациялау ойыны: «Үш аю».
Рөлдік ойындар: «Соқыр мен жетектеуші».
IV ТАРАУ. Ойлау қабілетін және елестету элементтері дамытатын ойындар
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау, ойлау және ойша елестетуді дамытуды жетілдіру – мектептегі танымдық аяның негізі; танымдық психикалық үдерістің: есте сақтау, ойлау, елестету элементтерінің кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Есіңде сақта және тап», «Не жоғалып кетті?», Лото, «Не өзгерді», «Есте сақта және ата», «Кім қайда тұрады?», «Түс және форма», «Дәл осындайды әкел», «Түкбілместі мектепке жина», «Ботагөзге ұлттық киім кигіземіз», «Затты ал», «Допты себетке итер», «Шарлар», «Бүтінді жаса», «Салыстыру», «Жұмбақтарды шеш», «Кім икемді?», «Хайуанаттар бағы», Лото.
Шапшаң қимылды ойындар: «Көпіршік үрлен», «Хлоп-хлоп», «Кім кімнің артында?», «Теңіздегі фигура», «Тірі сурет», «Сөйлейтін заттар».
Шығармашылық ойын-конкурс: «Мектепке» (суреттер вернисажы).
Драматизациялау ойыны: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?».
Тапсырма ойын.
Жұмбақтар.
Саяхат ойын: «Саябаққа», «Қазына іздеу».
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(Көмекші мектептің 2-сынып оқушыларына арналған)
№ |
Бөлімдер мен тараулар |
Тақырыптар |
Сағат |
|
І |
Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар. 1. Вербальді емес қарым-қатынас |
Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика). |
1 |
|
Сезім тілі (мимика). |
1 |
|||
2. Вербальді қарым-қатынас (сөйлеу тілі) |
Іскерлік қарым-қатынас (Қарым-қатынас қызметі) |
1 |
||
Эмоциялық қарым-қатынас |
1 |
|||
Танымдық қарым-қатынастар. |
2 |
|||
3. Менің «Мен» құпиям. |
Мен кіммін? (менің автопортретім) |
1 |
||
4. Мен және мнің жанұям |
Тату жанұя (жанұя ішіндегі өзара қарым-қатынас) |
1 |
||
5. Мен және басқалары |
Достық. |
2 |
||
ІІ |
Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар. |
Қол саусақтарының қимылын дамыту. |
1 |
|
Қол басының қимылын дамыту. |
1 |
|||
Зейінді дамыту |
2 |
|||
ІІІ |
Сенсориканы дамытатын ойындар 1. Пішінді ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
Пішінді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы арақатынасын белгілеу. |
1 |
|
2. Көлемді ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
Көлемді тәжірибе жүзінде көру арқылы салыстыру және ажырату . |
1 |
||
3. Түсті көру арқылы салыстыру және ажырату. |
Түсті ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
||
4. Заттың бүтіндігін қабылдау және осы заттың жеке бөліктерін сезіну. |
Бүтін және бөлшек. |
1 |
||
|
5. Кеңістікті қабылдау және онда бағдарлау. |
Заттардың және олардың бөліктерінің арасындағы кеңістіктік қатынасты қабылдау. |
1 |
|
6. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
1 |
||
7. Кеңістіктік қатынасты қалыптастыру. |
Кеңістіктік түсініктер. |
1 |
||
8. Тактильді-қимылдық қабылдауды дамыту. |
Заттарды сипау арқылы тану. |
1 |
||
Заттарды тактильді-қимылдық қабылдау. |
1 |
|||
9.Есту арқылы қабылдауды дамыту. |
Сөйлеу тілдік және сөйлеу тілдік емес естуді дамыту. |
1 |
||
10. Зейінді дамыту. |
Зейінді дамыту. |
2 |
||
ІV |
Есте сақтау, ойлау және елестету элементтерін дамытатын ойындар. |
Есте сақтауды дамыту. |
2 |
|
Көрнекілік-бейнелік ойлау қызметін дамыту. |
2 |
|||
Логикалық ойлау элементтерін дамыту. |
2 |
|||
Елестету элементтерін дамыту. |
2 |
|||
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 2-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: сөйлеу тілі емес және сөйлеу тілі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру; мінездің жағымсыз жақтарын түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Мимикалық қимылдарды (қасты көтеру, түсіру, түю; ерінді бұртиту, созу, бұрыштарын түсіру, күлімсіреу; мұрнын тыжырайту және т.б.) дамытуға арналған жаттығулар.
«Таны және жина!» кесілген эмоциялық түрлердің көмегімен мимикаға қарай эмоциялық жағдайды тани білуге жаттықтыру ойындары.
Ерекше ишыраттарды дамытуға берілген этюдтар: «Сиқырланған бала», «Бер!», «Кет!», «Мен білмеймін!», «Қар лақтырысып ойнау».
Қуаныш, қайғы, мұң, қиналу, қанағаттану және т.б. әр түрлі сезімдерді беруге арналған этюдтер («Досыңмен кездесу», «Тәтті кәмпиттер», «Тұзды шәй», «Ой, ой, ішім ауырып тұр!» және т.б.).
«Мен деген не?», «Айналайын, айна, айтшы маған!» ойындары.
Жағдаятты-рөлдік ойындар: «Менің жанұямның кеші», «Жанұяға».
Шапшаң қимылды ойындар: «Ұстап алушы».
Ұялшақтықты жеңуге арналған ойындар: «Сабалақ ит», «Күлкілі тышқандар» және т.б.
Ертегілерді ойнауға ойын конкурстар: «Менің сүйікті ертегім» және т.б.
ІІ ТАРАУ. ҰСАҚ ҚИМЫЛДЫ, ҚОЛДЫҢ КӨРУ-ҚИМЫЛ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: қолдың ұсақ қимылын және қолдың көру-қимыл үйлесімділігін, сондай-ақ оқушылардың еркін зейіндерін дамытуды жалғастыру; «көз-қол» жүйесі бойынша, сондай-ақ зейіннің кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Ойындар – «Не өзгерді, тап», «Жапырақтың түсі қандай, тап», «Ұшады – ұшпайды?».
Этюдтер: «Мен – ағаш», «Сиқырланған патшалық».
Ойындар: «Түймелер», «Кішкентай маймылдар».
Қозғалыс автоматизмін жеңуге берілген ойындар – «Мархабат», «Тыйым салынған қимыл», «Жаса да қатып қал» және т.б.
Графикалық диктант (Д.Б.Эльконин әдістемесі бойынша).
Зейінді дамытуға берілген ойындар – «Не естіледі?», «Баспа машинасы», «Бір, екі, үш – айт!», «Тығылмақ», «Менің сңымнан қайтала» және т.б.
ІІІ ТАРАУ. СЕНСОРИКАНЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: баланың сенсорлық мәдениетін, тәжірибе жүзінде түстің, пішіннің, көлемнің сенсорлық эталонын ерекшелей білуін дамыту және кеңістік түсініктерін қалыптастыру; сенсорлық кемшіліктерді түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Қабылдауды дамытуға арналған ойындар: «Өзің сал», «Кілем дүкені».
Кеңістікте бағдарлауға берілген гномиктер ойыны.
Дидактикалық ойындар: «Қанадай түс жоғалып кетті?», «Зырылдауық», «Тышқанды тық», «Шаршыны бүкте», «Дүкен», «Біздің көшеміз».
Тапсырма ойындар: (сурет салу, илеп жасау, жапсырмақұрақ, құрастыру) «Терезенің шамын жақ», «Жолдағы іздер», «Шөптегі гүлдер», «Кемпірқосақ», «Ит», «Гараж» және т.б.
ІV ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ, ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: балалардың оқу қызметінің негіздерін, есте сақтау, ойлау және елестетуді дамытуды жетілдіру; танымдық психологиялық үдерістердің (есте сақтау, ойлау, елестету элементтерін) кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Есте сақтауды дамыту ойындары: «Жетіспейтін суреттер», «Не өзгерді?», «Жұп сөздер».
Саяхат ойыны: «Есте сақтау қандай болады?».
Ойлауды дамытуойындары: «Жаңаны ойлап тап», «Сөзбен ойын», «Өз ойыңды басқа сөздермен жеткіз», «Барлық себептерді тізіп шық».
Елестету элементтерін дамыту ойындары: «Сиқырлы жұмыртқа» (жұмыртқа тәрізді жүргізілген пішінді басқа зат шығатындай етіп аяқтау), «Суретті аяқта», «Болады – болмайды».
Этюдтер: «Неге ұқсас?», «Кішкентай мүсінші».
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 3-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер мен тараулар |
Тақырыптар |
Сағат |
|
1 |
Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар. 1. Вербальді емес қарым-қатынас |
Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика). |
1 |
|
Сезім тілі (мимика). |
|
|||
|
2. Вербальді қарым-қатынас (сөйлеу тілі) |
Іскерлік қарым-қатынас (Қарым-қатынас қызметі) |
1 |
|
Эмоциялық қарым-қатынас |
1 |
|||
Танымдық қарым-қатынастар. |
2 |
|||
|
3. Менің «Мен» құпиям. |
Мен кіммін? (менің автопортретім) |
1 |
|
Менің көңіл-күйім. |
1 |
|||
|
4. Мен және басқалары |
Достық. туралы |
|
1 1 |
Жанжал (қиын жағдайдағы менің тәртібім) |
|
|||
|
5. Мен және ересектер әлемі |
Жанұя (ата-анамен арадағы өзара қатынас) |
1 |
|
ІІ |
Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар. |
Қол саусақтарының қимылын дамыту. |
1 |
|
Қол басының қимылын дамыту |
1 |
|||
Зейінді дамыту. |
1 |
|||
ІІІ |
Сенсорика мен есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар 1. Пішінді ерекшелеу және пішінді қабылдау. |
Пішінді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
|
|
2. Көлемді ерекшелеу және қабылдау. |
Көлемді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
|
|
3. Түсті салыстыру және ажырату. |
Түсті көру арқылы салыстыру және ажырату. |
1 |
|
|
4. Заттың бүтіндігін қабылдау және осы заттың жеке бөліктерін сезіну. |
Бүтін және бөлшек. |
1 |
|
|
5. Кеңістікті қабылдау және онда бағдарлау. |
Заттардың және олардың бөліктерінің арасындағы кеңістіктік қатынасты қабылдау. |
1 |
|
|
6. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
1 |
|
|
7. Кеңістіктік қатынасты қалыптастыру. |
Кеңістіктік түсініктер. |
1 |
|
|
8. Тактильді-қимылдық қабылдауды дамыту. |
Заттарды сипау арқылы тану. |
1 |
|
Заттарды тактильді-қимылдық қабылдау. |
1 |
|||
|
9. Есту арқылы қабылдауды дамыту. |
Сөйлеу тілдік және сөйлеу тілдік емес естуді дамыту. |
2 |
|
ІV |
Есте сақтау, ойлау және елестету элементтерін дамыту ойындары. |
Есте сақтауды дамыту. |
2 |
|
Көрнекі-бейнелік ойлау қызметін дамыту. |
2 |
|||
Логикалық ойлау элементтерін дамыту. |
3 |
|||
Елестету элементтерін дамыту. |
3 |
|||
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 3-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: баланың өзінің «Менін» сезінуге бағытталған, сөйлеу тілі емес және сөйлеу тілі қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру және қоршаған құрбыларымен және ересек адамдармен жағымды өзара қарым-қатынасты қалыптастыру; жағымсыз тәртіптегі қатынастың кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әр түрлі ишыраттар, қмылдарды тануға берілген этюдтар: «Топтық мүсін», «Айна дүкенінде».
Ишыраттар, қимылдардың айқындығын дамытуға берілген этюдтар: «Сиқырланған бала», «Мен білмеймін!», «Тастармен ойын» және т.б.
Тұрыс, жүріс және басқа қимылдарды зерттеуге арналған этюдтер: «Мен кіммін?», «Егер де ...», «Тірі ойыншық».
Әр түрлі эмоциялық жағдайларды тани білуді дамыту ойындары: «пиктограммалар».
Мимикалық қмылдарды дамыту жаттығулары: «Айна» (әр түрлі эмоциялық жағдайларды білдіретін қас, ерін, мұрын жағдайларын өзгерту).
Т апсырма: Сен қалай ойлайсың, сенің жүрегің мейрімді ме? Керекті түсті таңдап ал да, өз жүрегіңді боя.
Иә Мейрімділікке үйренеді Жоқ
Мейрімділік туралы мақалдарды таңда.
Мейрімді қарым-қатынас ережелерін жаз.
Шыншылдық ханшайымының суретін сал.
Өз көңіл-күйіңді сезін. Қазіргі сенің көңіл-күйің (көңілді, аса көңілді емес, мұңды) қай суретке ұқсас, соны боя.
Өзіңніңі және басқалардың көңіл-күйін қалай көтеруге болады, ойланып көр.
Жаңа жағдаяттар: Сен не істер едің? Жауаптар: а) Сенің досың ауырып қалды, ... . б) Сен үйсіз мысықты тауып алдың ... . в) Сенің сыныптасың байқамай аяғыңды басып кетті, ... . г) Сен досыңа уәде еткен кітапты ұмытып кеттің, ... . д) Сен үй тапсырмасын орындауға жетіспедің, ... және т.б.
ІІ ТАРАУ. ҰСАҚ ҚИМЫЛДЫ, ҚОЛДЫҢ КӨРУ-ҚИМЫЛ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: қолдың ұсақ қимылын және қолдың көру-қимыл үйлесімділігін, зейінді дамытуды жалғастыру; «көз-қол» жүйесі бойынша, саусақтар, қол басының қимыл кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Сенуге болатындардың суреттерін сал.
«Заттың суретін аяқта»:
А ) сызықтарды «өзіңнен» (ұзын, қысқа) «өзіңе», содан кейін доға бағыттарында жүргізу;
Кактус жұлдыз саңырауқұлақ бұлт күн кірпі
Б) тұйық, ілмек тәрізді сызықтарды салу (ұлу, күн, гүл, тоқылып бітпеген байпақ);
В) Серппе тәрізді сызықтарды салу (ара, көбелек, жылан, мұржадан шыққан түтін) жәнет.б.
Шапшаң қимылды ойындар: «Тығылмақ», «Тақия тастау», «Хоровод».
Зейінді дамыту ойындары: «Бәрін байқау», «Ретін есте сақта», «Маған қарай жүгіріңдер!».
ІІІ ТАРАУ. СЕНСОРИКАНЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: баланың сенсорлық мәдениетін, сенсорлық эталон туралы түсініктерін тәжірибе жүзінде қолдану; сенсорлық мәдениет кемшіліктерді түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Кешендер: форма, көлем, түс, кеңістікте бағдарлау, кеңістіктік түсініктер, сөйлеу тілі емес және сөйлеу тілі, есту қабілеті және т.б.
Сопақша, дөңгелектердің және олардың үйлесімділінің суретін салу (күн, балық, шөже, пингвин).
Геометриялық фигуралардың және олардың үйлесімділінің суретін салу (үйрек, бақа, саңырауқұлақ, үй, машина және т.б.).
Домино: «Зат және пішін».
Ойындар: «Үшбұрыштар», «Пішіндер шеберханасы», «Қандай фигура керек?», «Саты салайық», «Кімде қандай зат?», «Түспен форманы ата», «Дүкен», «Құрама суреттер», «Онда не?», «Не өзгерді?», «Сипап тап», «Суретті құра», «Сынған баспалдақ», «Әуенді таны», «Кімнің қалай айғайлатынын таны», «Атын өлеңдетіп айтамыз», «Мейрімді есім», «Ұл бала (қыз бала) жоғалып кетті».
ІV ТАРАУ. ЕСТЕСАҚТАУ, ОЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: балалардың жеке тұлғалық интеллектуалды дамуының негізін құрайтын, танымдық психологиялық үдерістерді дамытуды жетілдіру; танымдық психологиялық үдерістердің (есте сақтау, ойлау, елестету элементтерін) кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Есте сақтауды дамыту ойындары: «Жетіспейтін суреттер», «Не өзгерді?», «Есіңде сақталып қалған сөзді ата» (А.Р.Лурин – Л.С.Выготскийдің әдістемесі), «Жұмбақты шеш».
Тапсырма тесттер: Өзіңе ұнатынды және өзіңонымен келісетінді жымиған күнмен белгіле, «Сабырлы және сыпайы»– ол:
-
үнемі үндемейді;
-
басқа адамдарды мақтайды;
-
барлық уақытта өзі туралы айтады;
-
өзі туралы аз айтуға тырысады;
-
мұғалімге тақта сүртуге көмектеседі;
-
сынапта тек жақсы оқитын оқушылармен амандасады;
-
сыныпқа кірген барлық ересек адамдармен амандасады;
-
сабақтан кейін үндемей үйіне кетеді;
-
кешікпейді.
Жауапкершілігі бар адамның ережесін құра және төмендегі жағдайларда не істеу керектігін түсіндіруге тырыс:
-
Сен өзіңді бір кезде ренжіткен адамды кездестірдің, ... .
-
Сенің сыныптасың кітабыңды алып, ұзақ уақыт қайтармайды, ... .
-
Мұғалім сенен сыныптағы гүлдерді суғаруды өтінді, бірақ оны істегің келмейді ... .
Дидактикалық үлестірме материалымен жұмыс: «Сыпайы бол» топтамасы.
Жағдаятты ойнау: «Сыйлық».
А.Бартоның «Мектепке» өлеңі бойынша әңгіме (Неге Петя бүгін он рет оянды? Ол неге метепке барғысы келеді? Мектепте болу саған ұнай ма? Сені мектепте ерекше не қызықтырады? және т.б.)
Этюдтер: «Ертегіні бейнеле», «Менің кім екенімді таны».
Саяхат ойыны: «Білім еліне саяхат», «Қазынаны іздеу» және т.б.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 4-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер мен тараулар |
Тақырыптар |
Са-ғат |
|
1 |
Қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік-ерік қасиеттерін дамытатын ойындар. 1. Вербальді емес қарым-қатынас |
Ым-ишырат және қимыл тілі. (пантомимика). |
1 |
|
Сезім тілі (мимика). |
|
|||
|
2. Вербальді қарым-қатынас (сөйлеу тілі) |
Іскерлік қарым-қатынас (Қарым-қатынас қызметі) |
1 |
|
Эмоциялық қарым-қатынас |
1 |
|||
Танымдық қарым-қатынастар. |
1 |
|||
|
3. Менің «Мен» құпиям. |
Мен кіммін? |
1 |
|
|
4. Мен және басқалары |
Достық.. |
|
1 1 |
Жанжал (қиын жағдайдағы менің тәртібім) |
|
|||
|
5. Мен және ересектер әлемі |
Менің жанұям ( жақындарымен арадағы өзара қатынас) |
1 |
|
Көше (менің ауладағы, көліктегі және т.б. тәртібім). |
|
|||
ІІ |
Ұсақ моториканы, қолдың көру-қимыл үйлесімділігін және зейінді дамытатын ойындар. |
Қол саусақтарының және қол басының қимылын дамыту. |
1 |
|
Еркін зейінді дамыту. |
3 |
|||
ІІІ |
Сенсориканы дамытатын ойындар 1. Пішінді ерекшелеу және пішінді қабылдау. |
Пішінді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
|
|
2. Көлемді ерекшелеу және қабылдау. |
Көлемді тәжірибе жүзінде ерекшелеу және көру арқылы қабылдау. |
1 |
|
|
3. Түсті салыстыру және ажырату. |
Түсті көру арқылы салыстыру және ажырату. |
1 |
|
|
4. Заттың бүтіндігін қабылдау және осы заттың жеке бөліктерін сезіну. |
Бүтін және бөлшек. |
1 |
|
|
5. Кеңістікті қабылдау және онда бағдарлау. |
Заттардың және олардың бөліктерінің арасындағы кеңістіктік қатынасты қабылдау. |
1 |
|
|
6. Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
Қағаз бетіндегі кеңістікте бағдарлау. |
1 |
|
|
7. Тактильді-қимылдық қабылдауды дамыту. |
Заттарды тактильді-қимылдық қабылдау. |
1 |
|
|
8. Есту арқылы қабылдауды дамыту. |
Сөйлеу тілі емес есту қабілетін дамыту. |
1 |
|
Сөйлеу тілі есту қабілетін дамыту. |
1 |
|||
ІV |
Есте сақтау, ойлау және елестету элементтерін дамыту ойындары. |
Есте сақтауды дамыту. |
3 |
|
Көрнекі-бейнелік ойлау қызметін дамыту. |
2 |
|||
Логикалық ойлау элементтерін дамыту. |
3 |
|||
Елестету элементтерін дамыту. |
3 |
|||
|
|
БАРЛЫҒЫ: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 4-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: баланың сөйлеу тілі емес және сөйлеу тілі қарым-қатынас дағдыларын, сондай-ақ барлық жағдайдағы жағымды адамгершілік ерік қасиеттерін жетілдіру; жағымсыз тәртіп және қары-қатынас дағдыларының кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Ишырат және мимика көмегімен берілген адамның эмоциялық жағдайын беру және анықтауға арналған мини конкурстар («Айт және көрсет»).
Тұрған, жүрген және басқа да айқын қимылдарды зерттеуге берілген этюдттер: «Қалыпыңды көрсет», «Егер де...», «Кішкентай мүсінші».
Жағымды және жағымсыз эмоциялық жағдайларды бере білуді дамыту этюдтары: «Солтүстік полюсы», «Ой, ішім ауыралды», «Кір», «Кінәлі», «Мейрім», «Тәтті кәмпиттер», «Дөңгелек көздер» және т.б.
Сахыналау ойыны: «Өкпелестік – татуластық».
Ойындар: «Менің автопортретім», «Мен басқалардың, парталас көршімнің көзімен қарағанда қандаймын».
Досыңа сыйлықтың суретін сал.
Сенің қылығыңа сәйкес келетін жүректің суретін боя.
Мен әрқашанда сыпайымын |
Кейбір уақытта мен сыпайы бола аламын |
Мен жиі жағдайда сыпайы бола алмаймын |
Сыйласымдық туралы айтылған сөйлемдерді жымиған жүрекпен белгіле және оны жалғастыр. Адамды сыйлау дегеніміз, бұл:
А) оған көңіл бөлу;
Б) оның пікірін тыңдау;
В) онымен сыпайы сөйлесу;
Г) қажет болған жағдайда, оған көмектесу;
Д) ........................;
Е) ........................ .
Әңгіме: Сенің жанұяңда қандай салт-дәстүрлер бар?
Жағдаятты сахналау: Жазғы демалысқа ауылға келген Тимурдан әжесі бұлақтан су алып келуін өтінді, ал сол кезде теледидардан қызық мультфильм болып жатыр еді. Ары қарай не болды?
ІІ ТАРАУ. ҰСАҚ ҚИМЫЛДЫ, ҚОЛДЫҢ КӨРУ-ҚИМЫЛ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: қолдың ұсақ қимылын және қолдың көру-қимыл үйлесімділігін, еркін зейінді дамытуды жалғастыру; қол басының ұсақ қимылдарының және көру-қимыл үйлесімділігі мен еркін зейін кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың сан алуан түрлілігі:
Ойын тапсырмасы: «Заттың суретін аяқта» бейнеге дейінгі нүктелер тобы (құлпынай, қоңыз).
Әр түрлі сызықтардың суретін салу, толқынды сызық – күзен, дөңгеленіп келген сызық – ұйықтап жатқан мысық, ширыққан сызық – тышқан.
Суретшілердің ойыны «Имек сызықтар» (заттарды белгілермен белгілеу).
Зейінді дамыту ойын-жаттығулары: «Бөлмеде не өзгерді?», «Саған кім қолын тигізді?», «Кім қолды қатты қысты?».
Шапшаң қимылды ойындар: «Теңіз толқиды», «Жапалақ», «Күн мен түн».
ІІІ ТАРАУ. СЕНСОРИКАНЫ ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: оқушылардың ақыл*ой даму негізін – сенсорлық мәдениетін жетілдіруді жалғастыру; сенсорлық мәдениет кемшіліктерді түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар (кешендер): Лото, «Пішін және түс», «суретті құра, «Түсті мозаикалардан фигуралар», «Кім көп көреді?», «Аяқталмаған суреттер», «Сипаты бойынша тап», «Калейдоскоп».
Тапсырма ойындар: «Пішінді бейнеле».
Хоровод ойыны: «Тірі гүлжапырақшалар».
Ойындар: «Түсі ұқсас заттарды таңда», «Сиқырлы бояулар», «Өзіңе көрші таңда».
Дидактикалық ойындар (көлем): «Таяқшаларды қатарға тіз», «Тақтайшаларды қой», «Үш құрбы (дос)», «Не онда?», «Дәл осындай сақина тап».
Тапсырма ойындар (бүтін және бөлшек): «Құрама суреттер».
Тапсырма ойындар (кеңістік түсініктері): «Кімде қандай зат?», «Шарлар», «Тышқандытық», «Тамаша дорба», «Өрнек».
Жаттығу ойындары (сөйлеу тілі емес есту): «Дыбыстарды Тыңда!», «Шапалақты тыңда!», «Не естіледі?».
Жаттығу ойындары (сөйлеу тілі есту): «Кішкентай есім», «Толқындар есімді сыбырлайды».
Зейінді дамыту ойындары: «Еріккендер», «Төрт құбылыс», «Тыңда және орында!».
ІV ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ, ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ДАМЫТАТЫН ОЙЫНДАР
Білім, икемділіктер, дағдылар: танымдық қызмет негізін – есте сақтау, ойлау және елестетуді дамытуды жалғастыру; есте сақтау, ойлау, елестету элементтеріндегі кемшіліктерін түзету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Есте сақтауды дамыту ойындары:
-
«Менің соңымнан қайтала», «Барлық себептерді тізіп шық», «Қимылды есте сақта», «Тәртіпті есте сақта!», «Барлаушылар», «Қалыпты сақта», «Лото», «Логопедиялық лото»;
-
«Сенің туысқандарың мен достарыңның тұратын біздің республиканың қалалары мен ауылдарының аттарын еске түсір және жаз».
-
Саяхат ойын: «Сен өз қалаңды білесің бе?».
Ойлау қабілетін дамытуға берілген ойын кешендері, тапсырмалар, жағдаяттар және әңгімелер:
-
«Үш ұсыныс», «Әңгіме құра», «Жұмбақты шеш».
-
Әңгімелер: «Сен қандай адамсың?», «Сенің ата-анаң сені қандай адам болғаныңды қалайды?», «Сен қандай адам болғың келеді?».
-
«Өз мектебіңе, сыныбыңа арналған мереке ойлап тап және оны ата».
-
Өзің үшін төмендегі жағдайларды қалай қызықты жасар едің:
-
егер ата-анаңмен саябақтағы серуен кезінде, олар өз-ара әңгімеге қызып кеткен жағдайды;
-
мектептен кейінгі автобустағы ұзақ жүрісте.
-
«Тығылып қалған фигуралар» (ормандағы, саябақтағы шөп арасына тығылып қалған аңдар, құстар, адамдар бейнеленген сурет – оларды табу керек).
Елестетуді дамытуға арналған берілген ойын кешендері, тапсырмалар, жағдаяттар:
-
«Тірі сурет», «Неге ұқсас?», «Сөйлейтін заттар», «Қызықты дорба», «Теңіздегі фигура».
-
Ауладағы әткеншекте екеуіңнің де бірінші болып тепкілерің келгендіктен досыңмен ренжісіп қалдың. Сен өз кезегіңді досыңа беруге, өзіңді қалай үгіттер едің?
-
Ата-анаң қонаққа кетті, ал үйдің іші былығып жатыр. Сен үй ішін жинауға, өзіңді қалай үгіттер едің?
-
Үзілісте сен абайсызда парталас көршіңді итеріп қалдың, ол құлап қалды. Ары қарай не болады?
-
Әңгімені аяқта: «Балалар таңертең мектепке қарай асықты, олар көшенің жолаушылар жүрмейтін жерінен, жүгіріп өте бастады ...».
-
Кішкентай балаларға ертегі ойлап тап және оны бейнеле.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың қарым-қатынас қабілетінің даму деңгейін диагностикалау
І. Баланың сөйлеу тілі емес тәртібін бақылау.
Қарым-қатынас жағында проблемалары бар балалар: 1) сөйлескен адамның көзіне тура қараудан қашқақтайды (жоғары алаңдаушылық); 2) жабысқақ қимылдар, тырнағын мүжу (өзіне қанағаттандай – «өзін өзі жеуі»); 3) иығы түскен (басқалардың балаға оның шамасы келмейтін талаптарды қоюына реакция ретіндегі баланың жауапкершілігі); 4) үнемі жұдырығын түйіп жүреді (басылыңқы агрессия); 5) кірпігін жиі қағу, жөтелу, қимылындағы еркіндіктің болмауы «бұлшық ет сауыты» (жоғары күштену).
Бұлар психологиялық жайғдайсыздықтың белгілері. Оларды дер кезінде байқап, оларды абайлап жоюға жағдай жасау, мысалы, ойындық түзету бағдарламасына енген ойындардың көмегімен («Қатып қал – қалпыңа кел», «Теңіз толқиды», «Күн мен түн» және т.б.).
ІІ. Ойын кезіндегі баланың тәртібін бақылау.
-
Ойын кезіндегі балалардың өзара қарым-қатынасы (конструктивтік, жанжалдық және т.б.).
-
Ұйымдастыру қабілетінің даму деңгейі, балалардың ұстанымы (енжар-белсенді, басыңқы, жетекші-жетектегі).
-
Ойындардың тақырыбы, мазмұны, оқиғасы.
-
Ойын кезіндегі балалардың эмоциялық жағдайы.
ІІІ. Өзін өзі бақылауды дамыту тестері.
Балаға 4 суретті кезекпен ұсыныңыз. Суретте бейнеленген оқиғалардың шешімін таба отырып, оқиғаны сипаттауды өтініңіз (баланың орындықтан, әткеншектен құлауы, бояу төгілгендіктен былғанып қалған сурет, шанадан құлап қалған бала және оның жанында күліп тұрған бала).
Нәтижесі: Егер бала сәттсіздіктің кейіпкерге тәуелді болмай, сәтсіздікке орындықты, шананы, бояуды және т.б. кінәлі деп түсіндірсе, онда бала өзін бағалай да және өзінің іс-әрекетін бақылай да алмайды. Егер сәтсіздікке кейіпкерлердің өздері кінәлі деп, оларға өсуді, көмекке шақыруды ұсынса, онда оның өзін бақылауы және өзін бағалауы жоғары дамыған. Егер бала сәтсіздікке кейіпкерлер де, объектілер де кінәлі деп санаса, онда оның жағдайды жан-жақты талдауға деген қабілетінің жақсы екенін көрсетеді.
ІV. Өзіне және басқаларға деген қарым-қатынасы.
Суретті тесттер: «Менің жанұям», «Менің арманым», «Мен неден қорқамын» және т.б.
Өзінің жанұясының, неден қорқатынын, не туралы армандайтынын және т.б. суретін салуды ұсынады (бірден барлық тақырыпты бермей, бірізділікпен ұсынылады).
Нәтижесі: Жанұя құрамының бұрмалап салынуы – эмоциялық жайсыздықтың, жанжалдың белгісі. Фигуралардың орналасу орны мен көлемі жанұядағы өзара қарым-қатынасты білдіреді. Кімнің бойы биік, сол жанұяда басты, балаға кім жақын орналасса, сол балаға жақын. Егер бала өзін жеке салса, онда ол оқшауланған. Өзін өзі бағалауы төмен бала өз суретін қағаз бетінің кішкентай бөлігіне салады. Дене мүшелерінің суреттері: бас – ақыл және бақылау, дене – сезім, құмарлық, мойын – эмоцияны ақылмен бақылау мүмкіндігі, қол – жақындарымен қатынас орнату, аяқ – шынай жағдайдағы тірек және қозғалыс еркіндігі. Бетәлпетте: көз – мұң, алаңдаушылық және бақылау мүшесі, құлақ – ақпаратты тыңдау мүмкіндігі (тіптісынды да), ауыз – сөйлеу, тамақ жеу және ... шабуылдау мүмкіндігі.
Секемшіл және өздеріне сенімсіз балалар – жарты қағаз бетін ала, қайта-қайта салынған суреттерді жиі өшіреді. Ашық бояулар (жасыл, сары, көгілдір) жағымды жағдайды білдіреді, ал «көңілсіз» бояулар (қара, қара көк) – эмоциялық аясының төмендігін көрсетеді.
-
Баланың тұлғааралық қарым-қатынасының ерекшеліктері (Рене Жиль әдістемесі).
-
Розенцвейг тесті (баланың жанжалды жағдайдағы тәртібінің ерекшелігін зерттейді).
-
Адамгершілік түсініктердің сауалнамасы (Т.А. Репина әдістемесі).
Ұсақ қимыл, көру-қимыл үйлесімділігінің даму деңгейін диагностикалау
-
Корректуралық сынаулардың әдістемесі.
Нәтижелерді бағалау:
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 1-2 қате жіберсе, онда «+» белгісімен бағаланады – 1 деңгей (жоғары).
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 3-4 қате жіберсе, онда «+» белгісімен бағаланады – 2 деңгей (орташа).
Егер бала 5 немесе одан да көп қате жіберсе, онда тапсырма орындалмады деп есептеліп, «–» белгісімен бағаланады – 3 деңгей (төмен).
Сенсорлық дамуды диагностикалау
«Не жетіспейді?» әдістемесі. Балаға 7 сурет ұсынылады, әрқайсысында қандай да бір маңыздысы жетіспейді. Психологиялық диагностикалауды жүргізуші тапсырманы орындауға кеткен уақытты белгілейді.
Нәтижелерді бағалау:
10 балл – бала барлық жетіспейтін 7 затты 25 секунд уақытқа жеткізбей атап берді.
8-9 балл – барлық жетіспейтін затты іздеуге 26-30 секунд уақыт кетті.
6-7 балл – барлық жетіспейтін затты іздеуге 31-35 секунд уақыт кетті.
4-5 балл – барлық жетіспейтін затты іздеуге 36-40 секунд уақыт кетті.
2-3 балл – барлық жетіспейтін затты іздеуге 41-45 секунд уақыт кетті.
0-1 балл – барлық жетіспейтін затты іздеуге 46-50 секунд уақыт кетті.
Даму деңгейі туралы тұжырымдама:
10 балл – өте жоғары.
8-9 балл – жоғары.
4-7 балл – орташа.
2-3 балл – төмен.
0-1 балл – өте төмен.
«Суретте қандай заттар тығылып қалған?» әдістемесі. Балаға өзі білетін заттар «тығылып қалған» бірнеше суреттер ұсынылады. Осы барлық заттарды атау қажет.
Тапсырманы орындауға 1 минут уақыт беріледі. Бірізділікпен 3 сурет беріледі. Әрбір жаңа сурет бала алдыңғы суреттен барлық заттарды тапқаннан кейін ғана беріледі.
Нәтижелерді бағалау:
10 балл – бала 14 затты атады, уақыт – 20 секунд.
8-9 балл – барлық заттар 26-30 секундта аталды.
6-7 балл – барлық заттар 40 секундта аталды.
4-5 балл – бала іздеу тапсырмасын 41-50 секундта орындады.
2-3 балл – бала іздеу тапсырмасын 60 секундта орындады.
0-1 балл – уақыт 60 секундтан асты, бала тапсырманы орындай алмады.
Даму деңгейі туралы тұжырымдама:
10 балл – өте жоғары.
8-9 балл – жоғары.
4-7 балл – орташа.
2-3 балл – төмен.
0-1 балл – өте төмен.
«Тап және боя» әдістемесі.
1-тапсырма. Балаға тауып, содан кейін дөңгелектерді жасыл түске, шаршыларды сары түске, үшбұрыштарды көк түске бояу ұсынылады.
Нәтижелерді бағалау:
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 1-2 қате жіберсе, онда «+» деп белгіленіп, тапсырма орындалды деп бағаланады – 1 деңгей.
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 3-4 қате жіберсе, онда «+» деп белгіленіп, тапсырма орындалды деп бағаланады – 2 деңгей.
Егер бала 5 немесе одан да көп қате жіберсе, онда «-» деп белгіленіп, тапсырма орындалмады деп бағаланады – 3 деңгей.
«Заттарды тап» әдістемесі таңдауды анықтауға берілген. Балаға балық бейнесін сызып тастауды, ал алманы дөңгелектеп қоршауды ұсынады.
Нәтижелерді бағалау:
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 1-2 қате жіберсе, онда «+» белгісімен бағаланады – 1 деңгей.
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 3-4 қате жіберсе, онда «+» белгісімен бағаланады – 2 деңгей.
Егер бала 5 немесе одан да көп қате жіберсе, онда тапсырма орындалмады деп есептеліп, «–» белгісімен бағаланады – 3 деңгей.
Есте сақтау, ойлау және елестету элементтерін диагностикалау
«Суретші нені ұмытты?» әдістемесі.
Балаға балалардың немен шұғылданып жатқанын әңгімелеп беруді ұсынады. Суретші ненің суретін аяқтауды ұмытып кеткен? (таңдауына қарай аяқталмаған 3суреттен 12 суретке дейін ұсынады).
Нәтижелерді бағалау:
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 1 қате жіберсе, онда тапсырма орындалды деп есептеліп, «+» белгісімен бағаланады – 1 деңгей.
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 2 қате жіберсе, онда тапсырма орындалды деп есептеліп, «+» белгісімен бағаланады – 2 деңгей.
Егер бала 3 қате жіберсе, онда тапсырма орындалмады деп есептеліп, «–» белгісімен бағаланады – 3 деңгей.
Ескерту: Ұсынылатын аяқталмаған суреттер саны баланың жасына қарай ұлғая береді: 1-сынып – 3 сурет, 2-сынып – 6 сурет, 3-сынып – 9 сурет, 4-сынып – 12 сурет,
«Ұқсас фигураларды тап» әдістемесі (Р.С.Немовтікіне ұқсас).
Баладан оң жағы мен сол жағын салыстыруға және ұқсас фигураларды көрсетуді сұрайды.
Жүргізуші тапсырманы орындауға кеткен уақытты белгілейді.
Нәтижелерді бағалау:
10 балл – бала барлық ұқсас фигураларды 25 секунд ішінде көрсетті және атады (өте жоғары деңгей).
8-9 балл – ұқсас фигураларды табуға 26-30 секунд уақыт кетті (жоғары деңгей).
6-7 балл – ұқсас фигураларды табуға 31-35 секунд уақыт кетті (орташа деңгей).
4-5 балл – ұқсас фигураларды табуға 36-40 секунд уақыт кетті (орташа деңгей).
2-3 балл – ұқсас фигураларды табуға 41-45 секунд уақыт кетті (төмен деңгей).
0-2 балл – ұқсас фигураларды табуға 45 секундтан көп уақыт кетті (өте төмен деңгей).
«Қатарды жалғастыр» әдістемесі.
1-тапсырма. Балаға геометриялық фигуралардың қатарын құрудың ерекшелігі туралы ойлануды, түсінуді және оны жалғастыруды ұсынады.
2-тапсырма. Балаға геометриялық фигуралардың қатарын құрудың ерекшелігі туралы түсінуді және оны жалғастыруды ұсынады.
3-тапсырма. Балаға геометриялық фигуралар ерекшелігін білуді және оны жалғастыруды ұсынады.
Нәтижелерді бағалау:
Тапсырманың үшеуінің орындалуы, жоғары деңгей ретінде «+» белгісімен бағаланады.
Тапсырманың екеуінің орындалуы, орташа деңгей ретінде «+» белгісімен бағаланады.
Тапсырманың біреуінің орындалуы, төменгі деңгей ретінде «–» белгісімен бағаланады.
«Кім немен шұғылданады?» әдістемесі.
Балаға суреттегі жеті ұл баланың әрқайсысының әр түрлі іспен айналысып жатқанын қарауды ұсынады.
Бала ұл балалардың қол, аяқ қимылдарына, дене тұрысына қарап, олардың немен шұғылданып жатқанын табуы керек. Суреттің ортасында орналасқан құралдар, балаға осы тапсырманы орындауға көмектеседі. Ересек адам балаға келесі сұрақтарды қоя алады:
-
Бірінші бала не істеп жатыр? Сен неге олай ойлайсың?
-
Екінші бала не істеп жатыр? Сен неге олай ойлайсың? Түсіндір.
-
Үшінші бала не істеп жатыр? Суреттегі қандай құрал саған жауап беруге көмектесті?
-
Төртінші бала не істеп жатыр? Ол қандай құралды пайдаланады?
-
Бесінші бала не істеп жатыр? Сен неге олай ойлайсың?
-
Алтыншы бала не істеп жатыр? Саған жауап беруге қандай құрал көмектесті?
-
Жетінші бала не істеп жатыр? Ол оны қандай құрал көмегімен жасайды?
Нәтижелерді бағалау:
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 1-2 қате жіберсе, онда тапсырма орындалды деп есептеліп, «+» белгісімен бағаланады – 1 деңгей (жоғары).
Егер бала тапсырманы дұрыс орындаса немесе 3-4 қате жіберсе, онда тапсырма орындалды деп есептеліп, «+» белгісімен бағаланады – 2 деңгей (орташа).
Егер бала 5 немесе одан да көп қате жіберсе, онда тапсырма орындалмады деп есептеліп, «–» белгісімен бағаланады – 3 деңгей (төмен).
Балалардың елестету қабілетін диагностикалау
«Әңгіме ойлап тап» әдістемесі (Р.С. Немова әдістемесі).
Балаға 1 минут ішінде біреу немесе бір нәрсе туралы әңгіме құрауға, ал 2 минут ішінде оны айтып беру ұсынылады. Бұл қандай да бір оқиға немесе ертегі болуы мүмкін.
Баланың елестете ойлау қабілеті келесі белгілер бойынша бағаланады:
-
әңгімені ойлап табу жылдамдығы;
-
оқиғаның еркшелігі, өзгешелігі;
-
әңгімеде пайдаланатын бейнелердің сан алуандығы;
-
осы бейнелердің жетілдірілгені және нақтыланғаны;
-
бейнелердің эмоциялық жағдайы.
Жоғарыда көрсетілген қандайда болсын бір белгінің қаншалықты айқын берілгеніне қарай, аталған белгілердің әрқайсысы бойынша әңгіме 0 балдан 2 балға дейін ала алады.
Нәтижелерді бағалау:
Әңгімені ойлап табу жылдамдығы төмендегідей бағаланады:
2 балл – егер бала әңгімені 30 секундтан аспайтын уақыт ішінде ойлап тапса;
1 балл – егер әңгімені ойлауға 3 секундтан 1 минутқа дейін уақыт кетсе;
0 балл – егер бала 1 минут уақыт ішінде ештеңе ойлап таба алмаса.
Оқиғаның ерекшелігі төмендегідей бағаланады:
2 балл – егер бала оқиғаны өзі ойлап тапқан жағдай ұсынымды болса;
1 балл – егер бала көрген немесе естіген бір жағдайды өзінен жаңалап айтқан жағдайда;
0 балл – егер бала бұрын бір көргенін жай айта салған жағдайда.
Бейнелердің сан алуандығы төмендегідей бағаланады:
2 балл – егер әңгімеде төрт немесе одан да көп кейіпкерлер (заттар, оқиғалар) болса;
1 балл – егер әңгімеде 2-3 кейіпкер пайдаланылса;
0 балл - әңгімеде тек бір кейіпкер туралы ғана айтылған жағдайда.
Әңгімедегі бейнелердің жетілдірілгені және нақтыланғаны төмендегідей бағаланады:
2 балл – егер әңгімеде берілген объектілер үш немесе одан да көп белгілермен берілсе;
1 балл – атынан басқа, тағы да 1-2 белгі көрсетілген жағдайда;
0 балл – егер әңгіме кейіпкерлері тек аталып, ешқандай қосымша сипатталмаған жағдайда.
Әңгімедегі кейіпкерлердің эмоциялық жағдайлары төмендегідей бағаланады:
2 балл – егер әңгіме және оның әңгімелеушінің жеткізуі эмоциялық жағынан жеткілікті болса;
1 балл – егер әңімелеушінің эмоциялық жағдайы әлсіз және әңгімеге деген тыңдаушылардың да әсері де әлсіз болған жағдайда;
0 балл – егер әңгімедегі бейнелер тыңдаушыға ешқандай әсер етпеген жағдайда.
Даму деңгейі туралы тұжырымдама:
10 балл – өте жоғары.
8-9 балл – жоғары.
4-7 балл – орташа.
2-3 балл – төмен.
0-1 балл – өте төмен.
«Бір нәрсенің суретін сал» әдістемесі (Р.С.Немов әдістемесі)
Балаға парақ қағаз беті, фломастер немесе түсті қарындаштар беріледі де, оған нені салғысы келсе, соның суретін салу ұсынылады. Тапсырманы орындауға 4-5 минут уақыт беріледі.
Суреттің сапасы төмендегі сындықтар бойынша бағаланады:
10 балл – бала берілген уақыт ішінде қандай да бір ерекше нәрсені ойлап тауып, суретін салса, ол оның қиялының ерекшелігі мен ойша елестетуінің байлығын білдіреді. Суреттің бөліктері мен бейнелері мұқият нақтыланған.
8–9 балл – бала қандай да бір ерекшелігі бар, қанық түсті, эмоциялық жағдайдағы суретті өзі ойланып, салған жағдайда. Суреттің бөліктері жаман нақтыланбаған.
5-7 балл – баланың ойланып, салғаны жаңалық емес, бірақ онда шығармашылық қиыл элементтері байқалады. Сурет қарағандарға белгілі бір эмоциялық әсерін тигізеді.
3-4 балл – бала жай ғана қарапайым, ешқандай ерекшелігі жоқ бір нәрсенің суретін салды, қиялы әлсіз ғана байқалады. Бөліктер соншалықты жақсы нақтыланбаған.
0-2 балл – бала берілген уақыт ішінде ештеңе ойлап таппады, тек жеке штрихтар мен сызықтардың ғана суретін салды.
Даму деңгейі туралы тұжырымдама:
10 балл – өте жоғары.
8-9 балл – жоғары.
5-7 балл – орташа.
3-4 балл – төмен.
0-2 балл – өте төмен.
Балалардың есте сақтау қабілетін диагностикалау
«10 сөз» методикасы (есту арқылы есте сақтау)
Балаға 10 сөз оқылады: үстел, өрік, бор, піл, саябақ, қол, аяқ, есік, терезе, бөшке.
Бір оқығанда 5-6 сөзді қайталап айту, оның есту арқылы есте сақтау қызметінің жақсы деңгейін білдіреді.
Д. Векслер әдістемесі (көру арқылы есте сақтау)
Д. Векслер әдістемесін (1945) пайдалану мектеп жасына дейінгі балалардың көру арқылы есте сақтау қызметін тексеруге мүмкіндік береді. Балаға 4 сурет ұсынылады. Әрбір суретті балаға 10 секунд бойы қарауға рұқсат етіледі. Содан кейін ол таза қағаз бетіне олардың суретін салуы керек.
Тестілеу нәтижелері:
А) Екі қиылысқан сызық пен екі жалау – 1 балл.
Дұрыс орналастырылған жалаулар – 1 балл.
Сызықтардың қиылысу нүктелерінің дұрыс бұрышы – 1 балл.
Осы тапсырманың жоғары бағалануы – 3 балл.
Б) Екі сызықпен 4 бөлікке бөлінген үлкен шаршы 1 балл.
Үлкен шаршыдағы төрт кішкентай шаршы – 1 балл.
Екі қиылысқан сызық және 4 кіші шарщы – 1 балл.
Шаршылардағы төрт нүкте – 1 балл.
Пропорциядағы дәлділік – 1 балл.
Осы тапсырманың жоғары бағалануы – 5 балл.
В) Ішінде кішкетай тікбұрышы бар үлкен тікбұрыш – 1 балл.
Іштегі тікбұрыштың барлық төбелері сыртқы тікбұрыштың төбелерімен біріктірілген – 1 балл.
Кішкентай тікбұрыш үлкеннің ішінде дәл орналасқан – 1 балл.
Осы тапсырманың жоғары бағалануы – 3 балл.
Г) Әрбір шетінде дұрыс бұрышы бар ашық тікбұрыш – 1 балл.
Ортасы, сол жағы мен оң жағы дұрыс шығарылған – 1 балл.
Фигура дұрыс салынған, бірақ бір бұрыш дұрыс шығарылмаған – 1 балл.
Осы тапсырманың жоғары бағалануы – 3 балл.
Ең жоғары нәтиже – 14 балл.
Көру арқылы есте сақтау қызметінің жақсы екенін білдіретін нәтиджелер – 9-10 балл.
Бейнелеу арқылы есте сақтауды зерттеу әдістемесі
Берілген әдістеме бейнелеу арқылы есте сақтау қызметін тексеруге арналған. Әдістеменің негізіне тексерілушіге 30 секунд ішінде кесте түрінде берілген 12 бейнені есте сақтау ұсынылады.
Тексерілушінің міндеті – кестені алып тастағаннан кейін, ол өзінің есте сақтап қалған бейнелерінің суретін салу немесе білдіру.
Тестілеудің нәтижелерін бағалау дұрыс шығарылған бейнелердің саны бойынша жүргізіледі. Мөлшер 6 (және одан да көп) дұрыс жауаптар. Әдістемені жеке дара жұмыста да, топпен жұмыста да пайдалануға болады.
Жанама түрдегі есте сақтау әдістемесі.
Балаларға есте сақтауға ұсынылатын 10-15 сөздерді таңдау қажет, сондай-ақ суреттері бар карточкалар (20-30) жиынтығы. Суреттер есте сақталатын сөздердің тура бейнесі болмаулары керек.
Есте сақтауға арналған сөздер: түскі тамақ, жарық, құс, бақ, киім, білім, жол, түн, орындық, егістік, қателік, орман, сүт, жылқы, тышқан.
Нұсқаулар: «Мен қазір сөздерді оқимын, ал сен жақсы есте сақтау үшін, менің айтқан сөзімді еске түсіруге көмектесетін сәйкес суретті таңда».
Ең алдымен, мысалы, сүт сөзі. Осы сөзді есте сақтау үшін бала сиыр суреті бар карточканы таңдауы керек және т.б.
Әрбір сөзге суретті таңдауға 30 секунд уақыт бөлінеді. Көптеген балалар тез жұмыс істейді. Баладан ол неге осы карточканы таңдағанын сұрау керек.
Содан кейін баланы 15 минутқа қандай да болсын басқа ойынмен алдандырыңыз. Осы уақыт өткеннен кейін жанама есте сақтау үшін таңдалған крточкаларды көрсетіңіз, ол сөздерді айтуы керек.
Дұрыс айтылған сөздердің саны баланың есте сақтау үдерісіндегі логикалық байланыстарының дамуын білдіруі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Азбука общения. Развитие личности ребенка, навыков общения со взрослыми и сверстниками /Л.М.Шипицына, О.В.Защиринская, А.П.Воронова, Т.А.Нилова. – СПб., 1998.
-
Ануфриев А.Ф., Костромина С.Н. Как преодолеть трудности в обучении детей. – М.: Ось-89, 1998.
-
Баскакова И.Л. Внимание дошкольника, методы его изучения и развития. Изучение внимания школьников. – М., 1995.
-
Башаева Т.В. Развитие восприятия. Дети 3-7 лет. – Ярославль, 2001.
-
Борякова Н.Ю. и др. Практикум по развитию мыслительной деятельности у дошкольников. – М., 1999.
-
Волчок И.П. Подвижные игры младших школьников. – Минск, 1988.
-
Воспитание и обучение умственно отсталых детей дошкольного возраста: Программа. – М., 1991.
-
Выготский Л.С. Полное собрание сочинений в 6 т. Т.5. – М., 1984.
-
Галигузова Л.Н., Смирнова Е.О. Ступени общения: от года до семи лет. – М., 1992.
-
Гудилина С.И. Игровая азбука. – М., 1998.
-
Детские подвижные игры народов СССР /Сост.А.В.Кенеман. Под ред. Т.И.Осокиной. – М., 1988.
-
Ерсарина А.К. Дети с трудностями в обучении. - Алматы, 2001.
-
Жукова Н.С., Мастюкова Е.М. Если ваш ребенок отстает в развитии. – М., 1993.
-
Жутикова Н.В. Учителю о практике психологической помощи. – М., 1988.
-
Захаров А.И. Как преодолеть страхи у детей. – М., 1986.
-
Захаров А.И. Как предупредить отклонения в поведении ребенка. – М., 1993.
-
Зейгарник Б.В. Патопсихология. – М., 1999.
-
Изард К.Е. Эмоции человека. – М., 1980.
-
Игровые методы в обучении детей дошкольного возраста /Под ред. Сулейменовой Р.А. – Алматы: Жан, 1999.
-
Как учить и развивать умственно отсталых детей. - СПб., 1994. .
-
Касымова Г.М. Развивающие игры в диагностике и коррекции психического развития детей дошкольного возраста. – Алматы, 2000.
-
Катаева А.А., Стребелева Е.О. Дидактические игры и упражнения в обучении умственно отсталых дошкольников. – М., 1993.
-
Катаева А.А., Стребелева Е.О. Дошкольная олигофренопедагогика. – М.: Владос, 2001.
-
Клайн В. Как подготовить ребенка к жизни. – М., Л. – 1991.
-
Клюева Н.В., Касаткина Ю.В. Учим детей общению. Характер, коммуникабельность. – Ярославль: Акад. развития, 1997.
-
Клюева Н.В., Филиппова Ю.В. Общение. Дети 5-7 лет. – Ярославль, 2001.
-
Козак О.Н. Путешествие в страну игр. – СПб., 1997.
-
Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. – М., 1986.
-
Литвинова М.Ф. Русские народные подвижные игры. – М., 1986.
-
Лубовский В.И. Психологические проблемы диагностики аномального развития детей. – М., 1989.
-
Лупан С. Поверь в свое дитя. – М., 1993.
-
Лэндрет Г.Л. Игровая терапия: искусство отношений. – М., 1994.
-
Матюгин И.Ю. и др. Как развивать внимание. – М., 2000.
-
Монтессори М. Метод научной педагогики, применимый к детскому воспитанию в домах ребенка. – М.: Монтессори-центр, 1993.
-
Мустакас К. Игровая терапия. – СПб., 2000.
-
Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты, проблемы. – М., 1995.
-
Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе. – М., 2001.
-
Овчарова Р.В. Технологии практического психологического образования. – М., 2000.
-
Паркинсон К.Н. и др. Дети. Как их воспитывать /К.Н.Паркинсон, М.К.Растомджи, С.Паври. – СПб., 1992.
-
Пилипко Н.В. Приглашение в мир общения. Ч.1. – М., 1999.
-
Программно-методические материалы. Коррекционно-развивающее обучение. Начальная школа. – М.: Дрофа, 1998.
-
Психологическая диагностика детей и подростков /Под ред.К.М.Гуревича, Е.И.Борисовой. - М., 1995.
-
Рабочая книга школьного психолога /Под ред.И.В.Дубровиной. – М., 1995.
-
Раттен М. Помощь трудным детям. – М., 1987.
-
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М., 1995.
-
Самоукина Н.В. Первые шаги школьного психолога. – Дубна, 2000.
-
Спиваковская А.С. Нарушения игровой деятельности. – М.. 1980.
-
Сулейменова Р.А., Баймуратова А.Т. Лекотека – новое звено в процессе обучения детей. – Алматы, 1997.
-
Тихомирова Л.Ф. Познавательные способности. Дети 5-7 лет. – Ярославль, 2000.
-
Узакбаева С.А., Айтпаева А.К. Казахские народные детские игры. – Алматы, 2000.
-
Хрестоматия. Обучение и воспитание детей «группы риска» /Сост.В.М.Астапов, Ю.В.Микадзе. – М., 1996.
-
Хухлаева О.В. Лесенка радости. – М., 1998.
-
Чистякова М.И. Психогимнастика /Под ред. М.И.Буянова. – М.,1990. – 128 с.
Көмекші мектеп (V-IХ сыныптар) оқушыларының танымдық қызметін түзету бойынша бағдарлама
ТҮСІНІКТЕМЕ
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің барлық бөліктерін гуманизм және демократиялау идеясын іс-жүзіне асырудың қазіргі заманғы жағдайында арнайы мектептердегі білім беру және тәрбелеу үдерісін ұйымдастыру мен мазмұны жаңа сапалы деңгейге көтеріледі. Осыған байланысты көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылдарының танымдық қызметін ойынмен түзету бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылатын, көмекші мектеп балаларының танымдық аясын жөндеу курсын енгізудің маңыздылығы байқалады.
Бағдарламаның мақсаты – көмекші мектеп оқушыларының танымдық аясын дер кезінде психологиялық диагностикалау және психологиялық түзету, сонымен қатар оларда танымдық қызметке деген жағымды қатынасты қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
-
Зерде бұзылыстары бар балалардың танымдық аясын дамытудың ерекшеліктерін зерттеу.
-
Арнайы таңдалып алынған дамыту ойындарының кешені, тапсырмалар, жаттығулар, жағдаяттар арқылы жүйелі түрде түзете-дамыта оқыту.
-
Танымдық қызметке деген жағымды қатынасты қалыптастыру.
Танымдық аяны түзету курсының әдістемелік негізін психолог пен педагогтар (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, М.Н.Скаткин, Д.Б.Эльконин және т.б.) әзірлеген тұлғалық-бағдарлау және дамыта оқыту концециясы құрайды.
Оқыту Л.С.Выготский мен оның мектебінің қызметіндегі дамыту концепциясына сәйкес, оқыту актуальды дамыту аймағына – баланың даму деңгейіне және – баланың ересек адамның сәл ғана көмегімен, серіктестігімен, оның өзара әрекеттестігімен қол жеткізетін – жақын даму аймағына негізделген. Л.С.Выготский негіздеген жақын даму аймағының феномені баланың жас шамасына қарай психологиялық жаңа құрылымдарға бағытталған сензитивтік кезеңін есепке ала отырып, оқытудың дамытуды өзімен «ілестіретін» озып шығатын оқытуды білдіреді.
Дамыту ойындары көмекші мектеп балаларының оқудағы қиындықтарын жеңуге, сондай-ақ олардың танымдық қызметін түзетуге көмектесетін, тәрбиелеу мен оқытудың дамумен арасындағы қажетті арақатынасты білдіреді.
Дамыту ойыны – бұл мазмұны білім беру ұйымының ойын мәдениетімен берілетін, балалардың танымдық және эмоциялық-ерік аясын дамыту бойынша педагогикалық мақсатты бағытталған, негізделген қызмет. Әрине, барлық ойындар дамытушы, бірақ олар тек кешенді түрде, ойынның танымдық-тәрбиелік қызметін іс-жүзіне асыруда балалардың дамуының жеке-дара ерекшелігі мен жас шамасына қарай сәйкес жүйеде қолданылынса ғана мақсатқа жетеді.
Даму ойындарының құрылымдық компоненттері – ой, міндет, іс-әрекет, ереже, рөл, материал – жалпы қызметті – өмірдің басқа саласында, қызметтің басқа түрінде қажетті дамуды ала алмайтын, баланың жеке тұлғалық жақтарын дамытуды толтырады. Дамыту ойындары бар мүмкіндікті ынталандырып, оны басқа танымдық жағдайға апаратындықтан, бала белсенді, ынталы тәртіпке ие болады.
Таным қызметін ойынмен түзетудің бағдарламасын құруда зерде бұзылыстары бар балалардың психологиялық даму ерекшеліктері, көмекші мектеп оқушыларына арналған білімді, икемділіктер мен дағдыларды меңгеруге қойылатын бағдарламалық талаптар, сондай-ақ ӘБЕО Орталығы мамандарының жұмыс тәжірибелері де есепке алынды.
Осы бағдараламаның мазмұнын құруда З.М.Богуславская және Е.О.Смирнова, А.А.Катаева және Е.А.Стребелева, Л.Ф. Тихомирова, Т.В. Баашаева, И.Ю.Матюгин, Н.В.Клюева, Ю.В.Касаткина, Л.М.Шипицына, А.Ф.Ануфриева және С.Н.Костромина, С.А.Ұзақбаева және А.К.Айтпаева және т.б. зерттеу жұмыстарында сипатталған жалпыға белгілі ойындар, ойын тапсырмалары, жаттығулар пайдаланылды. Ұсынылған ойындар ойын атрибуттарына, сонымен бірге дайындық сынып оқушыларының санына қарай басқаларымен де толықтырылуы мүмкін.
Танымдық қызметті ойынмен түзету бөлімдерін анықтағанда түзету-дамыту ойындарын қолданудың мазмұнының танымдық және тәрбиелік аспектерін ерекшелей отырып, оқушылардың психологиялық қызметінің даму қағидасы басшылыққа алынды. Түзету-дамыту ойындарын жіктеу жеке алынған ойындағы білім беру-тәрбиелеу міндеттерін нақтылауға мүмкіндік береді. Заттық-даму ортасында (дидактикалық құралдар, ойыншықтар, ойын атрибуттері және т.б.) ойынның әсерінің тиімділігі жоғарылауы мүмкін.
Танымдық қызметті ойынмен түзету бағдарламасына төрт бөлім енген.
І бөлім – Қарым-қатынас дағдылары және адамгершілік-ерік қасиеттері. Берілген бөлім оқушыға қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынастың әлеуметтік тәжірибені бекітуге, ересек адамдармен, құрдастарымен қатынаста алынған дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
ІІ бөлім – Сенсорлық даму. Оқушылардың интеллектуалды дамудың негізі ретіндегі, ойлау, есте сақтау және елестету элементтерін дамытуға арналған негіз болатын сенсорлық тәжірибені жетілдіруге көмектеседі.
ІІІ бөлім – Зейін және есте сақтау. Берілген бөлімнің маңыздылығы оқушылардың оқу қызметі мүмкін болмайтын зейін мен есте, сақтаудың арқасында танымдық ақпаратты меңгерумен беріледі. Осы бөлімнің маңыздылығына зейінді адамның жаны мен сыртқы әлемге кіруге болатын есік деген К.Д.Ушинскийдің нақты және бейнелі сөздері және есте сақтаусыз адам өмір бойы жаңа туған сәбидің жағдайында болады деп айтқан И.М. Сеғченовтың сөздері де дәлел бола алады.
ІV бөлім – Ойлау және елестету элементтері. Бөлім ойлаудың негізгі құрылымын түзетуге және жетілдіруге көмектеседі. Олар: операциялар (талдау, жинақтау, салыстыру) және ойлау түрлері (түсіну, талқылау, тұжырымдау), сонымен бірге елестету элементтері (туындайтын және шығармашылық).
Осы бағдарламаны іс-жүзіне асыруда, белгілі бір жас шамасы бойынша топқа арналаған жоспар, сонымен бірге нақты оқушыға арналған жоспар бойынша білім беру мекемелерінің педагогтары мен психологтарының жұмыстары күтілген нәтижеге бағыталуының маңызы өте үлкен. Бұл оқушының танымдық қызметін түзету жұмысын берілген санаттағы балалардың жеке-жас шамасы бойынша ерекшеліктерін есепке ала отырып, мақсатты бағыттауға және дифференциалдауға, сонымен бірге баламен диагностикалық-түзету жұмыстың болашағын бақылауға мүмкіндік береді. Күтілген нәтиже проблемалы балаларды оңалту жұмысында педагогтардың, психологтардың және ата-аналардың өзара әрекет жасауға және танымдық оқу қызметін түзетуге баламалы тәсілдерді іздестіруге мүмкіндік береді. Күтілетін тәсілдерді тұжырымдау берілген типтегі білім беру мекемелерінің талаптарын есепке ала отырып, түзету бағдарламаларында қойылатын мақсаттар мен міндеттерге тәуелді болады.
Танымдық қызметті түзету бағдарламасы аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағатқа берілген. Тақырыптық жоспарды және оның мазмұнын төрт оқу тоқсаны бойынша дәйектілікпен іс-жүзіне асыру көзделеді, әртбір тоқсанның басы мен аяғында оқушылардың танымдық аясын ойынмен түзетуге сәйкес психологиялық диагностикалау жүргізіледі.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 5-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер |
Тақырыптар |
Сағаты |
І |
Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері |
Кіріспе. Мен кіммін? Мен қандаймын? Мен кіммен біргемін? Достық Менің жанұям Үй дегеніміз нені білдіреді? |
1 1 1 1 1 1 1 |
ІІ |
Сенсорлық даму |
Түс Пішін Көлем Бүтін және бөлшек Кеңістіктік түсініктер Тактильді-қимыл қабылдау Қабылдау қасиеттері (тұрақты, саналы және ортақтастыру, бүтіндігі және т.б.) |
1 1 1 1 1 1 1 |
ІІІ |
Зейін және есте сақтау |
Еріксіз зейін Ерікті зейін Зейін қасиеттері Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, шығару. Есте сақтау түрлері: моторлы-қозғалғыштық, бейнелік, эмоциялық. Есте сақтаудың жеке айырмашылықтары. |
1 1 1 1 1 1 |
І V |
Ойлау және елестету элементтері. |
Көрнекі-бейнелік ойлау. Сөздік-логикалық ойлау. Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, абстракция. Ойлау түрлері: түсіну, талқылау, тұжырымдау. Ойлаудың жеке ерекшелігі. Ақылдың сапасы. Елестету. Еріксіз елестету: қиял (фантазия), түс көру, қиялдану. Ерікті елестету: туынды және шығармашылық. Менің болашағым. |
2 2 2 2 1 2 2 2 |
|
|
Барлығы: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІ
1-тапқырып. Кіріспе
Білім, икемділіктер, дағдылар: қарым-қатынас дағдыларын меңгерудің қажеттілігі туралы түсінікті, балаларды жағымды эмоциялық қылықтырға, істерге ынталандара отырып, ойлау қызметін дамытудағы жағымды адамгершілік-ерік қасиеттердің рөлін түсіне білуді жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу».
Әңгіме: «Тәрбиелі адам дегеніміз не?».
Тест ойыны: «Мен және ...» (маңызды сөзді қою: еңбек, жанұя, кітап, цирк, нан, ақша, үй, киім, оқу, демалыс, ереже, көмек ..) баланың таңдауын талқылау (мысалы, «Мен және жанұя», «маған жақсы», «мені жақсы көреді»).
Ойындар: «Сиқырлы шеңбер», «Бұзылған телефон».
Жағдаяттар: «Менің досың ауырып қалды ...». «Сен сыныптағы шыныны сындырдың».
2-тақырып. Мен кіммін?
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзі, өзінің мүмкіндіктері туралы түсінікті жетілдіруді жалғастыру, жауапкершілікке, сабырлылыққа ынталана отырып, өзін дұрыс бағалау.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әңгіме, әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу», «Бір минут тыныштық».
Шығармашылық ойындары: «Мен кіммін?» (Өзін өзі көрсету), «Мақтаншақтар конкурсы», «Күлмейтін ханшайым».
3-тақырып. Мен қандаймын?
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзі туралы түсінікті жетілдіруді жалғастыру, сынды дұрыс қабылдау, жағымды қылықтарға итермелеу.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Сахналау ойыны: «Сұпқытсыз үйрек» (Г.Х.Андерсен), «Шырша», «Қиялшылдар».
Шапшаң қимылды ойындар: «Көңілді старттар», «Ұстап алушы» және т.б.
Әңгіме, талдау.
4-тақырып. Мен кіммен біргемін?
Білім, икемділіктер, дағдылар: қоршаған әлеммен өзара іс-әрекеттес болу қажеттілігі туралы түсінікті жетілдіруді жалғастыру, қатынасты, сондай-ақ қайырымды өзара қатынас дағдыларын орната білу.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу».
Шығармашылық ойындары: «Біз қонаққа барамыз ба?», «Балалармен қалай танысуға болады?».
Жаттығу ойындары: «Сенің көршің қандай?».
Шапшаң қимылды ойындар: «Өз достарыңның есімдерін айт».
5-тақырып. Достық
Білім, икемділіктер, дағдылар: достық туралы білімді жетілдіру, достықты бағалай білуге, сондай-ақ достасу дағдыларын тәрбиелеу.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу».
Тапсырмалар: «Достық кілемін безендірейік».
Ойындар: «Достық кілемі», «Толқындар», «Сиқыршылар», «Мақтаншақтар конкурсы».
Пікір таластыру: «Достаса білу дегеніміз не?».
6-тақырып. Менің жанұям
Білім, икемділіктер, дағдылар: тәртіп ережелері туралы білімді жетілдіруді жалғастыру, жақындарына сүйспеншілігін, құрметтеуін, қамқорлығын білдіру, жақндарын қуандыруға қажеттілік.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Жағдаятты-рөлдік ойындар: «Қыздар мен шешелері», «Жанұя».
Конкурс ойыны: «Мен және менің жанұям».
Оқиғаны сахналау ойыны: 1) Аулада балалрмен ойнап жүрген Асқарды апасы үйге шақырады. 2) Сәуле үйге мысық әкелді, ал үйде өзі күтіп жетісе алмайтын күшік, балық бар еді, сабағын да нашар оқиды.
7-тақырып. Үй дегеніміз не?
Білім, икемділіктер, дағдылар: туған үй туралы түсінікті қалыптастыру, жанұядағы өзара қарым-қатынасты қолдай білу, жақындарына қамқорлық көрсету.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Тыныштық минуты.
Әңгіме, жағдайды талдау (таңдау бойынша).
Шығармашылық жұмысы: «Өз үйіңнің суретін сал».
Ойындар: «Маған қарай жүгіріңдер», «Менің үйім – менің қамалым»: сынып 5 топқа бөлінеді. 4-топ өз денелерімен өздеріне үй салады, қабырға, төбе, үй қожайынын бейнелейді, 5-топ – «бұзғыштар», үйді бұзуға тырысады, ойын талқыланады.
ІІ ТАРАУ. СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ
8-тақырып. Түс
Білім, икемділіктер, дағдылар: түсті қабылдауды жетілдіру, оны ажырата білуге, сондай-ақ түсті дұрыс пайдалану дағдыларына жаттықтыру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Лото», «Түсіне қарай таңда», «Жұбын тап», «Түсті мозаика», «Өрнек құра», «Түсті таны және ата».
Тапсырма: «Көңіл-күй суретін сал», «Ағаш жемістерін боя».
Шапшаң қимылды ойындар: «Әрқайсысы өзінің жалаушасына», «Алуан түсті ленточкалар» және т.б.
9-тақырып. Пішін
Білім, икемділіктер, дағдылар: пішінді қабылдауды жетілдіру, оны ажырата білуге, сондай-ақ пішін туралы түсінікті дұрыс пайдалануға жаттықтыру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Не артық?», «Жұбын тап», «Басқатырғыш».
«Сеген тақтасы», «Пошта жәшігі», «Суреттерді құра» сияқты құралдармен орындалатын тапсырмалар.
10-тақырып. Көлем
Білім, икемділіктер, дағдылар: көлемді қабылдауды жетілдіру, оны салыстыра, ажырата білуге, сондай-ақ көлем туралы дұрыс пайдалануға жаттықтыру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Лото», «Кім лентаны тез орайды?», «Әдемі өрнектер», «Көше», «Сынған саты», «Кім биік?», «Хайуанаттар бағы».
Тапсымалар: «Үй, көше, дүкендер саламыз».
11-тақырып. Бүтін және бөлшек
Білім, икемділіктер, дағдылар: бүтін мен бөлшекті қабылдауды жетілдіру, заттардағы жеке бөліктерді сезінуді бекіту, бүтіннен бөлшекті шығаруға жаттықтыру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Лото», «Бүтінді жина», «Бұл не?», «Фигураны жина», «Өрнекті құра».
Шапшаң қимылды ойындар: «Айдахардың құйрығынан ұстап ал», «Жылға» және т.б.
12-тақырып. Кеңістіктік түсініктер
Білім, икемділіктер, дағдылар: кеңістікті, онда бағдарлауды қабылдауды жетілдіру, кеңістікте бағдарлауға жаттығу барысында кеңістіктік қатынастарды сезіне білу.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу».
Дидактикалық ойындар: «Дұрыс сал», «Тығамыз және табамыз», «Жалаушаға дейін жүгір», «Тап және ата», «Ненің суреті салынған?».
Шапшаң қимылды ойындар: «Көңілсіз, көңілсіз осылай отырған!», «Қуып жет!», «Тығылмақ», «Тақия тастау» (қазақ халқының ұлттық ойыны).
13-тақырып. Тактильді-қимыл арқылы қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: кеңістікті тактильді-қимыл арқылы қабылдауды жетілдіру, кеңістікте бағдарлау, қол еңбегі дағдыларын бекіте отырып, сипау арқылы заттардың қасиеттерін сезіне тани білу.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Тыныштық минуты.
Дидактикалық ойындар: «Тамаша дорба», «Сиқырлы қобдиша», «Сиқырлы дорба».
Шығармашылық ойындар: «Шеберлер қаласы», «Мүсінші» және т.б.
14-тақырып. Қабылдау қасиеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: қабылдау қасиеттерін, оларды заттардың қасиетін тануда білдіре білуді жетілдіру, оларды қолдануды жаттықтыру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Роршах тесті.
Аяқталмаған суреттермен, фигуралармен, мәтінмен тапсырмалар.
Екі жақтылық бейнелер.
Шапшаң қимылды ойындар: «Теңіздегі фигура», «Жүргізушілер»,. «Соқыр жетекші».
ІІ ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ ЖӘНЕ ЗЕЙІН
15-тақырып. Еріксіз зейін
Білім, икемділіктер, дағдылар: еріксіз зейінді жетілдіру, талғампаздығын оята, қоршаған әлемге қызығушылық таныту.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу».
Дидактикалық ойындар: «Ең зейінді кім?», «Не болмады?», «Саған кім қолын тигізді?», «Кімнің дауысы екенін таны».
Шапшаң қимылды ойындар: «Аузыңды ашып тұрма», «Жұбыңды тап».
16-тақырып. Ерікті зейін
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінді жетілдіру, ерік-күшін ең бастысына шоғырландыра білу.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Ойындар: «Құлақ – мұрын», «Ең зейінді кім?», «Не өзгерді?», «Ұшады - ұшпайды», «Күн мен түн», «Жапалақ».
Конкурстар: «Өз зейініңді тексер және тәрбиеле» (тапсырма таңдау бойынша).
17-тақырып. Зейіннің қасиеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін жетілдіруді жалғастыру, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіту.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Тапсырмалар: «Суретті аяқта», «Фигураларды сыз: дөңгелектер, шаршылар, үшбұрыштар, сопақшалар (дәйектілікпен)», қойылатын сұрақтар: Сенің ата-анаң кімдер? Олар қайда жұмыс істейді? Ата-анаңның есімдері қалай? Және т.б. (зейінді бөлуге); «Есіңе сақтап үлгерген заттарды ата» (зейін көлеміне).
Ойындар: «Фигураны таны», «Теңіздегі фигура» және т.б.
18-тақырып. Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, шығару.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерісін, оларды қызметте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Кімнің дауысы екенін таны», «Не өзгерді?», «Жапырақтың қай ағаштан екенін тап» және т.б.
Тапсырма-жаттығу: «Аяқталмаған суреттер» (Бөлігінің суреті аяқталмаған суретті көрсету, суретшінің нені ұмытып кеткенін табу).
Шығармашылық ойындар: «Ойдан шығарылған ғажайыптар» (балалар «Осылай бола ма немесе болмай ма?» қызықты оқиғаларды еске түсіреді).
19-тақырып. Есте сақтау түрлері: моторлық-қозғалыс, бейнелі, эмоциялық және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау түрлерін қызметте қолдану икемділіктерін жаттықтыру арқылы, оларды жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Лото», «Кімнің добы үлкен?», «Кім бойы биік?», «Тірі – тірі емес», «Мына қатарға қара да, қатарға қой бәрін де», «Жұбын тап», «Қалыпты есте сақта және қайтала».
20-тақырып. Есте сақтаудың жеке айырмашылықтары
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың жеке айырмашылықтарының байқалуын қолдай отырып, оларды жетілдіру. Түрлерін қызметте қолдану икемділіктерін жаттықтыру арқылы, оларды жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Шағын шығарма: «Кешегі күнді еске түсірейік» талқыланады.
Оқиғаны шешу: 1) Сен досыңа кітабын беруді ұмытып кетьің, ал ол саған өкпеледі ... . 2) Сен апаңа үй жинасуға көмектесуге уәде бердің, бірақ ойынға қызығып, ұмытып кеттің.
Сахналау ойыны: «Сенің есіңде бар ма» (Балалар шағын топтарға бөлінеді, бір жағдайды ойлап тауып, оны сахналайды, ал екінші топ оны тауып, оның аяқталуының өз нұсқасын ұсынады).
21-22-тақырыптар. Көрнекі-бейнелік ойлау
Білім, икемділіктер, дағдылар: көрнекі-бейнелік ойлауды дамытуды, оны қызметте іс-жүзінде пайдалану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Барлық себептерді тізіп шық», «Үш сөйлем», «Әңгіме ойла», «Неге ұқсас?».
Тапсырмалар: «Қайырымдылықтың суретін сал» (суреттер вернисажы).
Жағдаяттар: Не істеу керек, егер: 1) сен сабақты оқымадың; 2) сені досың өкпелетті; 3) сен сабақтағы жаңа материалды түсінбедің.
Сахналау ойыны: «Тірі сурет».
23-24-тақырыптар. Сөздік-логикалық ойлау
Білім, икемділіктер, дағдылар: сөздік-логикалық ойлауды дамытуды, оны қызметте іс-жүзінде пайдалану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Әңгімені тап», «Жұмбақтар», «Қайтала», «Сөзбен ойын», «Жаңасын ойлап тап», «Өз ойыңды басқа сөздермен жеткіз».
Тапсырмалар: 1) «Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей» мақалды түсіндір. 2) Саған ертегі, әңгіменің қандай кейіпкерлері ұнайды және неге? 3) Балалар ызалы болып тууы мүмкін бе? (иә, жоқ). 4) Адамдар неге қатыгез болады? 5) Адамдарды қалай мейрімді етуге болады?
25-26-тақырыптар. Ойлау операциялары
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау операцияларын дамытуды, оларды жіктей отырып пайдалану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Салыстыру», «Жұмбақтарды шеш», «Балықтар, құстар, аңдар», «Қайталашы».
Тапсырмалар: 1) Әр түрлі заттық тақырыптарға берілген суреттерді («Ыдыстар», «Гүлдер», «Жемістер», «Көкөністер», «Көлік» және т.б.) және суреттерді нақты жіктей (шәй ыдыстары, асхана ыдыстары, қарақат, шие, алма және т.б.) жайып салу.
Жағдаяттар: Не істеу керек, егер ... . 1) Сен үзілісте байқаусызда парталас көршіңді қағып кеттің, ол саған өкпеледі. 2) Сен апаңның орнына гүлді суғаруға өзіңді қалай көндірер едің? 3) Сен ұзақ уақыт футбол ойнадың, сабақ қарауға жетіспедің ... .
27-28-тақырыптар. Ойлау түрлері: түсіну, талқылау, тұжырымдау.
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау түрлерін дамытуды, оларды жіктей отырып пайдалану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Дидактикалық ойындар: «Зат есім, сын есім, етістік». «Үш сөйлем», «Міне, біз», «Сөзбен ойын».
Тапсырмалар: 1) Махаббат гүлінің сретін сал. Әрбір гүлжапырақшаға өзің жақсы көретін адамыңның есімін жаз немесе суретін сал. 2) Суреттер вернисажы.
Өзара көмек туралы пікір таластыру.
Сұрақтар: 1) Саған басқа адамның сезімін байқау оңай ма? 2) Сыныбыңның ішіндегі балалардың қайсысының қандай сезімді сезінетінін тауып айту қиынырақ тиеді? 3) Сені туысқандарың мен достарың жақсы түсіне ме? 4) Адамдар қай кезде, неге өз сезімдерін жасырады? 5) Өзара көмек дегеніміз не? 6) Басқаға қалай көмек көрсетуге болады? Мысалдар, балалардың қылықтарын талқылау, талдау.
Жағдаятты тест: Не өзара көмек болып табылады, ал не олай болып саналмайды: 1) қайыршыға садақа; 2) ата-анасының шаруасына көмек көрсету; 3) үй тапсырмасын көшіріп алу; 4) әжеге жолдан өтуге көмектесу; 5) достарымен бөтен саяжайға ұрлыққа түсу.
29-тақырып. Ойлаудың жеке ерекшеліктері. Ақыл сапасы
Білім, икемділіктер, дағдылар: ақыл сапасын дамыта отырып, ойлаудың жеке ерекшеліктерін жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Тест: «Адамның суретін сал».
Тест: «Әділеттік баспалдағы»: «Әділеттік баспалдағына» өзіңді қоятын жерге, жүректің суретін сал (әділетті болуға мүмкіндік болмай қалады, әділетті болуға тырысамын, мен әділеттімін .
Тапсырмалар: ата-анаңмен бірге әділеттіктің ережелерін құра.
Дидактикалық ойындар: «Лото», «Жұмбақты шеш», «Сөйлемді аяқта», «Сөз ойластыр», «Әңгіме ойластыр»).
30-тақырып. Елестету. Еріксіз елестету: қиял (фантазия), түс көру, қиылдану
Білім, икемділіктер, дағдылар: қоршаған орта заттары мен құбылыстарының бейнелерін еріксіз құруға талпынысын қолдай отырып, еріксіз қиылды дамытуды жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Тыныштық минуты. «Бұлтпен мейрімділік елінесаяхат»; құрылған бейнелердің эмоциялық жағдайлары туралы әңімелесу.
Тапсырма: Мейрімділік елінің суретін сал (суреттер вернисажы).
Дидактикалық ойындар: «Ойдан шығарылған ғажайыптар», «Менің кім екенімді тап».
31-32-тақырыптар. Ерікті елестету элементтері: елестетуді шығару, шығармашылық елестету.
Білім, икемділіктер, дағдылар: шығаратын елестету элементтерін, оны қызметте пайдалану дағдыларын жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
«Шеберлер қаласына» ойын саяхат кезінде, балалар Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың биін билеп, өлеңдерін айтып, қол өнер заттарын жасап, суреттерін салып ойнайды
Тапсырмалар: «Менің қалам», «Менің досым», «Менің жанұям» (таңдау бойынша) тақырыптарына талқылай отырып, әңгіме жазу.
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Мүсінші», «Сиқырлы айна», «Шытырман».
Шапшаң қимылды ойындар: «Күн сәулесі», «Күн және жаңбыр» және т.б.
33-34-тақырыптар. Менің болашағым
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің болашағы туралы түсінікті, оқу жылы бойы алынған икемділіктер мен дағдыларды бекіте отырып, танымдық аясын, армандай білуді дамытуды жетілдіру.
Ойын, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдаяттардың сан алуан түрлілігі:
Тыныштық минуты (музыкамен).
Әңгімелесу: «Еске түсіріңдерші, бірінші сабақта қандай болып едіңдер, енді қандай болдыңдар. Не өзгерді?»
Ойын, тапсырмалар, жағдаяттар ұсынылатын «Білім еліне» ойын саяхат, тесттер: «Автопортрет», «Менің жанұям», «Не өзгерді?», «Алуан түсті ленталар», «Шарлар», «Мерекелік отшашу», «Сөзді тап», «Сөзді ойлап тап», «Жұбын тап», «Ертегіні бейнеле» және т.б.
Жағдаятты-рөлдік ойындар: «Мамандықтар» (таңдау бойынша), «Роботтар», «Менің жанұям».
Тапсырмалар: 1) Кім болғың келеді, суретін сал (суреттер вернисажы); 2) Талқылай отырып, «Мен және менің болашағым» тақырыбына шағын шығарма жаз.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 6-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер |
Тақырыптар |
Сағаты |
І |
Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері |
Мен кіммін? Мен қандаймын? Табиғатпен қатынас Менің жанұям Ұл балалар мен қыз балалардың достығы Тәртіп ережелері |
1 1 1 1 1 1 |
ІІ |
Сенсорлық даму |
Түс және пішін Көлем Кеңістіктік түсініктер және қатысы Тактильді-қимыл қабылдау Қабылдау қасиеттері |
1 1 2 1 2 |
ІІІ |
Зейін және есте сақтау |
Ерікті зейін Зейін қасиеттері, сапасы Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, еске түсіру. Есте сақтау түрлері: моторлы-қозғалғыштық, бейнелік, эмоциялық. Есте сақтаудың жеке ерекшеліктері. |
2 2 2 1 1 |
І V |
Ойлау және елестету элементтері. |
Көрнекі-бейнелік ойлау. Сөздік-логикалық ойлау. Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, абстракция. Ойлау түрлері: түсіну, талқылау, тұжырымдау. Ойлаудың жеке ерекшеліктері. Елестету. Еріксіз елестету: қиял (фантазия), түс көру, қиялдану. Ерікті елестету: туынды Шығармашылық елестету: арман Менің болашағым. |
1 2 2 2 1 1 1 1 2 |
|
|
Барлығы: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 6-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ АЯСЫН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІ
1 тақырып. Мен кіммін?
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің қадір-қасиеті сезімі туралы түсінікті, өз іс-әрекетін, қылықтарын бағалай білуді, өзінің жеке ерекшелектерінді ажыратуда өзіндік дербестік дағдылары.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың түрлері: «Амандасу-қоштасу», А.О. Прохоров және Г.Н. Геттинг методикасы бойынша «Менің көңіл күйім» түсті суретті тест, әңгімелесу.
Дидактикалық ойындар: «Пиктограмма», «Менің портретім».
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні бейнеле», «Кім екенін таны».
Жағдайлар: «Сені үзіліс кезінде абайсыз итеріп кетті және сен оқулықта түсіріп алдын...», «Сен сабақты оқымай келдің, ал сенен бүгін сабақ сұрау керек...» және т.б. Талдау, талқылау.
2 тақырып. Мен қандаймын?
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзін туралы елестетуді жетілдіруді жалғасытру, ынта көрсете отырып, әр түрлі жағдайлардан аброймен шығу, шығармашылық, дербестік.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «Өзіңнің жұбыңды тап», «Айдаһар өзіңнің құйрығын тістеп жатыр».
Ойын: «Мақтаншақтар сайысы».
Жаттығу: «Мен өте жақсымын», «Сен өте жақсысын».
Жағдайлар: «Қарт әже», «Соқыр атаны жолдан өткізу» және т.б.
3-тақырып. Мен және табиғат.
Білім, икемділіктер, дағдылар: табиғат және адам бір тұтас ретінде елестетулерді жетілдіру, табиғатпен араласуға және оны жақсы көруге үйрену, сонымен қатар табиғатқа қамқорлықпен қарау дағдыларын тәрбиелеу.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойын саяхат: «Мен және табиғат».
Конкурс: «Сен табиғатты білесің бе?».
Дидактикалық ойындар: «Тауып көр».
Жаттығулар: «Орман дыбыстарын тыңдаймыз».
Тапсырмалар: «Өзіңнің жақсы көретінт абиғат бөлігінің, жануардың суретін сал» (суреттер вернисажы).
4-тақырып. Менің жанұям
Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұядағы өзара қарым-қатынас түсініктерін, ата-анасына, жақындарына сүйіспеншілік және қамқорлық сезімін білдіре білуге, сондай-ақ жанұядағы өзара жағымды қарым-қатынас дағдыларын тәрбиелеуді жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
Жаттығулар: «Сыйлық», «Мен саған өзімнің махаббатымды тарту етемін», «Ол сенің көңіліне жылулық әкелсін» немесе бір-біріне басқа да тілектер айту. Балалар шеңбер құрап, бір-біріне қарап тұрып, музыка әуенімен, неге екенін түсіндіре отырып, бір-біріне қандай да бір қасиет сыйлайды. Талқылау.
Жаттығулар: «Оралған қағаз». Балаларға сөйлемді аяқтау ұсынылады: «Мен өз ата-анамыды жақсы көремін, себебі ...», «менің ата-анам ...». Келесі бала келесі сөйлемді оқи алмайтындай етіп, әрбір қатарға бірден шиыршықталып оралған қағазды береді.
Шығармашылық ойын: «Менің жанұям».
Жағдаяттар: «Ал егер менің апам менен дүкенге баруды сұрады, ал менің барғым келмеді. Апамның орнында мен өзімді қалай көндірер едім. Сен үйсіз күшікті тауып алды, енді онымен не істейсің ...».
5-тақырып. Ұл балалар мен қыз балалар арасындағы тәртіп ережелері
Білім, икемділіктер, дағдылар: ұл балалар мен қыз балалардың арасындағы достық туралы түсінікті жетілдіру, тұлғааралық жағымды қатынастардың икемділіктері мен дағдыларын қолдау.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
Шапшаң қимылды ойындар: «Жұбыңды тап», «Жылға».
Шығармашылық ойындар: «Мақтаншақтар конкурсы», «Күлмейтін ханшайым».
Тапсырмалар: ұл балалар мен қыз балаларға арналған олардың өзара қарым-қатынастарына қойылатын талаптарды құру. Ұл балалар (қыз балалар) бір біріне қалай қарауға міндетті, неге? Пікір таластыру.
6-тақырып. Ұл балалар мен қыз балалар арасындағы достық.
Білім, икемділіктер, дағдылар: тәртіп ережелерін сақтаудың икемділіктері мен дағдыларын тәрбиелей отырып, тәртіп ережелері туралы түсініктерді жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
Саяхат ойыны: «Сыпайгершілік еліне саяхат».
Конкурс: «Амандасу-қоштасу».
Жаттығу ойындары: «Алақан», «Мен мақтанамын», «Оқушы міндетті емес», «Ата-аналар мен балалар», «Мен мұғаліммін» және т.б.
ІІ ТАРАУ. СЕНСОРЛЫҚ ДАМЫТУ
7-тақырып. Түс және пішін
Білім, икемділіктер, дағдылар: түс және пішін туралы білімді, оларды ажырата білуді, оларды іс-әрекетте қолдану дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
Тапсырма: өзінің көңіл-күйінің суретін салу.
Дидактикалық ойындар: «Тамаша дорба», «Тауып көр», «Пішінін таны».
Шапшаң қимылды ойындар: «Маған қарай жүгіріңдер», «Көңілді старттар» және т.б.
8-тақырып. Көлем
Білім, икемділіктер, дағдылар: көлем туралы білімді, көлемнің түрлерін ажырата білуді, көлем туралы білімді өз бетімен іс-әрекетте қолдану дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Дидактикалық ойындар: «Саты», «Онда не?», «Сатыны салайық», «Дәл осындай затты тап», «Өрнек», «Хайуанаттар бағы», «Лото».
9-10-тақырыптар. Кеңістіктік түсініктер мен қатынастар
Білім, икемділіктер, дағдылар: кеңістіктік түсініктер мен қатынастарды, кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Дидактикалық ойындар: «Өзіңнің суретіңді сал», «Бағдаршам», «Бұл не?», «Тап та шақыр».
Шапшаң қимылды ойындар: «Тығылмақ», «Допты қуып жет», «Жарыспақ», «Ұстап алу».
Тапсырмалар: «Жүргізушілер», «Өрнек құра», «Достық кілемін безендір».
Жаттығу ойындары: «Көңілсіз, осылай отырған көңілсіз», «Соқыр жетекші» және т.б.
11-тақырып. Тактильді-қимылды қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: тактильді-қимылды қабылдауды, оларды іс-жүзінде қолдану дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Дидактикалық ойындар: «Сипалап көр және илеп жаса», «Мозаика», «Сипалап отырып тап», «Дүкен».
Шығармашылық ойын жаттығулар: «Мүсінші» және т.б.
12-13-тақырыптар. Қабылдаудың қасиеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: қабылдау қасиеттерін, оларды қызметте қодану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Дидактикалық ойындар: «Бүтіннің суретін сал», «Фигураны құра», «Бүтін жаса», «Үйдің суретін сал», «Жағадағы ұсақ тастар», «Сиқыршылар».
Силуэттық суреттерді, аяталмаған фигуралардың (үй және жабайы жануарлар, құстар және т.б.) суреттерін аяқтауға берілген жаттығу тапсырмалар. Өзгерген мәтіндерден (буын, сөз, сөйлем қалауың бойынша) сөз, сөйлемдер мен әңгімелер құрастыру.
ІІІ ТАРАУ. ЗЕЙІН ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ
14-15-тақырыптар. Ерікті зейін
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінннің икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыра отырып, оларды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Дидактикалық ойындар: «Ең байқампаз кім?», «Сиқырлы сөздер», «Тірі-тірі емес», «Құлақ-мұрын».
Жаттығу ойындар: «Тыйым салынған қимыл», «Тұр», «Қозғалма», «Доппен ойын», «Ине мен жіп», Күн мен түн, «Жапалақ».
16-17-тақырыптар. Зейін қаситеттері (сапалары)
Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін икемділіктері мен дағдыларын іс-жүзінде қолдануды жаттықтыра отырып, оларды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Бұйрықты тыңда», «Жапалақ», «Ойлану», «Ит», «Кім кімнің артында?», «Доппен ойын», «Тұр», «Тыйым салынған қимылдар».
18-19-тақырыптар. Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, шығару
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерістерін дамытуды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Қане, тап», «Заттарды тізіп шық», «Мына қатарды қара да, барлығымызды қаз-қатар тіз», «Қимылды есте сақта және қайтала», «Жоғалған үй».
20-тақырып. Есте сақтау түрлері: моторлық-қимылды, бейнелік, эмоциялық және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың әр түрлерін дамытуды жетілдіру, оларды қызметте пайдалану икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Менің артымнан қайтала», «Қимылды есте сақта», «Өз орныңды есте сақта», «Бұзылған телефон», «Ретін есіңде сақта», «Кім не істеді?», «Суретші», «Көлеңке» және т.б.
21-тақырып. Есте сақтаудың жеке айырмашылықтары
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың жеке ерекшеліктерін жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
«Мүсінші», «Жағадағы ұсақ тастар», «Ертегінің, жағдайдың суретін сал», «Айна», «Көлеңке», «Кім не істеді?», «Суретші», «Тұрысты қара», «Теңіз толқиды», «Ертегіні, әңгімені аяқта», «Ертегіні, жағдаятты бейнеле» (таңдау бойынша).
22-тақырып. Көрнекілік-бейнелік ойлау
Білім, икемділіктер, дағдылар: көрнекілік-бейнелік ойлауды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
«Оқиғаны ойлап тап», «Қане, тауып көр», «Суреттер-жұмбақтар», «Ойыншықты (затты) анықта», «Өзіңнің жақсы көретін табиғат бұрышының, ойыншықтың, ертегінің суретін сал» (суреттер вернисажы).
23-24-тақырыптар. Сөздік-логикалық ойлау
Білім, икемділіктер, дағдылар: сөздік-логикалық ойлауды жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Суреттер-жұмбақтар», «Ойдан шығарылған ғажайыптар», «Ойыншықты (затты) анықта», «Үш сөз», «Жалпыны іздеу», «Артық сөзді алып тастау», «Ертегі, әңгіме, жағдайды ойлап тап және бейнеле», «Жақсы көретін жануардың суретін сал». Балалардың жұмыстарын талдау және талқылау.
Дидактикалық ойындар: «Әңгімені тап», «Жұмбақтар», «Қане, қайтала», «Сөзбен ойын», «Жаңасын ойлап тап», «Өз ойыңды басқа сөзбен бер».
25-26-тақырыптар. Ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жіктеу, абстракция
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау оперцяларын жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Жұп суреттер», «Лото», «Хайуанаттар бағы», «Артық ойыншық (зат)», «Жаңасын ойлап тап», «Сөзбен ойын», «Қане, қайтала», «Сөздерге сурет, ал суреттерге сөз ойла», «Осындай, осынай емес», «Ұшады-ұшпайды» және т.б.
27-28-тақырыптар. Ойлау түрлері: түсінік, пікір, ойша пайымдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау түрлерін жетілдіру, оларды қызметте қолданудың икемділіктері мен дағдыларын жаттықтыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
Саяхат ойыны: «мейрімділік еліне».
Амандасудың қажеттілігі туралы әңгімелесу. Қайырлы таң неге күні бойға созылуы мүмкін? «Сол аяғынан тұрды» деген сөздерді қалай түсінуге болады? (көңіл-күй нашар).
Мақалдарды түсіндіру: «Жақсы сөз – жарым ырыс». Неге бұлай деп айтады? Қайырымды сөздер туралы балалардың келтірген мысалдары.
Жағдаяттарды сахналау: 1. Тимур сабақтан кейін футбол ойнау үшін, мектепке доп әкелді. Көрші сыныпта оқитын Марат Тимурдың добын тартып алды. Тимур қатты ренжіді ... 2. Машиналар ағылып жатқан көше қилысында, кәрі ата жолдан өте алмай тұр ...
Жаттығулар: «Психологиялық автопортрет». Балалар қағаз бетінің екі жағына сұрақтарды жазады: 1. Мені не үшін жақсы көруге болады? 2. Не үшін ұрысуға болады? Балалардың жауаптарының нұсқалары талқыланады, ал бұл оларға қайырымдылық пен қастандық туралы түсініктерін анықтауға, талқылауға, өз ойын тұжырымдауға көмектеседі. «Мейрімділік – бұл жақсы», «Қастандық – бұл жаман». Неге? Адамдардың мейрімді болулары үшін не істеу керек?
29-тақырып. Ойлаудың жеке ерекшеліктері. Ақыл сапасы
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлаудың жеке ерекшеліктерін, ақыл сапасын дамыту, ынтаны, дербестікті, шығармашылықты қолдау.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Әдет-ғұрып ойыны: Амандасу – қоштасу.
Саяхат ойыны: Білім еліне с аяхат, онда – балаларға дамыту ойындарын, тапсырмаларды, жаттығуларды қалауы бойынша жағдаяттарды ұсынады.
30-тақырып. Елестету. Еріксіз елестету: қиыл, түс көру, қиялдану және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: еріксіз елестетудің жағымды байқалуын қолдай отырып, оны дамыту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Бет перделер», «Театр», «Гүл аты», Сиқырлы бұлтта саяхат ойыны.
31-тақырып. Ерікті елестету. Қайтадан тудыра елестету.
Білім, икемділіктер, дағдылар: қайтадан тудыратын ерікті елестетуді дамыту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Қоңырау, машина, құмыра сөздерін тыңда», «Мереке суретін сал», рөлдік ойын: «Сыйлықты қабылда», «Ал да, әрі қарай бер».
32-тақырып. Шығармашылық елестету.
Білім, икемділіктер, дағдылар: шығармашылық елестетуді, оны іс-әрекетте білдіре білуді дамыту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Қазақстан бойынша «Ойын», «Музыкалы», «Көркем», «Ақындық» станциялары бойымен саяхат ойын. Бағдар өзбетімен таңдалады, билеттің құнына станция бастықтарының берген тапсырмасын орындау болып табылады (халық ойнын ойнау, халық өлеңін айту, халық биін билеу, халық өрнегінің элементінің суретін салу, Қазақстан туралы өлең оқу).
33-34-тақырыптар. Менің болашағым
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің болашағын көз елдына елестетуді, бейнелерді құрауға, меңгерген білімді, икемділіктерді, дағдыларды дамтуды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
Таңдау бойынша берілетін тапсырмалар: Оқушылар альбом беттеріне бір біріне деген тілектерін жазады (олар әрқайсысының арқасына бекітілген).
«Айна», «Еңбек туралы мақалдар», «Әр түрлі мамандықтағы адамдар бейнеленген карточкалар бойынша сөйлемдер құра», «Бір оқиғаны ойлап тап», «Сия тамшысы», «Жанұяда», «Мектепте», «Кім болғың келетініңнің суретін сал».
Әдет ғұрып ойыны: «Қоштасу».
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 7-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер |
Тақырыптар |
Сағаты |
І |
Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері |
Мен және мені қоршаған ортам Жанұядағы өзара қарым-қатынас Жанұялық дәстүрлер Жанжалдар туралы Мені қоршаған әлем |
1 1 1 1 1 |
ІІ |
Сенсорлық даму |
Қабылдау түрлері Қабылдау қасиеттері Түсті қабылдау Пішінді қабылдау Көлемді қабылдау Кеңістіктегі мезгілдік қатынастарды қабылдау Мен әлемді қалай қабылдаймын |
1 1 1 1 1 2 1 |
ІІІ |
Зейін және есте сақтау |
Ерікті зейін Зейін қасиеттері Мен және менің зейінім Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, еске түсіру, ұмыту. Есте сақтау түрлері: бейнелік, сөздік-логикалық және т.б. Мен және менің есте сақтау қабілетім |
1 2 1 3 1 1 |
І V |
Ойлау және елестету элементтері. |
Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, абстракция. Ойлаудың пішіндері: түсіну, талқылау, тұжырымдау. Ойлаудың түрлері: көрнекілік-бейнелік, сөздік-логикалық. Мен және менің ойлау қабілетім Қиял әлемі (еріксіз елестету) жеке ерекшеліктері. Ерікті елестету: қайтадан ескңе түсіріп елестету Шығармашылық елестету Мен қандаймын? Кім боламын? Мамандықтар әлемі |
2 2 2 1 1 2 1 1 1 |
|
|
Барлығы: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІ
1-тақырып. Мен және мені қоршаған ортам
Білім, икемділіктер, дағдылар: қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінікті, қызметтегі вербальді қарым-қатынас икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу-қоштасу».
«Мен және мені қоршаған ортам (ата-аналар, туысқандар, достар, ересек адамдар, жануарлар және т.б.)» сызбасын толтыру.
|
Басқалармен қарым-қатынас деңгейін бағалау: + 2 – проблемасыз қарым-қатынас; + 1 – қарым-қатынаста кейде проблемалар туындайды 0 – қарым-қатынаста проблемалар жиі туындайды –1 – ажырасу шегіне жеткен қарым-қатынас – 2 – қарым-қатынас үзілген |
Талқылау:
«Психололгиялық автопортрет» тапсырма жаттығу: Мені не үшін жақсы көруге болады? Мені не үшін ұрысуға болады? (қағаз бетін екіге бөліп, екі жағына жауаптар жазылады). «Өзіміздің суретімізді саламыз», «Х елі» (ұжымдық сурет), «Фотосуреттегіөмірбаян».
Ойындар: «Табылған заттар бюросы», «Өрнектің суретін сал», «Оқиғаны ойна».
2-тақырып. Жанұядағы өзара қарым-қатынас
Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұядағы жағымды қарым-қатынасты жетілдіру, жанұядағы тәртіп мәдениеті икемділіктері мен дағдыларын бекіту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Рөлдік ойындар: «Жанұяға», «Жағдаяттарды ойнау».
Суретті тест: «Менің жанұям», тапсырма «Жанұялық міндеттердің тізімін және оларды жанұяда бөлу ережесін жаса».
3-тақырып. Жанұялық дәстүрлер
Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұялық дәстүрлер турады түсініктерді, олардың икемділіктері мен дағдыларын сақтау және қосуды қалыптастыру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Менің жанұямның дәстүрлері» еліне шығармашылық саяхат ойын, бұл ойында оқушылар жанұялық дәстүрлерді көрсетеді және қорғайды, мысалы, қазақ халқының дәстүрлері: тұсау кесер, байғазы, аманат және т.б. Таңдау бойынша халықтың шапшаң қимылды ойындары.
4-тақырып. Ұрыс-керіс туралы
Білім, икемділіктер, дағдылар: серіктестуктік қажеттілігі туралы түсінікті, ұрыс-керістен, жанжалды жағдайлардан алыс жүруді, конструктивті тәртіптің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Арқаны арқаға тигізе», «Отырған және тұрған» (К.Рудестам әдістемесі), «Мен кімге ұқсаспын?» («Ассоциация» ойынының нұсқасы).
Шығармашылық ойындар: «Ертегіні керісінше», «Айналу» (Л. Матвеева және т.б. әдістемесі), «Ертегі кейіпкерлерінің кездесуі».
Тапсырмалар: «Қане, сурет сал», «Менің достарым», «Жағдаятты ойнау». Талқылау.
5-тақырып. Мен және мені қоршаған әлем
Білім, икемділіктер, дағдылар: қарым-қатынастың күрделі әлем екені туралы түсінікті жетілдіру, серіктестіктің икемділіктері мен дағдыларын, позитивтік тәртіпті бекіту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Ата-ананың үйі», «Мектеп», «Табиғат», «Достық» станцияларында аялдама жасап, «Қарым-қатынас» еліне саяхат ойыны.
«Ата-ананың үйі» шығармашылық ойын: Балалар өздерінің қолында сиқырлы таяқша бар деп ойлап, өз үйінің табалдырығынан аттаған сәттен, заттарды, адамдарды өзгерту үшін оларға өзінің сиқырылы таяқшасын тигізеді.
Жаттығулар: «Х елі» (ұжымдық сурет, автор С.Ю.Чижова).
Тапсырма: Сөйлемдерді аяқта: «Мен ... қалаймын», «Менің ... қолымнан келеді», «Мен ... істей аламын».
Пікір талас: «мен табиғатпен қарым-қатынаста бола аламын ба?»
Мектеп өмірінен алынған жағдаятты сахналау: Сені мектепте ренжітті, сен не істейсің? Сені тақтаға шақырды, ал сен сабаққа дайындалуға үлгермедің, ... . Үзілісте сенің досың сенімен .... үшін ренжісіп қалды. Өз достығыңды қалай ұсынуға болады?
Ойындар: «Табылған заттар бюросы»
Жаттығу: «Фотосуреттегі биография».
ІІ ТАРАУ. СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ
6-тақырып. Қабылдау түрлері
Білім, икемділіктер, дағдылар: қабылдау операцияларының икемділіктері мен дағдыларын дамыта отырып, перцептивтік іс-әрекеттер жүйесі ретінде ерікті, қасақана қабылдауды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Иісіне қарай таны», «Дәміне қарай таны», «Тамаша дорба», «Әуенді таны», «Айналамыздағы әлемді зерттейміз», «Суретті құра».
Тапсырмалар: «Әңгіме (ертегі) құра», «Достық кілемшесінің суретін сал», «Өрнектердің суреттерін аяқта».
Жаттығулар: «Сезімді беру», «Мен қандаймын, қандай болғым келеді».
Этюдтар: «Тәтті кәмпиттер», «Тұзды шәй».
7-тақырып. Қабылдау қаситеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: қабыладудың түсіну, жинақтау, бүтіндік, белгілеу, таңдау қасиеттерінің қызметте байқалу икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, оларды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тапсырма ойындар: «Аяқталмаған суреттер», «Тығылып қалған аңдарды тап», «Суретте неше құс пен аңдар бар», «Ең байқампаз», «Қателерді тап».
8-тақырып. Түсті қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: түстерді қызметте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, түсті қабылдауды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Түстер туралы әңгімеле», «Сыйлықтары бар дорба», «Неге ұқсас?», «Түсіне қарай таны».
Жаттығу тапсырма: «Өз көңіл-күйіңнің суретін сал».
Әңгіме құра: «Менің жақсы көретін түстерім», «Түстердің сиқырылы әлемі» жағдаятты ойнау.
9-тақырып. Пішінді қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: пішінді іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, пішінді қабылдауды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Геометриялық лото», «Пішініне қарай таны», «Пішіні бірдей затты тап».
Тапсырма жаттығулары: «Дөңгелектің бөл», «Айырмашылықтары қандай?», «Суретшінің жіберген бес қатесін тап».
Шапшаң қимылды ойындар: «Көпіршік үрлен», «Көңілді старттар (әр түрлі пішіндер басты белгілер болатын «Маған қарай жүгіріңдер» ойыны)».
10 -тақырып. Көлемді қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: көлемді іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, көлемді қабылдауды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Геометриялық лото», «Затты тап», «Кім кімнің артында».
Этюдттер: «Міне, ол қандай!», «Ал да басқаға бер», «Насос және доп».
Шапшаң қимылды ойындар: «Көпіршік үрлен», «Тығылмақ», «Ұстап алғыштар».
11-12 -тақырыптар. Мезгілдік және кеңістіктік қатынастарды қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: мезгілдік және кеңістіктік қатынастарды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын бекіте отырып, мезгілдік және кеңістіктік қатынастарды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойын жаттығулары: «Суретте не шатастырылған?», «Тәуліктің қандай уақыты. Сен оны қайдан білдің?», «Жылдың қандай мензгілі? Сен неге олай деп ойлайсың?», «Бұл заттар жылдың қандай мезгілінде керек болады?», «Қыз балаға қандай дүкенге бару жылдам, ал қайсысына бару ұзық болады?», «Кім бұрын келетінін тап. Неге?».
Ойындар: «Қайда не тұр?», «Кім жылдам», «Не жақын, не алыс», «Жолақтар қалай орналасқан?», «Алыс пен жақын», «Зат қайда?», «Не қайда?», «Бұрыл да ата», «Өзіңнің карточкаңды таны».
Шапшаң қимылды ойындар: «Соқыр теке», «Тығылмақ», «Ұстап алғыштар».
13-тақырып. Мен әлемді қалай қабылдаймын
Білім, икемділіктер, дағдылар: іс-әрекеттегі қоршаған әлемді бара бар қабылдау икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Саяхат ойын: «бұл әлем қандай тамаша
Оқушылар Сенсориканың таңғажайып еліне сапар шегеді, онда оларға әр түрлі ойын тапсырмаларын орындауға , жағдаяттарды шешуге, балалардың қалауы және педагог-психологтың таңдауы бойынша қойылымдарды ойнауға тура келеді.
ІІІ ТАРАУ. ЕСТЕ САҚТАУ ЖӘНЕ ЗЕЙІН
14-тақырып. Ерікті зейін
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінді іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Санды тастап кет», «Шытырман» және т.б.
Ойындар: «Иә және жоқ деп айтпа» (Л.Ф. Тихомирова әдістем есі).
І нұсқа.
Ойын барысы: балаға жүргізушінің сұрағына жауап беруді ұсыныңыз. «Иә» және «Жоқ» сөздерін айтуға болмайды.
Сұрақтар:
|
|
ІІ нұсқа.
Ойын барысы: балаға жүргізушінің сұрағына жауап беруді ұсыныңыз. «Иә» және «Жоқ» сөздерін айтуға, сондай-ақ қызыл, көгілдір, жасыл түстерді айтуға болмайды.
Сұрақтар:
|
|
ІІІ нұсқа
Ойын барысы: балаға жүргізушінің сұрағына жауап беруді ұсыныңыз. «жақсы» және «жаман» сөздерін айтуға болмайды.
Сұрақтар:
|
|
Тапсырмалар: «сандарды іздеп тап» (Л.Ф. Тихомированың әдістемесі)
Кестеде 1-ден 20 санына дейін еркін тәртіпте орналастырылған. Бала сандарды көрсете және атай отырып, сандарды ретімен табуға міндетті. Орындалу уақытын белгілеуге болады (1 минутқа дейін).
І нұсқа ІІ нұсқа
15-16-тақырыптар. Зейін қасиеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамыта отырып, оларды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Зейін тұрақтылығына түзету сынағы (И.Д.Баскакова әдістемесі).
Ойындар: «Дәл осындайды тап» И.Д.Баскакова әдістемесі). «Басқаларға ұқсамайтын затты тап, «Не өзгерді?», «Ерекшелігін тап», «Күн мен түн», «Жапалақ», «Дауысына қарай таны», «Назар сал», «Тарсылды тыңда», «Еріккендер», «Айдахар өз құйрығын тістейді».
Жаттығулар: «Ернеу», «Мен ғимаратпын», «Мен ағашпын».
17-тақырып. Мен және менің зейінім
Білім, икемділіктер, дағдылар: еркін зейінді, зейін қасиеттерін жетілдіру, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдылары.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Конкурс ойын: «Мен және менің зейінім» оқушылар ойында зейіннің жағымды қасиеттерін байқата отырып, өз қабілеттерін көрсете, ойын тапсырмаларын, жаттығуларды, жағдаяттарды зейін сала орындау.
Тапсырмалар: «Шалтай-балтай», «Тыңда да орында», «Айна».
«Зейін сарайы бойынша саяхат», «Достарының портреттерінің көрмесі».
18-20-тақырыптар. Есте сақтау үдерістері: есте сақтау, сақтау, еске түсіру, ұмытып қалу.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерістерін, сондай-ақ оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамытуды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«12 сөзді есте сақтау» ойын тесті (И.Ю. Матюгина және т.б. әдістемесі). Оқушыларға есте сақтауға 6 сөзден 2 қатарға орналасқан, 12 сөз ұсынылады:
Қағаз беті Теңіз Үй Алау Пальма теледидар |
Сақина Ара Алма Айна Бан самауыр |
Бұл сөздерді бір ақ рет оқуға немесе бір бала баяу ғана дауыстап бір рет оқиды. Содан кейін оларды жазу немесе суретін салу керек.
Нәтижені бағалау.
Егер есте сақтағандары:
4 сөзден кем болса – 3 балл
4-7 сөз – 7 балл
8-11 сөз – 9 балл
12 сөз, бірақ тәртіпті шатастырса – 15 балл
Барлық 12 сөзді – 25 балл
Есте сақтауды дамыту деңгейі туралы тұжырымдау:
25 балл – өте жоғары деңгей
15 балл – жоғары деңгей
9 балл – орташа деңгей
7 балл – төмен деңгей
3 балдан кем – өте төменгі деңгей.
Ойын: сөздерді есте сақтау кезіндегі тактильді, ет сезім. Кітап және жастықпен мысал келтіру.
Ойын: сөздерді есте сақтау кезіндегі есту, тактильді, ет сезім, дәмі арқылы. Апельсинмен мысал келтіру.
Ойын: Сөздерді әңгімені ойлап шығару әдісімен есте сақтау.
Ойын: Жағымсыз жағдайды өз пайдасына қарай өзгертуге қалай үйренеді? Балалық шақты еске ала отырып, қиын жағдайдан қалай шығуға болады?
21-тақырып. Есте сақтау түрлері: сөздік-логикалық, ерікті және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың бейнелік, сөздік-логикалық, еркін түрлерін, сондай-ақ оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамытуды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Қимылды есте сақта», «Қалыпты есте сақтау», «Сөзді қос», «Есте сақтау арқылы сурет сал», «Қимылды орында».
Тапсырма ойын: «Бір мезгілде сөздерді есте сақтау және креш пен нөлдердің суретін салу», «Әңгімені ойлап шығар», «Бір оқиға туралы ойлан және оны бейнеле».
22-тақырып. Мен және менің жадым.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамытуды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Конкурс ойыны: «менің жадым»: 1. Бұлшық етті босаңсытуға арналған жаттығулар. 2. «Бәрін байқа». 3. «Тәртіпті есте сақта». 4. «Құбылғы». 5. «Көз байлаушы». 6. «Тыңда және орында» және т.б.
Ойындар: «Ыстық орындық», «Құрбандық», «Жануарларды бейнелеу», «Атты өткенмен, қазіргімен және болашақтағымен сәйкестендіру».
І V ТАРАУ. ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ
23-24 тақырыптар. Ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жіктеу, абстракция.
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау операцияларын, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тапсырмалар: «Қоныс тойы»: балаларға өздерінің суреттерін салып, тақтада суреті ілініп тұрған үйге орналастыру. Содан кейін бәрі бірге үйді бояумен бояйды.
Ойын жаттығулары: «Кемпірқосақ», Шеңбер бойымен ертегі», «Жұмбақты шеш және айт», «Зоологиялық лото», «Салыстыру».
Әңгімелесу: «Қайырымдылық жасау ешқашанда кеш болмайды. Неге?»
25-26 тақырыптар. Ойлау нысандары: түсіну, талқылау, тұжырымдау.
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау пішіндерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тапсырмалар: 1. «Қайғада өз міндетіңе адал болу – ұлы іс» (Демокрит), «Өз міндетіңді орындауға тырыс, сонда сенде не бар екенін білесің» (И.Гете). 2. Мінде дегеніміздің не екенін туралы ойланып көріңдер және түсіндіріңдер. Өз міндетіңді неден көресіңдер? Жағдаяттар: 1. Егер сендер сыныптағы өздеріңе бөлінген жерді жинап болдыңдар, ал басқалары үлгермей жатыр, сонда не істер едіңдер. 2. Сен кино қарап, сабаққа дайындалуға үлгермедің. Апаң келіп, ... . 3. Сен досыңмен ренжісіп қалдың, қалай татуласуға болады?
Ойындар: «Көңілді жаттығулар», «Сөзді жалғастыр», «Ақылгөй».
Жағдаяттарды сахналау (таңдау бойынша): «Мақалды бейнеле».
27-28 тақырыптар. Ойлау түрлері: көрнекілік-бейнелік, сөздік-логикалық.
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлаудың түрлерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Адамдар тұрмайтын аралға саяхат ойыны, тапсырмалар: 1. Адамдар тұрмайтын аралға өзімен бірген не алуға болатынын ата және олардың суретін сал. 2. Жұмбақтарды шеш. Өзіңді адамның аяғы баспаған аралдамын деп ойла. Сенің қылықтарың мен іс-әрекеттерің. 3. «Бір біріңе, туысқандарыңа хат жазу». 4. Жағдаяттарды ақтаңдар: Мен ... қалаймын. Менің ... істей аламын. Менің ... қолымнан келеді. Мен ... оны жасаймын. 5. «Шытырман» ойыны. 6. Үйге қайту.
29-тақырып. Мен және менің ойлау қабілетім.
Білім, икемділіктер, дағдылар: оқу қызметінің негізі – ойлау қабілетін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Конкурс ойыны: «Мен және менің ойлау қабілетім».
Ойындар: «Жұп суреттер», «Анықтау», «Жұмбақты ойлан», «Мақалдар», «Жалпыға бірдейді іздестіру», «Жұмбақ суреттер», «Сөйлем құра».
30-тақырып. Қиял әлемі
Білім, икемділіктер, дағдылар: еріксіз елестетуді жетілдіру, қиялдану (армандау) икемділіктері мен дағдыларын қолдау.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Қиял әлеміне» саяхат ойыны.
Тапсырмалар: «Көрген түсіңнің суретін сал», «Бұлтта серуен», «Қиялшылдар», «Ертегіні ойлап тап және оны бейнеле».
31-32- тақырыптар. Ерікті елестету: қайта жасау және шығармашылық
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті елестету элементтерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Аяқталмаған суреттер», «Бірнеше қолмен салынатын сурет», «Суретшіге көмектесеміз», «бұл не?.
Шығармашылық тапсырмалар: 1. «Не болмайды?» суретін салу. 2. «Менің ең ...» тақырыбына жапсырмақұрақ жасау, «Кірпі», «Түйе». 3. Әңгіме, сурет. Сызба көмегімен әр түрлі оқиғаларды құрастыру.
33- тақырып. Мен кіммін?
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті елестету элементтерін, адамгершілік түсініктерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру, өз мүмкіншіліктерін сезіну.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Мақтаншақтардың ойын сайысы, «Кенгуру мектебі», «Менің құқығым бар», «Мен үлкен адаммын», «Психологиялық автопортрет», «Өзіміздің суретімізді саламыз» (өткен, қазіргі кездердегі).
34- тақырып. Кім боламын?
Білім, икемділіктер, дағдылар: Өзін өзі білуге деген ынтасын қолдай отырып, мамандық туралы түсінігін жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Сауалнама».
Ойындар: «Мен кіммін?», «Сия тамшылары» әлемі, «Әңгіме құра».
Шағын шығарма: «Мен кім болуды армандаймын». Талқылау. Қорытындылау. Мамандық таңдау – бұл оңай емес, жауапты қадам, ол адамның тағдырын анықтайды.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 8-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер |
Тақырыптар |
Сағаты |
І |
Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері |
Қатынаса (араласа) білу деген не? Өзі туралы түсінік Адамдарға деген махаббат денеіміз не? Өзара көмек дегеніміз не? Махаббат, жанұя тарихы. Менің тегім. Жанұялық өзара қарым-қатынас Мен және менің мектебім Бұл әлем қандай тамаша |
1 1 1 1 1 1 1 1 |
ІІ |
Сенсорлық даму |
Қабылдау түрлері Қабылдау қасиеттері Түсті, пішінді және көлемді қабылдау Кеңістіктік және мезгілдік қатынастарды қабылдау |
1 1 2 1 |
ІІІ |
Зейін және есте сақтау |
Ерікті зейін Зейіннің тұрақтылық, көлемі, таралуы, ауысуы және т.б. қасиеттері Менің жадым (зейінім) Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, қайтадан еске түсіру. Есте сақтау түрлері: бейнелік, сөздік-логикалық және т.б. Мен және менің есте сақтау қабілетім |
1 1 1 2 2 1 |
І V |
Ойлау және елестету элементтері. |
Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, абстракция. Ойлаудың пішіндері: түсіну, талқылау, тұжырымдау. Ойлаудың түрлері: көрнекілік-бейнелік, сөздік-логикалық. Менің ойлау қабілетім Қиял әлемі (еріксіз елестету) Ерікті елестету: қайтадан қалыптастыра елестету, шыгармашылық Еліктеушісі бар дегеніміз не? Менің армандарым? Мамандықтар әлемі |
2 2 2 1 1 2 1 2 |
|
|
Барлығы: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 8-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІ
1-тақырып. Қатынаса (араласа) білу дегеніміз не?
Білім, икемділіктер, дағдылар: адамгершілік қағидасына негізделген түсініктерді, бара бар қатынастардың икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Салт-дәстүр ойыны: «Амандасу – қоштасу».
Ойындар: «Шыны арқылы», «Ертегіні бейнеле», «Шетелдік», «Тауып көр», «Бұзылған телефон», «Сиқырлы дорба», «Түрлі түсті су», «Жоғалғандарды табатын бюро», «Жағдаятты сахналау» (таңдау бойынша), «Мақтаншақтар сайысы», «Кім кінәлі?» этбды, Шағын-пікір-талас «Сыпайы болу дегеніміз не?».
2-тақырып. Өзі туралы түсінік
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзінің жеке ерекшеліктері туралы түсінікті, сонымен бірге тәртіп мәдениетінің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тапсырмалар: «Менің портретім» (суреттер вернисажы).
Шығармашылық ойындар: «Бұның кім екенін тап», «Мен сиқыршымын».
Жаттығулар: «Мен кіммін?».
Ойындар: «Менің күнім».
Жағдаяттарды ойнау: 1. Мектепте адасып кеткен бірінші сынып оқушысынг кездестірдің... . 2. Сені теледидардан сұбхат беруді сұрады, ... . 3. Сен қаланың танымайтын жеріне тап болдың, ... . 4.Сені өзің туралы айтып беруіңді сұрады ... . 5. Көлікте жастар үлкен адамдарға орын беруге асықпағандықтан, жағымсыз жағдай туындады ... . 6. Сен супермаркетте барлық сатып алған заттарың үшін толық ақша төлеуге ұмытып кеттің, енді сені айыптауы мүмкін .... .
3-тақырып. Адамдарға деген махаббат дегеніміз не?
Білім, икемділіктер, дағдылар: Жоғары сезім – махаббат туралы түсінікті, оны білдіре білуді, адамдарға деген адамгершілік қатынас дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Салт-дәстүр ойыны: «Амандасу – қоштасу».
Тыныштық минуты (жақын адамдарыңа махаббат сыйлаңдар, олардың осы дүгиеде бар болғандары үшін оларға барлық мейрімді, жылылықты тілеңдер).
Тапсырмалар: 1. Сөз тіркестерін аяқтаңдар: «Мен жақсы көргенімде, ...», «Егер мен жақсы көрсем, ...». 2. Мақалды түсіндіріңдер «Берген жомарт емес, алған жомарт», «Өзің үшін (эгоизм), басқалар үшін (альтуризм) емес, барлығымен бірге және барлығы үшін өмір сүр» (Н.Ф.Федоров). 3. Жобаларды әзірлеу: а) жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсету; б( қаңғыбас жануарларға қамқорлық көрсету. (Жоба жүргізілетін шаралардың нақты бағдарламаларынан тұруы керек: киім, тамақ өнімдерін жинау; жемшашар жасау және т.б.).
Жаттығу ойыны: «Өз махаббатыңды басқаға бер».
Шығармашылық ойыны: «Жанұяда», «Қазына іздеу».
4-тақырып. Өзара көмек дегеніміз не?
Білім, икемділіктер, дағдылар: Өзара көмек туралы түсінікті, оны өмірде білдіре білу дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Рөлдік ойындар: «Кәрі әже», «Кішкентай бала», «Соқыр жетекші» (жұптардағы рөлдерді ауыстыра отырып).
Шығармашылық ойындар: «Құтқарушылар отряды», «Авариялық жағдай» (көлікте, өрт, су тасқыны кензінде).
Шапшаң қимылды ойындар: «Құстар мен торлар», «Қарақұс», «Өзара көмек дегеніміз не?» тақырыбына әңгіме.
5-тақырып. Махаббат пен жанұя тарихы
Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұядағы махаббаттың қажеттілігі туралы түсінікті, оны білдіре білу икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Жанұядағы кешкі уақыт, жайлылықты, жылылықты, махаббат сезімін сезіну.
Жағдаятты-рөлдік ойындар: «Жанұяға».
Тапсырмалар: 1. Өз жанұяңның суретін сал. 2. «Менің жанұям» тақырыбына шығарма жаз. «Жанұяда неге махаббат сезімі басшылық етуі керек» тақырыбына әңгіме ұйымдастыру.
6-тақырып. Менің тегім және жанұядағы өзара қарым-қатынас
Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұя тарихы туралы түсінікті жетілдіру, жанұялық жағымды өзара қарым-қатынасқа ұмтылысты қолдау.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Таңертеңгілік уақыт, апаң жылы алақанымен сенің басыңды сипай, оятқанын елестетіп көрші. Сен нені сезінесің?
Тапсырма: 1. Өз жанұяңның шыққан тегінің сызбасының суретін сал.
Менің жанұямның шығу тегі
2. Жанұяның жалпы адамдың өмір ағашының суретін сал және өз жанұяң туралы әңгімелеп бер.
Шығармашылық ойындар: «Өз жанұяңды бейнеле» (сыныпты балалары бар жанұялық жұптарға алдын ала бөле отрып, жанұя өмірінен қойылымдар). Жанұялық жағдайларды талқылау. Жанұяны не біріктіреді?
Шапшаң қимылды ойындар: «Көңілді эстафеталар», «Қарақұс пен мекиен тауық», «Пойыз» және т.б.
7-тақырып. Менің тегім және жанұядағы өзара қарым-қатынас
Білім, икемділіктер, дағдылар: мектептегі тәртіп нормалары мен ережелері туралы білімді, оларды қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Өзіңнің болашақтағы мектебіңді көз алдыңа елестетіп көрші. Сен өзіңді онда қалай сезінесің?
Тапсырма: 1. Өз мектебіңнің суретін сал (суреттер вернисажы). 2. «Мен және менің мектебім» тақырыбына шығарма жаз.
Мектеп өмірінен алынған жағдайларды ойнау: 1. Мектеп мұғалімдерінен интервью алу. 2. Досыңмен үзілісте ренжісу. 3. Сабаққа дайындалмадың. 4. Мектепке жаңа оқушы келді және т.б.
Пікір талас: «Неге мектеп адамға өмірге жолдама береді дейді?».
8-тақырып. Бұл әлем қандай тамаша
Білім, икемділіктер, дағдылар: қоршаған әлемнің сұлулығы туралы түсінікті, оған деген қамқорлық сезімді тәрбиелеудің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Өзіңді жағасы көзге көрінбейтін көк теңізде жүзіп жүргеніңді көз алдыңа елестетші.
Шығармашылық ойыны: аялдамасы бар «Экология мұражайына» саяхат: 1. Қаланың (ауданның, ауылдың) экологиялық проблемалары (сурет, фотосуреттер пайдалану). 2. Экологиялық проблемаларды қалай шешуге болады (нақты қарсылық акциясы, іс-әрекеттер және т.б.). 3. Өзіңнің жақсы көретін табиғат бұрышының, жануардың суретін сал (суреттер вернисажы, оларды көрсету).
Ойындар: «Күн мен түн», «Тиіндар, қояндар, тышқандар».
ІІ ТАРАУ. СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ
9-10-тақырыптар. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: қабылдаудың түрлері мен қасиеттерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Роршах тесті.
Тапсырма ойындар: «Не жетіспейді?», «Құпиясы бар суреттер», «Суретші нені ұмытты?», «Не ортақ?», «Орманның суретін аяқта», «Өрнектің суретін аяқта», «Дене мүшелеріне қарай жануарларды таны».
11-12-тақырыптар. Түсті, пішінді және көлемді қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: сенсорлық эталондарды қабылдауды, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Дидактикалық ойындар: «Тамаша дорба», «Сиқырлы қобдиша»,
«Мозаика», «Кілемдер дүкені», «Өрнек құра», «Ою құра», «Геометриялық лото».
Тапсырма жаттығулар: «Калейдоскоп» жапсырмақұрағы.
Шығармашылық ойын: «Шығыс дүкені», «Сиқырлы бояулар».
13-тақырып. Мезгілдік және кеңістіктік қатынастарды қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: мезгілдік және кеңістіктік қатынастарды, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Шапшаң қимылды ойындар: «Парашютистер», «Кім жылдам?», «Допты беру», «Орын ауыстыру», «Шытырман».
Тапсырма ойындар: «Бұрыл да ата», «Оңға-солға», «Мұнда немесе онда», «Алыс-жақын», «Жершарының жақтары» , «Жолдар қайда апарады?», «Тәуліктің қандай уақыты?», «Сен қалай таптың?», «Суреттерде не шатасқан?», «Бұл заттар жылдың қай мезгілінде керек болады?».
ІІІ ТАРАУ. ЗЕЙІН ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ
14-тақырып. Ерікті зейін
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінді, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Бәрін байқау», «Тоқтамастан ізде», «Тәртібін есте сақта», «Еріккендер» «баспа машинасы», «Үшінші артық», «Нөмірлерді шақыру».
15-тақырып. Зейін қасиеттері: тұрақты, көлемі, таралуы, ауысуы және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тапсырма ойындар және түзету сынақтары: «Кішкентай адамдар», «Шытырман», «Жад сарайы», «Ең байқампаз», «Ойдан шығарылғандар», «Сандарды табу», «Айырмашылықты тап», «Не өзгерді?».
16-тақырып. Менің жадым
Білім, икемділіктер, дағдылар: дербестікке деген талпынысын қолдай отырып, зейінді, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Өзіңді табиғат аясындамын деп көз алдыңа келтір, тыныштық пен жайлылыққа, жапырақтардық сыбдырына және т.б. көңіл аудар.
Тапсырмалар: 1. Табиғатта не көргендеріңнің, не естігендеріңнің суреттерін салыңдар (суреттер вернисажы, талқылау).
Ойын сайысы: «Кім ең байқампаз?».
Ойындар: «Ұшады – ұшпайды», «Көңілсіз, көңілсіз бұлай отырған», «Жұмбақты шеш».
Жғдаяттар: 1. Саған үй тапсырмасын орындау керек, бірақ теледидардан бір қызық фильм басталды. 2. Сен жаныңнан мұғалімнің өткенін, байқамай қалдың. 3. Үзідісте сен сыныптағы гүлдерге су құюға, тақтаны дұрыстауға, мұғалімне дәптер таратуға көмектесуің керек, ал сенің ойнағың келеді.
Шығармашылық ойын: Көңіл аударарлық жағдайды бейнеле (шағын топтармен).
17-18-тақырыптар. Есте сақтау үдерістері: есте сақтау, сақтау, еске түсіру, ұмыту.
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерісін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: көзді жұмып, музыканы тыңдаңдар. Нені еске түсірдіңдер? Неге?
Көзбен шолу арқылы сөздерді есте сақтауға арналған ойын жаттығу:
|
Ештеңе көрмедім |
Қандай-да бір дақ |
суреттегідей |
өңімдегідей |
көбелек |
|
|
|
|
көл |
|
|
|
|
ағаш |
|
|
|
|
баспалдақ |
|
|
|
|
бұлт |
|
|
|
|
орман |
|
|
|
|
үй |
|
|
|
|
-
Кестені толтырыңдыр және аударып қойыңдар.
-
Елестеткен сөздерді еске түсіріңдер және оларды жазыңдар немесе суретін салыңдар
-
Неше сөзді есте сақтадыңдар?
-
4 сөзден аз – 3 балл
-
4-6 сөз – 6 балл
-
7 сөз – 10 балл.
4. Ойыннан алған сендердің баллдарың.
Ойындар: «Не өзгерді?», «Жұмбақты шеш», «Менің артымнан қайтала», «Балалық шақ ғаламшарына саяхат». Өзінің 6, 5, 4 жастағы кездерін еске түсіру. «Жағымсыз жағдайдан қалай шығу керек?», «Қорқынышты әңгімелерден қалай қорқпау керек?».
19-20-тақырыптар. Есте сақтау түрлері: бейнелік, сөздік-логикалық
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтаудың бейнелік, сөздік-логикалық түрлерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Міне, қандай тұрыс», «Кім нені істеді?», «Тәртіпті есте сақта», «Тыңда және орында», «Өз орныңды есте сақта», «Бұзылған телефон», «Суретші», «Көлеңке», «Айна», «Үш сөз», «Жұмбақты шеш», «Жұмбақты ойлан».
Жағдаяттар: 1. Сен адасып кеткен бейтаныс әжені кездестірдің. 2. Сенен кешке телефон соғуды өтінді, бірақ сен ұмытып кеттің. 3. Бір жолы таныс емес көшеге барғанда, сен оның ... еске түсіретінін байқадың. 4. Сенің мерекеге шақыруға ұмытып кетті.
Шығармашылық тапсырма: ертегіні, оқиғаны, жағдаятты бейнелеңіз (таңдау бойынша).
21-тақырып. Менің есте сақтау қабілетім
Білім, икемділіктер, дағдылар: балаларды өздерінің есте сақтау қабілеттерін өздері жетілдіруге ынталандыра отырып, қызметтегі есте сақтаудың маңызы туралы түсінікті жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Сайыс ойыны: «Мен және менің есте сақтау қабілетім».
Шығармашылық тапсырмалар: 1. Есте сақтауды жаттықтыру бойынша кеңестердің суретін салу немесе оларды жазу. 2. Бұрын, балалық шақта болған оқиғаларды бейнелеу. 3. Есте сақтау қабілетін дамыту жаттығуларын ұсыну және ойын өткізу (таңдау бойынша) 4. «Менің балалық шақты еске түсіруім» тақырыбына шағын шығарма жазу. 5. Ең жақсы «Есте сақтау бұрышынан» көрме ұйымдастыру және оны көрсету (заттар, материалдар және т.б. мысалы, еске сақтау үшін түйін түю).
І V ТАРАУ. ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ
22-23 тақырыптар. Ойлау операциялары: талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, абстракция
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау операцияларын, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Жаттығулар: «Үш сөз» (ұсынылғане сөздерден сөйлем құрау), «Ортақты іздестіру», «Артық сөзді алып тастау», «Лайықтысын іздестіру».
Ойындар: «Не өзгерді?», «Лото», «Мозаика», «Жұбын тап».
Тапсырмалар: «Жұмбақты шеш», «Адамның суретін сал», «Әңгіме құра».
Тапсырмалар: «Салыстыру» (А.З.Зак әдістемесі).
24-25 тақырыптар. Ойлау пішіндері: түсіну, талқылау, тұжырымдау.
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау пішіндерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Балықтар, құстар, аңдар», «Зат есім, сын есім, етістік», «Қане, қайтала», «Сөзбен ойын», «Шерлок Холмс», «Үш сөйлем», «Не ұшады?», «Қалалар», «жұмбақтар», «Жұмбақ әзілдер».
Тапсырмалар: Мақалдарды түсіндір: «Еңбек етсең емерсің», «Көз қорқақ, қол батыр», «Бүгінгі істі ертеңге қалдырма»және т.б.
Жағдаяттар: 1. Саған м ейрімділік көрсетуге мүмкіндік туды, ... . 2. Сенің досың сынып терезесін сындырды, бірақ мойындамады. 3. Сен мерекеге барғың келеді, бірақ сыйлық дайындап үлгермедің.
26-27 тақырыптар. Ойлау түрлері: көрнекілік-бейнелік, сөздік-логикалық
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлаудың көрнекілік-бейнелік, сөздік-логикалық түрлерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Шытырман», «Қазына іздеу», «Жағдаяттар».
Тапсырмалар: «Пошташы», «Қосарлану», «Салыстыру», «Жасы», «Айырмашылығы», «Суретті құра».
Жаттығулар: «Дәл сондайды іздестіру», «Қарама-қарсы заттарды іздестіру», «Ортақты іздестіру», «Затты берілген белгілеріне қарай іздестіру», «Қосатын бөліктерді іздестіру».
Жағдаяттар: 1. Сен кеше досыңмен телефон арқылы ұзақ уақыт сөйлесіп, апаңның дүкенге бар деген тапсырмасын орындауға үлгермедің. 2. Әдетте сен мектептен келе жатқанда итін қыдыртып жүрген көршіңді кезестіретінсің, ал бүгін иттің өзі жалғыз жүр. Неге?
Шығармашылық ойын: «Ұлағатты ойлар әлемінде», «Бір бірінің ойын ойлап табу және шешу (түсіндіру)».
28- тақырып. Менің ойлау қабілетім.
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау қызметін өзі жетілдіруге деген талабын қолдай отырып, ойлауды, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Сайыс ойыны: «Мен және менің ойлау қабілетім».
Тапсырмалар: 1. Жаттығулар: «Дәл сондайды іздеу», «Ортақты іздеу», «Мақалдарды түсіндір». 2. Есепті құрастыр, «Жағдаятты тап». 3. «Махъаббат дегеніміз не?» тақырыбына шағын шығарма.
Пікір талас: «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүремін».
29- тақырып. Қиял әлемі: еріксіз елестету
Білім, икемділіктер, дағдылар: еріксіз елестетуді, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Өзіңді сиқырлы «Қиял» еліндемін деп, көз алдыңа елестетші.
Ойындар: «Қиялшылдар», «Сиқыршылар».
Тапсырмалар: «Көрген түсіңнің суретін сал» (суреттер вернисажы).
Ойын тесті: «Түс көруді қалай оралтуға болады?»
Тапсырмалар: Ұйықтар алдында өзіңе түсті қалауға тырыс. Сен шынайы жағдайларды түсіңде жалғастыра аласың. Егер бірден болмаса, ренжіме. Содан кейін бәрі де болады. Сен бір түске қайта-қайта орала аласың, немесе жаңасына саяхат жасай аласың. Не шықты?
Қалауың бойынша түс көру:
-
қолымнан келмейді – 1 балл
-
болады, бірақ үнемі емес – 5 балл
-
әрқашанда қолымнан келеді – 10 балл.
30-31- тақырыптар. Ерікті елестету: қайтадан еске түсіру және шығармашылық
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті елестетуді, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: Ойнаушылардың жағдайын талдай отырып, «Айналу» ойынын ойнау (құсқа, жануарға, затқа).
Шығармашылық тапсырмалар: 1. Ертегі, әңгіме, оқиғаны ойлап табыңдар және бейнелеңдер. 2. Адам тұрмайтын аралдағы өзіңді және жолдастарыңды сипатта немесе суретін сал (ұжымдық сурет, оқиға). Көрсету. 3. «Мен ғимаратпын», «Мен сақинамын», «Мен ағашпын» жаттығулары (босаңсуға таңдау бойынша).
32- тақырып. Еліктеуші болу дегеніміз не?
Білім, икемділіктер, дағдылар: еліктеуші туралы түсінікті, өмірдің жағымды жақтарына бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Өздеріңе көмектесетін, еліктеушісінің бейнесін көз алдарыңа келтіріңдер.
Пікір талас: «Еліктеуші дегеніміз не? Сендерге кім және қалай көмектесті? Сен кімге еліктегің келеді? Ал қазір саған кім және қалай көмектеседі? Еліктеушісі бар деген не? Еліктеу деген не?»
Тапсырмалар: Өміріңдегі, оқудағы, болашақ жұмысыңдағы өзіңнің еліктеушіңді сипатта немесе суретін сал. Сендер кімге ұқсағыларың келеді?
Талқылай отырып, мектеп өмірінен, жанұядан, демалыстан және т.б. ойын қойылымдар (таңдау бойынша).
Жаттығулар: «Мен – әке, апа, әже ...», «Мен – Мадоннамын», «Мен – Майкл Джексонмын» ... (таңдау бойынша).
33-34- тақырыптар. Менің арманым. Менің мамандықтарым
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті елестетуді, оны іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Қане, армандайық.
«Табиғат, «Достық», «Махаббат», «Жанұя», «Мамандық» аялдамалары бар «Арман» еліне саяхат ойыны.
Тапсырмалар: Өзіңнің «Арман» еліңді сипатта немесе суретін сал. Презентация.
Жағдаяттар: «Арман» еліне саяхаттағы аялдамаларда сенедермен келесі оқиғалар, қызықты жағдайлар ... болды. Оларды ойлап табыңдар және сахналаңдар.
Тапсырмалар: «Талаптыға нұр жауар», «Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар» мақалдарды түсіндіріңдер.
ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
(көмекші мектептің 9-сыныбына арналған)
№ |
Бөлімдер |
Тақырыптар |
Сағаты |
І |
Қарым-қатынас дағдылары мен жеке тұлғалық адамгершілік-ерік қасиеттері |
Ең бастсы кім болу емес, қандай болу. Тәртіп ережесі Ұрыс-керіс кезіндегі менің тәртібім Жақсы көру деген не Жанұя және жанұялық бюджет Үйлену тойдың салт-дәстүрлері Іскерлік мансаптағы табыстың басталуы Менің туған өлкем, қалам (ауылым) |
1 1 1 1 1 1 1 1 |
ІІ |
Сенсорлық даму |
Қабылдау қасиеттері: талғампаздық, белгілеу, түсіну және жинақтау, бүтіндігі. Түсті, пішінді және көлемді қабылдау Кеңістіктік және мезгілдік қатынастарды қабылдау Өз уақытын жоспарлау Менің әлемді қабылдауым |
2 2 2 1 |
ІІІ |
Зейін және есте сақтау |
Ерікті зейін Зейіннің тұрақтылық, көлемі, таралуы, ауысуы және т.б. қасиеттері Менің жадым (зейінім) Есте сақтау үдерісі: есте сақтау, сақтау, еске түсіру, ұмыту. Есте сақтау түрлері: бейнелік, сөздік-логикалық және т.б. Менің есте сақтау қабілетім |
1 1 1 2 2 1 |
І V |
Ойлау және елестету элементтері. |
Ойлау операциясы: талдау, жинақтау, салыстыру, жіктеу, қорытындылау, абстракция. Ойлаудың пішіндері: түсіну, талқылау, тұжырымдау. Ойлаудың түрлері: көрнекілік-бейнелік, сөздік-логикалық. Менің ойлау қабілетім Қиял әлемі (еріксіз елестету) Ерікті елестету: қайтадан шығарып елестету, шығармашылық Менің еліктеушім және арманым Менің болашақ мамандығым Өзін өзі жетілдіру өнері |
2 1 1 1 1 1 2 1 1 |
|
|
Барлығы: |
34 |
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТІҢ 9-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТІН ОЙЫНМЕН ТҮЗЕТУДІҢ МАЗМҰНЫ
1 ТАРАУ. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ ЖӘНЕ АДАМГЕРШІЛІК-ЕРІК ҚАСИЕТТЕРІ
1-тақырып. Ең бастсы кім болу емес, қандай болу.
Білім, икемділіктер, дағдылар: адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерді, олардың өмірдегі байқалу икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Жаттығулар: «Мен ... болғым келеді», «Мен қандаймын?», «Ең жақсы қасиет».
Этюдтар: «Досыңмен кезесу», «Қатты ұят болды».
Шығармашылық ойындар: «Бұл кім, тап», «досқа хат .
Жарыс ойындар: «Ең күшті де икемді», «Кім күшті», «Рыцарлар турнирі».
Тапсырмалар: 1. Сен қандайсың және қандай болғың келетінін жаз. Талқылау. 2. Ы.Алтынсаринның «Ей, жолаушы, бұлақ суындай таза бол» деген сөзін түсіндіріңдер.
2-тақырып. Тәртіп ережелері
Білім, икемділіктер, дағдылар: тәртіп ережелері туралы түсініктерді, оларды өмірде өз бетімен қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Әдет-ғұрып ойыны: «Амандасу – қоштасу».
Пікір талас: «Тәртіп ережелерін неге сақтау керек».
Шығармашлық ойындар: «Сыпайгершілік», «Жауапкершілік», «Тәртіптілік», «Әділеттік» және т.б. аямалдары бар «Тәртіп ережелері еліне» саяхат жасау.
Жағдаяттарды ойнау: 1. Балалар автобуспен бара жатыр. Аялдамада автобусқа әже кіреді. 2. Балалар дүкенге кірді. Олар өздеріне тез қызмет көрсеткендерін қалайды. 3. Тимур сағатын үйде ұмытып кетті, енді ол уақытты қалай біледі? 4. Сәуле апасынан достарын үйге қонаққа шақырғысы келеді, бірақ апасы оған қарсы. 5. Сыныпқа жаңа оқушы келді, онымен қалай танысуға болады?
Сайыс ойыны: «Ең сыпайы кім?».
3-тақырып. Ұрыс-керіс жағдайдағы менің тәртібім
Білім, икемділіктер, дағдылар: ұрыс-керістің табиғаты туралы түсініктерді, ондай жағдайдан шығудың икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Томастың «Жағдайдан шығу жолын таба алсың ба?» сауалнамасы.
Этюдтер: «Кім кінәлі?», «Ренжісті және татуласты».
Ойындар: «Айналар дүкенінде», «Не өзгерді?», «Кемелер».
Жаттығулар: «Өзіңді басқаның орнына қойып көр», «Егізбен монолог».
4-тақырып. Сүю дегеніміз не?
Білім, икемділіктер, дағдылар: сүйе білу туралы түсінікті, оны өмірде дұрыс білдіруді жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Пікір талас: «Махаббат жасқа қарамайды».
Шағын топтармен өткізілетін шығармашылық ойын: «Сүйетініңді қалай білдіруге болады?» (сурет, өлең, серенада, тақпақ, пантомима, диалог).
Тапсырмалар: Ой-пікірлерді түсіндіріңдер: «Мен тыныс аламын, яғни сүйемін! Мен сүйемін, яғни мен тірімін! (В.Высоцкий), «Сүю дегеніміз басқа адамға жақсылық тілеу (Аристотель), «Адамды сүю деген не? Бұ яғни сол адамға жақсы болғанына қуану, оған одан да жақсы болу үшін барлығын жасау» (Н. Чернышевский), «Өмір – махаббат, оны қызықта. Өмір – бұл өмір, ол үшін күрес!» (Тереза ана).
5-тақырып. Жанұя және жанұялық бюджет
Білім, икемділіктер, дағдылар: жанұя, жанұялық бюджет туралы түсінікті, олардың өмірлік жағдайларда байқалу икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойлау арқылы жасалатын жұмыс: «Жанұя бюджеті», «Неге бір жанұяларда ақша жетіспейді, ал басқаларында жеткілікті болады? Бюджет деген не? Жанұяның бір айға немесе бір жылға арналған шығын және табыс жоспары. Сендер бюджетті жоспарлауға қатысасыңдар ма? Шығынның қандай түрлері (тамақ, бірінші қажеттілік заттары, пәтерақы, көңіл көтеру) есепке алынады? Шығынды үнемдеу дегеніміз не? (газ, су, жарық есептеуіштерін орнату, дайын және жартылай дайын тамақ өнімдерін аз пайдалану және т.б.)».
Рөлдік ойындар: Талқылай отырып, «Жанұя бюджетін құра» (үш адамнан: апасы, әкесі, баласы бар жанұяның бюджетін бір айға есептеу).
Тапсырма: «Ақша су сияқты» деген мақалды түсіндіріңдер.
6-тақырып. Үйлену тойының салт-дәстүрлері
Білім, икемділіктер, дағдылар: үйлену тойы салт-дәстүрлері туралы түсінікті, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Фестиваль ойыны: «Той үстінде, той үстінде...»
Тапсырмалар: Әр түрлі ұлттардың (таңдау бойынша, сыныпты шағын топтарға бөлу) үйлену тойы салт-дәстүрін ойнау. Талқылау. Әр түрлі халықтарда үйлену тойы салт-дәстүріне неге соншалықты көңіл бөлінеді?
7-тақырып. Іскерлік мансаптағы табыстың басталуы
Білім, икемділіктер, дағдылар: іскерлік мансаптың құрамдастары туралы түсінікті, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Мамандық» еліне саяхат ойыны.
Тапсырмалар: 1. Шағын топтарда белгілі бір мамандықты таңдау. 2. Таңдап алынған мамандықтарды презентациялау. 3. Талқылау.
Рөлдік ойындар: «Еңбек биржасы» (биржа маклерлері, әр түрлі мамандықтағы жұмыссыздар: Маклерлер мамандықтарды атайды, ал екі топқа бөлінген жұмыссыздар аталған мамандыққа бейімділігін тексере отырып, керекті мамандықты таңдайды). Талқылау.
Жаттығулар: «Мен – дәрігер (қалауы бойынша, мұғалім, құрылысшы, сатушы және т.б.)».
Тапсырмалар: 1. Сендердің кім (мамандық) болып жұмыс істегілерің келетінін жазыңдар немесе суретін салыңдар. 2. «Еңбек адамды үш ұлы істен босатады: зерігуден, жарамсыз қылықтан және мұқтаждықтан» (Вольтер) осы сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.
8-тақырып. Менің туған өлкем, қалам (ауылым)
Білім, икемділіктер, дағдылар: Отан туралы түсінікті жетілдіру, оған деген қамқорлық қатынастың икемділіктері мен дағдыларын тәрбиелеу.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Алматы – менің қалам» (өзінің өмір сүріп жатқан жерінің аты) саяхат ойыны.
Тапсырмалар: 1. Өз ауданы, қаласы туралы материалдарды жинау. 2. «Экскурсия» ойыны барысында гидтар көрнекі эпизодтарды (ән, би, қалжың, атақты адамдармен кездесу, назар аударрарлық жерлерге бару) пайдалана отырып, өз ауданының, қаласының тарихы, қазіргі өмірі туралы әңгімелейді.
«Менің қаламның (ауданымның) тарихы» әңгімесіне ойын сайысы.
ІІ ТАРАУ. СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ
9-10-тақырыптар. Қабылдау қасиеттері
Білім, икемділіктер, дағдылар: қабылдау қасиеттерін, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Не өзгерді?», «Тамаша дорба».
Тапсырмалар: 1. Сөздегі түсіп қалған әріптерді қою. 2. Сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді қою. 3. Бұзылған мәтінді пайдалана отырып, әңгіме құрау.
Тапсырма сұрақтар: 1. Мұғалімнің дауыс интонациясы жаңа материалды түсіндірген кезде, оны қабылдауға қалай көмектеседі? 2. Мұғалім дәптердегі қателерді неге қызыл сиямен түзетеді?
Жаттығулар: «Екі құрамды құмыра» «Екі мағыналы суреттер», «Адам – ағаш » және т.б. (талғампаздықпен қабылдау).
11-12-тақырыптар. Түсті, пішінді және көлемді қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: сенсорлық эталондарды қабылдауды, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Мозаика», «Достық кілемі», «Лото: пішін және түс», «Фигураны таңда», «Пішіні бойынша таңда», «Судың түсі», «Ою», «Түсті ата», «Сынған баспалдақ», «Тапсырма ойын», «Алып кел де көрсет».
13-14-тақырыптар. Уақыт пен кеңістікті қабылдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: уақыт пен кеңістік туралы түсінікті, өз уақытын тиімді жоспарлау икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Онда не?», «Не, қайда, қашан?», «Соқыр теке», «Билеген дуана», «Сиқырлы шеңбер», «Тақия тастау».
Тапсырмалар: уақытты бір аптаға жоспарлау.
Менің өмірімнің сағатпен берілген аптасы.
Қызмет түрі |
Сағат, минутпен берілетін уақыт |
Бір аптадағы сағаттар саны |
||||||
Оқу |
Дүй. |
Сей. |
Сәр. |
Бей. |
Жұм. |
Сен. |
Жек. |
|
Жаяу немесе көлікпен қозғалу |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабаққа дайындалу |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ұйқы |
|
|
|
|
|
|
|
|
Кір жуу |
|
|
|
|
|
|
|
|
Тамақ ішу, ыдыс жуу |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сатып алу |
|
|
|
|
|
|
|
|
Үй жинастыру |
|
|
|
|
|
|
|
|
Демалу, көңіл көтеру |
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлық сағат саны |
|
|
|
|
|
|
|
|
-
Кестеге аптаның күндері бойынша ең маңызды қызмет түрлерін, содан кейін бос уақытқа арналған уақытты ендір.
-
Шеңбер сыз да, оны 24 бөлікке бөл, содан кейін оларды қызмет түрлеріне қарай әр түске боя. Бұл сенің аптаңның уақытының түсті диаграммасы болып табылады.
15-тақырып. Менің әлемді қабылдауым
Білім, икемділіктер, дағдылар: әлемді барабар қабылдауды, оны өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Менің әлемді қабылдауым» ойын сайысы.
Тапсырмалар: 1. Шағын топтармен, дербес түрде жазуға және суретін салуға берілген тақырыптар: «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі», «Музыка әлемі», «Театр мен кино әлемі», «Жер ғаламшары», «Жанұя», «Мектеп», «Достық», «махаббат», «Мамандық» және т.б. (таңдак бойынша. Талқылау.
ІІІ ТАРАУ. ЗЕЙІН ЖӘНЕ ЕСТЕ САҚТАУ
16-тақырып. Ерікті зейін
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінді, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Аузыңды ашып тұрма», «Сиқырлы үстелше», «Бір, екі, үш - айт», «Көңілсіз, көңілсіз бұлай отырған», «Шапалақ ұрысын тыңда», «Назар сал», «Еріккендер».
Жаттығулар: «Меннен кейін қайтала».
Жағдаяттар: 1. Апа кітаптарды орнына қоюды өтінді, ал сен қайсылары екенін естімедің, себебі ... . 2. Бір нәрсе туралы дауласып келе жатқан Асқар мен Болат бағдаршамы бар көше қилысына да келіп жеткендерін де байқамай қалды, олар көшеден өте бастады ... .
17-тақырып. Зейін қасиеттері: тұрақты, көлемі, таралуы, ауысуы және т.б.
Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «жапалақ» «Күн мен түн», «Бұйрықты тыңда!», «Сүрлеу», «Кім кімнің артында», «Жылға».
Рөлдік ойындар: «Кішкене мүсінші», «Байқампаз бала» және т.б.
18-тақырып. Менің жадым (зейінім)
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті зейінді, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Сайыс ойыны: «Менің зейінім».
Тапсырмалар: 1. «Меннен кейін қайтала». 2. Ұсынған суреттердің ішінен керексізін тап. 3. Тапсырмаларды шешу: а) Жарықты жарнамалар неге бірде жанып, бірде өшеді? б) Спорт жарыстарында неге бұйрық алдын ала беріледі? (Стартқа дайындалыңдар! Тыңдаңдар (зейін салыңдар)!) 4. Жағдаяттарды ойнау: а) зейінді бөлуге берілген тапсырмалар: (бір мезгілде 3-4 іс жасау: оқу, тыңдау, жазу, билеу, өлең айту және т.б.); қойылымдар «Бассейн көшесіндегі алаңғасар».
19-20-тақырыптар. Есте сақтау үдерістері: есте сақтау, сақтау, еске түсіру, ұмыту
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерісін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Әбігер», «Мұнда кім тығылып тұр?», «Не өзгерді?», «Кімнің дауысы екенін таны?», «Балықтар, құстар, аңдар», «Бұл неге ұқсас?», «Қане, қайтала», «Сөзбен ойын».
Мағынасыз және мағыналы түрде байланысқан сөз жұптарымен тәжірибе жүргізу (5 жұптан).
Тапсырмаларды шешу: 1. Жазушыға қойын дәптер не үшін керек? 2. Біз неге сөздікті, телефон анықтамасын пайдаланамыз?
21-22-тақырыптар. Есте сақтау түрлері: бейнелік, сөздік-логикалық
Білім, икемділіктер, дағдылар: бейнелік, сөздік-логикалық есте сақтауды, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Өз орныңды есте сақта», «Қанадай тұрыс», «Суретші», «Айналар дүкенінде», «Ине мен жіп», «Әңгіме құра», «Үш сөйлем», «Сөйлейтін заттар», «Кімнің дауысы екенін таны», «Әуенді таны».
Тапсырмалар: 1. Неге суретші Михайлов адамдардың бет-әлпетін есінде жақсы сақтағанымен, бір де бір фамилияны да есінде сақтай алмаған? 2. Неге басқа жағдайда емес, ойында бәрі есте жақсы сақталады?
23-тақырып. Менің есте сақтау қабілетім
Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау қабілетті, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Сайыс ойыны: «Менің есте сақтау қабілетім».
Тапсырмалар: 1. Өзіңнің алғашқы естеліктерің туралы жаз немесе суретін сал. Талқылау. 2. Үйден мектепке дейінгі жолда сендермен не болғанын әңгімелеп беріңдер. 3. «Менің есте сақтауымның ерекшеліктері» тақырыбына шағын шығарма жазу. 4. Сахналау: а) Қаланың тұрғындары естерін білмейді, олармен неше түрлі оқиғалар болады (өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын танымайды, қалай қарым-қатынаста болу, жұмыс істеу, тамақ ішу, ұйықтау, жүру және т.б. естерінде жоқ. Құтқарушылар тобы естерін жоғалтқан қала тұрғындарына өз көмектерін ұсынады (ойындар, этюдтер, жаттығулар ...)).
І V ТАРАУ. ОЙЛАУ ЖӘНЕ ЕЛЕСТЕТУ
24-25-тақырыптар. Ойлау операциялары: талдау, синтездеу, салыстыру, жалпылау, абстракция
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау операцияларын, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойын жаттығулары: «Зат есім, сын есім, етістік», «Үш сөз», «Ортақты іздеу», «Дәл сондайларды іздеу».
Ойындар: «Лото», «Дүкен», «Ойыңды басқа сөздермен жеткіз».
Тәжірибе тапсырма: 1. Сөзге басқа әріпті қоспай, әріпті тастамай дұрыс оқы: катсан, угбама, кнусеич, паксир, ариг.
Берілген сөздерден сөйлем құра: а) сағатым, минут, қалта, тәулігіне, қалып қалады, менің, екі; б) сендердің, ағаш, қанша, жиналыңдар, отырғызуға, аулаларыңда, сендер.
26-тақырып. Ойлау пішіндері: түсіну, талқылау, тұжырымдау
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау пішіндерін, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойын жаттығулары: «өзіңнің күшті жақтарыңды ата.
Ойындар: «Ассоциация», «Ыстық орындық», «Есімі».
Этюдтер: «Екі жолдас» (Л.Н.Толстойдың осы аттас әңгімесін сахналау). «Апамның құмырасы». Тапсырма: «Шеңбер бойымен ертегі».
Жағдаяттарды аяқта: 1. Ася үйінің жанында қыдырып жүр еді, кенеттен бұта арасынан суықтан дірілдеген, аянышты мяулаған дыбыс естілді, ... . 2. Мұрат пен Тимур сабақ қарап жатқан. Аяқастынан келген Диас Тимурды жаңа фильм көруге шақырды. Сонда Мұрат .. . Ол не істеді? Неге? 3. Бота магнитофонды қатты қойып, музыка тыңдады, ал көрші бөлмеде апасы кішкентай баруырын ұйықтатып жатыр еді. Апасы келіп, магнитофонды өшіруді сұрады. Бота не деп жауап берді?
27-тақырып. Ойлау түрлері: көрнекілік-бейнклік, сөздік-логикалық
Білім, икемділіктер, дағдылар: көрнекілік-бейнелік, сөздік-логикалық ойлау түрлерін, оларды өмірлік жағдайларда қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тәжірибе: Қарама қарсы қозғалысқа берілген есепті сызбасыз және содан кейін осы тектес есепті сызбамен шығару. Қандай есепті шығару оңай болды? Неге?
Тапсырма: «Әтеш».
2- тапсырма. (Т.Н. Овчинникованың «Метафора» әдістемесі).
Мағынасы бойынша басқа екеуімен келіспейтін артығын сызып таста:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
Мінезі қатты Жеңілтек адам Басы алтын Тас жүрек Ащы мысқыл Жансыз көзқарас Жылы сезім Қатал мінез Нәзік жанды адам Нашар өнім |
Күшті адам Желді күн Ақылды адам Қатал адам Жаман әзіл Қадалған көзқарас Жылы су Тік мінезді адам Жіңішке жіп Жаман көктеулер |
Темір жол Жеңіл ойлы бозбала Алтын күз Тас тақтайша Улы жылан Шыны құмыра Нәзік қатынас Қатты төсек Сезімтал бала Тесік шелек |
3-тапсырма. Т.Н. Овчинникова әдістемесі.
Әрбір сөз тобындағы бір артық сөзді сызып таста:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 |
Қасқыр Трамвай Кесе Жылқы Пальто Өрік Картоп Бұлбұл Мүк жидек Нәлім |
Ит Трактор Шәйнек Бұғы Көйлек Апельсин Қырыққабат Сары шымшық Құлпынай Отүрке балық |
Піл Автобус Тәрелке Кой Белдемше Алша Керует Жапалақ Шәңгіш Алабұға |
Саршұнақ Троллейбус Қазан Елік Таба Алма Сәбіз Торғай Бүлдірген Бекіре |
Орындық Баспалдақ Адам Күрек Орамал Дәріхана Кәді Қалақ Шүмек Құймақ |
Жағдаяттарды ойнау: 1. Саған тақпақ жаттау керек. Сен әкеңнің орнында өзіңді тақпақ жаттатыруға қалай көндірер едің? 2. Сен өзіңді саяжайда, ыстық жерде отырғаныңды, көз алдыңа елестетші. Сен өзіңді әжеңнің орнына қойып, бұлақтан су алып келуге қалай көндірер едің?
Ойындар: «Кім көп іс-әрекетті айтады?», «Дүкен», «Бұны қай жерден сатып алуға болады?», «Біздің қаламыз», «Автобус» рөлдік ойыны.
28-тақырып. Менің ойлау қабілетім
Білім, икемділіктер, дағдылар: ойлау қызметін өздігінен жетілдіру ынтасын қолдай отырып, ойлауды, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойын сайысы: «Менің ойлауым».
Тапсырмалар: 1. Мақалдарды таңдаңдар, оларды түсіндіріңдер. 2. Келесі сөздерден сөйлем құраңдар: а) ластануы, өсімдіктердің, және, өзендер, мен, теңіздердің, балықтардың, қолайсыз, олардың, жағдай, өмір сүруіне, өсуіне, оларды, тудырады. Б) салмағы, он бес, аспайды, «Электроника», теледидарының, килограмнан. В) көріктендіреді, орын, емес, адамды, орынды, адам. 3. Жағдаятты ойлап тап та, оны сахнала (таңдау бойынша).
29-тақырып. Қиял әлемі (еріксіз елестету)
Білім, икемділіктер, дағдылар: еріксіз елестетуді, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойындар: «Қиялшылар», «Кішкентай сәулетші», «Жануарларды бейнелейік», «Сиқыршы», «Көңілді жаттығулар».
Жаттығулар: «Мен – ағаш», «Мен – теңіз», «Мен – қала».
30-тақырып. Ерікті елестету: қайтадан шығарушы және шығармашылық
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті елестетуді, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тапсырмалар: 1. «Өз фигураңды құра», «Сиқырлы сия тамшылары».
2.Дүниеде болмайтынның суретін сал. 3. Ғарыштағы «Жымиыс» ғаламшарындағы өзіңнің суретіңді сал.
Оқиғалы-рөлдік ойындар: «Дүкен», «Жанұяға», «Шеберхана».
Дидактикалық ойындар: «Аяқталмаған сурет», «Бірнеше қолмен салынған сурет», «Бұл не нәрсе?».
31-тақырып. Менің еліктеушім мен арманым
Білім, икемділіктер, дағдылар: өз еліктеушімнің қажеттілігі туралы түсінікті, өмірде оларға бағдарлай білу икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты: Музыка әуенінің астындағы, өзіңнің болашақ бейнеңді көз алдыңа елестетіп көрші: киіміңді, сыртқы түріңді, мамандығыңды, үйіңді, жанұяңды. Кімге еліктегің, ұқсағың келеді (ата-анаңа, жақындарыңа, эстрада жұлдыздарына, романдардағы кейіпкерлерге ...)? Неге? Не туралы армандайсыңдар?
Рөлдік ойындар: «Шеберханаға», «Мектепке», «Рок музыка тобына» және т.б. (таңдау бойынша).
Пікір талас: «Еліктеушісі болудың, армандаудың қандай маңызы бар?»
32-33-тақырыптар. Менің болашақ мамандығым
Білім, икемділіктер, дағдылар: ерікті елестетуді, өзіңнің болашағыңды ойлай білу икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
«Мамандықтар әлемі» еліне саяхат ойыны. Таңдалып алынған мамандықты шағын топтармен көрсету.
Рөлдік ойындар: «Мамандыққа» (таңдау бойынша: «Шеберхана», «Дәріхана», «Аурухана», «Мектеп» және т.б.).
Өзіңнің болашақта кім болатыныңды, армандаған мамандығыңның суретін сал.
34-тақырып. Өзін өзі жетілдіру өнері
Білім, икемділіктер, дағдылар: өзін өзі жетілдіру қажеттілігі туралы түсінікті, өзін өзі тану, қарым-қатынас икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Ойын: «Мақтаншақтар сайысы».
Жаттығулар: «Мен өте жақсымын», «Сен өте жақсысың».
Жағдаяттарды ойнау: 1. Серіктің бүгін туған күні болғандықтан, ол мектепке жақсы костюмын киіп, қуана келді. Сыныпқа кіре бергенде, ол абайсызда Маратты қағып кетті, Марат қатты ашуланып, Серікті бар күшімен итеріп жіберді. Серік құлаған кезде, костюмын жыртып алды. Өкпелеткеннің рөлін ойнаған бала ортада тұрған орындыққа отырып, оның басқаны өкпелетуіне не себеп болғанын түсіндіреді. Ойын өкпелеген бала кешіргенше, жалғаса береді.
Ойын: «Мен кіммін, тауып көр».
Әңгіме: «Ол қандай – жақсы адам ба?».
Тапсырма тесті: 1. а) Жақсы адамның қандай қасиеттері болуға міндетті екені туралы жаз. б) Жақсы адамның қандай қасиеттері сенің бойыңнан табылады, бар болса «+» белгісін, әлі жоқ болса «–» белгісін қой.
2. а) Төменде берілген сөздердің ішінен, өзің аса бағалайтын сөздерді таңда.
Сен үшін маңызы бар сөздерді алатын орнына қарай жаз: табиғат, махаббат, адам, іс-әрекет, нан, ақша, кітап, көңіл көтеру, үй, киім, оқу, көмек, демалыс, ереже, жанұя.
1. Мен және _____________________
2. Мен және _____________________
3. Мен және _____________________
4. Мен және _____________________
5. Мен және _____________________
6. Мен және _____________________
7. Мен және _____________________
8. Мен және _____________________
9. Мен және _____________________
10. Мен және _____________________
б) Неге сен үшін бұлар (алғашқы үш таңдау) маңызды деп ойлайсың?
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Азбука общения. Развитие личности ребенка, навыков общения со взрослыми и сверстниками /Л.М.Шипицына, О.В.Защиринская, А.П.Воронова, Т.А.Нилова. – СПб., 1998.
-
Ануфриев А.Ф., Костромина С.Н. Как преодолеть трудности в обучении детей. – М.: Ось-89, 1998.
-
Баскакова И.Л. Внимание дошкольника, методы его изучения и развития. Изучение внимания школьников. – М., 1995.
-
Башаева Т.В. Развитие восприятия. Дети 3-7 лет. – Ярославль, 2001.
-
Белкин А.С. Нравственное воспитание учащихся вспомогательной школы. – М., 1977.
-
Белопольская Н.Л. Психологическая диагностика личности детей с задержкой психического развития. – М., 1999.
-
Воспитательная работа во вспомогательной школе /Под ред.В.Ф.Мачихиной. – М., 1980.
-
Выготский Л.С. Полное собрание сочинений в 6 т. Т.5. – М., 1984.
-
Детские подвижные игры народов СССР /Сост.А.В.Кенеман. Под ред. Т.И.Осокиной. – М., 1988.
-
Жукова Н.С., Мастюкова Е.М. Если ваш ребенок отстает в развитии. – М., 1993.
-
Жутикова Н.В. Учителю о практике психологической помощи. – М., 1988.
-
Зак А.З. Как определять различия в мышлении детей 6-10 лет. – М., 1999.
-
Захаров А.И. Как преодолеть страхи у детей. – М., 1986.
-
Захаров А.И. Как предупредить отклонения в поведении ребенка. – М., 1993.
-
Зейгарник Б.В. Патопсихология. – М., 1999.
-
Изард К.Е. Эмоции человека. – М., 1980.
-
Как учить и развивать умственно отсталых детей. - СПб., 1994. .
-
Касымова Г.М. Развивающие игры в диагностике и коррекции психического развития детей дошкольного возраста. – Алматы, 2000.
-
Катаева А.А., Стребелева Е.О. Дидактические игры и упражнения в обучении умственно отсталых дошкольников. – М., 1993.
-
Катаева А.А., Стребелева Е.О. Дошкольная олигофренопедагогика. – М.: Владос, 2001.
-
Клайн В. Как подготовить ребенка к жизни. – М., Л. – 1991.
-
Клюева Н.В., Касаткина Ю.В. Учим детей общению. Характер, коммуникабельность. – Ярославль: Акад. развития, 1997.
-
Клюева Н.В., Филиппова Ю.В. Общение. Дети 5-7 лет. – Ярославль, 2001.
-
Козак О.Н. Путешествие в страну игр. – СПб., 1997.
-
Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. – М., 1986.
-
Литвинова М.Ф. Русские народные подвижные игры. – М., 1986.
-
Лубовский В.И. Психологические проблемы диагностики аномального развития детей. – М., 1989.
-
Лэндрет Г.Л. Игровая терапия: искусство отношений. – М., 1994.
-
Матвеева Л. и др. Практическая психология для родителей или что я могу узнать о своем ребенке. – М., 1997.
-
Матюгин И.Ю. и др. Как развивать внимание. – М., 2000.
-
Мустакас К. Игровая терапия. – СПб., 2000.
-
Обухова Л.Ф. Детская психология: теории, факты, проблемы. – М., 1995.
-
Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе. – М., 2001.
-
Овчарова Р.В. Технологии практического психологического образования. – М., 2000.
-
Овчинникова Т.Н. Личность и мышление ребенка. Диагностика и коррекция. – М., 1999.
-
Паркинсон К.Н. и др. Дети. Как их воспитыватть /К.Н.Паркинсон, М.К.Растомджи, С.Паври. – СПб., 1992.
-
Психологическая диагностика детей и подростков /Под ред.К.М.Гуревича, Е.И.Борисовой. - М., 1995.
-
Психология воспитания /Под ред.В.А.Петровского. – М., 1995.
-
Рабочая книга школьного психолога /Под ред.И.В.Дубровиной. – М., 1995.
-
Раттен М. Помощь трудным детям. – М., 1987.
-
Речицкая Е.Г., Сошина Е.А. Развитие творческого воображения младших школьников. – М., 2000.
-
Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. – М., 1995.
-
Самоукина Н.В. Первые шаги школьного психолога. – Дубна, 2000.
-
Смид Р. Групповая работа с детьми и подростками. – М., 1999.
-
Спиваковская А.С. Нарушения игровой деятельности. – М.. 1980.
-
Стишенок И. В. Тренинг уверенности в себе. - СПб: Речь, 2006.
-
Сулейменова Р.А., Баймуратова А.Т. Лекотека – новое звено в процессе обучения детей. – Алматы, 1997.
-
Тихомирова Л.Ф. Познавательные способности. Дети 5-7 лет. – Ярославль, 2000.
-
Узакбаева С.А., Айтпаева А.К. Казахские народные детские игры. – Алматы, 2000.
-
Хрестоматия. Обучение и воспитание детей «группы риска» /Сост.В.М.Астапов, Ю.В.Микадзе. – М., 1996.
-
Хухлаева О.В. Лесенка радости. – М., 1998.
-
Хухлаева О.В. Психология подростка. 2-ое изд. - М.:Академия, 2005.
-
Чистякова М.И. Психогимнастика /Под ред. М.И.Буянова. – М., 1990.
-
Шерьязданова Х.Т., Суркова Т.И. Педагогу о стиле общения с детьми. – Алматы, 1996.
114