Материалдар / Ойынның бала өміріндегі маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойынның бала өміріндегі маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілерді ойын арқылы тәрбиелеу жолдары туралы айтылады. Ұлттық ойындардың ерекшеліктері, оның баланың жетілуі үшін маңыздылығы көрсетілген. Баланы алдағы өмірге дайындау үшін бойындағы қасиеттерін танып, сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырып, өзіне деген сенімділікті оятуға болады. Сондықтан балаға үңіле қарап, үнемі бақылап, бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс – әрекеттерді дағдыға айналдырып, мінез – құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Баламен әңгімелескенде оның пікірімен де санасқан дұрыс. Мектепке дейінгі бала – бұл ойын баласы. Материал педагогтар үшін қажетті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
3262
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ойынның бала өміріндегі маңызы

Мен, Алтыбаева Лаура Кәрімжанқызы, Кентау қаласы А.С.Пушкин атындағы №6 жалпы орта мектепте даярлық топ тәрбиешісі болып жұмыс жасаймын.

Алдыма қойған мақсатым – тәрбиеленушілерге адамгершілікті, қарапайымдылықты, жақсы әдетті, әдептілікті, ұқыптылықты, жауапкершілікті, әдемілікті сөзбен жеткізе отырып тәрбиелеп баулу. Балалардың рухани адамгершілік қасиеттерін дамытып, бойына сіңіру. Барлық тіршілік етуші жылу мен жарыққа, білімге құмартатыны сияқты, біздің бүлдіршіндеріміз де ана қамқорлығын, аялы алақаны мен жылуын сыйлайтын адамдарды сүйеді.

Әрине, әр адам баласының дені сау, ақылды, мейірімді, саналы болып өскенін қалайды. Ол үшін не істеу қажет?

Баланы алдағы өмірге дайындау үшін бойындағы қасиеттерін танып, сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырып, өзіне деген сенімділікті оятуға болады. Сондықтан балаға үңіле қарап, үнемі бақылап, бала жан дүниесіне оң әсер ететін іс – әрекеттерді дағдыға айналдырып, мінез – құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Баламен әңгімелескенде оның пікірімен де санасқан дұрыс.

Мектепке дейінгі бала – бұл ойын баласы.

Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?

(Абай Құнанбаев)

Ойын – баланың мектепке барғанға дейінгі ең басты жұмысы. Түрлі ойын баланы рухани және дене күші жағынан, танымдық үрдісін, эстетикалық талғамы жағынан жетілдіріп, тәртіптілікке шақырады, айналаны танып білуге көмектеседі.

Бала ойын барысында күштілік, шапшаңдық, төзімділік, айлакерлік сияқты дене қасиеттеріне дағдыланады. Ойын - бала денсаулығын нығайтады. Бала өмірге қадам басарда алғашқы қимыл – әрекеті – ойын. Сондықтан да оның мәні ерекше. Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынның бала үшін маңыздылығы – айналада – ғыны танып білуі. Ойын арқылы бала болашақ өмірге есік ашып өзін ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, қабілеттілікке тәрбиелейді. Ойынның ерекшелігі – бала үн – түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым – қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесіп жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және бала жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Қазіргі таңда баланың дидактикалық ойын әрекетін арттырудың проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін ұмытпаған жөн. Ойын арқылы баланың көзқарасы, болашаққа деген түсінігі қалыптасады.

Дидактикалық ойын баланың ой өрісін, қиял, сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін қалыптастырады. Баланы оқу процесіне тәрбиелеу үшін, оның ойынына дұрыс көзқарас және басшылық жасау қажет. Ойынның түпкі ниеті – бұл баланың нені? және қалай? ойнайтынын анықтау.

Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар. Ойындық сабақтардың көмегімен балаға білім беріп қана қоймай, оған қалай ойнауды да үйретеді. Ойын барысында тәрбиеші және ойынның мүшесі ретінде де баланы ойнатуға талпындыру, ал бала ойнай отырып үйренеді, сондай – ақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады. Өзіндік ойын әрекеті баланың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Бала ойын ойнағанды ұнатып, өз ынтасымен беріліп ойнайды. Тапсырманы балалар өз бетімен орындап, ойынды ұйымдастырып топтағы серіктестеріне әділ баға беруге үйренеді. Жиі қолданылатын ойын түрлері төмендегі жүйе бойынша өткізіледі:

  1. Ойыншықпен ойналатын ойындар.

  2. Үстел үстінде ойналатын ойындар.

  3. Сөздік ойындар.

Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойындар іріктеу, сондай – ақ тапсырмалар арқылы баланың білімін тереңдетіп, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесу яғни қалыптастыру қажет.

Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құралады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы. Мұнда басты элемент – дидактикалық тапсырмалар болып табылады. Ал, қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты. Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу? керектігін, қалай істеу? керектігін, мақсатқа жетудің, жолдарын көрсетеді және ақыл –ой қабілеттерін дамытады. Әсіресе, балалар өзін – өзі ұстауға, өздерінің мінез – құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайлары жақсарады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын, және мейірімділікке, кішіпейілділікке, әдептілікке үйретеді.

Көптеген дидактикалық ойындар баланың жеке дара ойнауына арналған (мозайка, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы әрі қызықты.

Дидактикалық ойынды ойнату үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтап, ойынды өткізу үшін алдын – ала дайындалу, баларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу, (адасқан сандар, сөз моншақ, сан моншақ) басым болады. Баланың мінез – құлықын тәрбиелеуде ойынның ролі маңызды.

Ұлттық ойын – баланың ақыл ойын дамытып, қызықтыра отырып ойдан – ойға жетелеп, тынысын кеңітіп, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып ойын. В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл – ой тәрбиесі болмайды» - дейді. Ұлттық салт сананы сіңіру арқылы баланың ақыл ойы, парасаты байи түсіп, дамиды. Оқу барысында ұлттық ойын элементін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Балаларды «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық», «Сақина салу» сияқты ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді. Бала ойын үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алады. Тәрбиеші әр баланың еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс.

Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың осы қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Сабақты ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру тақырыптарды жылдам меңгеруге көмектеседі. Жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған», деп тегіннен тегін – айтпаған. Қазақтың ұлттық ойындары аңға, малға байланысты алуан түрлі заттармен ойналатын, зеректікке, ептілік пен икемділікке, батылдыққа баулитын ойындар деп бірнеше түрге бөлінеді: Мұның өзі қазақ халқының айрықша дарынды, білімді болғанын дәлелдейді. Тағы бір ерекшелігі, ұлттық ойындардың, жасөспірім балаларға арналған түрлері әдетте өлеңмен «Өрнектеліп» отырған. Өлең - жыр арқылы ата - бабаларымыз ойынның эстетикалық әсерін арттырып қана қоймай, баланы өлең – жырға деген ықыласын оятып, дүниетанымын арттыра білген. Тіпті қайсібір ойын арқылы баланы еңбекке баулып, шынықтыруды мақсат еткен. Ұлттық ойындар арқылы баланы өмір сүруге дағдыландырып, қиындыққа төзе білуге, қиын сәтте жол таба білуге машықтандыруды (мұрат еткен) көздеген. Мысалы: «Аламан бәйге», «Аударыспақ», «Арқан тарту» т.б. ойындары баланы төзімділікке үйретуге, ерік – жігерді игере білуге, білек күшін дамытуға бағытталған. Ұлттық ойындардың тағы бір ерекшелігі, тәрбиелігі әр ойын жас ұрпақты салиқалы да салмақты, шебер әрі епті болуға баулиды. Өйткені ата – бабамыз өзінен өрбіген ұрпақтың ынжық, жасық болып қалмай, жан – жақты білікті де күшті болып өсуін мақсат еткен.

Ұлттық ойындар қазақ халқының о бастан ерекше мәдениеті болғанын көрсетіп, айқындайды. Ұлттық ойындарының ішінде «Тоғызқұмалақ» ойынынан мектебімізден әлем чемпионы, халықаралық спорт шеберлері шыққан. Бүгінгі таңда да «Тоғызқұмалақ» үйірмесі жүргізіліп, жалғасын табуда (үйірме жетекшісі Ж.Әбдіқасым). Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді. Бұл жөнінде белгілі психолог – ғалым А.А.Любинская «Зейін баланың белсенді әрекеттерінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған іс – әрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады».

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет – ойын. Ойын арқылы баланың ой – өрісі дамиды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын үстінде баланың әртүрлі рольде достарымен қарым – қатынас жасауға, ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады.

Сөздік ойындары баланың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады. Баланың ой- өрісін дамытатын «Санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі – баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі:

Бір дегенім – білеу,

Екі дегенім – егеу.

Үш дегенім – үкі,

Төрт дегенім – төсек т.б.

Баланың ой белсенділігін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын молайтуға яғни тілін дамытуға, дағды мен шеберлікке, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Баланың ойлау қабілетін дамытуға, тілін жаттықтыруға ойлан тап, сөзжұмбақ, ребус, «ұйқасын тап» ойыны арқылы баланың білсем деген қызығушылығы артып, белсенділігі танылады.

  1. Үкісі бар қарыс,

Бунағы көп.....(Қамыс)

  1. Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді......(Шымшық)

  1. Көз алмай күнге алыс,

Қарайды..........(Күнбағыс)

  1. Маңайын түгел көріп,

Биіктен қарайды.....(Керік)

  1. Құйрығы он қарыс,

Бұл айбатты.............(Жолбарыс)

  1. Таңда жүрген тарғыл аң,

Ол қайратты............(Қабылан)

  1. Кезіп жүрген шаңдақты,

Көрдім жаңа............(Қаңбақты)

  1. Сылдыр қағып,

Таудан құлап.

Жатыр ағып,

Мөлдір........(Бұлақ)

  1. Үкі ғажап,

Дүлдүл,

Бақта сайрап.....(Бұлбұл)

  1. Шабақ аңдып жағада,

Шарқ ұрады.........(Шағала)

  1. Аппақ доп тауып,

Шақырады ақ.......(Тауық)



Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі, шын тіршілігі. Сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Қорыта айтқанда, ойын – баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешкандай қиындығы жоқ, оп – оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру мүмкін емес. Баланың рухани жетілуі, табиғи өсуі, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақты әсерлендіріп, тартымды етіп, баланың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар ертерек дайындалуы керек.

  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

  3. Ойынның барысында топтағы балардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

  4. Тәрбиеші ойын барысында балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай, ойлана білуіне жетелеуі керек.





























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!