Материалдар / "Ойыншықтар көп"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ойыншықтар көп"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тех карта
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта.

Тәрбиешінің аты-жөні: Тасқараева А.Т 13.02.2017 ж

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Ойыншықтар көп бақшада»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды әртүрлі ойыншық түрлерімен таныстыру, заттардың қасиетін меңгерту;

Дамытушылық: зерттеу әрекетіне қызығушылқтарын ояту, сөздік қорларын дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар: жұмсақ ойыншықтар, әже қуыршақ,резеңке доп, мата қиындылары, ыдыстағы су.

Қостілділік: ойыншық-игрушка, балабақша-детский сад, сыйлық-подарок.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Топқа қолында үлкен себеті бар әжей келіп, өзінің балаларға сыйлық әкелгенін айтады.


Әжеймен амандасады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Әжей балаларға жұмбақтар жасырады, балалар атын атаған ойыншықты шетінен шығарып,үстел үстіне қояды.

Жұмбақтар шешеміз.

Үйлерінде, дүкенде,

Бақшада тұр, сөреде.

Балалар жақсы көреді,

Жалықпай, ойнап жүреді.

(Ойыншықтар)

Жүрісі маймаң-маймаң,

Үстіндегі тоны жұп-жұмсақ.

(Аю)

Өзі кішкене, дөп-дөңгелек,

Тапшы, қане, біле алсаң.

Өзіңнен де биікке асады,

Мықтап жерге ұра алсаң.

(Доп)

Ақ шатыр,

Ақ шатырдың ішінде,

Ақ ала көйлек қыз жатыр.

(Қуыршақ)

Қанаты бар, жаны жоқ,

Табаны бар, аяғы жоқ.

Өзі ұшады, аспанда жүреді,

Теңізден де, таудан да өтеді.

(Ұшақ)

Әжей балаларды мадақтап, жұмсақ, пластмасса, резеңке ойыншықтарды қолдарына ұстатады, жеке-жеке сипаттатады, өзі толықтырады.

Тәжірибе жасаймыз.

«Не байқадың?» дидактикалық жаттығуы.

Тәрбиеші допты тегешке құйылған суға салып, не байқағандарын сұрайды.

Суға матаны салып, матаға не болғанын сұрайды. Матаны кептіріп қоюға болатынын түсіндіреді.

Сергіту сәті

«Біздерде бар ойыншық»

Әнді қосылып айтып, қимылдарын келтіруді ұсынады.

«Сондайын тап» дидактикалық ойыны.

Үстел үстінде бойы әртүрлі жұмсақ, резеңке, пластмассадан жасалған ойыншықтар тұрады. Тәрбиеші балаларға;

-Алмас, жұмсақ керікті алып келе ғой.

-Надия, сен шелекті алып келе ғой,- деп, ойыншықтарды алғызып, олардан алып келгендерінің қандай ойыншық екенін сұрайды.

Әже балаларды мадақтап, ойыншықтарын сындырмай ұстауды, тату ойнауды тапсырып, қоштасып, шығып кетеді.

Әжей мен тәрбиешіні тыңдап отырады.


Ойланады, жауаптарын айтады(тәрбиеші көмектеседі). Ойыншықтарға қарайды.




Жұмбақтарды шешеді.












Тәрбиешінің әрекетін бақылап, доптың суға батпағанын, үстіне су жұқпағанын айтады.



Матаның су болғанын айтады.

Қимылдарын жасап, сөздерін қайталап отырады.





Қолдарына аталған ойыншықтарды алады, қолдарымен ұстап, сезіп көреді.











Әжейге рахмет айтады, қоштасады.

Рефлексиялық - түзетушілік

«Сенің ойыншығың қандай?» жаттығумен балалардың білімдерін бекітеді.

Балаларды мадақтап, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін аяқтайды.

Шеңберде тұрып, ойыншықтарын сипаттап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: заттарды анықтай отырып,оларды зерттеп, салыстыруды.

Игереді: ойыншықтарды сипаттауды, олардың тікелей құрылымын.

Меңгереді: ойыншықтардың әртүрлі материалдардан жасалатынын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!