Ойыншықтар
қонақта.
Мақсаты:
Шеңберден шеңберге
секіру,тақтай бойымен түзу жүру,төрт тағандап еңбектеуге
үйрету.еңбектеу кезінде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре
білуге,зат үстінде тепе-теңдікті сақтауды қалыптастыру.Дене
бітімінің дұрыс дамуын қадағалау,ептілікке
тәрбиелеу.
Қажетті
құрал-жабдықтар: құрсау-3шт,тақтай,гимнастикалық орындық,мысықтың
атрибуты,доп.
Сабақтың
барысы.
Саппен топқа
кіру.Амандасу.
Д.ш.нұсқаушысы:
- Сәлеметсіңдерме
балалар.Бүгін бізге қонаққа көптеген ойыншықтар келіпті,олар
сендердің сабаққа қалай қатысатындарыңды,сендердің ептіліктеріңді
байқағысы келеді екен.Қане балалар ойыншықтарға бүгінгі сабағымызды
көрсетейік.
Шеңбер бойымен адымдып
жүру;
қол белде аяқ ұшымен
жүру;
қол белде өкшемен
жүру;
аюлар сияқты қорбаңдап
жүр;
пингвиндер жүрісін
салу;
тоты құс болып жүру,жай
жүгіру,жүру.
Шеңберге тұрып жалпы дамыту
жаттығуларын жасату.
Б.қ. қол белде басты
алға,артқа,оңға,солға айналдыру.
Б.қ.қолды жоғары көтеру
шапалақтау,төмен түсіру шапалақтау,қолды екі жаққа созу
шапалақтау.
Б.қ. жерге отыру аяқ алшақ,қол
белде қолды аяқ ұшына тигізу.
Б.қ. жерге отыру,қолды артқа
қою аяқтарын қозғалту.
Демді қалыпқа
келтіру.
Қимыл-қозғалысы аз ойын
«Көршіңді ата».
- Ал енді балалар ойыншықтар
бізге біраз тапсырмалар дайындап қойыпты соларды орындап
көремізбе?
Негізгі қимыл-қозғалыс
жаттығулары:
Шеңберден-шеңберге
секіру,
тақтаймен денені тік ұстап
түзу жүру,қол екі жақта,
гимнастикалық орындық үстімен
төрт тағандап еңбектеу.
Қимыл-қозғалыс ойыны «Мысық
пен тышқандар».
Балаларды шеңберге
отырғызу.
-
Балалар біз бүгін
секірдік,жүгірдік,ойнадық,шаршадықпа? Ендеше қане бәріміз жатып дем
алайық.Балаларды жатқызу.
-
Қолымызды ішімізге
қояйық,жайлап дем алайық.Демді қалыпқа келтірген соң балаларды
отырғызу.
-
Балалар біз бүгін сабақта не
істедік?
-
Сендерге дене шынықтыру сабағы
ұнай ма?Балалар сендердің де сабаққа қатысқаның ойыншықтарға ұнаған
сияқты қараңдаршы олар қозғалып жатыр.Ойыншық киімін киген кейіпкер
шығады.
-
Балалар сендердің сабақтарың
маған өте қатты ұнады.Сабаққа жақсы қатысады екенсіңдер рахмет
сендерге.Ал мынау сендерге менің сыйлығым сабаққа жақсы
қатысқандарың үшін.Балалар енді қонақтармен қоштасайық Сау
болыңыздар.