Материалдар / Ол қайда барады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ол қайда барады

Материал туралы қысқаша түсінік
1-орыс сыныбына қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдерге арнап ,құрылған қысқа мерзімді жоспар.Қысқа мерзімді жоспар жаңа форматты қамтиды.Тыңдау-көру-орындау әдісі кеңінен қолданылған.Айтылым,тыңдалым,жазылым дағдылары ескерілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2018
2044
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5-БӨЛІМ: САЯХАТ 2 – САБАҚ


Тақырыбы: Ол қайда барады?

Мектебі: М.Мәметова атындағы ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Избасарова Камшат Джумахметовна

1- сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.5.1 Тыңдаған шағын мəтінді қаншалықты түсінгенін қимыл мен қысқа жауап арқылы білдіру.

1.2.4.1 Қарапайым оқиғаларды (мəтінді) мазмұндау

1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мəтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша?) сұрақ қоя білу

1.5.1.2 Сөйлеу барысында көптік/тəуелділік/ жіктік /септік жалғауларын мұғалімнің көмегі/үлгісі бойынша қолдану

1.5.2.2 Мұғалімнің көмегімен ə, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ əріптері кездесетін сөздерді анықтау жəне жаз

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Басқа біреудің қайда баратынын\бармайтынын айта алады, ә дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мұғалімнің көмегімен бару етістігін үш жақта (барамын – барасың - барады) қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, ә дыбысы кездесетін сөздер өатарын толықтыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

2-5мин.


Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл-күй қалыптастыру.

Ойын «Көңілді ән»

Менің қолымда домалақ жіп тұр.Қазір мен жіпті қолыма іліп алып өзімнің оң жағымда тұрған көршіме жіпті өлең айта отырып ұсынамын : «Балнұр,сенің топта сенің болғаның қандай жақсы».... Ары қарай жалғастырамыз. Міне,жіп қайта айналып өзіме келді,бәрімізді біріктірді. Біздің достығымыз нығая түсті,көңіл күйіміз бұрынғыдан да көтерілді. 

Сабақтың ортасы

6-30

(МК, Ұ) Оқушылардың назарын оқулықтағы 1 –тапсырмада берілген суретке аударамыз. Балалардың (Арай, Әділет, Арман) суреттері арқылы үй, саябақ, мектеп сөздерін қайталайды,

дүкен сөзінің мағынасын түсінеді. Оқушылар өткен сабақ бойынша саябақ сөзін саябаққа деген үлгіде қолдануды біледі. Сондықтан сол үлгі бойынша үй, дүкен сөздерінің де өзгеруі түсіндіріледі. Мысалы: үй-үйге, дүкен-дүкенге. Оқушылардың мына сөйлемдерді айта алуына назар аудару керек: Мен мектепке барамын. Мен тауға барамын. Мен саябаққа барамын. Мен үйге барамын. Мен дүкенге барамын. Суреттер жиынтығында осы бес сурет міндетті түрде болу керек. (тау, мектеп, саябақ, үй, дүкен).

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылардың назарын бару етістігінің үш жақта қолданылуына аударады. Оқушыларға барамын- барасың – барады арасындағы айырмашылық түсіндіріледі. Мен сөзімен барамын, сен сөзімен барасың, ол сөзімен барады қолданылатыны туралы айтылады. Оларды жаттықтыру үшін мен деп бастап, оқушылар барамын деп аяқтайды. Осылай етістіктің үш жақта қолданылуы жаттықтырылады.

(МК, Ұ) 2 – тапсырмада оқушылар «Ол қайда барады?» деген сұраққа жауап беру арқылы барыс септігі жалғауының қолданылуын қайталайды. Берілге сөйлемдерді толықтырып айтады. Осыдан кейңн бібңрңншң тапсырмадағы суретті қайтадан қарап, оқушылар сол сурет бойынша кімнің қайда баратынын (ІІІ жақта) түсініп айтады. Мысалы: Арай дүкенге барады. Әділ үйге барады. Арман саябаққа барады. .

(МК, Ұ) 3 – тапсырмада оқушылар топпен жұмыс істейді. Ең алдымен тапсырмада берілген сөйлеу үлгісі тыңдалады. Оқушылардан неше адамның даусын естігендерін сұраймыз. Соған қарай сөйлесуге неше бала қатысатыны анықталады. Оқулық бойынша сөйлесуге екі оқушы мен мұғалім қатысады. Бұл диалогті үш оқушы және мұғаліммен де жүргізуге болады. Мысалы:

Бірінші оқушы:

  • Сен қайда барасың?

  • Мен үйге барамын.

  • Ол қайда барады?

  • Ол дүкенге барады.

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға барады етістігінің болымсыз түрін түсіндіріледі: Ол барады. Ол бармайды.

(Ұ) 4– тапсырмада оқушылар барады, бармайды етістігінің қолданысын берілген сөйлемді толықтырып айту арқылы қайталайды. Осы тапсырмада берілген «Сенің досың қайда барады?» деген сұрақ бойынша оқушылар өздерінің достарының қайда баратынын туралы айту арқылы бару етістігін ІІІ жақта қолданады.

(МК, Ұ) Ә дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Аудио дискіден ә дыбысының айтылуын және ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Оқушыларға ә дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады. Мәселен ә дыбысын айтқан кезде жақ кең ашылып, ауа еркін шығады. Тіл төменгі тістерге тіреледі. Сондай-ақ тілдің алға-артқа жылжуынан дауыстылар жуан, жіңішке болып түрленетіні белгілі. Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке айтылуын жуан, жіңішке дауыстыларды (буындарды) салыстыра беру арқылы жаттықтыруға болады. Мысалы: ма-мә.

Оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік беріп, ә дыбысының дауысты екенін және оқулықта дауысты дыбыстар ұызыл түспен, дауыссыз дыбыстар көк түспен берілетінін айтамыз.

Ә дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеміз. Олар: әже, әке, әріп. Сонымен қатар Ә дыбысынан басталатын есімдер туралы ақпарат береміз (Әсет, Әділет, Әнел, т.б.)

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқулықпен жұмыс барысындағы алған біліімдерін бекіте түседі.

Қосымша тапсырмалар арқылы оқушы сабақта алған білімдерін нығайтады, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.


Оқулық.





Аудиодиск: 5.2.1.; 5.2.3; 5.2.5

















































































2 жұмыс дәптері



Қосымша тапсырма 5.2.


Сабақтың соңы

31-35

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатылады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.

Shape3 Shape4 Shape2 Shape1

Жаңа нәрсе білдім

түсінікті болды

Белсенді қатыстым

Қызықты болды

Қосымша ақпарат

Қорытындылау


Сабақ барысында енгізілген өзгерістер:

Жүргізілген жұмыстың тиімділігі:

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

Сабақты қандай әдіс-тәсілдер жақсартар еді?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!