Материалдар / Оларды еліміз мақтан етеді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оларды еліміз мақтан етеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінің мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2019
441
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оларды – еліміз мақтан тұтады.


Мақсаты: Оқушыларды , Отанды, елді, жерді сүйюге, ел тарихы үшін туған азаматтарды құрметтеп, олардың ерліктері мен еңбектерін мақтан тұтып жүруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ел үшін туған азаматтардың суреттері мен фото буклеттері, еңбектері жайлы жинақтар бұрышы,сынып іші гүлдермен, шарлармен безендірілген.

Тәрбие сағаттың барысы.

Мұғалім сөзі:

Армысыздар әріптестер, аяулы ұстаздар! «Оларды –еліміз мақтан тұтады!» тәрбие сағатының мазмұны мен маңызын таныстырып өтейін. Бүгінгі тәуелсіздікке жету жолында талай адамдардың еңбегі зор болды. Соның ішінде ғасырының ғажап азаматы, еліміздің тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев

Ол елі, жері үшін еңбек етті. Бүгінгі қазақстан жерін дүние жүзіне танымал ету үшін қиын қыстау кезеңдерден қазақ халқын жарыққа алып шықты. Тәуелсіз Қазақстанымыз бой көтергеннен бастап талай азаматтарымыз еңбегі мен ерліктерін мақтан тұтамыз.


1-жүргізуші: Аружан

Сәлеметсіздер ме аяулы ұстаздар, бармсысыздар бауырлар 7-сыныптың «Оларды –еліміз мақтан тұтады!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.


2-жүргізуші: Әсел

ХХІ ғасыр-білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз-өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 20-жылдығына үлес қосқан даналарымыздың шежіресіне ой жіберейік.


1-жүргізуші: Түрлі елдердің танымал саясаттанушылары мен сарапшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңістіктің саяси өмірінде ғана емес, сонымен қатар қазіргі бүкіл дүниежүзілік қауымдастыққа да бірегей құбылыс болып табылатындығын айтады. Нұрсұлтан Назарбаев – бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлылықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.


1-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей «таршылық жағдайда» өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналатын. Мектепте өте ыждағаттылықпен оқып, көп қиналмай жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты,ғ оларда таусылмайтын ақыл кеңестерімен өмір жолын дұрыс көрсете білді.


2-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен сол жылдары Кеңес одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз уақыт еңбек еткеннен кейін біртоп қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл уақытта өнім бере бастаған комбинатқа қайтып келгенсоң шойын құюшы, домна пешінің көрікшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.


3-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері бойынша жарқырап көрінді, іс жүзінде алдымен жастардың, содан соң партияның ұйтқысына айналған ол қызмет сатысында тез жоғарылап, қалалық, облықтық және Республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Өзінің туған металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. 1


4-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болатын. Өндірістік, экономикалық және әлеуметтік проблемаларды жетік білуі, жұртшылықпен жақсы тіл табыса алуы, олардың қажеттіліктерін терең түсінуі, өз көзқарасы мен сенімін табандылықпен қорғай білуі, принципшілдігі мен биік беделі Нұрсұлтан Назарбаевты қоғамдық жұмысқа болуына ықпал етіп, осылайша оның саяси өмірбаяны басталды.


5-оқушы: 1-желтоқсан 1991 жылы жалпы халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі мен халықтың ғасырлар аңсаған арманының орындалуы-1991 жылғы 16-желтоқсанда жарияланған жаңа Тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасының ұлттық мемлекеттігінің жаңғыруы тығыз байланысты. Тәуелсіздік туы көтерілгеніне биыл 18 жыл толып отыр.


6-оқушы: Ең бірінші бақытым-халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым-тілоім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түнілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші-Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсыңба,

Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

2-жүргізуші: ХХІ ғасыр- білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз-өткенімізді білетін, бүгінгі түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдық шежіресіне ой жіберейік.

1-жүргізуші: 1991 жыл 2-қазан. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

7-оқушы: Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Тоқтар ұшқыш болуды жастайынан армандап, аэроклубқа қатысып, парашютпен секіруге жаттығады.

Мектепті бітіргеннен кейін Армавир әскери авияция училищесін 1969 жылы үздік аяқтайды. Қиыр Шығыс әскери білімдерінде инженер-ұшқыш мамандығы бойынша қызмет атқарады. 1974 жылы ол 1-санатты ұшқыш атанады.

1988 жылы жаңа авияция техникасын сынақтан өткізуде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» Кемесімен ғарышқа ұшты. Қазіргі күні авияция генерал-полковнигі, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

2-жүргізуші:

1994 жылы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.

8-оқушы: Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев 1951 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген. Ол-Қазақстан Республикасының әрі Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері.

Талғат Мұсабаев Рига қаласындағы авияция инженерлік институтын, кейін Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін бітірді. 1986 жылы азаматтық авияциясының 30 жаттығу дайындығынан өтіп, осы саланың ұшқышы мамандығын алды.

1990 жылдан ғарышқа ұшуға дайындалып, 1991 жылы «ғарышкер -сынақшы» біліктілігін алып шығады. Ол 1994 жылдан 1 маусымынан 4 қарашасына дейін «Союз ТМ» ғарыш кемесімен ғарышта болды. Екі рет ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері. Сонымен қатар ол-гимнастика және ұшақ спорты бойынша КСРО спорт шебері. Талғат Мұсабаев Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы.

2

1-жүргізуші: Еліміздің мақтанышы болған, өзіміздің Қазығұрт ауданынан шыққан жерлесіміз ел үшін туған Ерболдай азаматымызды да мақтан тұтамыз.

9-оқушы: Ербол Отарбаев Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы Рабат ауыл округінің Еңбекші елді мекенінде дүниеге келген. «Еңбекші» орта мектебінің түлегі. Әскери борышын Ақтау қаласында ішкі әскердің түзеу мекемесін күзетумен айналысатын айдауыл полкында өтеген. Бұл қызметтің өзіне тән міндеттері жеткілікті екен. Ербол жауынгерлік қызметтің қыр-сырын тез меңгеріп әкетті. Қиын сәтте ерге тән ерлік көрсетті. Жиырмадан астам қандықол қылмыскерге жалғыз өзі қарсы тұрған он тоғыз жастағы Ербол жауынгерлік борышын адал жүрегімен атқарды. Оған дер кезінде көмекке келген прапоршик С.Үмбетқалиев пен қылмыскерлерді қоршауға алған ІІМ мен ішкі әскердің арнайы мақсаттағы жауынгерлері қашқындарға тосқауыл қойды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақордада Елбасының Жарлығымен елдің әлеуметтік экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бір топ азамат Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Ақордадағы үлкен салтанатты бас қосуда Ерболдың бойын ерекше мақтаныш сезімі биледі. Өзінің аты аталғанда толқып кетті. Аяғын нық-нық басып, ІІІ-дәрежелі «Айбын» орденін алды. «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» деген сөзді қалай айтқаны есінде жоқ. Елбасының «міне, нағыз жігітсің» деген сөзін анық естіді.

2-жүргізуші: 1992 жылы наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық.

1-жүргізуші: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.

2-жүргізуші: 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы-теңге айналымға енді.

10-оқушы: Бұлтсыз ашық аспанымдай көк туым,

Ту төрінен елге нұрын төкті күн.

Ту төбемде қанат қақты қырандай,

Қуанбаған ешбір қазақ жоқ бүгін.

Тоздырмаймыз сені ешқашан көнертіп

Ием бар де жауға бермей өлер тік.

Жаса мәңгі өз көгімде, өз туым,

Желбірей бер көсегімді көгертіп.

11-оқушы: Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңба, әнұраны бар

Айтындаршы, енді елім кем де неден?

О, дариға алтын бесік туған жер,

Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.....

Сүйем сені туған ел, ата мекен,

Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.

1-жүргізуші: 1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.

12-оқушы: «Ата Заң»

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Коституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды.

Жақсарсын деп халіміз адам құнын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де, балаға:

«Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!»

Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір,

Бізде 30-тамыз-Ата Заңның күні бұл.



3

2-жүргізуші: 1996 жылы 30-қаңтарда Қазақстанарламентінің 1-сессиясы өтті.


1-жүргізуші: 1997 жыл «Қуғын –сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.


2-жүргізуші: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.

13-оқушы: Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

1-жүргізуші: 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жарияланды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы жарияланды.


14-оқушы: 2030 барыс жылға тапсырма-

Болашақтың бүгінге беретұғын бағасы.

Егеменді елімнің көк байрағы тігілді,

Ораза ұстап, құрбан шалып жатырмыз,

Қайта тауып жоғалтқан дінімді.

Егеменді елімнің Президенті бастаған

Отанымда барлық ел-жұрт татулықты қостаған.

Жадымызда жатталсын барыс жылы деп,

Әйгіленіп әлемге, заң шығарып тастаған.


2-жүргізуші: 1999 жылы 10-қаңтар. Президент сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге Президент болып қайта сайланды.

1-жүргізуші: 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы » болып жарияланды.


2-жүргізуші: 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланды.

1-жүргізуші: 2002 жылы 23-қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.


2-жүргізуші: 2003-2005 жылдар-«Ауыл жылы»,

1-жүргізуші: 2004 жылы – «Денсаулық жылы»,


2-жүргізуші: 2005 жылы 4-желтоқсанда бүкілхалықтың Президент сайлауы болды.

1-жүргізуші: 2006 жылы 7-қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жаңарды,

«Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды.

15-оқушы: Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Нұрсұлтан ағамыз елімізде бірде-бір бала оқымай қалмауы керектігін басты назарға алды. Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шексіз.


16-оқушы: «Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

4

17-оқушы:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар-бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Ардайым елімменен кеңескен,

Шығара да алмас мәңгі ел естен.

Жас отаным біраз жылдың ішінде

Басқа елмен терезесі теңескен.

Елбасымыз, біргеміз біз өзіңмен,

Жаралғанбыз қайсар қайтпас төзімнен.

Өзіңізбен болсақ егер мәңгілік,

Әділеттің атар таңы сезілген.

2-жүргізуші: Қазір біз кішкене сауалнама өткіземіз.

- Саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай қасиетін ерекше бағалайсыңдар?

- Ол Қазақстанды қандай биікке алып шығарады деп ойлайсыңдар?

- Қазақстанның болашағы болып Елбасына айтар қандай тілектерің бар?


1-жүргізуші: Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.


18-оқушы: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

2-жүргізуші: Төле би сөзімен сынып сағаты мызды аяқтаймыз.


19-оқушы: Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сара жолың бар.


Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»


Мұғалім: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!»



















5


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!