Материалдар / "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" өлеңі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайтану пəнінен жаңа сабақ жүргізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
3743
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңаөзен қаласы №11 орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі Аязбаева Н.Х.




Сабақтың тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі


Сабақтың мақсаты: өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауын ұғындыру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, лекция

I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ


«ӨЛЕҢ - СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ» - Абайдың 1887 жылы жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 5 тармақты 15 жолдан тұрады. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіңдегі елең. Бұған шейін ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған жоқ-ты. Ақын мен ақындықтың мұрат-мақсаты туралы қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын өзге де жырлаушы, жазушы болмаған. Ең алдымен, бұл өленде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары әлеуметтік тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді.

Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді.

Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы – бәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады. Өлеңнің сол ортадағы беделін көтеру үшін пайдаланады. Болмаса, исламның анық дін басы үгітшілерінің – имам, сопыларының, молда, ишандарының көзімен қарағанда, Абай өлең сөз туралы жариялап отырған жаңалықты түгелімен күпірлік деп санар еді. Өзі бағасын көтермек болған өлеңді құдай айтқан құранмен, пайғамбар айтқан хадиспен теңеуден артық дін бұзарлық болмас. Абай оларасын жақсы ұғынса да, мына түста сол дін авторитеттерін өз керегіне жаратады. Онысы және өзінің терең нанымы емес, халық ұғымына берілген баж деп танылу керек. Осыдан ары Абай эстетикалық жаңа принцип жариялайды.

«... Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?» - дегенде, жаңа ғана осының алдында аталған исламияттік норманың барлығын оп-оңай атап өтіп, тура 1860 жылдарда Н. Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбовтай революциялық-демократтар әдебиет үшін жариялаған эстетикалық негізге ден қояды. «Іші -алтын, сырты - күміс» демек, мазмұн мен түр мәселесіне Абайдың өз көзқарасын анықтайды. Түрден мазмұн қымбатырақ, бағалырақ дегенді анық танытады. Дәл осындай озғын оймен Абай орыстың классикалық әдебиетінің ішіндегі ең биік шындығын танып, талғап алғанын керсетеді...

Осыдан кейінгі көп шумақтарда айтылатын ойларының барлығымен Абай ақындықтың, соның ішінде өз ақындығының жаңа платформасын, үлкен декларациясын жариялайды. Бұл жөнінде Абайдың толғаулы ойы, диалектикалық отрицание дәрежесіне, философиялық биікке өрлейді. Өткен тарих қалдырған әдебиетке тарихтық, философиялық қатты сынмен, қатал соқтығады. Бұрынғы қазақтың «жүйрігі, шешені»деген ескі биін мақал көлеміндегі жаттанды шешендіктен аспаған арзан ойдың көзқарасын көрсеткендер деп біледі. Әсіресе бұрынғы ақындардың кейбір топтарына ерекше қатты соқтығады.

Сатымсақ ақынды – жағымпаз, жанын жалдаған жексүрын ақын етіп, енер ұстап жүрудің орнына қайыршылыққа кеткен сорлылықты әшкерелейді... Сонымен қатар өзінің ендігі сөзі қоғамды, халықты түзейтін үлкен күш деп түсінеді. Өсиет өлең халық дертінің, тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше құрал деп біледі. Ал, Абайдың үгіттейтіні зор адамгершілік пен халықшыл, тазалық жолдар болғандықтан, өз заманындағы барлық мінді, сорақылықты сол тура жолдағы жақсы өлең-өсиетпен түгел жойып, жоғалтуға болады деп иланады...

Абай «сөз түзелді, сен де түзел» дегенде, бір-ақ ауыз өтілу сөзді айтып отырған жоқ. Осыдан бұрынғы жазылған және кейін жазылатын барлық шығармаларында, жаңағы сияқты өзгеше нанымды көп таратып танытады. Өзінің барлық шыншыл, әділетшіл қажырлы еңбегімен, өлең ұстаздығымен заманын түзеп алады екенмін деп түсінген. Өз еңбегін сондайлық ұлы жолдағы үлкен адам мүддесі бар, ерекше еңбек деп түсінген. Абай енді өлеңдік шығарманың өзін де жанр мен түр жағынан іріктеп, талдап алады.

«...Батырды айтсам ел шауып алған талап,

Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.

Әншейін күн өткізбек әңгімеге

Тыңдар едің бір сөзін мыңға балап», -

деген толғауда үлкен мән, терең сыр бар. Халықты тәрбиелейтін анық ұстаздық сез өзіне бөлек бір алуан болсын. Онда терең оймен, ашық шындықпен араласа үлкен тәрбиелік мән, мағына болсын дейді. Ал осылай талап қойған Абай ақындықтың көпшілігі тудыратын әңгімелі поэзия, уақиғалы, қызықсюжетті поэмаға сынмен қарайды. Оны өзі жазудан тартынады. Себебі, батырлықпен қыз, қызықты жазу, - оқушының көңілін ақын өзі баулып, бастаймын деп отырған тәрбиелік жолдан алаң етіп, аударып әкетеді. Ондай шығарманы оқушы ойланып, тәлім алатын боп оқып тыңдамай, әншейін арзан қызық, болымсыз ермек ретінде тамашалап кетеді деп біледі...

Бұрын қазақ тарихында, әлеуметтік санасында болмаған жаңалықты әкелуші ақын ең әуелі өз алдындағы тарихи ескілікпен қатты шайқасады. Ескіріп, тозып, енді өмірге жарамсыз, коне боп қалған дәстүрлерден өзінің негізін аулаққа салады. Іргесін ажыратып алып, тың дүниені тарихтық жаңа жоддан іздейді. Осылайша, ақын мен ақындық туралы, олардың қоғам тірлігіңцегі міндет, мүддесі туралы өзінің үлкен өріс арнасын саралап алып, бұдан кейінгі шығармаларында дәл осы бір өлеңде қалыптаған негіз бойынша әрекет етеді...

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.


III. Ойтолғаныс сатысы

Ақын өлеңін оқу және талдау. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы







Сөздікпен жұмыс


  • Аят (арабша) — құран сөзі.

  • Хәдис (арабша) — Мұхаммед пайғамбардың сөзі.

  • Бәйіт (арабша) —өлең. "Бәйіт мысал"— мысал өлең, үлгі-өнеге өлең. Құтпа, хотбә (арабша)—уағыз оқу, сөйлеу мағынасында.

  • Мүнәжәт, монежат (арабша) —Аллаға жалбарыну, мақтау сөз айту.

  • Уәли (арабша) — әулие, пайғамбар.



  • Өлеңнен түсінгендерін «Ішіне-сыртына» кестесін толтыру.

Ішіне: Абайдың өлеңге қоятын талаптары

Сыртына: сенің өлеңге қоятын талаптарың




Сабақты қорыту.

«Өлең - сөздің патшасы» атты туындысында:

Өлең - сөздің патшасы , сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы .

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол- ақынның білімсіз бишарасы....

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы? —

деп жауап берді.

Өлеңді "сөз патшасы" деп өте жоғары бағалай отырып, ондай өлеңді "ер данасы" ғана, яғни кемеңгер ақындар ғана қиыннан қиыстырып, тудыра алатынын айтады. Құран сөздерінің күллі мұсылманды әуеніне ұйытатын құдіреті "қисынымен қызықты болуы" деп, оны сөздің асылдығына дәлел етеді. "Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін", "айналасы теп-тегіс жұмыр" болуы, "бөтен сөзбен былғанбауы", сөйтіп, түрі мен мазмұны құп жарасып ("іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы") тұруы—ұлы Абайдың өлеңге қоятын басты талаптары.


  • Абай өлеңге қандай анықтама берген?

  • Абай ақындық пен өлеңге қандай талаптар қояды? Абайша нағыз өлең қандай болуы керек?

  • Өлеңнен ақынның тыңдаушыға арналған жолдарын табыңдар, қазіргі тыңдаушы туралы өз ойларыңды білдіріңдер.

  • Ақын қаламының сынына кімдер іліккен? Өлең жолдарымен дәлелдеңдер.


Үй тапсырмасы: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңін жаттау.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!