Материалдар / «ӨЛЕҢ КЕРНЕП БАРАДЫ ЖҮРЕГІМДІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«ӨЛЕҢ КЕРНЕП БАРАДЫ ЖҮРЕГІМДІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Ақын алты -
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
654
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтыңтақырыбы: «ӨЛЕҢ КЕРНЕП БАРАДЫ ЖҮРЕГІМДІ»


Сабақтың мақсаты:Балалар жазушы Мұзафар Әлімбаевтың өмірбаяны,шығармашылығы және еңбектерімен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқу дағдыландыру.
Көрнекіліктері:кітаптар көрмесі ,ақынның суреттері мен жазба әдебиеттері,слайд
Жүргізуші: «Тәрбие – тілден басталады» - дейді халық. Сөз маржанын тере білген, балғындардың сүйікті ақыны, көп қырлы талант иесі Мұзафар атамыздың 95 жасқа толуына орай « Өлең кернеп барады жүрегімді» атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер


Кітапханашы :

Менің атым - Мұзафар араб аты.
Оның нендей бар ғаламаты
Ол - ата - ана аңсаған ақ тілеуі,
Алдағыға тапсырған аманаты – деп
Мұзафар болашақ ұрпаққа сенім білдірген.


Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, зерттеуші Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды ауылында дүниеге келген. Ақын алты - жеті жасынан бастап мал жаюды, тезек теру, шілік шабу, отын жару, су әкелу сияқты үйдегі күнделікті жұмыстарды атқарған. Осының бәрінің де өсе келе пайдасы тиді, әсіресе әдебиетте. Солардың бәрі еңбектене білуге, еңбектен ләззат табуға үйретті.

ҚазМУ – ды тәмамдаған. Тырнақ алды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.Тұңғыш өлеңі «Қызыл ту» газетінде

1939 жылы және соғыс жылдарында майдан газеттерінде көптеген өлеңдері жарияланды.
1948 - 58 жылдары «Пионер» қазіргі (Ақ желкен) журналында соң «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі кейін бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. 1958 - 1986 жылдары «Балдырған» журналының бас редакторы болды.

1965 жылы ҚазҰУ - дыбітірген.
1952 жылы «Қарағанды жырлары» деген алғашқы жинағы жарық көрді. М. Әлімбаевтың 300 - дей өлеңіне ән жазылған, бірнеше ән кітаптары шыққан.
1953 жылы «Менің ойыншығым», 1959 жылы «Отпен ойнама», 1962 жылы «Орақ - олақ», 1977 жылы шыққан «Шынықсаң шымыр боларсың» деген кітаптары
қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды.
. Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде «Мен – түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) жинақтары жарық көрген. 
М. Әлімбаевтың мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді: «666 мақал мен мәтел» 1960 жылы, 1963 жылы «Мақал - сөздің мәйегі», 1967 жылы «Өрнекті сөз - ортақ қазына», 1970 жылы «Мақалнама», 1982 жылы«Маржан сөз», 1998 жылы «Нақылдар». 1996 жылы «Батамен ел көгерер», 1994 жылы «Халық - ғажап тәлімгер», 1996 жылы «Нақылдың төркіннамасы» деген жинақтар мен зерттеу еңбектері жарық көрген.Сын - зерттеу саласында «Қалам қайраты» 1976 жылы, «Көңіл күнделігінен» 1980 жылы, «Өмір, өнер, өнерпаз» 1990 жылы, «Толқыннан толқын туады» 1992 жылы, «Көргендерім көңілде» 1992 жылы шыққан еңбектері бар.Әлем әдебиеттерінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды.Мұзафар Әлімбаевтың өлеңдері 38 тілге аударылды.
1978 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1994 жылы Қазақстанның халық жазушысы деген атаққа ие болған.
1993 жылы Ы. Алтынсарин атындағы медальдің иегері, 1995 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. 1984 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының, 1992 жылы жазушылар одағы «Алаш» сыйлығының, 1996 жылы Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты болды.Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан.
1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996). Қазақстан Республикасының Әнұраны авторларының бірі.Отан соғысының бірінші және екінші дәрежелі ордендерімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Отан» орденімен марапатталған.


Қазылар алқасын сайлаймыз

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Әжібаев Жандос

Қазақ тілі пәнінің бірлестігі : Оңласын Камшат

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Дайрабаева Айман


Кітапханашы

Ендігі кезекте 5 «Б » сыныбының мәнерлеп оқу сайысымыз ашық деп жариялаймыз.


Аударып кітап - дала көне бетін,
Жаяды жаңа бетін - кереметін.
Абайдың жырлағандай оқи берсең,
Рақатқа жаның батып кенелетін, деп Мұзафар атамыздың өзі айтқандай өлеңдерін оқимыз. «Бүлдірмейміз кітапты», «Рахат қой салқын су», «Құмырсқалар » , «Кемпірқосақ » «Қошақан мен Ошағанның сырласуы »өлеңі оқылады.

ДалабайТолғанай, Қайратқызы Беназир, Құлбатыр Төлек ,Мұрат Қарақат,ӘскербекДиана

Кітапханашы

Ойға баттым,
Қиял тербеп,
Бойды қызу
Өлең кернеп, барады өлеңдері «Әлихан Бөкейхан» , «Мұстафа Шоқай», «Атақ-даңқ қалай шығады», «Жаңғақ пен есік » кезекті өлеңі оқылады. АбдырахманАйгерім,Балғабайқызы Аянат,Әуез Меруерт, БегасылАяулым

Кітапханашы
Ақын - жазушыларға, , батырларға ,аңыз-ертегілерге арнаған өлеңдері оқылады.
«Асан қайғы», «Хан Абылай », «Хан қызы».

Әбу Малика , Аманбай Нұрбек, Үсенбай Жанел,Аңламас Бақнұр

КітапханашыҚазақстан жұртшылығы қазақ әдебиетімен руханиятымен орны толмас ауыр қазаға душар болды.95 жасқа қараған шағында. «Ұмытпа сен өмірдің тұрғыны емес, жолаушысы ғанасың »,деген Лев Толстой сөзімен артында қалған мол мұрасы халыққа қызмет ете береді деп өзімді қанша жұбатсам көңілім көшкен елдің жұртындай құлазып тұр... Қош бол ,қоштасуға қимайтын асыл аға ,ақылман абыз Мұзаға











Ендігі кезекте қазылар алқасына сөз кезегіне береміз. Қазылар алқасы өз қорытындыларының шешімін шығарды,шығара отырып осы аталған оқушылар мадақтама қағазын алды

I орын Абдырахман Айгерім

II орын Әбу Малика

IIIорын Далабай Толғанай



Алғыс хатпен марапатталғандар :

Құлбатыр Төлек,Әскербек Диана,Үсенбай Жанел, Аңламас Бақнұр

Оқушыларға алғыстарын білдірді

Кітапханашы:

«Балалықтың бал сыры қаламынан тараған » көрмемен таныстырдым . Қорыта айтқандаМұзафар Әлімбаев үлкен ғұлама ,данышпан ,кемеңгер жазушы.Өзім өте қадірлейтін, халық сүйетін осы бір үлкен ,өзінің данышпандығы мен халыққа өте жақын бола білген ағамыздың жазғандары тек қана бір ұлттың емес,күллі әлем халықтарының,оқырмандарының рухани қазынасы деп есептеймін.

Амалсыздан өлімге пенде болдым

Достарымды көмгенді ,мен де өлдім.

Жүзімдігі әжімді санамаңдар,

Жүрегімді неше рет жерге көмдім (М.Әлімбаев)






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!