Материалдар / Өлең, мен сені аялап өтем !

Өлең, мен сені аялап өтем !

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқырмандарға Фариза Оңғарсынованың өмірі мен, шығармашылығын таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау, халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Өлең, мен сені аялап өтем!

Құрметті ұстаздар,оқырмандар «Бір ел – бір кітап» таңдауы бойынша «Дауа» лирикалық жыр жинағының авторы поэзия сандуғашы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты әдеби кешіне қош келіпсіздер!Мақсаты: Оқырмандарға Фариза Оңғарсынованың өмірі мен, шығармашылығын таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу қабілетін шыңдау, халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Тәрбиелігі: Фариза Оңғарсынованың өмірі мен қызметіне нақты мысалдар келтіре отырып,оқырмандарды оның өнегелі жырларынан үлгі алуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: ақын портреті, фотосуреттер және кітап-журналдар мен көркемделген көрме.Кітапханашы: Дара күндерімнің, нала түндерімнің серігі болғаның үшін, сенімі болғаның үшінмен сені аялаймын. Біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, жаным мұздаған кезде мен сені саялаймын өлең – деп өз өмірін шығармашылыққа арнаған ақын қыз 25 желтоқсан 1939 жылы Атырау облысы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туылған. Анасы Халима әкесі Иманғалиұлы Оңғарсынның отбасында оныншы перзент болып дүниеге келген. Әкесі Фариза білмес бұрын бір-ақ күн ауырып дүние салған. Анасы Халима көп сөйлемейтін сөйлесе ылғи мақалдап сөйлейтін, рухани қуатты, сұлу қараторы болған. Үйдің тұңғышы – Бағша. Одан кейін Рабилә. Ол 1944 жылы қыста 5-6 күн ауырып дүние салған. Рабиләға тете Бақтығұл 9 сыныпта оқып жүріп 1942 жылы қайтыс болған. Одан кішісі Махиз. Фаризаның анасы. «Ақ жұмыртқадай жеті баламды жер алды, ең нашар, көріксіз үшеуіңді қалдырды – түрлерің қап-қара, үшеуің де нағашыларыңа тартқасыңдар»-деп айтатын. Нағашысы Есенғұлдың (Беріштен тарайды) ішіндегі Қара кейкі деген атадан екен.Ең алғаш өз бетімен оқыған шығармасы, жоғарғы кластың әдебиет оқулығындағы «Қорғансыздың күні» әңгімесі – міне осындай әдебиеттермен сусындаған ақын Фаризаның балалық шақтағы ертегі әлемі «Қыз Жібек», (Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Айман-Шолпан», «Қобыланды батыр» жырлары болған. Мектепте оқыды. Гурьев мемлекеттік педагогикалық институттың тіл-әдебиет бөлімінде оқыды. Институт бітіргесін, еңбек жолын Балықшы ауданына қарасты Еркінқала орта мектебінде бастады. Одан соң Гурьев (қазіргі Атырау) облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») Батыс облыстарда меншікті тілшісі болып бастаған Фариза апай, кейінірек Алматыға келіп, 1970-1978 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналдарының бас редакторы болып қызмет атқарған.







4-5 сыныпта оқып жүрген кезі. Сыныпта Ғайнолла деген ұл бар еді. Алып-ұшқан, ұрыншақтау, қағылез, сары бала Ләззат есімді қызбен қағысып қалады. Ләззат оны итеріп жіберіп еді, бала жерге құлап түсті.Балалар күліп мәз-мейрам. Сонда Фаризаның аузына мынадай жолдар келді.Ғайнаолланы қара.Қиқаңдаған бала,Ләззатты қолменҰрып қалды жаңа.Жылтың-жылтың көзі,Былдыр-былдыр сөзі,Ұрамын деп қыздан,Таяқ жеді өзі.Балалар аң-таң. «Әй, Фәри сен ақынсың ба?-деп ауыздарын ашып, таң-тамаша.- Өзің шығардың ба? Қайта айтшы?- деп бәрі қолқа салуда.Олар бұл жаңалықты үйлеріне айтып барды. Кешке қарай ауыл әйелдері бір-бірден келіп: «Сенің кенжең өлең шығарады екен ғой!»-деп «құтты болсын» айтып жатты. Сол күні кеште оқушы Фариза төсекке «ақынмын» деген сеніммен жатқаны есінде. Сол күннен бастап ептеп өлең құрастырып, «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» газетіне жіберетін болды. Бірде сабақтан келгенде, анасы саған Алматыдан хат келді,-деді. Ашып қарады да, сол жерде шешесіне дауыстап тұрып оқып берді. «Қазақстан пионері» газетінің редакциясынан екен.«Фариза!Жіберген өлеңіңді алдық. Өлең жазғаның оны редакцияға жібергенің өте дұрыс. Әзірге өлеңдерің газетке жариялауға келіңкіремей жатыр. Бірақ бұған ренжіме! Кітапты көп оқы. Жазғандарыңның өзіңе өте ұнайтынын бізге жіберіп тұр. Сәлеммен. С.Сарғасқаев.»Сол күні төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қалды. Сөйтіп өлеңге деген құштарлық басталды. Олар қалай шығып жатыр, арасында іліп алары бірдеме бар ма, жоқ құр шимай ма оны біліп жатқан және көрсетіп оқытып, пікірін білетін ешкім жоқ. Оқушы Фариза өз қолымен домбыра да жасады. Талаптанып біраз күйлерді, әндерді тартатын халге жетті. Үйдегі кітаптардың бәрін оқып бітірді. Аптасына бір-екі хатты Алматыға жолдайтын болды. Арада бір жыл өтті. Өлеңі жарияланбаса да, құштарлығы басылған жоқ. Жетінші сыныпта жүргенде «Қазақстан пионері» газеті «Балалар творчествосы» деген айдармен бір бетті алып жатқан өлең, әңгімелердің қақа басына екі шумақ өлеңін шығарып қойыпты. Бұл оқушы қыз Фаризаның өлең әлеміндегі тұсауы кесілген күн еді...Кітапханашы:Әр ақынның өз ерекшелігі болады. Фаризаның жырларында жайықтың суындай жағаны соққан адуынды көңіл-күй сезіледі. Оның өлеңдері Каспийдің алапат толқынындай айбынды. Каспийдің аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ. Ақынның балаларға арналған «Сөз сыры, «Алғашқы сабақ», «Аударма» кітаптары бар. «Сөз сыры» кітабында қазақтың ауыз әдебиетінің көркем бөлігі болып қалыптасқан түрлі мақал-мәтелдердің мағанасын ашып, қазақы салт-дәстүрлерді әдемі мысалдармен үштастырған.







Ал «Алғашқы сабақ» аталатын кітабында балабақша мен бастауыш сынып оқушыларына арналған тақпақтар,тәрбиелік мәнді өлеңдер берілген. «Аударма» кітабында орыс халқының қазіргі заманғы көрнекті жазушысы В.Распутиннің, С.Баруздиннің әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Ақынның жас оқырмандарға арналған өлең - жырлары да өте мол. Фариза Оңғарсынова - туған ел мен жерге деген сүйіспеншілігін, ауылға, Отанға деген сезімін және өзінің ұлтын ерекше құрметтейтін жан.1-оқушы: «Туған ел».2-оқушы: « О,туған жер...»3-оқушы: «Туған жер,туған ауыл қымбат маған..»Кітапханашы: Ф.Оңғарсынованың ақын ретіндегі басты тақырыбы - өлең өнері. Шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан сәбиді жылы құшағына алып, әлдиін жырлайтын ана. Бала үшін ең бақытты сәт анасының жұмсақ алақанында жатқаны болса ананың шаттыққа толы сәті, сәбиінің кіршіксіз шат күлкісі, бала махаббаты.1-оқушы: «Анама».2-оқушы: «Алақандағы жазу».3-оқушы: «Ақ мамам».7-оқушы: Кітаптан үзінді. «Менің өмірбаяным»Кітапханашы: Фариза өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын.8-оқушы: «Оюлар»9-оқушы: «Киіз үй»10-оқушы: «Ер-тұрман»Кітапханашы:Ақынға бала кезінде үлкен әсер еткен тағы бәр жәй – қырдың түнгі аспаны. Жазда, күзде, көктемде жатар алдында далаға шықсаң, аспан беті самсаған жұлдызға толып, өзінің құпия әлеміне жымыңдап шақырғандай әсер береді. Жеті қарақшы, Үркер, Ақбоз ат пен Көк боз ат, құс жолы... Осының бәрі адамды ойға, дүниенің неше түрлі құпияға толы әлеміне жетелейді....11-оқушы: «Шуағын төгіп күн шығып...»12-оқушы: «Жеті қарақшы мен Үркер туралы аңыз». Кітапханашы:Ақын-өз заманының ар ұжданы.Ол болашақ үшін өмір сүреді.Әлденеден мұңайған кезде,біреудің пасықтығынан жүрегі мүздаған кезде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі –дауасы поэзия. Оның туындылары әлемнің көптеген тілдерінде аударылып,бүгінде өз оқырманын тапқан.Ақын шығармашылығын жүздеген ғалымдар зеріттеп, мыңдаған жас жаттап,милиондаған оқырман көңілінің кілітін тапқан. 1966 жылы «Сандуғаш» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Маңғыстау маржандары», «Шілде», «Жүрек күнделігі», «Сұхбат», «Шашы ағарған қыз» т.б.өлең жинақтары шыққан.Чили халқының ұлы ақыны Пабло Неруданың «Жүректегі төрт мезгіл» поэтикалық кітабын, сондай-ақА.А.Блоктың, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ал бүгін оқырмандарға ақынның «Атаұра» баспасынан 2002 жылы басылып шыққан, биыл «Бір ел – бір кітап» таңдауы бойынша оқырмандарға ұсынылып отырған «Дауа» жыр жинағына кезк берейік. Фариза Оңғарсынованың бұл жинағы таңдамалы өлеңдерден тұрады.











Жыр жазу деген-азап,отәйел боп туған болмысқа,жанында титтей маза жоқ,жолың да тайғақ,қол қысқа. Табиғатыңнан шыға алмай, әйелдігіңе тұсалып, талантың арбап жыландай шағады сені құса ғып-деп жырлағындай кезекті оқырмандарға берейік....«Менде бір толғаныс бар...» «Мен бір қызық адаммын...»...«Тағдыр жайлы,ел жайлы,қаза жайлы...»...«Оян, ар мен адалдық...»...«Неге осы жұрт билікке таласады?»...«Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды...»...«Мансап үйі»...«Айнаға қарау»...«Жетімхана»...«Бала»...«Ауыл»...«Заман құлқы»...«Сыр»...«Ұрпаққа»Жастарға тәлім-тәрбие беретін,тағдыр жайлы,ел жайлы,қаза жайлы санасына ой салатын,ақынның жыр жолдары осындай. Және де бұл жинаққа салт-дәстүр, туған ел, махаббат, билік пен мансап, ар ұждан жайлы және арнау өлеңдері жйнақталған.Олай болса ақындықты тәңір сыйы деп түйсек, арнау жзған, ұйқастыра білгендердің бәрі ақын емес. Оны айтасыз, нағыз ақындардың ішінен де асқақтары ай мүйізденіп, айбаттанып тұрады.Фариза сондай ақын.13-оқушы: «Өлең» Жалпы қазақ әдебиеті аталатын алып кеменің желкенін тартып, өлең арнасымен жүзгісі келетін жас талап Фариза ақынның шығармашылығын білуге тиіс деп ойлаймыз. Қазақта мың жылда бір туатын Фаризадай ақын апамыздың болғанына мың алғыс айтамыз.





























Өлең, мен сені аялап өтем!

«Дауа» лирикалық жыр жинағының авторы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби кеш.

Дайындаған: Бердешова Б.





































Шардара 2013 жыл.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ