Материалдар / Өлең сөздің даңғылы Бар қазақтың Жамбылы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлең сөздің даңғылы Бар қазақтың Жамбылы

Материал туралы қысқаша түсінік
2016-2017 оқу жылында 9 сынып оқушылармен өткен конференция сабағын жариялап отырмын. Бұл сабақ аудан көлемінде өткізілді. Сабақта тақырыпқа байланысты слайд жүргізілді. АКТ арқылы Жамбыл атамыздың өмір баяны көрсетілді. Кітаптар көрмесін ұйымдастырдым. Оқушылар арасында Жамбыл өлеңдерін жатқа айту бойынша жарыс өткізілді. Өмірі жайында толық мағлұмат берілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1077
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Өлең сөздің даңғылы Бар қазақтың Жамбылы »



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл

Жабаевтың өмірі, творчествосы, айтыскер ақын екендігі

түсіндіру.



Сабақтың түрі: конференция сабағы

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, бүктемелер, ақынның суреттері,

ұлы адамдардың ақын туралы айтқан қанатты сөздері

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Кітапханашы: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар!

«Өлең сөздің даңғылы Бар қазақтың Жамбылы»

Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған конференция сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Конференция сабағымыз 4 бөлімнен тұрады

1 Ж.Жабаевтың өмірі мен творчествосы

2 Менің пірім- Суйінбай Сөз сөйлемей сыйымбай

3 Жамбылдың ақындық өнері

4 Жамбыл – соғыс жылдарында

Жамбыл менің жай атым,

Халық менің шын атым.

Жол құйрығым, қанатым,

Кеңесші елім, Отаным.

Жамбыл Жабаевтің өмірі мен творчествасы.

1846 жылы ақпанда Жамбыл дүниеге келген. Ата-бабалары Ұлы жүз, Шапырашты, Екей деген елден тарайды.XIX ғасырдың қырқыншы жылдары Шапырашты рулары Қоқан, Хиуа хандығының шапқыншылығынан, патшалық империяның билеу тәртібінің қатаңдығынан және күнгей Алатаудағы шоң манаптар Орманхан мен хан Жантайлардың феодалдық барынталарынан қатты күйзеліске ұшырағандықтан Сарыарқаны беттеп, Шу өзенінің солтүстік ағысындағы қалтарысы көп хан және Жамбыл тауларына барып ықтаған.

1-оқушы.: Жамбылдың әкесі Жабай (Жапа), шешесі Улдан баласының атын өздерінің көшіп- қонып жүрген Жамбыл тауының атымен атаған.

Шапырашты,Екей елінің негізгі қоныстаған қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданының территориясына қарайды.

Ақын іздей бастасақ,

Біз Абайға үңілдік.

Жақын іздей бастасақ.

Біз Жамбылға жүгіндік.

Жамбыл өз еңбегімен, өз жырларымен өзінің ұлы тұлға, жылпоз жыршы екенін дәлелдеп кеткен ақын.Біздің міндет, біздің борыш-соны сақтау,ұрпаққа жеткізу.Қолына қалам ұстаған әрбір адамның алдында үш міндет болады.Ол –үш ұлылықа тағзым ету,яғни Шыңғыс тауда-Абайға,Нарында- Махамбетке,Алатауда-Жамбылға.Сонда ғана ол өзін толық мәніндегі қаламгермін деп сезінуі керек.Жамбыл шын мәнінде халық ішінен қайнап шыққан нағыз халық ақыны еді.

2-оқушы: Өлең сөздің даңғылы,Бар қазақтың Жамбылы деген сөз дәл айтылған.Жамбыл бойынан,оның өлең-жырларынан өзінің туған қазақ халқына тән кеңпейілділік пен дархандықтық, адалдық пен адамгершіліктің, қарапайымдылық пен қайсарлықтық, ынтымақ пен бірліктің, бауырмалдық пен достықтың, өлең жырды ағыл-тегіл төге жырлайтын ақындықтың алғырлық пен тапқырлықтың небір сиқыр құдіретін табамыз.

Менің пірім- Суйінбай Сөз сөйлемей сыйымбай

Кітапханашы: Мен бір биік бәйтерек,

Көкке бойым бойлаған.

Қармақты терең тамырым,

Жайылып жерді шарлаған.

Бәйтерекпін дегенім-

Жасым жүзді қармаған,

Тамырым терең дегенім-

Халқым гой күшті қаулаған.

3-оқушы: Жамбыл балалық бал дәурен кезінен бастап- ақ өлең- жырға, ән- куйге құмар болып өседі.Шыншыл әділ сөйлеуге, әзіл- оспақ тапқыр сөздерді қиыстырып айтуға әуестенеді. Ол жастайынан нағашысы Қанаданнан қобыз тартуды үйренеді.Жамбыл бала кезінде Алатау атырвбына атағы әйгілі Сүйінбай ақынның үйінің тұсына келіп:

Ей-й, өлеңім келді жол шегіп,

Осынау елге алыстан

Түн болды, үйге ен дейтін,

Табылмай тұр жаныс жан

Күннің көзін жасырар

Аспанды бұлт торласа

Елдің бағы ашылар әділеттік орнаса.

Жүйрік жүйіткіп самғайды

Аяқтан біреу шалмаса.

4-оқушы: Сүйінбайдың өз термесін төкпелейді Сүйінбай жастықтан басын жұлып алады да:

-Мынау менің сөзім ғой, оны айтып тұрған кім екен? Ақын болсаң, үйге кір, жасқанба!

  • Ол жөн сұрайды

  • Қай туған баласың

  • Шапырашты Жабай баласы Жамбылмын

  • Е,е Шапыраштыңы бір шыршы бала бар деуші еді, сол сен екенсің ғой!

Ұстаз бек шәкірт ең алғаш осылай кездесіп жанында. Жамбыл өзі аңсап келген ұстазы алдына әуелі жасқана, имене отырып, қыза келе бар өнерін төгеді. Жамбылдың өнеріне Сүйінбай да, оның зайыбы Еңлік те риза болады.

  • Отағасы- ау, мынадай жас ақынға сый- сыйласақ болар,- деп шәкірт алдына жібек шапан қояды. Жамбыл оны Сүйінбай ұстазының иығына жабады да:

  • Маған сіздің батаңыз да жетіп жатыр,- (деп қолын жаяды).

  • Қарт жырау: - Осы шабысыңнан тайма, өлең- жырды дауылдата бер! Домбыра- садақ болсын, өлең сол садақтың оғы, оны шебер пайдалана біл. Ең бастысы: шыншыл, әділ бол, халықтың ойындағысын таба сөйле, дұшпаныңа батыл,досыңа асыл бол!



5-оқушы: О, Жамбыл бата дедің- бердім саған,

Бақытты, өмірлі бол, жүргін аман!

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қимаған былай шығып кінә маған.

Соңынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңне балың талмасын сорлаған

Жапаға риза болсын айта барғын

Осымен өкпелемей жүрсін маған.

Әумин деп қолдарын жайып, бата қабыл болсын десті.

Міне, содан былай қарай Жамбыл



Менің пірім Сүйінбай,

Сөз сөйлемей сыйымбай-

Сырлы сұлу сөздерді

Маған тартқан сыйындай

Сүйінбай деп сөйлесем

Сөз келеді бұрқырай

Қара дауыл құйындай,- деп өлең- жырды қардай боратқан



Жамбылдың ақындық өнері

Кітапханашы: Домбырасын серік қып,

Өткізді Жамбыл ғасырды,

Өлеңді төгіп өрнектер,

Асулардан асырды.

Қара терге майланып,

Еңбегі кетіп далаға

Тойса тойып тамағы,

Тоймаған аш жүрді...

Қалың халық көтерген,

Өмірдің ауыр зіл тасын,

Жылдан- жылға тасыды.

6-оқушы: Жамбылдың әсіресе екі өнері ерекше бірінші- айтыста ешкімге дес бермейді, екінші- ежелгі Шығыс пен қазақ, қырғыздардың ерлік, батырлық эпостарын жатқа айтқан! Мысалы: бір ғана «Көрұғлы» деген дастанын он бес кун жырлаған.

Ақынның оннан астам айтыстары сақталған.Жамбыл Бөлек қызымен,Айкүміспен,Бақтыбаймен,Майкөтбен,Құлмахамбетпен,Досмахамбетпен,

Шашубаймен айтысқан.

Жамбыл жырлаған лиро-этикалық ірі дастандар: «1001 түн», «Ләйлі-Мәжнүн», «Қыз-Жібек», «Орақ-Мамай», «Едіге,Қабанбай,Бөгенбай,Өтеген,Сураншы батыр», т.б.







Жамбыл- соғыс жылдарында



Кітапханашы: 1941 жыл 22 мауысым таңғы сағат 400 «Тыңдаңыздар!Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва.Фашистік Германия Кеңестер Одағына опасыздықпен басып кірді.»

7-оқушы: Асқар таудай едіме

Байтақ жатқан жеріме

Шапты фашист дегенде

Ашуменен аралас

Жыр да келді көмейге

Қаһар қаулап денемде

Көз жібердім мен елге

Сонда елімнің түрінен

Тастай болып түйілген

Қаһармандық аңғардым

Жау сазайын берерге

Жау тиді деп саспастан

Аяқтарын нық басқан

Айбатынан көресің

Аспанмен күші астасқан!

Құйған құрыш тәрізді-

Тұлғасында құшті ызғар

Батырлықпен ұштасқан.

8-оқушы: Фашистік Германия Кеңестер Одағының шекарасын бұзып,басқыншылық соғыс бастады,деген суық хабарды қарт Жамбыл емханада жатып естіп,дереу туған жеріне оралады.Отанды қайткенде де қорғап қалуға шақырған патриоттық өлеңдерін шығарады.

1941 жылы 4 қыркүйекте «Ленинград жаудың қоршауында қалды,сақтаныңдар»дегн хабар таратылды.Осы кезде Жамбыл «Ленинградтық өрендерім» өлеңін жариялады.

Ленинград қорғаушы жауынгер-жазушы Всеволод Вишневский плакаттардан Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім»деген өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық, жылап тұрып оқыдық.Сонда қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне риза болдық! Деп жазған сөзі орталық «Правда» газетінде жариялаған сол плакаттың бірінші саны қазіргі кезде Ленинградтағы Петропавл қамалында мәңгі сақталуға қойылған.



9-оқушы: 1945 жылы 22 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 55 минутта Кеңес Одағының Ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың жүрегі соғуын тоқтатты .

23 маусым күні Қазақстанның халық ақыны «ХХ ғасырдың Гомері» жүз жасаған Жамбыл Жабаев қайтыс болғанын хабарлады.

1946 жылы 8 шілдеде Жамбылдың музейі мен мавзолейі ашылды.Қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың атында бір облыс,бір қала, бірнеше аудан,көптеген ауылдар,мектептер аталады,соның біреуі өзіміздің мектеп.



10-оқушы: Жамбыл отыр сарнаған

Елге сөзін арнаған

Жыр да кепті төгіліп

Тасыған судай арнадан

Жамбылдың жағы талмаған

Жері жоқ Жамбыл бармаған

Жүйрік тарлан секілді

Жүгірістен танбаған

Таудан ұшқан қырандай

Қонар жерін таңдаған

Денесі қызып алғанда

Алдына жан салмаған

Қызып Жамбыл шапқанда

Кімдер жолда қалмаған



Кітапханашы: «Өлең сөздің даңғылы

Бар қазақтың Жамбылы » атты конференция сабағымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!