Материалдар / Өлең сөздің патшасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өлең сөздің патшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
780
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы

3,4 сыныптар  
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер 
Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы 
насихаттау. 
Міндеті: 1.Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем

сөздің мәйегін бойына сіңдіру. 
2. Қанымызда бар шешен де тауып шебер сөйлеуді ұрпақ 
бойынан көру. 
3. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына 
мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, 
қастерлей білуге баулу. 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео слайд, музыкалық әуен,ақынның

портреті,қара сөздері,шығармашылығы туралы бұрыш.
І жүргізуші: 
Дана Абайды 
Қазақтың ақылына балаймын. 
Туатұғын алдынан ғасырына балаймын! 
Ақылының нұры бар, Абайы бар қазақтың, 
Жан алаңы, мұңы бар- қазағы бар Абайдың. 
ІІ жүргізуші: 
Арлы Абайды 
Қазақтың қайраты деп ұғамын, 
Қайда барса айбыны, айбаты деп ұғамын! 
Жер шарының шиырлап, қай жағынан шығайын, 
Құбылаға бұрғандай, Абайға бет бұрамын!

І жүргізуші: 
Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы - мәңгілік мұра. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. 
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты сайысымызға хош келдіңіздер! 
І жүргізуші: 
Сайыс шарттарымен таныс болыңыздар. Сайыс 3 кезеңнен тұрады. 
1-кезең: «Зымыран» сұрақтары


2-кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Шарты: берілген өлеңдердің жалғасын табу


3-кезең: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы »

Шарты: Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп айту 
ІІ жүргізуші: 
Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар. 
Қазылар алқасы:__________________________________________
І жүргізуші: 
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға, 
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға. 
Қошеметтеп, көрермен, қол соғыңдар 
Сайысқа қатысушы тұлғаларға,- дей отырып, сайыстың

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысында бақ сынайтын сайыскерлерге кезек береміз. 


Сайысқа 3,4 сыныптар қатысады. ІІ топқа бөлінеді, тапсырмалар жас ерекшелігіне қарай беріледі.


(Зал қараңғыланып, тақтада Абай портреті ілініп тұрады. Оқушылардан кім екендігі сұралады. Ендеше, оқушылар бүгін Абай атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы болмақ.)

Тақтадан Абай атамыздың өмірі жайлы видео слайды көрсетіледі.

ІІ жүргізуші: 
Әсем әннен ғажап ләззатты үн шығар, 
Ойы сергек жан оны ұғар, 
Бар сезіміңді қозғар ән-күйге 
Жастар, тілімді ал, бол құмар,- деп Абай атамыз да ән өнерін аса жоғары бағалағаны белгілі. 
І жүргізуші: 
Олай болса,
«Зымыран» сұрақтарына кезек берейік

Сұрақтар оқушылардың жас ерекшелігіне қарай қоямын.

3-сыныптарға

  1. Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? (10 тамыз, 1845ж)

  2. Абай Құнанбаевтың туған жерін ата.(Семей облысы,Қарқаралы ауылы)

  3. Абайдың әкесі кім? (Өскенбайұлы Құнанбай)

  4. Анасы кім? (Ұлжан)

  5. Абайдың әжесі кім? (Зере)

  6. Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім? (Абай)

4-сыныптарға

  1. Абай Құнанбаев неше жасынан өлең жазған. (10 жасынан)

  2. Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? (45)

  3. Абайдың азан шақырып қойған аты кім? (Ибраһим)

  4. Абай Құнанбаев қандай ақын? (ағартушы, философ, копазитор, саяси қайраткер)

  5. Абай Құнанбаевтың алғашқы ұстазы кім? (Ғабитжан молдадан дәріс алған)

  1. жүргізуші: 
    Өзің едің өлең-жырдың тарланы, 
    Шоқ жұлдыздай биік туған арманы. 
    Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым, 
    Қолдасын деп Абай ата аруағы –дей келе келесі бөлімге де кезек берейік.
    «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Шарты: берілген өлеңдердің жалғасын табу


Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба.

Ойнап босқа күлуге,

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрседен асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көрсеңіз.

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисағыз?

Болмасаң да ұқсап бақ.


ІІ жүргізуші: 
Поэзия әлеміне самғадың, 
Әділетті көксеуден еш талмадың. 
Ақындардың көшбасшысы атанып, 
Ел аузында мәңгі қалды жазғаның- дей келе бөлімге де кезек берейік.

«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»

Шарты: Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп айту 
І жүргізуші: 
Орындалмай қалды қанша арманы, 
Жас ақындар өнеріңді жалғады. 
Ұрпақтарың есіне алып өзіңді, 
Жауһар жырмен мүсініңді сомдады. 
ІІ жүргізуші: 
Құрметті жыр сүйер қауым, бүгінгі сайысқа арналған ән-шашуды қабыл алыңыздар. 
Ән:  
«Көбелек»
І жүргізуші:
 
Бойларыңда от бар екен байқадық, 

Жүректерде шоқ бар екен байқадық. 
Әрқашанда осы шоқты өшірмей, 
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,- деген ізгі тілекпен сайыс жеңімпаздарын марапаттау үшін қорытынды сөз әділқазылар алқасына беріледі. 


І жүргізуші: 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

Қиыннан қиыстырар ер данасы,

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы – дей келе бүгінгі сайысымыз аяқталды.

Сау болыңыздар!





































104 жалпы білім беретін мектеп

















Тақырыбы: Өлең – сөздің патшасы, сөз

сарасы мәнерлеп оқу байқауы

2,3,4 сыныптар



Қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі:Қуанбаева А.С.













Алматы қаласы 2015 жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!