Материалдар / «Өлең,мен сені аялап өтем...» Қазақтың ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналған әдеби кеш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өлең,мен сені аялап өтем...» Қазақтың ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналған әдеби кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналған әдеби кеш. Оқушылар Ф.Оңғарсынованың шығармашлығымен танысады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
1558
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі







«Өлең,мен сені аялап өтем...»

Қазақтың ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналған әдеби кеш






Момбекова Салтанат Төлегенқызы













Таукент кенті












Өлең,мен сені аялап өтем...

(ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

1-жүргізуші

-Күлкімді, жайлы күнімді,

Азапты, қайғы-мұңымды

Өзіңмен бөліскенің үшін,

Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып.

О баста көріскенің үшін,

Өлең, мен сені аялап өтем!

2-жүргізуші

-«Талант уақыт таңдап тумайды,оларды уақыт іріктеп шығарады» Иә,әдебиетәлемінің айшықты жанры –поэзияда адуынды жырларымен көпшілікті елең еткізген ақынның бірі,Абай атындағы Республикалық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан халық жазушысы ,қоғам қайраткері,көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова болса,оның шығармашылығы қазақ әдебиетіндеөзіндік үні мен орны бар тұғырлы дүние.


1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым!
- Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды қазақ қыздарының бірі Фариза Оңғарсыноваға арналған
«Өлең,мен сені аялап өтем...» атты кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

-Елбасымыз Н.Назарбаев: «Фариза апамыз поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап,бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып,бүкіл өмірін шығармашылыққа арнады»,-дегендей,шынында,ақынның сан салалы лирикалық шығармаларында сыры ашылмаған қаншама дүние жатқаны баршаға аян.

1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова1939 жылдың 5 желтоқсанында қазіргі Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл,әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.

2-жүргізуші: 

1966-1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.

1968-1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.

1970-1978 ж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан"Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.

1978-1996 ж. республикалық «lino-Hep» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы.

Фариза Оңғарсынова - қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті МәжілісініңI және II шақыруларының депутаты .

Слайд 1(«Дауа»)


1-жүргізуші:

-Иә,

Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,

Қайратыңнан қайысып,налып қалма.

Бір ақиқат – бәрібір жоғалмайсың,

Жоғалмайсың жоқтаушы халық барда,-деп өзі жырлағандай,мінезді жырлар туғызған Фариза Оңғарсынова 2014 жылы өз оқырмандарымен қоштасып,мәңгілікке көз жұмды.

слайд2 («Арнау» )

-Дана Абайдың : «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,- деген аталы сөзін қайталай , «Жатқан жеріңіз жайлы болсын» деп,бір сәт ақынды орынымыздан тұрып ,үнсіз еске алып, құрмет көрсетсек.


2-жүргізуші:

- Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.


1) Шұғыла «Поэзия»

2) Олжас «Жырым еді»

3) Ұлбала «Мен бір қызық адаммын»

4) Еркебұлан « Мен енді айналысам бір іспенен»


1-жүргізуші:

- Ұлы таланттың бойындағы ішкі иірімдер мен субъективтік сырлардың мол болуы - оның гуманистігінің белгісі. Фариза ақын-данамен үндесіп, бабамен тілдесіп, даламен бірлесіп, жаңамен үйлесіп, санамен күн кешіп өз биігіне жеткен ақын. Өзінің шың-құзы бар, жыр аспанында жұлдызы бар, айдай ажары, жарқыраған күндізі бар ақын. Халқына арқа сүйеп, қайсар болған, еліне еркелеп жауһар болған, оқырманына сүйеніп гауһар болған ақын.

2-жүргізуші:

- Ердің орнына ер болған, азаматпен тең болған, намысқа шапса, өр болған, анаға бақса, кең болған, қызға бақса, қырмызы, қызылға бақса, өң болған ақын. Айдан алтын алдырып, ажарлы өлең туғызған, күннен күміс алдырып, жырмен бетін жуғызған ақын.

Фариза ұлы даланың ұлы жырауларынан жеткен ұлы сарынды бүгінгі қазақ поэзиясына үкілеп қосып, үзіңгісін түзеген ақын.

1-жүргізуші:

-Ақын боп ғұмыр кешіру ,

Дейсің бе оңай,қарағым,

Аузында болу бұл өзі

Сыздаған барлық жараның... –

деп Т.Айбергенов жырлағандай,талай қазақтың тарлан ақындары сияқты Фариза да өмірдің өткір шындығын қырағы көре біліп, кейбір сәттерде жан- дүниесімен қиналды. Сондай кезде ол «Мыңмен жалғыз алысқан» ұлы Абайды іздеді.

Слайд 3 («Сегіз аяқ»)

Диана «Абайды іздеу»

-Иә,осылай жанына дауа таппай мазасыз күй кешкен сәттерінде оның жанынан дем беруге сырлас ,мұңдас ағасы, досы ақиық ақын М.Мақатаев табылатын. Ол:

Шыда, шыда!

Шыдай түс, шыда тағы!

Шыдамдыны бұл өмір ұнатады.

Үміттің құлан иек құла таңы,

Әйтеуір бір атады, бір атады...

немесе

Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,

Өмір, өмір! Болмайды түңілуге,

Мәңгі сені жаратпаған сүрінуге,

Қайта тұрып хақың бар жүгіруге,-

деп отты жырларымен жұбатқандай еді.

Зейнеп М.Мақатаев «Қара өлең»

Аяулым «Сарыжайлау» Сөзі: М.Мақатаевтікі, әні: Н.Тілендиевтікі

1-жүргізуші

-Фариза!

Фаризажан, Фариза қыз,

Өмiрде ақындардың бәрi жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз.

Бiрiмiзден-бiрiмiз арылармыз.

Бiздердi де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.


Дүниеден түңiлсе де, досы жоғына күйiнсе де, тағдырын қарғаса да Мұқағали ақын әйелдердi кiнәлай алмайды екен. Осылайша әйел затын ғана қимай мына өмiрмен қоштасқан ақын, қолына қаламын алып, базыналық жырының алғашқы шумағын Фаризаға арнап жазыпты.

2-жүргізуші:


-Не деген құдірет! Барлық үмiтi үзiлiп, арманы күйреген бақытсыз ақын қайғының теңiзiне батып бара жатып, өмiрдiң үскiрiк-аязынан жаны жаураған, “жiгiтiнен қазақтың дос таба алмаған” ақын маңдайынан бiр сипайтын мейiрiмдi iздеп, соңғы сөзiн әйелге айтыпты. Әйелге! Фаризаға!

1-жүргізуші:

Бұл туралы Фариза былай деген еді:

-Бір жыл іс-сапармен Бакуге баратын болдым. Жүрер алдында редакцияның хат бөлімінің қызметкері Айнаш Шынықұлова 5-6 хат әкеліп берді. Арасында біреуі тым қалыңдау екен, әдеттегі басқа хаттарға ұқсамайды. Адрес көрсетілмеген. Ашып қарасам, қолмен жазылған өлең. «Фариза, Фариза ақын, Фариза қыз» деп басталатын ағыл-тегіл шумақтар. Хат Мұқаңнан екен, алқымыма тығылған жұдырықтай кесекті жұта алмай, көзімнен шығардым. Сол түні Бакуге ұшуым керек еді. Үйге кеп, жолға жиналып жатсам, кешкі 8.30 шамасында біреу телефон соғады. Лашын жеңгей екен. – Ағаң саған хат жазып жіберіп еді, соны алды ма, алмады ма деп қайта-қайта маған айтып мазасызданып жатыр. Ауырыңқырап тұр, ағаң, ауруханада ... –деп, жеңешем сөзінің соңын жұтып, бәсең сөйледі. Мен хатты бүгін алғанымды, өзім жолға кетіп бара жатқанымды, келген соң өзім соғатынымды айтып хош айтыстым. Адамның онсызда қысқа ғұмыры тек өкініш пен қоштасудан тұратындай көрінеді маған. Егер мен сол жолы Мұқағали ақынның аласұрып дүниеден бір жылылық көріп кетуді армандап жатқанын ұққан болсам мен еш қайда бармай, жанына барып, маңдайына тигізген алақаным арқылы жанымның бір жылуын тұла бойына таратпас па едім. Өкініштісі сол мен Баку сапарында жүргенде Мұқағали ақынның өмірден өткенін естідім.

2-жүргізуші:

-Қыран қыранды жаңылмай танитыны – бұл өмірдің шындығы болса керек-ті.

Слайд 4 ( «Фариза...»әні) + Көрініс

1-жүргізуші:

-Осылайша қазақ поэзиясында Фаризаша жырлау, Фаризаша ойлау, Фаризаша жазу жолы басталды.

Фариза ақынның өлеңдерін, яғни асау сезімді жырларын оқығанда адам жанының тылсымы мен жұмбағы жаныңды баурап, асыл сезімді құрметтеп, қастерлеуге жетелейді.

2-жүргізуші:

- Фариза өлеңі – шын өнер. Шынайы өнерді бірден түсініп, оның сырына бойлау оп-оңай емес. Оны ұғуға ой керек, ақын рухын түсіне білу қажет. Поэзия – ақын рухының ашылуы. Оны сезіммен түйсініп барып, ақылға салу керек.

1-жүргізуші:

-Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы –туған жер, табиғат,сұлулық.


1.Әдеп «Жаным дала»

2.Нұрай «Туған жер»

3.Шахрибану «Көктемде»

4.Ұлбосын «Жайна , менің Отаным»


2-жүргізуші:

-Өлең, жыр – Фаризаның өмірі. Ол оны «дара күндерінің, нала түндерінің серігі» санайды. «Жүрегі сыздаған кезде, жаны мұздаған кезде» сырын соған ашады. Ол – ерлік пен биік рухтың өлеңі, үнінде ерлік, асқақтық бар, дүние танымы кең, ақындық бояуы қанық, қайратты да қайсар Фариза жыры әрқашан жүрегіңе тиеді, сезіміңді қозғайды, жаныңды байытады.

1-жүргізуші:

-Қарапайымдылық пен нақтылық, суреткерлік пен бейнелік – оның шынайы белгілері. Фариза ақын жалған сөйлеуді, жалтақтауды, жарамсақтануды білмейді. Оның дарыны ешкімге ұқсамайды. Бүгінгі ұлттық поэзиямызда өзінің ойшылдығымен, талғампаздығымен, айналасына, төңірегіне сын көзімен қарайтын биік интеллектуалдық санасымен, мұң мен көңіл-күйі әсеріне бөленген сазды жырымен, әнімен ол оқшау тұр.

2-жүргізуші:


-Далам –менің қазынам, жыр сандығым,

Жыр нәрімен жер балқып, бусанды құм.

Сортаң жердің тұзы бар тамырыңда,

Ашқылтымдау сондықтан жусан жырым.

Ендігі кезекті ақын өлеңіне жазылған әнге берсек.

Гүлдана «Сағыныш» сөзі: Ф.Оңғарсынованікі , әні: Т. Бақтыгереевтікі


1-жүргізуші:

-Фариза ақын қазақ поэзиясына осы еркіндік пен ашықтықты жақсанбай әкеліп, жатсынбай қосқан шайыр. Қыз баланың, қазақ әйелінің сезімі мен төзімін, мұңы мен шерін, сағынышы мен аңсарын, махаббаты мен мархабатын, жан дүниесіндегі жұмбақ бұлқынысын өзінің жан жүрегінен өткізгендей ашық ақтара беруі қазақ жырына жаңаша ажар, жаңаша өң, жаңаша көрік қосты.

2-жүргізуші:

-Фариза ақының жырларында теңнің аузын ашып, төгіле жырланып, бойжеткендер таласа шығармаларға айналды.

Табыстық. Екеумізде көктем едік,

Бір кештік су демедік, от демедік.

Соншалық ұғысқаннан бірімізге,

Біріміз тіл қатпай-ақ өкпеледік.

Бұл шынайы жырлар сол кездегі жас оқырманның махаббат деклорациясы сияқты болды. Солай қабылданды. Әдемі, ашық, бірақ ашық-шашық емес.

1.Ұлданай «Кеттің»

2.Сандуғаш «Мен жылап қалғам»

3. Ұлдана «Көз алмай неге қарайсың» 4.Олжас,Ұлданай «Сен екеуміз», «Сен туралы»

1-жүргізуші:

-Әйел , Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы», – дейді.

Нұрсәуле «Әйел»

2-жүргізуші:

-Ақын өлеңдерінде адамдардың қоғамдағы орны, борыш пен парызы, жақсылық пен жамандықтың күресі шебер суреттелген. Оның :«Адам деген – уақыттың сыңары, заманының ұланы, шырқап салар жыр-әні, көкке өрлетсе – қыраны, аяласа – ну бағы, жер салса – тулағы. Заманының да ұлы емес, уақытың да түк емес!»-жырлауы –соның куәсі.

1-жүргізуші:

- Иә, өр ақын адамдарды өмір сыны жеңбесе, тіршіліктің екпініне ермесе» деген жолдарында осындай келелі ой, қоғам алдындағы борышты сезунішілік жатыр. Сондықтан да адамдар, ақын түсінігінше «Өзіңе берілген өлшеулі өмір ішінде бір-біріне жақсылық жасай білуі керек», - дейді.

1.Гүлзат «Жақсылық туралы жыр»

2. Диана «Тебіреніс»

3. Арай « Білмейсіңдер мені әлі ,білмейсіңдер»


2-жүргізуші:

-Ф.Оңғарсынова – өмірге сергек қарайтын, жамандық атаулыны, оның ішінде адамдардың бойындағы салқындықтың, екіжүзділік, жігерсіздік сияқты болсандықты жан-жүрегімен жек көретін ақын.




1-жүргізуші:


-Жандар қанша күлкісі де шектеулі,

Біледі олар тасадан көсектеуді.

Жан ашырлық, түгілі, ондайлардың

Кіммен сөлемдесуі – есептеулі.


Ақын жеке бастың мұң-шepiн, оңаша сырын ғана емес, күрескер замандастың, әлеумет қайраткерлерінің, уақыт ауыртпалығын көтере алатын азаматтардың ойлары мен сезімдерін жырына арқауы етті.

1.Фарух «Өмір»

2.Айжан «Жанымды шырмап менің бұлыңғыр мұң...»

3.Талшын «Өлең жазам өзімше данышпансып...»

4. Ислам «Іздейді адам әділет қоғамдардан...»


2-жүргізуші:


- Қазақ поэзиясы биік шыңдарға жалғасып келеді. Мұқағалидың, Жұмекеннің, Төлегеннің, Фаризаның, т.б. жүрек сазымен жазылған қазақтың жиырмасыншы ғасырдағы поэзиясы - өлмейтін поэзия.

1-жүргізуші:

-Көрнекті жазушы Әкім Тарази сөзімен «Ұлы адам, улкен адам еш уақытта мен ұлылыққа қызмет етіп жүрмін деп ойламайды. Ол өзімен-өзі алысып әуре. Өзінен-өзі күнде жеңіліп қиналады. Өзінен-өзі күнде жеңіп қуанады. Фариза да сол адамдардьң қатарында. Фариза әлі де алыс-алыс замандарда өлмeйтiн, биік тұғырлы шығармалар жазды»,- деп бүгінгі кешімізді жақын араласқан рухани сіңілісі әнші Роза Әлқожаның әсем әнімен қорытындылаймыз.


Слайд 5(Р.Әлқожа ,Б.Бабаш «ӘН-ФАРИЗА»)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!