Материалдар / олимпиада тапсырмалары 9 -11 сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

олимпиада тапсырмалары 9 -11 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 9-11 сыныптарға арналған тапсырмалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2021
15427
42 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Олимпиаданың І кезеңі 9 – сынып

Эссе тақырыбы

  1. Елдің ертеңі – жастар.

  2. ХХІ ғасырдың білім кеңістігі қандай болмақ?

  3. Аққулар қонған айдын көл (экология тақырыбы)

  4. Астанам – бас қалам



Олимпиаданың ІІ кезеңі.

Тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз.


Мектеп түлектеріне мамандық таңдауда бағыт-бағдар беретін нұсқаулық Қазақстанда жоқ. Сол себептен жастар бүгінде қандай мамандықтың сұранысқа ие екенінен бейхабар.

Олар жыл сайын қай мамандықтың қажетсіз деп танылғанын, жойылып кеткенін, заман талабына сай қандай жаңа мамандықтардың пайда болып жатқанын білмейді деуге болады.

Енді бұл мәселе шешіледі. Алдағы бес жылда сұранысқа ие болатын жаңа 100 мамандық жайлы энциклопедия жарық көреді.

Салтанат бір жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. Ол жоғары оқу орнын биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өзім таңдадым. Мамандығымды жақсы көремін. Бірақ болашақта сұранысқа ие бола ма, жоқ па, оны ойламаппын. Ауыл мектебін бітіргендіктен шығар, көп мамандық түрлері барын білмеппін. Оқуды бітірген кезде мамандығыма сай тез жұмыс табамын деп ойлағанмын. Бірақ, міне, бір жыл болды, әлі жұмыссызбын. Түйіндемемді арқалап қанша жерге бардым. Мектептерде бұл пән бойынша орын толық, сағат жоқ деп шығарып салады. Енді басқа саладан жұмыс іздестіруді ойлап.

Тағы бір үлкен проблема: қолына диплом алғандардың 90 пайызы өз мамандығына сай жұмыс таба алмайды. отырмын, – дейді Салтанат.

Қазақстанда жоғары оқу орындарында таңдау көп. Алайда жас түлектердің көпшілігі тегін оқу деп жаны қалайтын мамандық бойынша оқуға түспейді. Қалаған мамандығын меңгермеген соң, қолында дипломы болғанымен, жұмыс істеуге құлқы болмайды.

«Ұрпақ тағдыры – білім» қозғалысының жетекшісі Ерсайынның есебінше, мектеп бітірушілердің 20-30 пайызы ғана мамандықты дұрыс таңдайды

– Қазақстанда мамандықтарға талдау жасалмайды. Ал түлектер тек грантқа ие болуды ойлайды. Ол мамандыққа сұраныс бар ма, бітірген соң жұмыс таба алады ма, оны ойламайды. Мектептерде кәсіптік бағдар беру жағы қарастырылмағандықтан, оқушылардың қолында мамандықтар туралы ақпарат жоқ, түк хабарсыз.

Арнайы зерттеу жүргізбедік, бірақ жылда жоғары білім алған жастардың 10-20 пайызы ғана өз мамандығымен жұмысқа тұратыны шындық. Қалғаны ақша табу үшін құрылысқа, күзетке орналасады, – дейді Ерсайын.


  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.


1.Неге түлектер қажетті кәсіп түрлерінен хабарсыз?

  1. Бұл проблема қалай шешімін таппақ?

  2. Салтанат неліктен бос жүр?

  3. Неге ЖОО-нын бітірген жастардың жұмыс жасауға ниеті жоқ?


  1. Ерсайынның пікірінше, оқу бітірген жастардың көп бөлігінің өз мамандығы бойынша еңбек етпеуінің себебі неде? Өз тұжырымыңызды білдіріңіз.







  1. Кестені толтырыңыз.





Мәтінде қандай мәселелер көтерілді?

Мәтіннің негізгі ойы қандай?






























































Олимпиаданың І кезеңі 10 – сынып

Эссе тақырыбы

1. Елдің ертеңі – жастар.

2. ХХІ ғасырдың білім кеңістігі қандай болмақ?

3. Аққулар қонған айдын көл (экология тақырыбы)

4. Астанам – бас қалам

5. Тарихы терең Түркістан

Олимпиаданың ІІ кезеңі.

Оқылым. Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз

Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.

Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.

Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.

Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.


  1. Мәтіннің 1-бөлігінің негізгі ойы қандай?

    1. Мәдениет – жеке адамдардың өмірі

    2. Мәдениет – келешекке қалатын мирас

    3. Мәдениет – тек қоршаған ортаның әсері

    4. Мәдениет – технологияның даму өрісі


  1. Ортаның өркендеуі де мәдениеттің өсуіне байланысты екендігі қай бөлімде айтылады?

    1. І

    2. ІІ

    3. ІІІ

    4. ІV


  1. Мәтін қай түрде берілген?

    1. әңгіме

    2. жарнама

    3. мақала

    4. эссе



  1. Мәтін қай стильде берілген?

    1. ғылыми

    2. көркем-әдебиет

    3. публицистикалық

    4. ресми



  1. Мәтіннің тақырыбы қандай?


  1. Мәтіннің түрі қандай?


  1. Мәтін қалай рәсімделген?


  1. Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз.






Жазылым

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.

  1. Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз.






























Олимпиаданың І кезеңі 11 – сынып

Эссе тақырыбы

1. Елдің ертеңі – жастар.

2. ХХІ ғасырдың білім кеңістігі қандай болмақ?

3. Аққулар қонған айдын көл (экология тақырыбы)

4. Еуразия кіндігі атанған Астана



Олимпиаданың ІІ кезеңі.

Тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз.


Қазақстандағы туризм жаңа бағытқа бет бұрды

2015 жылы елімізге келетін шетелдік туристер ағыны 3%-ға қысқарғанымен, 2016 жылы шетелдік қонақтар саны 4%-ға артқан. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық порталы жазады.

2016 жылдың 6 айында Қазақстанға туристік және іскерлік мақсатта 323 мың адам келген. Бұған әлемдік туризмдегі тенденциялардың өзгеруі себеп. Негізгі өсім драйвері – Азия-Тынық мұхит аймағы, бір жыл ішінде бұл жердегі халықаралық туристер саны 9%-ға артқан.
















Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлемі


Туристер ағынының көбеюі қазақстандық туристік нарықтағы табыстың ұлғаюына да себеп болды. ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша, жылдық өсім 50%-ды құрады. 2016 жылдың қаңтар-маусым аралығында туристік нарықтағы кәсіпорындары 15,4 млрд теңге табыс тапты.



















Қазақстандағы туристік фирмалар табысы


Әсіресе, қытайлық туристер арасында белсенділік байқалып отыр. Олар 2016 жылы шетелдік туризмдегі шығындарын 20%-ға арттырған. Сондай-ақ, көрші Ресейден, Түркия және басқа елдерден үлкен туристер ағыны келеді деп болжануда.


  1. 2006 жылдың маусым айы мен 2016 жылдың маусым айы аралығындағы Қазақстанда қызмет көрсетілген шетелдік туристер көлеміне салыстыру жасаңыз. Туристердің саны артып не кемуіне не себеп болуы мүмкін? Болжап көріңіз.













  1. Суреттегі ақпаратты саралай отырып, Қазақстан туризмі туралы мәтін жазыңыз (150 сөз), оған тақырып қойыңыз.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!