Материалдар / Өлкетану ұлттық жаңғыру
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Өлкетану ұлттық жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жобада ақмола облысының ескерткіштер туралы жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2023
295
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

  • Ақмола облысының ескерткіштері

  • Зерттеуші: Мұрат Таңшолпан Талғатқызы

  • Жетекшісі: Боранбаева Маншук Муратбековна

  • Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы,Ұялы ауылының негізгі орта мектебі

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Біз ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы»,- деген сөзі бар. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына кіретін «Қасиетті Қазақстан» жобасының да мақсаты – Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау.

  • Мақсаты: Ақмола облысының тарихи ескерткіштерін зерттеп, олар туралы мәліметтер жинау.

  • Міндеттері:

  • -Ескерткіштердің зерттелу бағыттарын көрсету.

  • -Ескерткіштердің шығу тарихын зерттеу

  • Зерттеу жұмысының объектісі: Ақмола облысы.

  • Әдістері: сипаттау әдісі, тарихи әдіс (оқиғаларды хронологиялық тәртіппен зерделеу); дедукция әдісі (жалпыдан жекеге қарай пайымдау); жіктеу (бір қағидат бойынша әртекті объектілерді біріктіретін жүйе құру); картографиялық.

  • Жұмыстың практикалық маңыздылығы: тарих, география, сабақтарында, сондай-ақ сынып ұжымдарының экскурсиялық қызметін ұйымдастыруда және жобаны жүзеге асыруда ғылыми жұмыс материалдарын пайдалану.

  • «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес Ақмола облысы аумағындағы 15 республикалық маңызы бар ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Ақмола облысы орналасқан Арқа, Сарыарқа – Қазақстанның орталық бөлігін алып жатқан аймақ, Солтүстікте Солтүстік Қазақ жазығынан оңтүстікте Бетпақдала мен Балқаш көліне дейінгі аралықта орналасқан. Батыста Торғай үстіртіне тіреледі, шығыстағы шегарасы Балқаш көлінің солтүстік-шығыс шетінен Тарбағатайдың етегіне, онан әрі Зайсан қазаншұңқырының шетін ала Қалба жотасына дейін жетеді. Батыстан шығысқа 1200 км-ге, шығысында 400 км-ге созылып жатыр, ені 900 км-ден асады. Ауданы – 1 млн км2. Қарағанды, Ақмола облыстарын, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігін, Павлодар, Қостанай облыстарының біраз жерін қамтиды. Арқа туралы Құрбанғали Халидидің 1910 жылы жарық көрген «Таварих-и хамса-и шархи» атты 2500 км зор аймақ Оң Арқа және Сол Арқа болып екіге бөлінеді. Осы аймақта көшіп-қонып жүрген тайпалар Арқа елі деп аталады».

АБЫЛАЙ ЖОЛЫ / ХАН ЖОЛЫ / АБЫЛАЙДЫҢ ҚАРА ЖОЛЫ – Талас және Шу бойын Бетпақдала арқылы Сарыарқамен жалғап жатқан байырғы күре жол. Бетпақдалаға жүргізілген тарихи-топографиялық зерттеулер бұл өңірде ежелде бірнеше магистральды жолдардың түйіскенін, оңтүстіктен солтүстікке қарай жол болғанын анықтаған

  • Абылай хан мемориалдық кешені экспозициялық кешені – 2009 жылы Бурабай ауылында, Көкше тауының баурайында, «Абылай ханның тарихи алаңы» деген атаумен ашылған мұражай. Кешеннің аумағы – 288 км2. Кешенге үш басты нысан – Абылай хан стеласы, тарихи зал, қымызхана кіреді. Тарихи залдың кіреберісінде Баян батыр мен Қожаберген жыраудың мүсіндері тұр. Залда «Шаң жорығы», ханның әскери әрекеттерінің картасы, өмірбаянына қатысты мәліметтер, т.б. қойылған. «Елшілерді қабылдау» атты паннода тақта отырған Абылай бейнеленген. Абылай ханның стеласы Абылай ханның 280 жылдығына Көкшетаудың етегіне 1991 жылы орнатылған. Сегіз қырлы монумент дөңгелек ішінде орналасқан. Қазақстан халқы мәдениетінде сегіз қырлы пішін дүниежүзінің барлық бағыттарына тараған берекені білдіреді. Ескерткіштің биіктігі – 35м, қырлары жебе ұштықтары алтын оюмен безендірілген. Алаңдағы жеті балбалдың да өз сыры бар. Абылай хан мемориалдық кешені экспозициялық кешені – 2009 жылы Бурабай ауылында, Көкше тауының баурайында, «Абылай ханның тарихи алаңы» деген атаумен ашылған мұражай. Кешеннің аумағы – 288 км2. Кешенге үш басты нысан – Абылай хан стеласы, тарихи зал, қымызхана кіреді. Тарихи залдың кіреберісінде Баян батыр мен Қожаберген жыраудың мүсіндері тұр. Залда «Шаң жорығы», ханның әскери әрекеттерінің картасы, өмірбаянына қатысты мәліметтер, т.б. қойылған. «Елшілерді қабылдау» атты паннода тақта отырған Абылай бейнеленген. Абылай ханның стеласы Абылай ханның 280 жылдығына Көкшетаудың етегіне 1991 жылы орнатылған. Сегіз қырлы монумент дөңгелек ішінде орналасқан. Қазақстан халқы мәдениетінде сегіз қырлы пішін дүниежүзінің барлық бағыттарына тараған берекені білдіреді. Ескерткіштің биіктігі – 35м, қырлары жебе ұштықтары алтын оюмен безендірілген. Алаңдағы жеті балбалдың да өз сыры бар. (1918-1921) – Көкшетау қаласы саябағында орналасқан сәулеттік ескерткіш. 1967 және 2003 жылдары ескерткіш қайтадан қалпына келтірілді. Сәулетшісі – Н.А.Атяшев. Бетоннан құйылып, сұр гранит тақтамен қапталған. Бедерлі тақтаның ұзындығы - 8 м, ені - 0,65 м, биіктігі – 2,7 м. Бедерлі тақта қызыл гранит тақталармен қапталған стилобатқа орнатылған.

  • «Айдаһар үңгірі» тауы – халық тәу ететін ерекше орын. Үңгір Зеренді ауданы, Үлгілі ауылында орналасқан. Ұзындығы - 270 м, ені – 70 м, биіктігі 35 м. Жарқабақ саңылауларынан су тамып тұрады. Үңгірдің кіреберісінде қарағай мен қайың өседі. Халық сенімінде үңгір «киелі орын» болып саналады. Үңгірде емші өмір сүріп, алдына барған адам кез келген ауруынан сауығып кететін болған. Емшінің энергиясы осы үңгірде сақталып, қазірге дейін ауруына шипа іздеген жандарға жәрдем береді екен.

  • Айнакөл/үлкен шабақты – табиғат ескерткіші. Үлкен Шабақты – Бурабай ауданында орналасқан тұйық көл. Аумағы - 1900 га, орташа тереңдігі – 10 м, терең жері – 24 м. Көл жауын-шашын, жерасты суларымен толады. Жағалауында қоға, қамыс өседі. Суында алабұға, мөңкенің екі түрі, торта тіршілік етеді. Тереңдігі (38 м) мен үлкендігіне байланысты көлді «Кіші Байкал» деп те атайды.

  • Атбасар қаласы – белгілі қазақ жазушысы І.Есенберлиннің туған жері. Осы жерде жазушының балалық және жастық шағы өткен. Мұражай 1999 жылы ашылды. І.Есенберлиннің Әдебиет мұражайының экспозициясында ұлы жазушының өмірі мен шығармашылығының барлық кезеңдері көрсетіледі. Экспонаттар жазушының балалық шағы мен жас шағына, оның Ұлы Отан соғысына қатысуына, кейінгі еңбек қызметіне, әдеби шығармашылығына арналған бөлімдерге бөлінген. Бүгінгі күнде мұражай қорларында 2000 экспонат бар, олардың көпшілігі мұражай залдарында қойылған және келушілерге көрсетіледі. Мұражайдың басты экспонаттары жазушының жеке заттары болып табылады. Бұл – хаттар, пошта, жазушының кітаптары, қолжазбалар, отбасының фото-суреттері. Мұражай залында жеке заттарының негізінде құрылған Ілияс Есенберлиннің жұмыс кабинетінің ішкі көрінісі қайтадан қалпына келтірілген. Осында тамаша туындыларын жазып отырған жұмыс үстелі орналасқан. Жазушының дәптері, қойын дәптері және телефон анықтамалығы, сүйікті домбырасы мен фото-материалдар бар.

  • «Жеті батыр» қорымы – Ақмола облысы Ерейментау қаласының оңтүстік-шығыс жағасында 84 шақырым жерде орын тепкен мұсылман зираттары. Усамбай елді мекенінің солтүстігінде жайғасқан Қараадыр қыратының етегінде жатыр. Бейіті табиғи тас үйіндісімен қаланған. Биіктігі – 80 см, ені – 3 м, ұзындығы – 4 м. Айналасында 6 батырдың бейіті бар.

  • Жұмбақтас – «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркі аумағында қорғалатын, табиғаттың ерекше ескерткіші, Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан. Бурабай тауы етегінде бой көтерген оқшау жартас, құздың атауы. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. Биіктігі – 18 м. «Жұмбақтас» әр қырынан қарауына қарай адамға әртүрлі бейнені көз алдыңа әкеледі, бір қырынан қарасаң, бұрымды жас қыз, екінші қырынан қарасаң, орамал тартқан келіншек, үшінші қырынан қарасаң, бетіне әжім түскен кейуана,қария бейнесін береді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!