"Өмір салты"ұғымының анықтамасы.
Денсаулықты қалыптастырудың негізгі жолдары. Салауатты өмір
салтының басымдықтары. Салауатты өмір салтының
компоненттері.
Салауатты өмір салты –
жан-жақты, кешенді ұғым. Алайда оның аясындағы түсініктің барлығы
сайып келгенде, адам өмірінің басты құндылығы адам денсаулығын
жақсарту мен нығайту мәселесіне байланысты болып келеді. Елбасымыз
«Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен
айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен
алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын
сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» [1],-деген. «Қазақстан-2030»
стратегиясында салауатты өмір салтын ұстануға байланысты төмендегі
іс-шаралар маңызды деп көрсетілген: нашақорлық пен наркобизнеске
қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, тамақтануды,
қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту
[2].
Ғаламтор бетінен оқыған мына
бір мәлімет мені қатты ойландырды: «Дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша, халық
денсаулығының 49-53 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз
денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% пайызы қоршаған
ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық
ерекшеліктеріне), 18-22% пайызы тұқым қуалау себептеріне, біздің
денсаулығымыздың тек 8-10% пайызы ғана денсаулық сақтау ұйымына
тәуелді»[3]. Бұл мәліметті оқи отырып, он екі мүшесі бүтін, алпыс
екі тамыры сау болып дүниеге келген адамның әрі қарайғы денінің сау
болуының 50 пайызы өз қолында екенін өзім қатарлас өсіп келет
жатқан қатарластарыма да айтуды жөн
көрдім.
Жалпы не туралы сөз қозғасаң
да, ең алдымен оның анықтамасын айта кеткен әбден дұрыс.
Мысалы салауатты деген сөз ақылды,
байыпты, парасатты, ойлы деген ұғымды білдіреді екен.
Ал өмір
салты дегеніміз әр адамның
қалай тіршілік ететіні, қалай тамақтанып, қалай демалатындығы, яғни
тіршілік ету көрінісі деуге болады. Кез келген адам өзінің
белгілі бір қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Адамның өмір
сүру салты тіпті қанға, оның ата-тегіне байланысты болуы мүмкін.
Дәл осы себептерге орай, салауатты өмір сүру салтыүш категорияға
бөлінеді екен:
1. Салауатты өмір сүру
деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің
сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің
стилі.
Салауатты өмір сүру
деңгейі – экономикалық
категория. Бұл адамның материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуімен
түсіндіріледі. Ал салауатты өмір сүру
сапасы - әлеуметтік категория –
ата-анасының жұмыс орындары (оқу орындар, мектептер),өскен ортасы
т.б. байланысты.
Салауатты өмір сүру
стилі – әлеуметтік-психологиялық
категория. Бұл адамның жалпы өмірде, қоғамдық орындарда өзін-өзі
ұстай білуіне, әр түрлі қасиеттерімен көріне білуіне, сондай-ақ
өзін тікелей жетілдіре білуіне байланысты.
Бұл үш категорияның алғашқы
екеуі, яғни салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру
сапасы адам әлеуетіне байланысты. Өйткені оқушы оларды, яғни
ата-ананы, әлеуметтік-материалдық жағдайды таңдап ала алмайды.
Сондықтан да адам денсаулығының жақсы болуы немесе нашарлауы, оның
жалпы салауаттылық деңгейі үшінші атап көрсетілген салауатты өмір
сүру стиліне байланысты. Салауатты өмір сүру стилі дағдыға және
Біздің әрқайсымыздың бейімділігімізге байланысты екен. Ендеше
салауатты өмір салтын ұстануды 99 пайызға игерілуге болатын құбылыс
деп батыл айта аламыз.
Біз ең алдымен адам
денсаулығына өте қатерлі, қауіпті болып саналатын төмендегі
факторларды білгеніміз жөн:
Бұндағы зиянды әрекеттерге
шылым шегу, есірткі пайдалану, алкоголь пайдаланудың жататындығы
белгілі. Әрине, біз қатарлас оқушылар бұларды қолданады деуден
мүлде аулақпын. Тіпті оларға бұндай зиянды әдеттер туралы айтып,
олардың көңіліне алаңдатушылық енгізудің не керегі бар деп
ойлайтындар да болуы ғажап емес. Алайда, олар сыртқы ортамен
байланысқа түскенде, тіпті бізден кіші төменгі сынып оқушыларының
өзі үйінен шыққан бетте әр түрлі тосын жағдайларға куә болып
жатады. Оларды өмірдің көлеңкелі жақтарынан сақтандырып, жағымсыз
жәйттерді бүркемелеудің қажеті жоқ. Өйткені ешкім айтпаса да, ол
туралы оқушылар өздері күнделікті өмірден, теледидардан,
ғаламтордан көріп-біліп жүр. Өзім қатарлас оқушыларға салауатты
өмір салтын ұстанудың адам денінің сау болуына ықпалы зор екендігін
айта отырып, оларға адам өмірі мен денсаулығына кері әсерін
тигізетін жоғарыдағы негізгі факторларданаулақ болу қажеттігін
ескертемін.
Салауатты өмір салтын ұстану
арқылы өркениетті қоғам бейнесі сомдалады, өйткені елдің ертеңі
жастар екені белгілі.
Денсаулықты сақтау, оны
нығайту, аурулардың алдын-алуға орай жүргізілетін іс-әрекеттердің
өзі жетіп артылады. Мәселен: спортпен айналысу, тиімді тамақтану,
зиянды әдеттерден аулақ болу (шылым шекпеу, алькоголь мен
есірткіден аулақ болу), еңбек үрдісін дұрыс ұйымдастыру, тіпті
уақытымен демалудың өзі салауатты өмір салтын ұстанудың бір-бір
көрінісі болып табылады.
Салауатты өмір салтын ұстану –
қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін, ділін, ұлттық
ойындарын насихаттаудың тиімді жолы. Мәселен, уақытын теледидар
алдында мультсериалдар көрумен өткізетін, не болмаса ұялы
телефондағы шым-шытырық ойындардың шырмауынан шыға алмай отыратын
баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастырған жөн. Бала күні бойы
ақпараттық-танымдық мәндегі сабақтардан да жалығады. Сол себепті
оны әр түрлі курстарға, қосымша сабақтарға берумен қатар, баланың
қызығушылығын ойын арқылы арттыра түскен жөн. Ой еңбегі мен дене
еңбегінің алмасып отыру қажеттігі ешкімге де жұмбақ емес. Осы арада
бізге ұлттық ойындардың әкелетін әсері орасан. Тоғызқұмалаққа,
күреске қатысу баланы ел ертеңі деп саналатын жас буынның ата-баба
дәстүрінен алшақтамай тәлім алуына, ұлттық танымда тәрбиелеуге
мүмкіндік берсе, шахмат, теннис немесе футбол, волейбол, баскетбол
секцияларына қатысу біздің жан-жақты дамуымызға әсерін тигізеді.
Атап айтар болсақ,
оқушының топ ішінде жұмыс
істей білу қабілетін арттырады;
ортамен тіл табыса білу
дағдысын жетілдіреді;
дене қозғалысынан ағза жетіле
түседі, икемділік қасиеттері артады, бойы сергіп қалады
т.б.
ал кейбіреулері тіпті осы
салада бағы жанып, өмірдегі өз орындарын тауып жатады. Үлкен
жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыруына себепкер, басты
мұрындық болып жатады.
Мектеп жасындағы баланың
салауатты өмір салтын ұстануында ата-ананың рөлі басым. Әр ата-ана
өз баласының уақытын зая өткізбеуін жіті қадағалап, күнделікті күн
тәртібін дұрыс ұйымдастырғаны жөн. Ендеше салауатты өмір салтын
ұстанудағы ең бірінші алдыға қойылатын іс – күн тәртібі. Күн
тәртібі дұрыс жолға қойылған оқушы кішкентай күнінен бастап,
уақытын тиімді қолдануға, өз өмірі үшін пайдалы істермен ғана
айналысуды әдетке айналдырады.
Баланы тазалыққа, ұқыптылыққа
үйрету ісі бір күндік жұмыс емес. Бала есін біліп, алғаш тәй-тәй
басқан сәттен бастап-ақ оның іргетасы қалана береді. Тазалық
сақтау, жеке бас гигиенасы, қоғамдық орындарда тазалық сақтау
(қоқыс тастамау т.б.) және тазалық шараларын (лас орындарға
отырмау, баспалдақ жақтауларын қолымен сүртіп өтпеу т.б.) ұстана
білу де осыған байланысты. Яғни әке қанымен, ана сүтімен берілетін
қасиетпен қоса, отбасындағы тазалық шараларына тікелей қатысты
болып келеді. Сонда ғана бала бойында ортада өзінің әрбір әрекетін
қадағалай білу, өз ісіне жауап бере алу тәрізді асыл қасиеттер
дамып жетіледі. Қазақ халқы ежелден «Тәні саудың – жаны сау»,-демей
ме?!. Мектеп оқушыларын кіші жастан тазалыққа баулу қажеттілігі
ешкімге жасырын емес. Мақал-мәтелдерді жиі пайдалану дүниетанымдық
негізі енді қаланып келе жатқан оқушыға белгілі дәрежеде ықпалын
тигізеді.
Тазалық - саулық негізі,
Саулық - байлық негізі;
Бұл мақал «Қазақстан-2030»
стратегиясындағы 4-салауаттылық негіздерін жетілдіру бөлімінің
ұраны, басты девизі ретінде қолданылыпты
[2].
Шынықсаң шымыр
боларсың;
Ауру кірді – әлек
кірді;
Емнің алды -
еңбек.
Ауырып ем
іздегенше,
Ауырмайтын жол
ізде.
Жеке бас гигиенасы мен
қоғамдық орындарда тазалық сақтауды меңгертудің маңызы зор. Тазалық
туралы отбасынан, балабақшадан алғашқы түсініктері қалыптасып,
негізгі дағдылары дамып келген оқушы мектеп қабырғасына келгенде
өзінің осы қасиеттерін жетілдіру үстінде болмақ. Бұл тұрғыда мектеп
тарапынан атқарылатын іс-шаралар да жетіп артылады. Бұл кезеңде
оқушыға тек өз басы үшін емес, отбасы абыройын асқақтата білу,
мектеп мәртебесін көтере білу, қоғам, мемлекет үшін маңызы бар
істерге де үлес қоса білу тәрізді жауапкершілікті қоса түсіндіре
білуіміз қажет. Бұл оқушының салауатты өмір салтын белсенді ұстана
түсуіне ықпал етпек. Әрбір салауатты адам – қоғамның маңызды бір
бөлшегі.
Денсаулықты нығайту
жолдары
Қазіргі заманда денсаулықты сақтау мен нығайту ең басты
мәселелердің бірі екені белгілі. ХХІ ғасыр адамына денсаулықты
қалыптастыруға үйрену қажет. Валеологиялық мәдениетті қалыптастыру
өсіп келе жатқан ұрпақта денсаулықтың мәдениетін қалыптастыру
мақсатына жетудің басты шарты.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың
денсаулығы туралы ғылым.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік
биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне
байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану
ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау
және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін
салауатты өмір салтын өалыптастырудың ғылыми негізі
болып табылады.
Салауаттанудың ролі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін
қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту,
кикілжіңнің көзін жою болып табылады. Салауаттану ғылымы “қалай
денсаулықты сақтаудың” ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді.
Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны
қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар,
үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау
күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден –
сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған мәліметтерден әркімнің өзінің
денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі екенін көруге болады. Ауруды
ағзаға жолатпау, адамның өз қолында. Денсаулықты сақтаудың жолын
үйрену әрбір адамның басты міндеті.
Салауатты
өмір салтын қалыптастыру
негіздері
Салауаттану —
тұтасымен алғанда жеке тұлғаның,
қоғамның,
табиғаттың денсаулығы туралы ғылым.
Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық,
имандылық-адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының
өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады.
Кез-келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде
де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне,
адамның әлеуметгік биологиялык мәні арасындағы қарама —
қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы
заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын,
денсаулықты сақтау және ны-ғайту амалдары мен әдістерін зерттейтін
салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып
табылады.
Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық
табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері
сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып
табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың»
ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны,
біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы
және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда
болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға
бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру және сауықтыру
шаралары болып табылады.
Өмір салты. Салауатты өмір сүру салты және оның
компоненттері
Валеология ілімі дәл осы салауатты өмір салтына
арналған. Қазірден бастап салауатты өмір салты нені қамтитынын білу
үшін, оның негізгі талаптарын қысқаша қарап
өтеміз.
Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды,
денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдениеттің
бір бөлігі. Ал, денсаулық әрбір адам бақытының негізгі компаненті.
Қоғамның болашағы – әрбір адам денсаулығына байланысты.
Биологиялық, физиологиялық функцияларды сақтап дамыту, белсенді
өмірдің максимальды ұзақтығына қарай адамның әлеуметтік
белсенділігінің артуы.
Адам денсаулығы тек сыртқы орта жағдайына ғана
емес, әлеуметтік жағдайына және өзінің денсаулығына деген
көзқарасына да тікелей байланысты. Осы орайда, біздің зерттеу
жұмысымызда мектеп оқушыларының денсаулығының донозологиялық күйін
анықтай отырып, олардың денсаулыққа деген мәдени көзқарастарын
қалыптастыру нәтижесінде, әрбір тұлғаның денсаулығының күйін
көрсететін “Денсаулық құжатын” жасауды іске
асыру.
Тақырыпқа
сұрақтар:
-
«Өмір салты»ұғымының
анықтамасы.
-
Денсаулықты
нығайту жолдары.
-
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
негіздері.
Тақырыпқа сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=3HMRizL9SHU
https://www.youtube.com/watch?v=Yh_ZXYB1cOU
https://www.youtube.com/watch?v=LjD_dmlRN50
https://www.youtube.com/watch?v=cpGa2vHSycs
https://www.youtube.com/watch?v=mqKhAGEinjA
https://www.youtube.com/watch?v=MgTDArcGXq4