Концерттік бағдарламаның
тақырыбы:
"Өмірде - ана бұлақ, ана- пана, Өмірді өркендетер
ана ғана".
Мақсаты: ананың қоғамдағы орнын, ең
құдіретті жан екенін ұғындыру.
Барысы:
Бейнекөрініс. (Ана).
Мұғалім: Алла тағала
Пайғамбарлар арқылы пенделеріне мынандай хабар жіберіпті: "Туған
ата- анаңды ренжітсең мен де ренжимін, қуантсаң мен де қуанамын,
туған ата- анаң жердегі құдайың, оларға адал қызмет ет, ата-
аналарың сендерді қалай бағаласа, сендерді мен де солай
бағалаймын".
Дүниедегі барлық өмірдің
сарқылмас бұлағы - ана. Ақын да, батыр да анадан туған. Ана- үйдің
берекесі, қыз баланың өнегесі, отбасының темір қазығы, шаруаның
несібесі. Ананың көзінен төгілген нұр жан- жағына шуағын шашады,
олай болса, "Өмірде - ана бұлақ, ана- пана, Өмірді өркендетер ана
ғана" атты кешімізді ашық деп
жариялаймыз.
1-ж: Армысыз , еліміздің
асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
.
Сіздер үшін ән мен күй, жыр менен
би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
2-ж: Еркебұлан, сен осы дүниеде ең
сұлу кім екенін білесің бе?
1-ж: Назымбек, меніңше, ең сұлу,
Роза Рымбаева, Алтынай Жорабаева, Мақпал Жүнісова.. Дүниеде сұлулар
көп қой, айта берсең бітпейді.
2-ж: Жоқ, сен қателесесің,
дүниедегі ең сұлу- ол қазақ анасы.
1-ж: Иә, Еркебұлан, дұрыс айтасын,
мен сенімен келісемін.
2-ж.: Көктемді қанатына
қондырып
1-ж: Өздеріңізді шуақты құлпырған қызғалдақтай
әсем мерекемен
Бірге
: ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
1-ж: Ал енді, ортаға көктемдей
құлпырған оқушыларымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Мансұр,Адина,Әмірлан,Амина,Алихан,Сабина,Маулен,Дильназ,Еркебұлан,Айлана)
2-ж: Ана деген- жүректегі асыл ән,
Ана- бақыт деген сөзге қосылам.
1-ж: Анаға арнап айта берсе сөз
жетпес, Ол дегенің -өмірдегі асыл жан.
2-ж: Шырылдап жерге түскеннен -ақ
біздің ең жақынымыз
1-ж:Ең бір
досымыз.
2-ж:Ең бір
ұстазымыз.
Бірге- Ол
-ана.
1-ж: Ол біз үшін
қымбат.
2-ж: Сондықтан біз бір-ақ жанды
білеміз.
Бірге
: Ол -
ана.
1-ж:Ана десе толқымайтын
жүрек
2-ж: тасымайтын
қан
1-ж: Сезбейтін сезім
болуы
Бірге : Мүмкін емес.
Ән : "Анажаным."
1-ж: Міне, аналар мейрамы да
күлімдеп көктемде келіп жетті.Ана- Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең
қымбат жан. Анаға ән арнамаған әнші де, күй арнамаған күйшіде жоқ
шығар бәлкім?...
2-ж: Иә, солай. Әрине, Ананың
берген тағылымына хан қаһары да , батырдың айбыны да теңесе
алмайды. Осындай құдіретті паш ететін өлең жолдарына назар
аударайық.
Әдебимонтаж. (Сабина, Әмірлан, Айлана,
Еркебулан, Дильназ)
___________________________________________(аналармен)
1-ж:
Әлемге анашым деп жар
саламын,
Тек ана деп, анам деп ән
саламын.
Қателікті кешірдің, қуандың да,
Шаршамадың, анажан, шаршамадың.
2-ж: Десек те уақытпенен
жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен
тебіреніп,
Өнерлерін анаға бағыштайды.
Ән: «Аналарға ақ тілек» .
Орындайтын. Жалғасбек. Маулен, Алихан.
___________________________________________(аналармен)
1-ж: Әдебиет арқылы сан ғасырды
көктей бүгінгі күнге аты аңыз болып жеткен кейіпкер қыздар, аяулы
аналар: Баян, Гүлбаршын, Ақжүніс , Қыз Жібек. Бүкіл бір халықтың
анасына айналған қасиетті аналар: Домалақ ана, Жұбан ана, Болған
ана.
2-Ж: "Намысты бермеу үшін жатқа
қолдан, Арулар аз болды ма атқа қонған " дегендей біздің ардақты
аналарымызға арналған слайд-шоуға назар
аударайық.
Слайд көрсету.
1-ж: Бар білгенін біздерден
аямаған,
«А» деп әріп үйретіп аялаған.
Сіз біз үшін қадірлі,
құрметтісіз,
Сіз біз үшін боласыз аяулы
адам.
Көрініс. «Ақ шаш». (Сабина, Мансұр,
Адина.)
1-ж.Сыныбымыздың мақтанышы, Рудный
қаласында өткен «Февральский вальс -2016» сайысының бірінші және
екінші орын жеңімпазы Қазымбет Әмірланның орындауында «Ча-ча-ча»
биін қабыл алыңыздар.
Мұғалім .Аналарға сұрақ.
2-ж: Құрмет тұтып халқымыздың бар
қызын,
Аналарға арналатын асқақ ән.
Құтты болсын 8- наурызың,
Көңіліңді бір көтеріп тастаған.
Ән: ________ Дильназдың
орындауында қабыл алыңыздар.
1-ж: Еңлік, қарашы аналарымыз
мәз-мейрам болып отыр. Бүгінгі кешіміз ұнаған
секілді.
2-ж:Иә, шыныменде. Осымен біздің
кешіміз әліде аяқталған жоқ. Оқушыларымыз қазір сіздерге ананың
балаға деген махаббаты жайлы поэзиялық тартуларын ұсынады. Қарсы
алыңыздар.
1-ж: Мың бұралған бишіміз Амина мен
Адинаны қарсы алыңыздар, «Қазақ биі».Ду қол
шапалақ...
___________________________________
1-ж: Қарсы алайық сыныбымыздың
оқушылары. (Ортаға оқушылар сыйлықтарымен толық шығады. Мансұр,
Адина, Әмірлан , Амина, Алихан, Сабина, Маулен, Дильназ ,
Еркебұлан, Айлана).
Өздері жасаған сыйлықтарды аналарына тарту
етсін.
1-ж: Анам менің – аялаған ақ
гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті
үнін
2-ж: Анам менің – өмірдегі
тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.
Мұғалім: Әр адам жарық дүниеге
келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапанын
қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін
жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын
жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының
көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың
болмауын тілейді. Біз - қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Ана -
тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
«Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам
жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем
де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана -
барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын
қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан,
ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта
берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен
әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету
мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін
анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан
мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды
иеміз.
Барлық аналар аман
болсын.
Мақтасақ, қыздарды, аналарды мақтайықшы! Оларды
нұрға бөлейік, «алтынға теңейік»!!!
Ән. «Аналар Алтын»