Мақсаты: оқушыларға өмірдің мәні туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. | Ресурстар |
Міндеттері:өмірдің мәнін ақиқат құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру; адалдық, шынайылық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту; адалдыққа, шынайылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. | (слайд, музыка, оқулық, дәптер, мәлiметтер) |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, түгендеу. Тәттілер арқылы 2 топқа бөлу. «5 Т» әдісі бойынша*Тәртіп*Талап*Тазалық*Татулық*Тыныштық сақтай отырып сабағымызды бастаймыз.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену |
|
1.Үй тапсырмасын тексеру"Жаңылыс пен ақиқаттың есігі" атты аңызды оқып келу.1. Мәтінде адам неліктен Ақиқатты іздеді деп ойлайсың?2. Не себепті Ақиқат пен Жаңылыс кездесе алмайды? |
|
2.Дәйексөз "Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер"Қаныш Сәтбаев Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып,мағынасын ашып, өз ойларын жеткізеді. | Дәптерге жазу |
3.Әңгімелеу «Бір стакан сүт» «Ховард кедей отбасынан болып, мектепке керек кітап-дәптерін алу үшін көшеде жүріп заттар сататын. Күндердің бірінде ешнәрсе сата алмапты, оған қоса қарны да ашыған. Бір үйдің есігін қағып, тамақ сұрауды шешті. Бірақ, есікті ашқан жас әйелді көріп ұялды. Ұяла-бозара әйелден тамақ сұраудың орнына:– Кешіріңіз, бір стакан сүтіңіз бар ма? – дей алды.Жас әйел баланың аш болу ықтималын ойлап, оған үлкен стакан сүт әкелді. Бала сүтті асықпай, әр жұтымын сіңдіре ішіп болғаң соң:– Көп рахмет! Сүт үшін қанша қарызбын? – деп сұрайды.– Еш қарызыңыз жоқ! – деді күлімдеп жас әйел, – Анам көрсеткен жақсылық пен жасаған көмегін үшін ешқандай ақы дәметпеуімізді үйреткен болатын.– Ондай болса, шынайы жүректен тағы да үлкен рахмет айтамын!Ховард Келли сол үйден шыққан кезде, өзінің тойғанын ғана емес, рухани байығанын да сезді.Көп жылдар өтті. Жас әйел сирек кездесетін бір аурумен науқастанады. Жергілікті дәрігердер түк істей алмай, науқасты қаланың үлкен меркезіне жібереді.Доктор Ховард Келли кеңес беру үшін шақырылған кезде, науқастың қай жақтан келгенін естіген кезде, науқасты өзі барып көргісі келеді. Бір кездері оған сүт беріп, мейірім танытқан әйелді дереу таныды да, әйелдің жақсы болуына бар күшін салды.Қиын операциядан кейін әйелдің денсаулығы жақсара түсті. Операция ақысы үшін чек жазылып, Доктор Келлидің мәмілесіне әкелінген кезде, Доктор чектің үстіне бір нәрселерді жазды да, чекті науқасқа тапсыруға рұқсат етті. Жас әйел чек болған хатқалтаны қолға алған кезде, ол чекті өмірінде төлей алмайтынынан сезіп хатқалтаны қорқып ашты. Хатқалта ішіндегі чекке жапсырылған жазбахатқа көзі ілінеді. “Аурухана мен операция шығындары толығымен бір стакан сүт ақысына төленді”Сұрақтар:1.Ховард қандай жағдайға тап болды?Жас әйелдің қандай сүйіспеншілік әрекетін байқадық ?Ховардтың өмірінде қандай өзгеріс болды?Жазбахатта не жазылған? |
|
4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 2 топқа топтастыру (түрлі кәмпиттермен бөлу)Тапсырма1. "Мен кіммін?", "Менің өмірімнің мақсаты неде?" деген сұрақтарды қатыстыра отырып эссе жазу. "Өмір" сөзіне сөзжұмбақ құрауӘр топ өз жұмысын қорғайды
|
|
5.Топпен ән айту. Риясыз махаббат. Курмаш Маханов: Мен де сеніөмір-ау жантәнімменсүйгенмін,Жүрек атты қоңырау елтіп күйгенмін. Туған жердің шаңын да махаббатпен сіңіргем,Естелік көп жадымда балғын күнімнен.
Өмірім балдай, көңілім қардай,Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.Реңімәрсіз, білегім әлсіз,Жүрегім әнсіз шын махаббат болмаса
Анашыма еркелеп, әкешіме асылып,Есейсем деп ертерек өстім асығып.Үміт сыйлап әр кешке, жана бердік өзімде от,Парталас қыз қалды есте мөлдір сезімбоп.
Өмірім балдай, көңілім қардай,Сенімім шамдай шын махаббат орнаса.Реңім әрсіз, білегім әлсіз,Жүрегім әнсіз шын махаббат болмаса |
|
Үй тапсырмасы. 25 бет, 2-тапсырма |
|
Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізгі үлкен рахмет! |
|