Материалдар / ӨМІРДІҢ ӨЗІНДЕЙ ӨРШІЛ ЖАН
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӨМІРДІҢ ӨЗІНДЕЙ ӨРШІЛ ЖАН

Материал туралы қысқаша түсінік
Қарғалы топырағының ардақты перзенті, облысқа белгілі ақын, Қазақстанның халыққа білім беру ісінің үздік қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Өскен өңір» газетінің штаттан тыс тілшісі- Айдар Достияровтың өмірін, ұстаздық қызметтегі ерен еңбектерін, білімді шәкірт тәрбиелеудегі жемісті істерін, әртүрлі тақырыптарға қалам сермеген жазушылық, суырыпсалма ақындық өнерін насихаттауға арналған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨМІРДІҢ ӨЗІНДЕЙ ӨРШІЛ ЖАН



Бакирова Жанна Әбілпатташқызы

46 А С Пушкин атындағы мектеп лицейінің

тарих пәні мұғалімі



Аннотация.Қарғалы топырағының ардақты перзенті, облысқа белгілі ақын, Қазақстанның халыққа білім беру ісінің үздік қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Өскен өңір» газетінің штаттан тыс тілшісі- Айдар Достияровтың өмірін, ұстаздық қызметтегі ерен еңбектерін, білімді шәкірт тәрбиелеудегі жемісті істерін, әртүрлі тақырыптарға қалам сермеген жазушылық, суырыпсалма ақындық өнерін насихаттауға арналған.


Кілт сөздер:Мақтанышым, Ұстаз десе, Шиелі, Қарғалы, Табиғи таланты, Ақындық өнері, Жан азығы, Төрт құбылам, шығармаларының идеясы.


Гипотезасы: Өз зерттеу жұмысымда Айдар Достияровтың өмір жолынан және оның шығармашылығы туралы мағлұмат беріп, тақырыпты жан-жақты зерттеп, ұлағатты істерін, шығармашылық еңбектерін кейінгі

ұрпаққа жеткізу.

Зерттеудің жаңашылдығы мен дербестік дәрежесі: Мұнда мен Айдар Достияровтың ұстаздық тәжірибесін, шығармашылық жұмыстарын, журналистік қабілеттілігін, суырыпсалма ақындық өнерін жан-жақты ашып көрсетемін.

Кіріспе.Айдар қазақтағы ауызекі суырып салып айту мен жазып шығару үрдісін қатар ұстанған белгілі ақындарымыздың бірі. Оның бізге жеткен өлең – жырлары онша көп болмаса да, мазмұн байлығы мен көркемдік, тіл кестесі, өзіндік қайталанбас мәнер-нақышына сай құнды әрі елеулі.

Айдар Достияровтың ақындық өнері поэзиясының ХХ ғасырдағы даму ерекшелігінің фактісі. «Сері ақын сексен әннің басын қосқан әнші, композитор Н.Бекежановты» зерттей жүріп, өзі де ақын атанған. Айдар ақынның бұл орайда ерекшелігіне барлау жасау үшін ең алдымен айтыс өнерінің ақын құпиясына бойлайтын кілт екендігіне күмән жоқ. Көбіне ақындар балаң шағында өз бойында осындай қасиеттің барын біле бермейтіндігі анық. Әйтсе де өзгелерге еліктеп, Нартай ақынның мен Қалмақан Әбдіқадыровтың шығармаларын оқып сусындап, көргенін, естігенін өлеңмен өруге құмартады. Келе-келе ұйқас құралып өлеңге айналады. Ойдың өрілімімен өлең жолдары туады.


Өлеңге

Жазамын да кейбір жерін өшірем,

Апта сайын жаңа бетке көшірем,

Біріншіден оқығанда қажымай-

Білімге де зор бейнет пен жетіп ем...

Ұмтыламын ақындыққа асығып.

Жүрек отын тұтат өлең, өсем мен,

Бүгінгіде ертеңгісін асырып.

Үңілемін түн жамылып, іңірлеп,

Көрікті жыр көкіректе дүбірлеп.

Жақсы жолдар жазылғанда жадырап,

Қайталап бір оқып қоям күбірлеп.

Жата алмассын мәңгі – бақи жасырын,

Сыртқа шығар күнің туар асылым.

Кең сырласып, қойындасып кетерсің,

Жас арудай аймалаған ғашығын- деп Айдар ақынның өзі айтқандай ән-жырға құмар халқын көкірегінен жарып шыққан өнер бұлағы, қайнардың тұнығы мен сусындатты. Талай шаршы топта сурылып алға шығып, қазақ жырының қасиетті туын биіктете түсті.

Өлеңді ыстықта- көлеңке, боранда –ық, шаршағанда – төсеніш етті. Тума талант иесінің кеудесіндегі өнер лебі бәрібір ерте ме, кеш пе сыртқа шықпай тыным таба ма еді?

Сауатты да, саналы диханшы «Коммунизм» колхозында күріш звеносының жетекшісі болып қызмет атқарып жүріп, күріш өсірумен қатар өлең, очерк, әңгіме суреттемелер жазумен де айналысты. Оның қаламы әртүрлі өлеңдерге бейім – жүрекке жылы тиетін лирикалар жазумен қатар, сатиралық шығармалар жазған.

Айдар Достияровтың бойындағы ақындық өнері, ұстаздық біліктілігі, жан-жақтылығы, еңбексүйгіштігі, адамгершілігі туралы насихаттау, зерттеу бүгінгі ұрпақтың парызы.


Мақтанышым, мамандығым – мұғалім

Ұстаз десе өз атымдай шаттанам,

Төрт құбылам түгел алғыс қаптаған.

(А.Достияров)

Picture 2

















Айдар Достияров Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Қарғалы» кеңшарының «Жаман көл» деген жерінде шаруаның отбасында 1928 жылы сәуірдің 14 жұлдызында дүниеге келген. Ол 7-класта оқып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады да, өзінен үлкен үш ағасы бірінен соң бірі майданға аттанып, хабар - ошарсыз кетеді. Айдар соғысқа кеткен ағасы Омардың орнына өндіріс бригадасының бригадирі болып істейді. Одан кейін ұжымшар мен ауылдық Кеңестің жауапты хатшылығын қосып атқарған Айдекең, 1944 жылыдан 1947 жылға дейін дайындау министрінің Шиелі аудандық өкілінің агенті, кейін орынбасары болып қызмет атқарған. Сол жылы Алматы ауыл шаруашылық институтының жанынан ашылған дайындық курсын бітіргеннен кейін, Абай атындағы пединституттың екі курсын алты айдың ішінде жеделдете сырттан оқып бітірген. Үшінші курстан бастап Қызылорда пединститутына ауысып, оны 1951 жылы тамамдаған. Бірыңғай ұстаздық қызметке ауысып 1948 жылы мектептің оқу ісінің меңгерушісі, 1949 жылы директор болып тағайындалады. Табиғи таланты мен ерекше іскерлік қабілетінің арқасында халықпен бірге тағдыр тауқыметіне көндігіп, өмір сынында ерте есейіп ысылған Айдардың болашағынан достары үлкен үмітте болатын. Бір-ақ бұл кезең – «сүйікті» компартияның идеологиялық мәселеге ерекше көңіл бөліп, ұрандап тұрған шағы еді.

Айдекең сол саясаттың алғашқы құрбаны болды. Содан бастап мектеп директорының оқу- тәрбие жөніндегі орынбасары боп тағында ағарған ағамыз, сол қызметтен құрметті демалысқа шыққан.

Айдар аға жергілікті баспасөзге бала жасынан араласқан. Сол күндерден өмірден озғанға дейін газеттерінен қол үзбей, шығармашылық байланыста болып, ойлы өлең, дастандары мен көркем очерк, әртүрлі жанрдағы мазмұнды өзекті ой қозғаған пікір алысу-ұсыныс, әдістемелік тұрғыдағы мақалалары жиі жарық көріп, оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленген.

Айдар ақын, Қазақстан педагогикалық қоғамның республикалық кеңесі мен «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакциясы, халыққа білім беру саласындағы актулды мәселелерді қозғайтын проблемалық мақалалар мен көркем очерктерге бәйге жариялағанда да өлең-очеркімен жүлделі орынды жеңіп алған болатын. Сол сияқты, аудандық, облыстық ақындар айтысында да үздік орындарды иеленді. Оның ішінде атақты ақын Тәушен мен өзінің ұстазы алып ақын Нартаймен айтыстары – осы заман айтыстарының биік үлгісі екені дау тудырмайды.

Айдар Достияров әрі жазба, әрі суырып салма – әмбебап ақын, қаламы ұшталып шеберлікке төселген білікті журналист – жазушы. Оның «Нар жүгі» аталатын жыр жинағы «Жазушы» баспасында, «Нартай нақышы» деректі роман-эссесі, «Өнер» баспасынан өндірісте жатқанына біраз жылдар өтіп кетсе де, «Өздерің білер Нартаймын» естеліктер кітабы 1994 жылы «Өнер» баспасынан басылып,әдебиет сыншылары мен оқырман қауымна ұнап, әділ бағасын алды.Айдар атамыздан білім алаған шәкірттері әр салада жемісті еңбек етіп жүр.

Айдар атамыз қазына қарттарымыздың бірі. Ол ауыл арасында ғана емес, аудандық, облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда халықты ынтымақ-бірлікке шақырып, өмірдің өзекті мәселелері бойынша қоғамдық пікір тудырып, парасат биігінен көрінген парасатты азамат.

Айдар Достияров қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық қызметте 48 жыл талмай еңбек еткен. Білімі жоғары, Қызылорда пединститутын бітірген, қазақ тілі мен әдебиетінің маманы болып, ақындық өнерін толықтай меңгерген. Мамандығы туралы өзінің «Мамандығым-мұғалім» өлеңінде былай деп баяндайды.

Мамандығым – мұғалім

-Ағай сіздің мамандығың не? –деді.

-Мұғаліммін,–дегенімде

-«Е–е»–деді.

«Мұғалімдік – мамандықтың төмені», –

Дегені ғой маған «е – е» деу себебі.

-Өзім сүйген мамандығым – мұғалім,

Өз әлімше борышымды ұғамын,

Кей сабақтан егінші де, малшы да,

Жұмысшы да – бәрі болып шығамын.

Зоохимия – мал дәрігері етеді,

Ботаника – агроном есебі.

Еңбек пәнін оқытқанда мұғалім,

Инженер де, жұмысшы боп кетеді.

Баулитыным бәрі сондай мамандықШәкіртімді шығару тек адам ғып.

Сондықтан да «Ағай» дейді жас ұрпақ,

Құрметтейді әзір тұрып маған тік.

Мақтанышым, мамандығым-мұғалім,

Балдырғандар арасында тұрағым.

Сені де мен оқытқанмын, шырағым,

Ойланып көр, Тағы бар ма сұрағың?


2.Жақсы жыр – жан азығы. Айдар Достияровтың бүкіл шығармашылығына зер сала қарасақ оның өмірі мен өлеңдері, шымшымалы шумақтары, поэмалары, ел бірлігі мен татулықты, ізгілік пен достықты, әділдікті пен шындықты, жалпы адамгершілікті жырлауға бағытталған. Ол 7-класта оқып жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады да, өзінен үлкен үш ағасы бірінен соң бірі майданға аттанып, хабар - ошарсыз кетеді. Айдар соғысқа кеткен ағасы Омардың орнына өндіріс бригадасының бригадирі болып істейді. «Коммунизм» колхозында күріш звеносының жетекшісі болып қызмет атқарады. Айдар күріш өсірумен қатар өлең, очерк, әңгіме суреттемелер жазумен де айналысқан. Оның қаламы әртүрлі өлеңдерге бейім-жүрекке жылы тиетін лирикалар жазумен қатар, сатиралық шығармалар да жазған. Меніңше диханшылық пен жазушылық егіз кәсіп сияқты. Дихан мол өнім алу үшін қаншалықты тер төгіп, ауыр бейнетке төзіп еңбек ететін болса, жазушылық бейнеті де одан кем түспейді. Жақсы шығарма жазу үшін талай күндер, талай түндер сарылып еңбек етеді. Өз орнына қойылмаған бір сөздің өзі жақсы өлеңнің сәнін кетіреді, жақсы әңгіменің арқауын босатады. Айдар Достияров бұл жауапкершілікті де сезіне білген. Оған оның жазған «Менің күнделгім» деген очеркі дәлел бола алады. Оны оқушылардың жылы қабылдауының себебі де міне, осы.

«Жақсы жыр – жан азығы»,-деп халық текке айтпаған Айдар Достияров әртүрлі тақырыптарда өлеңдер жазған. «Қарапайым қарт адам», «Өлеңге», «Оңашаға алып шықты жасырын», «Молда қалды моладай», «Айналайын», «Отанымды жырлаймын», «Таң алдындағы ой», «Сағындым жанда досымды!», «Қос қыран», «Келешек жобасы», «Жігіттерге», «Оқы інім». Мысалы Қалмахан Әбдіқадыровқа арнаған өлеңі:


«Қарапайым қарт адам»

Президиум столына қарасам,

Ортасында көзге қореш-қарт адам

Қарапайым, жұпынылау көрінді,

«Бұл кім екен!» - деп өзімше тамсанам.

Әр алуан адам толы маңайы

Бас иеді аға тұтып талайы.

Күн нұрымен жалтырайды күмістей,

Қырау шалған шашы менен самайы,

Жастық шақта жалша болған жан екен.

Қан майданда зор еңбегі бар екен.

Әзер сендім:- қарт кісіні осынау

Деген сөзге:ақын – аға Қалекең

Шарықтай түс, талай шыңға ұшарсын,

Марқа қалам одан әрі ұшталсын!

Сыртың қореш көрінсе де жәй көзге,

Туындылар тудыра бер іші алтын!

Сүйіктісін құрметтеген барша жан.

Өмірлі бол қадірлі дос, қарт ағам!

Тұңғыш ұлым «қарапайым болсын» деп,

«Қалмахан» деп қағып жүрмін арқадан!


20 тармақ, 5 шумақ, 11 буынды, 3 бунақ,қара өлең ұйқасы. Айдар Достияровтың шығармашылығын 3 топқа топтастырумызға болады. Олар арнау өлеңдері: «Май жырлары», «Өшпес даңқты күн», «Жырдан шашу», «Сәлем саған», «Әйел - ана», «Ұлы күн», «Қырманшы қарт», «Асқарға», «Диқан сөзі» т.б. Үндеу өлеңдері: «Аттан», «Ұлы Жеңіс біз үшін», «Елге сәлем», «Сенім», «Отан үшін», «Бір дауыстан сайлансын», «Табысты бол жастарым», «Көктемнің көркі», «Мектеп -ана», «Жарыңды сонда сүйесің (жауынгердің хатынан)»,сатиралық шығармалары: «Молдасынан түңіліп», «Сұлу бидай су сұрайды», «Рас екен», «Кете берді, күлде де», «Ештен кеш жақсы», «Бөбек уәжі», «Сыншының сиқы», «Кеште болса түсіндің», «Кез болса әділ сынға-шымшымалы» сияқты өлеңдері бар.

Осы пионер ақындардың республикалық айтысының қорытындысы бойынша Қ.Әбдіқадыров атындағы №241 орта мектебінің оқушысы Айдынғали Мұқанов жүлделі І орынға ие болып, Қырымдағы «Артек» демалыс лагеріне жолдама алған.

Бүгінде Айдар Достияровтың тәрбиелеген шәкірттері өмірдің сан түрлі саласында қызметтер атқарып жүр.

Ұстаздық қызметте игі істер атқарған Айдар Достияров келер ұрпақ үлгі етерліктей тұлға.

Айдар шығармашылығы – өмір шындығының айнасы. Оның өлеңдерінде сипатталған оқиға, құбылыстардың және жеке адамдар әрекеттерінің өмірде болған шындыққа тікелей қатыстылығын айнытпай дәлелдейді. Мұның өзі Айдар ақынның өлең, дастан, айтыстарының тарихи тамырының беріктігін, жалған айтпайтындығын анық көрсетеді.

Ақынның тілінің жұмбағы өте терең де көркем. Ұйқас қазақ поэзиясының басты шарттарының бірі десек, Айдар өлеңдеріне, негізінен, қара өлең ұйқасы. Ақын поэзиясында орныққан бір заңдылық: оның он бір буынды өлеңдері түгелдей қара өлең ұйқасымен айтылады.

Ақындық өнердің қызыл желі атанған Айдар ақынның тілі кестелі, өрнекті сөздерге бай. Атап айтқанда, ақын шығармаларында троптың; метафор, метонимия, теңеу, кейіптеу, сарказм тәрізді түрлері бар. Аталған көркемдегіш құралдарды қолдануда ақын асқан зерделік пен нәзік байқампаздық, талғампаздық пен тапқырлық және сан қилы құбылыс, әрекеттеріді образды қабылдауда соны мәнер-машық, майталман шеберлік танытқан.

Қорыта айтқанда, Айдар Достияровтың ақындық өнері жөнінде мынадай тұжырымға келеміз:

Айдар – еңбекшіл елдің бұқарашыл, азамат ақын.

Айдар – айтыс өнерінің майталманы.

  1. Айдар - адам тағдыры мен тіршілік әрекеттерін даму, жаңару, жаңғыру үстінде болады деп түсінген. Құнды-құнды қорытындылар жасаған халықтық-философ ақын.

  2. Айдар – сатирик ақын. Өткір мысқыл мен аз сөзге көп мағына сыйдырып айтудың үздік шебері.

  3. Айдар – ұлағатты ұстаз.


Қорытынды


Айдар Достияров - әрі жазба, әрі суырып салма – әмбебап ақын, қаламы ұшталып, шеберлікке төселген білікті журналист – жазушы, ұлағатты ұстаз. Ұстаздық қызметте үлкен табыстарға жетіп, шәкірттерін биік шыңға жетелеген ұлы тұлға. Сонымен бірге жас ұрпақты білімділік пен ізгілікке тәрбиелеп, адамгершілік пен адалдыққа баулудың жолында ерен еңбектер атқарып, жастарға әрқашан үлгі болған.

Айдар Достияров жазушылық пен ақындық өнері арқылы халық арасына кеңінен аты шыққан азамат. Ақын халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап әрдайым көңілінен шыға білген.

Суырып салма ақындық өнерімен көптеген айтыстарда тапқырлық танытып жеңістерге жеткен. Сонымен бірге айдар ақын «Өскен өңір», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Сыр бойы» газеттері арқылы қалың оқырманға етене таныс.

Айдар Достияровтың соңына 4 қыз, 3 ұл қалған. Олардан 48 немере өрбіген. Ақынның 1 ұл, 1 қызы бұл күнде дүниеден озған. Ақын жазушы – бір елдің , белгілі бір өлкенің ғана емес, бүкіл халықтың ортақ перзенті. Олай болса, ақынның шығармашылары, мұралары әрқашан құнды дүниелер қатарында болмақ.



ҰСЫНЫСТАР


  1. Айдар Достияровтың есімін мәңгі есте қалдыру үшін ауылдағы бір көшеге аты берілсе.

  2. Ақын, жазушы, ұлағатты ұстаз Айдар Достияров шығармаларын зерттеу жинақтау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуді жолға қою.

  3. Ақынның шығармалары жинақталып, кітап болып басылып шығарылса.

  4. Мектепте Айдар Достияровтың ақындық шығармаларының идеясын аша білу мақсатында арнайы оқу бағдарламасын дайындау.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.



  1. А.Достияров. «Коммунизм жолы» газеті.Қазан айы, 1960 жыл, 3-бет.

  2. С.Құрманаев. «Қазақстан мектебі» журналы .Шілде айы, 1993 жыл.

  3. С.Құрманаев. «Сыр бойы» газеті. Сәуір айы, 1993 жыл.

  4. А.Достияров. «Өскен өңір» газеті. Ақпан айы, 1984 жыл.

  5. А.Достияров. «Өскен өңір» газеті. Сәуір айы, 1978 жыл.

  6. А.Достияров. «Өскен өңір» газеті. Тамыз айы, 1966 жыл, 3-бет.

  7. А.Достияров. «Стахановшы» газеті.1950 жыл, 4-бет.

  8. С.Сейтенов. «Коммунизм жолы» . газеті.1960 жыл, 4-бет.

  9. А. Достияров «Өздерің білер Нартаймын» Алматы. «Өнер» баспасы. 1994 ж.

  10. Қазақтың салт дәстүрлері. Алматы.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!