Материалдар / Өмірге ИЯ деп айт
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өмірге ИЯ деп айт

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2018
1927
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өмірге ИЯ деп айт!

Өскелен ұрпақтың денсаулығына қазіргі заман ағымында жаңа технологиялық ақпарат құралдарының қарқынды дамуы пайдасымен қатар зиянын да тигізіп жатыр.Оны барлығы біліп те көріп те жүр. Осы орайда балалардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға қоғамның назарын аудару мақсатында, баланың құқықтары, сондай-ақ әлеуметтік желілердің теріс ықпалына түскен жағдайда балаларға көмек көрсетудің кез келген түрлері туралы қоғамның ақпараттандырылуын арттыру, балалардың заңды құқықтары мен мүделерін қорғауды қамтамасыз ету қызметіне ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру негізінде 2018 жылдың 10 ақпан -10 наурыз аралығында «Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны «Өмір тамаша!» ұранымен академик о.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінде жоспарлы түрде өткізілді. Ата-аналар мен оқушыларға арналған ақпараттық стенд , «Өмір тамаша» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаттары, «Интернетсіз бір күн» жаппай кітап оқу, ата-аналар жиналыстары, флеш-моб, психологиялық ойындар, жадынамалар мен ақпараттық парақшаларды тарату осы науқанның іс-шаралары ретінде жүзеге асырылды.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жасынан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Осы орайда ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек. Қазіргі балаға қауіптің бірі – күнделікті қолданатын ғаламтор желісі болып тұр. Техниканың дамып кеткені сондай, уақытымыздың көбі жанымызға жақын жандардың жанында емес, ғаламтордың алдында мониторға телмірумен өтіп кететін күндеріміз болады. Ой-санасы, жеке пікірі қалыптасқан, ерік-жігері мен таңдау мүмкіндігі бар адам болсақ та, дәл осы ғаламтор алдында дәрменсіздік танытып жатамыз. Біздің әрекетіміз осындай, ал ой-санасы қалыптаспаған, ақ пен қараны ажырата алмайтын балаларымыздың әрекеті қандай болмақ? Ақиқатымен қоса жалған ақпараты қатар жүретін ғаламтор балаларымызды жақсылыққа да, жамандыққа да итермелеуі мүмкін. Ғаламтор бетінде әдемі өле білуді, ашығу арқылы арықтауды және басқа жаман әдетке үйрететін сайттар қатары қаншама?! Сананы улайтын дұрыс емес ақпараттар ой-пікірі қалыптаспаған баланың денсаулығына, жан дүниесіне, тұлғалық дамуына кері әсерін тигізбей қоймайтыны анық.

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін балалар қашан да үлкендердің көмегіне жүгіне алатын болуы, балалардың ғаламторда бір-бірімен сөйлескенде,  әдеп сақтап, сыпайы болуын талап ету, рұқсатсыз ғаламтордағы жаңа таныстарымен кездесуіне жол бермеу, спам хаттарды  кейін қайтарудың, басқа біреуге жіберудің еш қажеті жоқ екенін, баланың әлеуметтік сайттарда арандатушы ақпарат, сурет, видео салуына тиым салу, өзі туралы ақпаратты ғаламторда жариялауға тиым салу сияқты сақтық шараларын кез-келген ата-ана білу және қадағалап, бақылауда ұстауы қажет.

Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені қазіргі таңда жат пиғылды ағымдардың ықпалына еріп, экстремистік әрекеттердің қатарын толықтырушылар осы жастар болып отырғаны белгілі. Бұған қарсы тұра білудің жолы жастардың діни сауатын арттыру, оларды адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрімізді бойларына сіңіріп, дәріптеу, оларды еліне, жеріне, дәстүріне, дініне жанашыр азамат етіп тәрбиелеу болып табылады. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу  - алда тұрған басты міндеттердің бірі деп Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни, төл дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету. Міне, осы айтылған дүниелерді негізге ала отырып, біз елдің ертеңін ойлап, естімейтін, көрмейтін, сезбейтін ұрпақ емес, таным-түйсігі жоғары, көреген, білімді, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңірген, өмірге ИЯ деп қана қарайтын ұрпақ тәрбиесін ойлауымыз керек.

ак.О.А.Жаутыков атындағы ЖББ №1қазақ орта

мектебінің педагог-психологы М.А.Нургалиева

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!