Материалдар / Өмірге үлгі етер ақын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өмірге үлгі етер ақын

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақын апамыз Гүлбақыт Қасен Тоқтанқызына арналады.Апамыз сияқты ақындар-қазіргі ұрпаққа өнеге және жас ақындардың арқа сүйері мен үлгісі хақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2020
516
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨМІРІМЕ ҮЛГІ ЕТЕР АҚЫН

Гүлбақыт Қасен туралы бір үзік сыр

Ақындық өнер хобби де емес, ермек те емес. Ұлы Абай да: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деп айтып кеткен. Ақындық өнер – адам бойына туа біткен дарын. Әр ақын дүниеге келген сәтінен бастап-ақ ақындық үшін жаратылғандай болады. Есейе келе ақындардың жеке әлемі мен жеке өмірі, тың көзқарастары болатынын әр адам жүрегімен түсінеді, түйсінеді. Қолына қалам алып, ақ қағазға жүрек жыры мен жан сырын төккен ақындарға шынайы өмір ағымынан өзінше бір бөлек шығып, оған қайта оралу қиынға түспейді ме екен? Сірә, олай емес-ау деймін...

Жақында жерлес ақын апайымыз Гүлбақыт Қасенмен әңгімелескенімде «Ақындар әлеміне еніп, қайта оралу қиын емес» деген еді. Бірақ та, ақын өмірінде өнерінен алшақ жүретін уақыттары да болады екен. Ақын да пенде емес пе, отбасын құрып, мансабын тауып, өмірдегі өз орнын іздейтін кездерде ақындық өнер жайына қалып жатады ма деп те ойлаймын.

Гүлбақыт Қасен Тоқтанқызы бала күнінен ауылда өсіп, талшыбықтай бұралып бойжеткен апайымыз үшін әкесінің орны ерекше болатын. Ата-анасының тәлімді тәрбиесін алып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете жүріп бойжетті. «Ешқашан кекілін әкесінің көзінше босатпаған» жас ақын, әкесіне деген ерекше құрметін өлеңдерінде « Мен үшін асқар тау Әкелер – кемеңгер» деп үлкен мақтанышпен ой толғайды.

Жұмақтың кілті...

Ол – ананың табаны,

Жұмақтың кілті...

Ол – атаның қабағы, – деп ақын

Гүлбақыт жас ұрпаққа өнеге көрсетіп, ана мен әкенің қадір-қасиетінің ерекшелігін өзінше жырмен өрнектейді.

Ең алғаш өз дарынын мектеп кездерінде көрсете бастаған ақын өнерге үлкен дайындықпен келгендігін аңғарамыз. Қаршадай қыз кезінде жыр жазып, ақ қағазға түсірген өлеңдерін ұлы да ұлағатты ұстазына балаған марқұм Фариза Оңғарсыноваға хат арқылы жіберіп тұрған. Фариза Оңғарсынова өз кезегінде ақын қызға дөп баспаған тұстарын түсіндіріп, пікірін хат арқылы жіберіп отырған. Бір жолғы жауап хатында: «Ақын екенсің -- абыржыма, жазушы екенсің – жасыма. Жаз! Жаза бер!» деп қолдау көрсетіп, жас талантты алға жетелейтіг тілегін білдірген. Өз өлеңдерін Фаризадан басқаға көрсетпей, жасырын ұстаған Гүлбақыт Қасен 9-сыныпта ғана өлеңдерін жарыққа шығаруға бекінеді.

Гүлбақыт Қасен мектеп бітірген соң Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филология факультетінде, одан кейін Ө. Жолдасбеков атындағы Құқық және экономика академиясының заң факультетінде білім алады. Сонымен қатар ақындық өнерін де қалыс қалдырмаған. 1995 – 2000 жылдары орта мектепте, колледжде мұғалім және директордың оқу-әдістеме жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарған, 2008-2015 жылдары Аматы облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында жауапты қызметте болды. Қазір Алматы облысы әкімдігінде ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде бас инспекторы қызметін абыройлы атқарып жүр.

Облыстық, республикалық деңгейдегі тілді насихаттайтын шараларды ұйымдастыра жүріп, жыр мүшәйраларының жыр жинақтарын шығарып, өңірдегі ана тілімізге қатысты күрделі мәселелердің шешімін табуға өзіндік үлесін қосу жолында ізденіспен еңбек ете білген Гүлбақыт Қасеннің тұла бойынан, оның жазған шығармаларынан ұлттық рух пен қазақи тәрбие, жанға жайлы биязылық лебі есіп тұрады. Ақын іштегі жан күйзелісін, дауылды сезімдерін астарлы оймен жеткізуге өте шебер. Өлеңдерінде оқырмандарын толғандыратын теңіздей терең ой жатыр.

Адам баласының рухани өлермендігіне кейде таңқалуға да таңырқауға да болады. Мен бұл тұста тылсым өнерге құштарлығы қанбай, «білсем, үйренсем, көрсем» деген ұмтылыс барысындағы «өлермендік пен жанкештілікті» меңзеп отырмын. Өйткені ақынның туындылары өзінің алдындағы аға буын өкілдерінің өнерін сәттілікпен жалғастырғандай леп еседі. Мағжан Жұмабаев, Фариза Оңғарсынова мен Мұқағали Мақатаев сияқты поэзияның ірі тұлғаларын пір тұтып, тіпті өз өлеңдеріне тірек етіп, олардың «поэзиясының жалынан ұстауға» жүрексінбей баратындығын аңғарамыз. Меніңше, бұл – барып тұрған батылдық. Батылдық – ақын бойындағы бұлқынысты айқын байқататын қасиет. Ақынның жастайынан ештеңеден тайсалмайтын өжеттілігі мен батылдығы – мақсатына жеткізер ең мықты қаруына айналғаны нақты аңғарылады. Гүлбақыттың «Құсқанаты» атты жыр жинағында анаға арналған жүрекке жып-жылы әсер ететін әдемі диптих бар. Оқиық:

«Мәңгілік сәби боп өтер ем еркелеп,

Жалғанда жағыпар келмесе ентелеп, -- дейді де: артынша:

Анамның тілінен өмірді таныдым --

Дарыған бойыма өнеге, тағылым, -- деуі шынайы ыстық ықыласпен ұштасып жатыр емес пе!

Әр ақынның өз поэзиясы – оның жүрегі. Жүрегімізде әрқашан елімізге, анамыз бен әкемізге, кіндік кескен туған жерімізге, жақындарымызға деген сүйіспеншілік сезімге толы. Сол сезімнің ең ғажабы - бір-біріне мүлде жат екі адамның арасындағы қарым-қатынастың арқасында құштарлық сезімді оятатын махаббаттың құдіреттілігі. Әр адам өмірінде бір рет болса да біреуді құлай сүйеді деп ойлаймын. Бұл -- табиғи заңдылық. Осындай ғажап сезім дүниесін жырға қоспау, кімге болса да күнə да шығар?! Міне, содан ба екен, Гүлбақыт апайымыздың жырларының басым бөлігі көңіл қылын шертетін махаббат, ғашықтық құштарлыққа, сыршыл да нәзік сезім иірімдеріне бағытталған. Лирикалық көңіл-күйінің лебі самалдай аймалайды. Сондай жырлардың бірі "Сен" деген өлеңі қысқа да нұсқа әрі ұғынықты өрілген өлең. Мұнда бір сыр жасырулар не болмаса жұмбақтар жоқ! Ойы толық ақтарылып, шын көңілімен жазылған. Ағынан жарылған ақын апайымыздың ішкі сезімі кестеленген. Әдемі суреттелген. Тиянақты ой түйген.

Болашақты армандай білу де ұлы даралық. Себебі, арман өмірге қызықтырады. Оны сұлуландыра түседі. Əдеби туындылардың жазылуына да осы арман бірден-бір себепші. Ақынның айналадан алған шабыты мен ойынан туған оқиғаларды ұштастыруы арқылы керемет шығарма туғыза біледі. Ойындағы ұлы сезімін жырына қосқан Гүлбақыт Қасен апайымыздың «Биік арман» өлеңіне тоқталып кетсем, өлеңнің бірінші шумағында арманына жету жолында кездескен кедергілерге мойымай, еш қаймықпағанын:

Тауым қанша шағылса да қамығып,

Мұңымды айтып жан пендеге бармадым, -- деген

жолдарынан ұстамдылықты ұтқырлықпен алға тартады. Келесі шумақтарында, өмір жолындағы кедергілер арқылы ширап, қанатын қомдайды. Сондай-ақ өлеңде, істері ілгері баспай қалған кезде де басқалардың алдында ардақты абыройын түсірмегенін мынандай жолдармен бейнелеп.

Бір шабытым кемшіл түсіп жатса да,

Құны қымбат абыройды сақтағам, -- деп ой түйеді.

Өлеңнің құрамында «аппақ бұлтты қармадым, қатал тағдыр, ақ қауырсын намысым, құны қымбат абырой, үміт сəулесі» деген сияқты ауыспалы мағынадағы сөздерді ұтқырлықпен қолдану арқылы тапқырлық танытады.

Ақын апайым Гүлбақыттың шығармаларынан шабыттана оқи отырып, жырларына сүйсінгендігімнен оқырманы ретінде айтатын балғын тілектерім мен алғысым да шексіз. Қаламы мұқалмай, қанатты жырының үні көк төрінде самғап, жазары көбейсін демекпін. Гүлбақыт Қасен сияқты ақындар – қазіргі ұрпаққа өнеге және жас ақындардың арқа сүйері мен үлгісі болары хақ. Әзірше, жүрегіме жылулық ұялатқан жерлес ақын Гүлбақыт апайыма сіңлісі ретінде айтайын деген бір үзік сырым осы еді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!