Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Өндірістік машықтама" жоспары мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түсіндірме жазба
Кәсіптік тәжірибенің осы оқу жұмыс бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру саласының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру Стандартына сәйкес 0101000 – «Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешісі» біліктіліктері бойынша әзірленген.
Осы оқу жұмыс бағдарламасы кәсіптік тәжірибе мазмұнының міндетті минимумдарына және дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды іске асыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламасын құруға негіз болды.
Кәсіптік тәжірибе кәсіби білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі және техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын кәсіби іс-әрекетке дайындаудың тиімді нысаны болып табылады.
Кәсіптік тәжірибе барысында білім алуышыларды тәжірибелік дайындықтан өткізу жүзеге асады, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының жұмыстарын зерделеу негізінде білімдері кеңейеді, тереңдейді және жүйеленеді, негізгі кәсіби білім, біліктіліктері біліктілік сипаттамасына сәйкес қалыптсады.
Кәсіптік тәжірибе техникалық және кәсіптік білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес ұйымдастырылады және келесі түрлерін қамтиды:
-өндірістік оқу-жалпы кәсіптік және арнайы пәндерінен білім алушылардың неғұрлым сапалы және терең білім алуына бағытталып, таңдаған мамандықтары бойынша кәсіптік тәжірибелік құзыреттітіліктерді, біліктіліктерді және дағдыларды меңгертеді;
-өнідірістік тәжірибе –оқу, оқу-өнідірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигодарында және білім беру ұйымының қосымша объектілерінде ұйымдастырылады;
-мамандық бейіні бойынша (технологиялық) тәжірибе –білім беру ұйымы және мекеменің арасында жасалған тікелей келісім –шарт негізінде әртүрлі ұжымдық –құқықтық нысандағы ұйымдарда кәсіптік іс-әрекетті толық меңгерту үшін, нақты бір ұйымның іс-әрекетін зерделеу негізінде, арнайы пәндерден алған білімдерін тереңдетуге, кеңейтуге, жүйелеуге, бекітуге бағытталып өткізіледі;
-біліктілік (дипломалды) тәжірибесі –алғашқы кәсіптік тәжірибелерді жинақтау және білім алушылардың дербес еңбек іс-әрекетіне дайындықтарын тексеру және дипломдық жобаға материалдар жинау мақсатында әртүрлі ұйымдық –құқықтық нысандағы білім беру ұйымы және мекеме арасында тікелей жасалған келісім –шарт негізінде өткізіледі.
Осы кәсіптік тәжірибенің оқу жқмыс бағдарламасы келесі талаптарды қарастырады:
-базалық мекемемен әлеуметтік серіктестікте болып, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру (кеңес, семинар, үлгі сабақтар, әдістемелік баяндамалар, презентация және т.б.)
-кәсіптік тәжірибені жоспарлауды қамтамассыз етеді, ұйымдастырады, нәтижесі бойынша есеп береді, жоспар –графигін жасайды;
-кәсіптік тәжірибе бойынша бекіту және қорытындысы педагогикалық конференция ұйымдастырып, өткізеді;
-мектепке дейінгі ұйымдарға барып кәсіптік тәжірибенің өту барысына бақылау жүргізеді, кәсіптік тәжірибені жетілдіреді және кемшіліктерін түзетіп отырады;
Кәсіптік тәжірибе әдіскері:
-мектепке дейінгі ұйымдардың әкімшілігімен бірге білім алушы практиканнатарды кәсіптік тәжірибеден өту үшін топтарға бөледі;
-мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша кеңестер өткізеді, үлгілік оқу жоспарына сәйкес көрсетілген кәсіптік тәжірибеден практиканттардың тапсырмалдарды уақытымен орындауын ұйымдастырады және әдістемелік басшылық жасайды;
-мектепке дейінгі ұйымдардағы білім алушылардың жұмыстарына жұмыстарын бақылайды, кәсіптік тәжірибеден өту барасындағы кемшіліктерді анықтап, түзетіп отырады;
-білім алушыларға мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерімен бірлесе отырып мінездеме құрастырады және бағалайды (сынақ);
-мектепке дейінгі ұйымдардағы кәсіптік тәжірибенің барлық іс-шараларына қатысады, нәтижесін білім алушылармен бірге талдайды;
-білім алушылардың кәсіптік тәжірибе барасында еңбекті қорғауын, техникалық қауіпсіздік ережелерін және өрт қауіпсіздігін сақтауын қадағалайды;
-практиканттардың есептік құжаттарын талдап, бағалайды;
-колледждің педагогика, жеке пәндер әдістемелерінің оқытушыларымен, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерімен, тәрбиешілерімен үнемі сабақтарға қатысады; білім алушы- прктиканттар өткізген үлгі сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларды талдайды;
-кәсіптік тәжірибе бойынша бекіту және қорытындысы конференцияларға қатысады;
Педагогика пәнінің оқытушысы:
-мектепке дейінгі жастаға балаларды оқытып-тәрбиелеудің өзекті мәселелері әдістемелік әңгімелесу өткізеді, практиканттарға жас ерекшелік топтарындағы оқу жұмыстарын ұйымдастыру сұрақтары бойынша кеңес береді, олардың режимдік үрдістерді, сабақтарды және сабақтан тыс жұмыс түрлерін «өткізіп көруін» ұйымдастырады;
-педагогикалық тәжірибенің сұрақтары бойынша тапсырмаларды орындауда практиканттарға көмек көрсетеді;
-жеке пәндер әдістемелерінің оқытушыларымен, мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлерімен, тәрбиешілерімен педагогикалық
-білім алушылардың оқу- тәрбие жұмыстарын жоспарлау және ұйысдастыру дағдыларын қалыптастыру;
Міндеттері:
-мектепке дейінгі ұйымдардың бағдарламаларының мазмұнына, мақсаттары мен міндеттеріне сай жұмыс түрлерін ұйымдастырып, өткізуге баулу.
-тәрбиешінің балалармен ұйымдастыратын педагогикалық қызметінің дағдыларымен икемділіктерін қалыптастыру;
- білім алушыларды білім деңгейлерін бағалауға, талдай білуге және тәрбие жұмыс жоспарын үйрету.
Мектепке дейінгі базалық ұйымдардың оқу-тәрбие жұмыс жоспарларын құру ұстанымдары.
Жас ерекшелік топтарындағы балалардың даму деңгейі. Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы. Тәрбиешінің балалармен ұйымдастырылатын іс-әрекет түрлері және оларға қойылатын дидақтакалық , әдістемелік талаптар. Тәрбиешінің балалардың ат-аналарымен жүргізілетін жұмыс түрлері. Психологиялық-педагогикалық диагностика ұйымдастыру, мінездеме жазу. Өзін-өзі тану процесін ұйымдастыру, қойылатын талаптарды орындау.
Оқу-машықтамасын өткеннен кейін білім алушылар
біледі:
-тәрбие жоспарының және оқу бағдарламаларының мазмұнын және құрыымын;
-тәрбиешінің мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиені жоспарлау құрылымы мен мазмұнын;
-мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды оқытып-тәрбиелеудің әдістерін;
-Режимдік процестер мен оқу қызметтердің мақсаты мен міндеттерін анықтауды;
-мектепке дейінгі жастағы балалардың іс-әрекеттерінің әртүрлі типтерінің мазмұнын және құрылымын, оларды әзірлеуді және өткізуді;
орындай біледі:
- Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие бағдарламасының құрылым мен мазмұнына сәйкес әдіскер мен тәрбиешінің басшылығымен режимдік сәттерді, байқау сабақтарын жоспарлауды, кқрнекі құралдарды қолдан жасауды, дайын түрлерін тиімді қолдануды, ақпараттық педагогикалық технологияларды пайдалануды;
- әдіскермен бірге тәрбиешінінң жұмысын бақылау, талдау, және ұсыныс жасауды;
-балалармен психологиялық диагностика жүргізуді, мінездеме жазуды;
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойын және еңбек іс-әрекеттерін, ойын-сауықтарды, ертеңгіліктерді, спорттық ойындарды, сайыстарды жоспарлауды;
дағдыларды қалыптастырады:
-әдіскер мен тәрбиешінің басшылығымен режимдік сәттерді, байқау оқу қызметтерін және серуендерді, саяхаттарды жоспарлауды және өткізуді.
-әдіскер мен тәрбиешінің басшылығымен бөбекжай және бақшасының ауласында, табиғат мүйісінде, бақылауды, еңбек іс-әрекеттерін, ойын түрлерін және серуенді ұйымдастыру;
-қосымша әдебиеттерді, оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды шығармашылықпен пайдалануға және ақпараттық коммуникативті педагогикалық технологияларды әдістемелік талапқа сай қолдана білуге дағдыланады.
|
Байқау және бақылау тәжірибесі |
Барлығы |
1 |
ҚР МЖМБС негізінде мектепке дейінгі мекеме міндеттерімен, мақсатымен танысу. Балабақша басшылығымен, тәрбиешімен, топпен танысу. Жылдық жоспардың мақсатты мен мазмұнымен оларға қойылатын талаптар мен танысу. Таңғы қабылдауды бақылау. Әр жас ерекшелігінде таңертеңгілік жаттығулардың өткізілу барысын бақылау. |
6 |
2 |
Таңғы асты бақылау.Тазалық шаралары. Таным білім беру саласы, кіші сала «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау. |
6 |
3 |
Серуен кезінде балалармен ойын, еңбек іс-әрекетін режимдік сәттерді өз бетінше өткізу. Таным білім беру саласы, кіші сала «Жаратылыстану» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау.Жастықшақ ерекшелігіне байланысты |
6 |
4 |
Коммуникация білім беру саласы, ұйымдастырылған оқу қызметі «Сөйлеуді дамыту» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау. Шығармашылық білім беру саласы бойынша «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметін өз бетінше өткізу. Фотоотчет |
6 |
5 |
Мектепке дейінгі мекеме нұсқаушының жұмыс жоспары негізінде дене тәрбиесі сабағын бақылау. Әр жас ерекшелігінде таңертеңгілік жаттығуларын өз бетінше жүргізу. Фотоотчет |
6 |
|
Әдістемелік күн |
6 |
6 |
ІІ-ші күн жартысынды картотека негізінде серуенді бақылау. |
6 |
7 |
Әр жас ерекшеліктеріне қарай балабақшадағы ұлттық ойындарды өз бетінше жүргізу. Фотоотчет |
6 |
8 |
Шығармашылық білім беру саласы бойынша «Аппликация» ұйымдастырылған оқу қызметін өз бетінше жүргізу. Балабақшадағы түскі ас және түскі асқа дайындықты бақылау. Санитарлық-гигиеналық шаралардың орындалуын бақылау. |
6 |
9 |
Әлеуметтік орта білім беру саласы, ұйымдастырылған оқу қызметі «Экология» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау. |
6 |
10 |
Шығармашылық білім беру саласы бойынша «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау. ІІ күн жартысында балалармен жүргізілетін жеке жұмыстардың өткізілу барысын бақылау. |
6 |
|
Әдістемелік күн |
6 |
11 |
Коммуникация білім беру саласы, «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін бақылау. Балабақшадағы түскі ас және түскі асқа дайындықты бақылау. Санитарлық-гигиеналық шаралардың орындалуын бақылау. |
6 |
12 |
Коммуникация білім беру саласы, «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін өз бетінше жүргізу. Балабақшадағы бесін асының ұйымдастырылуын бақылау. Санитарлық-гигиеналық шаралардың орындалуын бақылау. |
6 |
13 |
Коммуникация білім беру саласы, «Көркем әдебиет» ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша ұйымдастырылған өз бетінше жүргізу. Балабақшадағы түскі ұйқыға дайындықты бақылау. |
6 |
14 |
Жыл аяғында жасалған индикатормен танысу. Сараптау, конспектілеу. Шығармашылық білім беру саласы бойынша «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметін өз бетінше жүргізу. |
6 |
15 |
Топ ішінде 5 білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындар қорымен танысып шығу. Тізімдеу. Коммуникация білім беру саласына арналған дидактикалық ойын өз бетінше жүргізу. |
6 |
|
Әдістемелік күн |
6 |
|
Қорытынды конференция Құжаттармен жұмыс |
|
|
Барлығы: |
108сағ |
Әдебиеттер мен оқу құралдары:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.-Астана,2009
2.Меңжанова А.К. мектепке дейінгі педагогика. – Алматы
3.Жумабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана 2014
4.Андарбекова С.Д. Мектепке дейінгі педагогика. – Алматы 2012
5.Нурдаулетова З.Н. Мектепке дейінгі балалар психологиясы оқу құралы – Алматы 2011
6.Горанько М.И., Кульназаров А.К., Канагатов Е.Б., Президенттік сынамалар дене шынықтыру дайындығы Қазақстан Республикасының тұрғындары денсаулығының негізі.- Алматы,2010
7.Сағымбаев Г.К. Экология негіздері.-Алматы 2009
8.Стороженко П.Н. Как вырастить цветы.- Москва,
9.Бейсенов Ә.С. Экология(Бағдарламалар).- Алматы,2000.
10.Жатқанбаев Ж. Жаратылыстанудың қазіргі кездегі тұжырымдамалары.- Алматы,2010
11.Шілдебаев Ж.Б. Қызықты экология (Оқу құралы) .-Алматы 2011.
12. «Тәрбиелей, оқытайық» - республикалық педагогикалық журнал «Бала мен балабақша».
13. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру.
14. Мектепке дейінгі педагогика. «Мектеп», 2010
15.«Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты. Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2006.
16.«Ойын- өмір айнасы» Алматы 2011
17. Мектепке дейінгі білім 2008
18.Лапина М.В. Білім беру іс-әрекеті талдауының карточкалары. Алматы, 2011 ж.
19. Мектепке дейінгі тәрбиені жоспарлау мен басқару бойынша виртуалды курсы. Ұжымға жетекшілік ету.
20. Белая К.Ю. МДБМ жетекшілігі : бақылау-диагностикалық функция. М., 2009 ж.
21. Микляева Н.В. Балалар дамуының жылдам диагностикасы. Тақырыптық бақылау үшін материалдар.
22. Антипина Е.А. Балабақшадағы театрландырылған іс-әрекет. М., 2008.