15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ондық бөлшектерді дөңгелектеу
Сабақ жоспары
|
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану |
Мектеп: №1 орта мектеп |
|||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Тажибенова М. |
|||
|
Сынып:5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ондық бөлшектерді дөңгелектеу |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.1.1.15 Санның жуық мәні ұғымын меңгеру 5.1.2.32 Ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Ондық бөлшектерді дөңгелектеу бойынша білімдерін қалыптастырып, есептер шығаруда дұрыс қолдануға үйрету |
|||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Санның жуық мәні қай разрядқа дейін алынғанын анықтауға тез дағдыландыру үшін есептерді ауызша тұжырымдатамын Пәнге қатысты лексика мен терминология : Жуық мән,үлестер, дөңгелектеу |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өмір бойы оқу, академиялық шыншылдық, ынтымақтастық, өзіне және айналадағы адамдарға құрмет |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
География |
|||
|
Бастапқы білім |
Натурал сан, жай бөлшек, аралас сан, ондық бөлшектер |
|||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
|
|||||
|
Сабақтың басы |
|||||||
|
3 минут |
I кезең. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Оқу мақсатына сай бағалау критерийін сыныппен қорытып шығару. Топқа бөлу. «Атомдар мен молекулалар» Оқушыларды сергіте отырып, топқа бөлу арқылы пәнге қызығушылығын арттыруға тырысамын |
|
|||||
|
Сабақтың ортасы |
|||||||
|
12 минут 10 минут 5 минут 7 минут 5 минут |
II кезең. Жаңа сабақты меңгерту - Тақырыпқа алдын ала даярлық тапсырмасын сынып бірлесе талқылайды. Бұл әдетте жаңа тақырыпқа дейін үйге берілетін тапсырма. Сол арқылы жаңа тақырыптың мазмұны жөнінде болжайды. «Ой қозғау» - тақырыптың мағынасын ашу: Оқушылардың бүгінгі жаңа сабаққа деген зейіндерін ашу үшін мынадай тұрмыстық сұрақ қоямын. Жерден Күнге дейінгі қашықтықтың сан мәні қаншалықты дәл?Не үшін? Оқушылар өз ойларын ортаға салады III кезең. «Топтық жұмыс» «Карусель » әдісі арқылы әр топ тапсырма орындайды Сыныптағы оқушылар оқулықты оқи отырып, әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша ізденіп, мысалдарын талдайды. Әр топ алмасып бір біріне түсіндіреді, білімдерін толықтырады. Аталған әдіс арқылы оқушылардың оқылым дағдысы, есте сақтай отырып ақпарат алмасу дағдысы қалыптасады 1-топ. Ондық бөлшекті ондық үлеске дейін дөңгелектеу 2-топ. Ондық бөлшекті жүздік үлеске дейін дөңгелектеу 3-топ. Ондық бөлшекті мыңдық үлеске дейін дөңгелектеу 4-топ. Ондық бөлшекті бүтінге дейін дөңгелектеу IV кезең. Оқушылардың тақырыпты түсінгенін анықтау үшін «Дұрыс жауап парағы» әдісін қолдану арқылы тексеремін. Интербелсенді тақтада есеп беріледі. Парақтарына есеп жауабын жазып, барлығы парақтарын көтереді. Жауаптарын интербелсенді тақта арқылы тексереді. Бұл әдіс оқушылардың бір бірін тексеруін, қаншалықты түсінгендері жөнінде ақпарат береді. Мысалы: 32,5478 санын бүтінге және жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз Дескриптор:
V кезең. Оқушыларға берілетін тапсырма жеке жұмыс беру арқылы қаншалықты меңгергендігін бақылау арқылы тексеріледі. Жаңа тақырып болғандықтан тапсырмалар оқулықтағы есептер шығару арқылы беріледі.
VII кезең. Оқушылардың фантазиялық қабілетін шыңдау мақсатында ондық бөлшектер тарауына ребус құрастыру |
Жұмыс парақшалары, маркер , ламинатталған А4 көлеміндегі ақ парақ Презентация Таратпа материалдар |
|||||
|
Сабақтың соңы |
|||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Үйге тапсырма. Рефлексия/ – 2 минут/ стикерлер Стратегия «Екі жұлдыз, бір тілек» Жақсы көңіл күйде сабақты аяқтау |
стикер |
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Сілтемелер Денсаулық жағдайын тексеру АТ құндылықтар |
|||||
|
Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды. |
Дескрипторларына сай өздері бағалайды. Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысымы жіті қадағаланады. |
Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды. Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген