«Өнер - адам
көркі»
Өнер- адамның ішкі
құндылықтарын біріктіретін үлкен ұғым. Адамның жан дүниесі мен ішкі
сезімін тоғыстыратын айрықша сала. Осынау төрт әріптен ғана
құралған кішкентай сөз- бүкіл адамзаттың және барлық әлемнің рухани
қазыналарын байытып келеді. Мен өнерді қалай түсінемін? Өнерді
қалай бағалау керек? Өнерде жеткен жетістіктерім қандай немесе
өнердің қай түрінен оза шабамын деген сұрақтарға сауал жазып
көрмекшімін.
Мен, Амангелді Томирис
Қайратқызы- өнерге бар өміріммен бет бұрған Тобыл төрінің кішкентай
ғана қызымын. 2010 жылдың бесінші айы, он сегізінші жұлдызында
дүниеге келдім. Қазір жасым он бірде. Мен алғаш рет Алматы
қаласында өмірге келіппін. Анамның айтуы бойынша, кейін, үш жасқа
толғанда Қостанай қаласына көшіп келіппіз. Содан бері осы Қостанай
қаласында тұрып жатырмыз. Алғаш рет балабақшаға барып өзімді ортада
ашылуға, достармен қалай ойнау керек, қалай араласу керек екенін
үйрендім. Дәл осы балабақша кезінде, менің өнерге деген құлшынысым
ашылған екен. Балабақшадағы тәрбиелеуші апайымның айтуынша, мен,
топтағы белсенді балалардың бірі болыппын. Түрлі ойындар ойнап, би
билегеніміз қызықты еді. Балабақшадан кейін мені анам- би
үйірмесіне берген болатын. Балабақша жасымнан байқалған биге деген
ынтам мен икемімді ата-анам байқап, осы өнер саласына берді. Мен
қатты қуандым. Өйткені, мен үшін топпен бірге, жұппен бірге билеу,
сахнада өнер көрсету арманым болған еді. Мені би үйірмесіне
қабылдаған ұстазым да өз ісінің мықты шебері. Сол кісінің
жетекшілік етуімен мен- би өнерінен көптеген жетістіктерге жеттім.
Қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерге шейін
өнер мәресін ешкімге бермедік. Бидің арқасында біз- Челябинск,
Новосибирск, Екатеринбург, Рудный, Қарағанды, Алматы, Нұр-Сұлтан,
Бурабай, Қостанай қалаларындағы облыстық және халықаралық би
байқауларында жүлделі орындарды иемденген едік. Бидің «Бал билері»
(бальные танцы) деген түрінен осындай жетістіктерге жеткен
болатынбыз. Би өнері- менің өнерге деген шабытымды одан сайын
арттырған алғашқы бастамам болды. Бимен қатар мен- бейнелеу
үйірмесіне де қатыстым. Өзіме сурет салған қатты ұнайды. Әртүрлі
табиғаттың, жануарлардың, мультфильм кейіпкерлерін салғанды
ұнататынмын. Би мен сурет салуды өнеріме арқау етіп біраз уақыт
айналыстым, шыңдалдым. Ата-анам да менің осы өнер түрлеріне
қатысқаныма ешқандай қарсылық білдірген жоқ. Керісінше, «үйрен,
қатыс, жан-жақты бола біл, ортада ашыласың, өзіңе пайдасы көп» -
деп әрдайым қолдап қатыстыратын. Жасым алтыға толғанда анам мені
домбыра үйірмесіне қосқан болатын. Сол кезден бастап би мен домбыра
өнерін қатар алып жүрмін. Алайда, бейнелеу өнеріне уақыттың
тиімділігі келмегендіктен шығып кеттім де, содан кейін жеке хоббиім
ретінде пайдаланып келемін. Ата-анамның мені домбыра үйірмесіне
беруі- әр бір қазақ баласы, қазақ азаматы өзінің ұлттық
құндылықтарын білсін, қазақтың қара домбырасын шерте білсін дегені
еді. Анамның осындай жалынды сөздері мені жігерлендіріп, домбыраға
деген құлшынысымды аша бастадым. Бірден үйірмеге қабылданғаныма
қуанып, көкейімде бір үміт пайда болған еді. Әрине басында
домбыраны үйрену қиынға соққанымен, ниетің болса жақсы үйреніп
кетуге болатынына көзім жеткен еді. Қазақтың күйлері мен жырларын
тарту, мен үшін қызықты әрі абырой болатын. Халық күйлері мен
бастау алатын қазақтың керемет шығармаларымен осы домбыраны
үйренген тұстан бастап меңгере бастаған едім. Осы жылдар аралығында
көптеген қазақ композиторлары Ш.Дәулеткерей,С.Құрманғазы, Н.Дина,
Т.Қазанғап, Қ.Ахмедияров, Қ.Әбішев,С.Тұрысбеков т.б көптеген ұлы
композиторларымыздың күйлерін үйрендім. Алғашында мен топпен бірге
өнер көрсете бастадым. Яғни, домбырашылар ансамблінде өнер
көрсеткен болатынмын. Кейін соңғы екі жылда жеке дара домбыра
тартып, жеке бағытта орындап жүрмін. Домбыра үйірмесінен де
көптеген жетістіктерге толы. Қай салада болмасын, өнері болсын,
спорт болсын, білім болсын үлкен қажырлық еңбекпен келетін дүние
ендігін айтпасақта белгілі. Сол себептіде осындай көптеген
байқауларға қатысу арқылы, өзіңнің қандай деңгейде екендігіңді
дәлелдей аласың. Дәлел ретінде атап өтсем 2019 жылы өткен қалалық
«Алтын домбыра» байқауында топтық қатысуымызбен ІІІ орын алған
болсақ, халықарлық «Таңғы шұғыла» байқауында дуэт боп қатысып ІІ
орын иегері болдық. Осы жылы еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан
қаласында өткізілген «Золотая Россыпь» атты байқауында да дуэт боп
қатысып І орын алдық. 2020 жылы республикалық «Жұлдызды олимп»
байқауында І орын. «Абайдың 175» жылдығына орай өткізілген байқауда
жеке орындаушылық бойынша І дәрежелі жүлдеге ие болдым. Ал 2021 жыл
пандемияға байланысты кейбір сайыстар онлайн болғандықтан,
бейнеролик арқылы өнерімізді түсіріп қатысқан болатынбыз. Солардың
бірі қалалық «Алтын домбыра» байқауы ІІ дәрижелі, республикалық
«Күмбірле, күй-домбыра» І дәрежелі,
«Ұлы дала ұрпағы» І дәрежелі
лауреат, «ZHAS SHABYT» І дәрижелі , халықаралық Жамбыл Жабаевтің 175
жылдық мерей тойына арналған «Жамбылдың әсем жырлары» атты «аспапта
орындаушылық» номинацисы бойынша «Бас жүлде». Міне осындай көптеген
байқауларда қатысу арқылы шыңдалып, домбыраның қыр-сырын
меңгерудемін. Менің ойымша қандай да бір
сала болмасын, әрқашан ұстаз бен шәкірттің арасында жақсы байланыс
болса, олардың жұмысы алға басып көптеген жетістіктерге жетеді
деген ойдамын.
Шығармамды қорытындылар
болсам: өнер- әр адам баласының бойында бар қабілет. Тек оны
шыңдау, жетілдіру өзіміздің қолымызда екені анық. «Өнер – өнегелі,
ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал», - демекші өнер арқылы біз
тәрбие мен өнеге аламыз. Менің өнер саласындағы бағындырар нақ
белестерім әлі алдыда деп айтсам болады. Өнер арқылы Қазақстанымды
әлемге танытқым келеді. Көк байрағымызды әлем сахнасына паш етіп,
аты жер-жаһанға жететіндей танытқым келеді. Менің осы күнге дейінгі
өнердегі жетістіктерім осындай сипатта болған
еді.