Материалдар / «Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2020
408
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шымкент қаласы AL-FARABI AKADEMIALYQ MEKTEBI





Химия пәні мұғалімі

Қамбарова Индира

«Өнеркәсіптің дамуынан қоршаған ортаның ластануы»

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірінші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі ұлкен мәселеге айналып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында».  Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын көрсетедi.

Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi болады.
Осы Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030“ Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002 жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып әзiрлендi. Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету осы Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi. *Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.
*  Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру. *Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.

Топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттерін болуын немесе ол агенттерін қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ ластануы дейді. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі.

Қоршаған ортаның созылмалы ауруларға әсер ететіні көптеген авторлардың зерттеу жұмыстарынан белгілі. Ауыр металдардың арасында адам ағзасына қауіптілігі бойынша қорғасын уыттылығына байланысты жетекші орында тұр. Қорғасынның уыттылығы бүйрек, ас қорыту, жүрек тамыр, репродуктивті жүйенің зақымдануларынан байқалады. Экологиялық тізбекпен бұл металдың көшіп жүруіне байланысты оның шектеулі мөлшерден (ШМ) жоғары концентрациясы жемістерде, нанда, сүтте, етте анықталған Қорғасын бүйрек арқылы сыртқа шығады да, белгілі бір концентрациясында оның паренхимасын зақымдайды. Ауадағы қорғасынның концентрациясы мен оның несептегі мөлшерінің арасындағы тікелей байланыс айқындалды Қорғасын иммундық патологиялық синдромдарды дамыта отырып, иммунды тропты әсер етеді. Иммундық жүйе әртүрлі уытты заттардың әсеріне өте сезімтал және жалпы иммундық статус қоршаған орта қарқынды ластанған жағдайда нашарлайды. Зиянды заттардың түрақты әсерінің иммунды жүйенің тежелуіне әкелетіні айқындалған.

Ауыр металл тұздарымен тұрақты улану жағдайында созылмалы бруцеллезбен ауырған науқастардағы несеп бөлу және жыныс жүйесі ағзаларының зақымдану жиілігін салыстырмалы бағалау. Кентау қаласында созылмалы бруцеллезбен ауырған науқастардың арасында протеинурия, орхоэпидидимит, сальпингоофорит бақылау тобымен салыстырғанда жиі кездесті. Кентау қаласы бойынша құбырдағы суда, ағынды суда, тұрғындардың қан анализінде, шашта қорғасын мен кадмийдің шектеулі мөлшерден бірнеше есе артық және ол металдардың нефротоксикалық және иммундық депрессиялық әсерін ескере отырып, негізгі топтағы протеинурияның, орхоэпидидимиттің, сальпингоофориттің жиілігін аталған металдардың уытты әсерімен байланыстыруға толық негіз бар.

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының металлургиялық зауытының маңында өсетін жабайы өсімдіктерге зерттеу жүргізілді. Мырыш зауыты (МЗ) мен Қорғасын зауытының (ҚЗ) маңынан белгілі өсімдіктер жіктеліп және жинақталып алынды. Олар: Dactylis glomerata L., Bromus inermis L., Argopyron repens L., Agrostis alba L., және Phleum pratense L. Олар осы аймақтағы көптеп тараған өсімдіктердің бірі. Зерттеу барысында (МЗ) және (ҚЗ) маңындағы топырақтардан ауыр металдар байқалды.

Байқап отырғандарыныздай қатты ластанған жерлер ол Мырыш зауытының солтүстік, оңтүстік және эпиорталықтарында, ал аз ластанған жерлер (МЗ) және (ҚЗ) батыс және шығыс бөліктеріндерде.

Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Кенді Алтайда болып, Өскемендегі «Казцинк» ЖШС-інің «Хольдор Топсе» газ тазартқыш қондырғысымен және «Жаңа металлургия» жобасы нысандарымен танысты. «Казцинк» кәсіпорны қоршаған ортаны қорғауға жыл сайын жүздеген миллион теңге қаржы салады. Соның нәтижесінде күкірт қышқылы цехы мен мыс зауытында ауаға тарайтын зиянды қалдықтар кеміп келеді. Министр «Казцинктің» атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіріп, «Жаңа металлургия» жобасының ел экономикасын арттырудағы рөліне тоқталды. Үлбі металлургия зауыты, титан-магний комбинатында болған министр қала экологиясына аталмыш кәсіпорындардың қаншалықты мөлшерде зиян келтіріп отырғаны жайлы мәліметтермен танысты. Былтыр тамызда ашылған экологиялық қауіпсіздік орталығында болған кезде өңір басшысы Б.Сапарбаев қаланың бірнеше аудандарында онға тарта газ саралағыш құрылғы қойылғанын, олар ауа мен судағы, топырақтағы улы заттар жайлы мәлімет беріп тұратынын айтып берді.

2004 жылы ағымдағы бюджеттік бағдарлама шеңберінде Басқарма Өскемен қаласының аумағы мен тұрғындарының денсаулығына кешенді геоэкологиялық зерттеу жүргізді. Аталған зерттеулердің негізінде облыс орталығын сауықтыру үшін қажетті, «2005-2007 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасына енгізілген басым негізгі шаралар ұйымдастырылды.

2005 жылы «Өскемен қаласының ғылыми негізделген экологиялық төлқұжатын әзірлеу» іс-шарасының шеңберінде Өскемен қаласының қоныс аймағының аумағында өткен кезеңдерде анықталған радиоактивті ауытқулар мен ластануларға тексеріс жүргізілді. Ары қарай радиациялық қауіпсіздік саласындағы бақылауды жүзеге асырушы мемлекеттік органдарға тапсырылған, 1990 жылдан бастап 2005 жылға дейін қала аумағында анықталған иондық сәулелену мен радиоактивті ластану дақтары көздерінің толық кадастры жасалды.

Кейінгі жылдары Басқарма Отдельная (2006 жыл), Попов (2007), Серікбаев көшелерінде, политехникалық колледж ауданында (2008) радиоактивті ластанудың аса ірі және қауіпті төлқұжатталған ошақтарының белсенділігін азайту және қайта өңдеу бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізілді.

Өскеменнің қоныс бөлігінде топырақтың ластануына байланысты радиоактивті ауытқудың мөлшері көп Қазақстандағы жалғыз қала және бұл ластану тарихи болып табылады, қаланың радиоактивті ауытқуын жою проблемасы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экологиялық проблемалар тізіліміне енді (Қазақстан Республикасының Экологиялық проблемалар тізілімі Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасының және «2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» бағдарламасының іске асырылу бөлігінде әзірленді).



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!