Материалдар / Өнерлі өрге жүзеді
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өнерлі өрге жүзеді

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі- шешендік сөздерді бойына сіңіру, шешендік сөздер арқылы ой-қиялы ұшқыр, зерделі, талантты, тапқыр, сегіз қырлы бір сырлы болуға баулу, үлкендерді сыйлауға, бір-бірін құрметтеуге, салт - дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2019
701
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өнерлі өрге жүзеді» шешендік өнер сайысы

(сахналық қойылым)

Мақсаты: Оқушыларды ата-бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі- шешендік сөздерді бойына сіңіру, шешендік сөздер арқылы ой-қиялы ұшқыр, зерделі, талантты, тапқыр, сегіз қырлы бір сырлы болуға баулу, үлкендерді сыйлауға, бір-бірін құрметтеуге, салт - дәстүрімізді сақтап, шешендік өнерді қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды бағалауғатәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Сырым Датұлының 275 жылдығына орай өткізіліп жатқан «Өнерлі өрге жүзеді» шешендік өнер сайысына қош келдіңіздер. «Өнерлі өрге жүзеді» шешендік өнер сайысы 5 айналымнан тұрады. Бұл сайысқа 9-11 сынып оқушылары қатысады.

1 айналым «Шешендік сөздер». Сырым Датұлына қатысты сахналық көрініс.

2 айналым. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Шешендік сөздерге қатысты сұрақтар қойылады.

3 айналым. «Әзілің жарасса» Ерлік, батырлық, тілге қатысты әзіл әңгімелер.

4 айналым. «Тапқыр болсаң тауып көр». Ойдан жұмбақтар құрастыру.

5 айналым. «Қырық өтірік» Өтірік әңгімелер құру.

Жүргізуші: Сырым Датұлы 1712-1802 жылдары өмір сүрген қазақтың батыр әрі шешен биі. Шыққан тегі Кіші жүздің Байбақты руынан. Туған аулы Сырыой, Орал облысы, Жымпиты ауданы. Дат шаруа, есті кісі екен. Ал, анасы адуынды, бір ауылды сөзімен де, ісімен де билеген ақылды бәйбіше болыпты. Сырым 7—8 жасынан-ақ естілігі, сөз тапқыштығымен ел аузына ілігеді. Өсе келе сол өңірдегі билер, шешендер, сұлтан, хандарды жанай жүріп, олардан шешендік тапқырлықты, ел билеу ісін үйренеді. Сол билердің кейбіріне өзі іздеп барып, бата, жөн-жосық алады. 

1 айналым «Шешендік сөздер». Сырым Датұлына қатысты сахналық көрініс.

Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік-сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол тауып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

Асыл ойдың алтын қазығы болған шешен-билердің халық жадында сақталып келген дана ойлары келешек ұрпақ үшін әрқашан тәрбие-өнер мектебі болған. Енді елдікке, бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік сөздердің маңызы ерекше.

2 айналым. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Шешендік сөздерге қатысты сұрақтар қойылады.

1-сұрақ. Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінде әкенің балаға айтқан өсиеті қандай?

2-сұрақ. Абайдың отыз бірінші қарасөзі. Естіген нәрсені ұмытпастыққа қандай төрт түрлі себеп бар. Ой кеселдерін ата.

3-сұрақ.Қазақ шешендік сөздері мазмұнына қарай, шешендік арнаушешендік толғаушешендік дау деп үш тарауға бөлінеді.

Шешендік арнаушешендік толғаушешендік дау дегеніміз не? 

4-сұрақ. Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңінде төрт ана деп нені атаған?

5-сұрақ. Ыбырай Алтынсарин «Атымтай Жомарт» әңгімесі

Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді:

Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.

-Төрт түрлі себеп бар:

Атымтай Жомарт не деп жауап береді? Қандай төрт түрлі себеп бар?

Жүргізуші: Қазақ халқы әрқашан әзіл-қалжынды жоғары бағалаған. Әзілді кез-келген адам ойдан құрап айта алмайды. Әзілді тауып айтып, жұртты күлдіре білу- үлкен өнер. Сондықтан әзілді өнер адамы, әзілге жақын, жұртты күлдіре білетін өнер иесі шығарған. Қазақ халқы жеңіл әзілдерден аулақ болып, астарлы, мағыналы әзілдерді жоғары бағалаған.

3 айналым. «Әзілің жарасса» Ерлік, батырлық, тілге қатысты әзіл әңгімелер.

Жүргізуші: Жұмбақ адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.Жұмбақ әдебиетің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда «фольклорлық жанр», «халықтық поэзияның шағын түрі» деп атаған. Келесі сайысымыз «Тапқыр болсаң тауып көр» Бұл айналымда әрбір топ ойдан жұмбақтар құрастырып, келесі топқа жасырады. Бес минут уақыт беріледі.

4 айналым. Тапқыр болсаң тауып көр.

Жүргізуші: Шын сөзді араластырмай өтірік әңгіме құрау- ойлануды қажет етеді. Ал өтірік әңгімелер арқылы жұртты күлдіре білу-үлкен өнер, тапқырлықты қажет етеді. Келесі айналым «Қырық өтірік». Өтірік әңгімелер немесе өтірік өлеңдер құру үшін ойлануға 5 минут уақыт беріледі.

Көрермендерге арналған сұрақтар:

3 санының қадір-қасиеттері:

Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой - өріс, адам – қазық
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың - сыншыл
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту.

4 санының қадір-қасиеттері:
Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара
Жылқы пірі – Қамбар ата
Сиыр пірі – Зеңгі баба
Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.

5 санының қадір-қасиеттері :
Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз

5 айналым. «Қырық өтірік» Өтірік әңгімелер құру.

Жүргізуші:Ал енді әділқазыларға сөз берейік. Бүгінгі сайысымызды Сырым батырға айтқан Сары бидің алты өсиетімен аяқтағым келіп тұр. Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түнеп отырғанды, Сырым баланың әр сөзіне риза боп, оған мынандай өсиет айтыпты: — Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ел алдында беделді, сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң, халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады. Сырым: — Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы? Сары би: — Арлы-ожданды бол! — Елге деген парызыңды ұмытпа! — Намысыңды жастан сақта! — Халқыңды жаралама! — Жақыныңды жаралама! — Қалысыңды қаралама! Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есінде сақтап келген. Келешек ұрпаққа айтарым осы алты өсиетті өмір бойы есте сақтап, өсиеттің бұзылмауын қадағаландар.





















































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!