Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оңайгүл Тұржан және Имиджеология ғылымы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Гарифуллина Жұлдызай Тургалиқызы Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ студенті turgakikyzy00@bk.ru
Орал, Қазақстан
ОҢАЙГҮЛ ТҰРЖАН ЖӘНЕ ИМИДЖЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ
Аңдатпа: Бұл мақалада Оңайгүл Тұржанның имиджеология саласындағы пікірлері, оқулығы қарастырылады. Жалпы имиджеология ғылымының Қазақстанда қалыптасуы, имиджеология саласын меңгерудегі студенттердің жетістіктері сөз болады.
Кілт сөздер: имидж, ғалымдық, әлеуметтік желі, жаһандану, имиджеология
Оңайгүл Тұржан – қазақ поэзиясы мен публицистикасына едәуір даярлықпен келген ойлы қаламгер. Олай дейтінім, оның оқырманына айтары мол, жүрекке жылы тиер, философиялық,әлеуметтік көтерер жүгі бар тұщымды дүниелері баспасөз беттерінде жарық көріп, қалың көрерменнің көңілінен шығып, жүрегінен жол тапты. Оның әр дүниесін оқығанда терең де мағыналы, өмірлік, үлкен мақсаттар мен мұраттар жайлы көсіле де кемел сөйлеген, тәжірибе жағынан едәуір толысқан, ой-идея өрбіту жөнінде ысылған қарымды қаламгер екенін аңғаруға болады.
«Меніңше ақындық пен ғалымдықтың түпкі негізі бір. Атақты математиктердің өмір жолын оқысаңыз, бәрі де өлең жазған және әлі де жазады. Математиканың да, поэзияның да мақсаты – ең қысқа жолмен белгілі бір түйінді немесе идеяны жеткізу ғой. Тек математика цифрдың тілімен сөйлейді, поэзия сөзбен айтады» дейді Оңайгүл ақын.
Бүгінгі қозғағалы отырған тақырыбымыз да Оңайгүл апайдың «Имиджеология» оқулығы.
Жалпы имиджеология деген не? Ол Қазақстанда ғылым ретінде қашаннан бастап өрістей бастады? Осы сұрақтар төңірегінде жауап іздесек.
Имиджелогия (іmage – бейне, logos – ғылым) – саяси технологияларды, ондағы процестер мен құбылыстарды, саяси тұлғаның жетекшілік қабілеттерінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейтін саясаттану ғылымының саласы.
Имиджелогия өз алдына ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың 50-жылдарының соңында қалыптасты. Имиджелогия саясаттану ғылымының жалпы методологиялық парадигмаларына сүйене отырып, саяси білімдерді жинақтап қорытады, саяси қарым-қатынастар мен процестің даму тәжірибесін, саяси ин-ттардың қызметін сараптайды, саяси жетекшіліктің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, саяси интеллигенцияның жай-күйін, биліктің ресурстары мен оның түрлерін, т.б. зерттейді. Имиджелогияның қалыптасуы мен дамуы саяси құндылықтар мен саяси қарым-қатынастардың жаңа формаларының қалыптасуына және әр түрлі нақты тарихи типтегі мәдениеттерде саяси жетекші қызметінің алуан түрлі көрініс алуымен тікелей байланысты. Ол, көбінесе, уақытқа, нақтылы тарихи жағдайларға, қоғамдағы үстем идеялық-саяси көзқарастардың жүйесіне, адамдардың жеке басының даму деңгейіне, дүниетанымына, саяси мәдениетіне тәуелді.
Имиджеология ғылым ретінде Қазақстанда жаһандық тенденциялар мен жеке және кооперативтік имиджді жақсарту қажеттіліктеріне жауап ретінде дами бастады. 2000- жылдардың басынан бастап Қазақстан әлемдік экономикаға және халықаралық қауымдастықтарға белсенді түрде кірісе бастады, бұл ішкі және сыртқы деңгейде оң имиджді қалыптастыруға көмектесетін мамандарға сұраныс тудырды.
Қазақстанда имиджеологияның дамуына әсер еткен кезеңдер мен факторлар:
1. Экономикалық реформалар және халықаралық нарықтарға интеграция: Қазақстан шетелдік инвестицияларға ашыла бастады және экспорттық нарықтарды дамытты. Бұл бизнес пен мемлекеттік құрылымдарға халықаралық стандарттар мен күтілімдерге сай болуды талап етті, оның ішінде имидждік аспектілер де бар.
2. Медиа және коммуникацияның рөлінің күшеюі: Бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы қоғамдық имидждің маңыздылығын айтарлықтай арттырды. Бұл имиджеологияға қоғамды қабылдауды басқару құралы ретінде қызығушылықты арттырды.
3. Білім беру бағдарламалары мен тренингтер: Қазақстанда имиджеология бойынша білім беру бағдарламалары мен тренингтер пайда бола бастады, олардың көпшілігі халықаралық сарапшылар мен ұйымдардың қолдауымен өткізілді. Бұл отандық имиджеологтардың алғашқы буынын қалыптастыруға көмектесті.
4. Институционалдық қолдау: Имидж және PR мәселелерімен айналысатын мамандандырылған агенттіктер мен консалтингтік компаниялардың құрылуы осы саланың дамуына ықпал етті. Мұндай ұйымдар жеке тұлғаларға да, компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге де қызметтер ұсынды.
5. Жеке бастамалар және пікір көшбасшылары: Ондайгүл Тұржан сияқты жеке сарапшылар Қазақстанда имиджеологияның танымал болуы мен дамуына үлкен үлес қосты. Олардың қызметі мастер-кластар өткізу, кітаптар мен мақалалар жариялау, конференцияларға қатысу және медиа жұмысымен байланысты болды.
6. Мәдени хабардарлықтың артуы: Жаһандануымен қазақстандықтар имидж және бренд маңыздылығы туралы көбірек біле бастады. Бұл жеке брендке де, компаниялар мен мемлекеттік институттардың брендтеріне де қатысты. Имиджеология мәдениеті табысты мансап пен бизнестің маңызды аспектісі ретінде қабылдана бастады. Осы факторлар Қазақстанда имиджеологияның мойындалуына және дамуына ықпал етіп, оны қазіргі заманғы іскерлік және әлеуметтік ландшафттың маңызды бөлігіне айналдырды.
Қазіргі заман коммуникациясының қыр-сыры көп. Жаһандану талаптары өте кең және күрделі. Демек, болашақ журналистердің жан-жақты болуы – уақыт талабы. Бұл тек білім алушылардың ғана емес, білім берушілердің де жауапкершілігін арттыратыны анық. «Қазіргі студент бұдан 5-10 жыл бұрынғы студент емес, - дейді Оңайгүл апай, - қазіргі студент пен ата-аналардың да білім берушіге қояр талабы артты. Сондықтан бізге де жаңа ғылымның саласын дамытып, үздіксіз жаңа зерттеулер жүргізіп, үнемі ізденісте болу маңызды».
Университетке қызметке келгенге дейін 17 жыл теле-радио, газет-журнал, баспа ісі салаларында тілшілік, басшылық қызмет атқарып, бұл бағыттағы қызметтердің қыр-сырын әбден меңгерген О.Тұржан білікті де тәжірибелі ұстаз. Қазіргі таңда ол журналистиканы қоғаммен байланыс яғни PR саласымен ұштастырып, ғылымның жаңа бағытына із салуда. Осы мамандықтарда оқитын білім алушылар үшін шетелдік авторлармен бірігіп «Паблик рилейшнз теориясы мен практикасы», «Жұртшылықпен байланыс: негізгі ұғымдар, стратегиясы мен тәжірибелері» атты қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарды әзірледі. Бұл қазіргі таңда осы мамандықта оқитын студенттер мен магистранттардың негізгі оқулығының бірі. Барлық мамандық үшін маңызды болып табылатын имидж мәселесін терең талдаған «Имиджелогия» атты қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авторы да – О.Тұржан.
Оқулықта имиджелогияның ғылыми негіздері, мақсаттары мен міндеттері талданып, имидж қалыптастырудың қазіргі кезеңдегі технологиялары, оның әлеуметтік қызметтегі, саяси ортадағы, бизнес саласындағы рөлі сараланып, имиджмейкер қызметінің қыр-сыры баяндалған.
Жалпы, имиджеология деген не? Бұған Оңайгүл Ізтұрғанқызы былай анықтама береді:
«Имиджеология – ғылыми айналысқа жаңадан ғана енгізілген сала болып есептеледі. Дегенмен, ол ғылыми айналысқа енбес бұрын сандаған ғасырлық жолдан өтіп келеді. Олай дейтініміз, қарапайым тілмен айтқанд, имидждің негізгі мағынасы – танымал болу деген ұғымға келеді.»
Сонымен қатар, бұл саланың тарихы тереңде екенің тілге тиек етеді. «Адам баласы өзінің тарихи жолында танымалдылыққа ұмтылудың небір формаларын, түрлі қисындарын, психологиялық – танымдық әдістерін ойлап тапты. Көне қазбалардан табылып жатқан әйел адамдардың түрлі әшекейлері мен ер адамдардың сәнді, айбарлы қару-жарақтары соның куәсі.
Египеттегі пирамидаларды зерттеушілер оның қандай да бір күнделікті қажеттілік үшін емес, ең алдымен елдің даңқын, фараондардың мәңгілігін көрсетуді мақсат еткен деген пікір айтады. Қандай мақсатпен салынса да, бүгінгі таңда бұл пирамидалар бір жағынан Египеттің мемлекеттік имджін сақтап, екінші жағынан Египеттің мемлекеттік имиджін сақтап, екінші жағынан елдегі туризмнің дамуына, сөйтіп осы мемлекеттің экономикалық жағдайының қалыпты болып тұруына ықпал етіп тұр. Мұның өзі имидж тек имидж үшін еместігін, имидждің экономикалық, саяси, мәдени салалардың жақсаруына, жалпы қоғамның дамуына ықпал ететін күш екендігін көрсетеді.
Ғалым бұл оқулығында имиджеологияны жан-жақты зерттеген. Оқулықтың мақсаты студенттер мен магистранттарды және имдж саласына қызығушылық танытатындарды корпоративтік, жеке тұлғалық имиджді қалыптастырудың және тұрақтандырудың қыр-сырымен таныстырады.
Ғалым оқулық жасау барысында көптеген отандық және шетелдік имиджтанушылардың еңбектерімен танысып, оларға талдау жасаған.
Имидж мәселесі, тек осы сала мамандары үшін ғана өзекті десек, бұл толыққанды анықтама болмас еді. Имидж әрбір мемлекетке, бизнеске, қоғам дамуына жеке үлесін қосқысы келіп жүрген әрбір адамға, әрбір мекеме мен компанияға, тіпті әрбір жаңа идеяға, қысқасы әрбір салаға қажет. Имидж қазір жетістікке жету жолындағы атқарылатын жұмыстардың ең маңыздыларының бірі. Имидж қазіргі жаңашыл заманда табысқа жетудің де, дамудың да кепіліне айналып отыр.
21-ғасыр ақпараттық технология заманы болғандықтан, тұлға өз имиджін әлеуметтік желілердің көмегі арқылы қалыптастыруға болады. Бұл да коммуникацияның бір түрі, қазіргі таңда қоғам соны талап етеді. Бұл турасында да Оңайгүл Ізтұрғанқызы өзінің берген сұхбаттарында:
«Күллі әлем имидж үшін күреседі, имидж дегеніміз – танымалдылықққа ұмтылу, күресу. Танымал болудың теориялық және практикалық жағынанда түрлі техникалары, әдістері бар. Әлеуметтік желілерде күллі адам соны қолданады. Бізге бұл кейін жетті. 2020- жылғы індет уақытында, қоғам ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылып, әлеуметтік желілерге үйрене бастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлының өзі де әлеуметтік желіге көңіл бөлді. Бұл қоғаммен байланыс орнатудың жақсы жолы деп ойлаймын. Халық пен билік арасында жақындық пайда болды».
Оңайгүл Тұржанқызының оқулығы бүгінде көптеген студенттерге даңғыл жол болғаны анық.
Қазақстанда имиджеология саласында студенттердің жетістіктері әр түрлі бағыттарда көрініс табады. Олардың жетістіктері білім беру, зерттеу жұмыстары, тәжірибелік жобалар және халықаралық жарыстардағы нәтижелерімен байланысты. Міне, негізгі жетістіктердің кейбірі:
1. Ғылыми-зерттеу жұмыстары: Студенттер имиджеология бойынша түрлі ғылыми-зерттеу жобаларымен айналысады. Бұл жобалар конференциялар мен семинарларда таныстырылып, жиі жүлделі орындарға ие болады. Зерттеу жұмыстары көбінесе компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жеке тұлғалардың имиджін талдау және жақсарту бағытында жүргізіледі.
2. Халықаралық жарыстарға қатысу: Қазақстандық студенттер имиджеология саласында түрлі халықаралық жарыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Бұл олардың білімдерінің жоғары деңгейде екенін және осы салада үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.
3. Тәжірибелік жобалар: Студенттер оқу барысында алған білімдерін практикада қолданып, нақты жобаларда жұмыс істейді. Бұл жобаларға компаниялар мен ұйымдардың имиджін жақсарту бойынша ұсыныстар жасау, PR-кампаниялар ұйымдастыру және әлеуметтік медиа стратегияларын әзірлеу жатады.
4. Стипендиялар мен гранттар: Имиджеология саласында белсенді және дарынды студенттер түрлі стипендиялар мен гранттарға ие болып жүр. Бұл қаржылай қолдау олардың зерттеу жұмыстары мен кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік береді.
5. Білім беру бағдарламалары: Кейбір студенттер имиджеология бойынша шетелдік оқу орындарында білім алып, тәжірибе жинақтап қайтады. Олар алған білімдері мен тәжірибелерін Қазақстанда қолдана отырып, отандық имиджеологияның дамуына үлес қосады.
6. Жарияланымдар: Студенттер имиджеология тақырыбында мақалалар жазып, оларды ғылыми журналдарда жариялайды. Бұл олардың ғылыми қоғамдастыққа қосқан үлесін көрсетеді және олардың кәсіби деңгейін арттырады.
Бұл жетістіктер студенттердің имиджеология саласындағы жоғары деңгейдегі дайындықтарын және осы бағытта үлкен әлеуетке ие екендігін дәлелдейді. Олардың жұмыстары мен жетістіктері Қазақстандағы имиджеологияның дамуына және танымалдығына ықпал етеді.
Сайып келгенде, Оңайгүл Тұржанқызының имиджеология саласында, әсіресе ғалым әйелдердің арасында тұңғыш болып еңбек етіп, оқулық жазуы бұл мақтауға тұрарлық дүние. Ал, ғалымның өзінің имиджіне келер болсақ, Оңайгүл имиджі – оның баға жетпес өлеңдері, ғылыми еңбектері, оқырмандарымен байланысы арқылы өз имиджін қалыптастырды деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Имиджелогия [Мәтін] : оқулық / О. Тұржан ; [Л.Н.Гумилев атын. Еуразия ұлттық ун-ті]... – Астана : [б. ж.], 2019. - 177 б. . – Библиогр.: 174-177 б. . – [т. ж.]
-
https://youtu.be/ebhakYgBp2k?feature=shared
-
Л. И. Изтелеуова, А.Т. Аязбаева.Имидж технологиясы монография.-Астана-2019 – 17-18б